Главная страница
Навигация по странице:

  • ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНАН ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ Мақсаты

  • ДӘРІДӘРІМЕКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ ТАБЛЕТКАНЫ, КАПСУЛАНЫ, ДРАЖЕНІ, ПИЛЮЛАНЫ ҚАБЫЛДАУ Мақсаты

  • ТҮНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ (қоспалы сұйық дәріні) ҚОЛДАНУ Мақсаты

  • ТҰРЫНДЫНЫ, ЭКСТРАКТЫ (ШЫРСӨЛ) ҚОЛДАНУ Мақсаты

  • НАУҚАСҚА ¥НТАҚТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты

  • Ескерту

  • КӨЗГЕ ТАМШЫ ТАМЫЗУ Мақсаты

  • КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ Мақсаты

  • ЖЕКЕ ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • ҚҮЛАҚҚА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМШЫЛАТЫП ТАМЫЗУ Мақсаты

  • Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері


    Скачать 198.37 Kb.
    Названиеолдану крсетілімдері
    АнкорСтандарт
    Дата25.06.2022
    Размер198.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластандарты по СД (копия).docx
    ТипДокументы
    #614572
    страница8 из 19
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

    Ескерту:

    - катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын жэне оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

    - қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

    - ойылудың және мүрын қуысының шырышты қабығының қүрғауын алдын алу ескерту мақсатында эрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.

    ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНАН ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ

    Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

    Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, окпе-ісігі, жедел жэне созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

    Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дэке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауігісіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    ... £

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндірщіз.

    2. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

    Ол үшін:

    - оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

    - жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

    - оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    4. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

    5. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

    6. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып үстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта үстаңыз.

    7. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мүрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

    8. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

    9. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

    10.Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

    11.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    12.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

    13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.

    ДӘРІДӘРІМЕКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ

    ТАБЛЕТКАНЫ, КАПСУЛАНЫ, ДРАЖЕНІ, ПИЛЮЛАНЫ

    ҚАБЫЛДАУ

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімі: дэрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: дәрігер тагайындаған таблеткаларды (түймедақтарды)

    капеулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы

    бар стаканды немесе мензурканы.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

    2. Дэрілік препараттарды қолдану бойынша нүсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

    4. Науқасқа дэрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

    7. Науқастан ауызын ашуын сүраңыз.

    8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

    9. Науқастан дэрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сүраңыз.
    Ескерту:

    - қабығы бар таблетканы науқастын жүтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

    - науқас таблетканы жүта алмай қиналса, онда мейірбике оларды үнтак гап беруі қажет;

    - дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.

    ТҮНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ (қоспалы сұйық дәріні) ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық касықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дэрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрілік ертіндінің жарамдылыгын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сырткы түрін багалаңыз).

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    4. Дәрігердің тагайындаган дозасындагы дәрілік ерітіндіні мензуркага немесе қасыққа қүйыңыз:

    - 1 шай қасықта - 5 мл

    - 1 десерт қасыгында - 7,5- 10 мл

    - 1 ас қасықта - 15 мл

    5. Науқастың дэрілік ерітіндіні ішуін сүрап, сумен ішкізіңіз.

    6. Қолданылган мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    ТҰРЫНДЫНЫ, ЭКСТРАКТЫ (ШЫРСӨЛ) ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Даярлаңыз: дәрігердің тагайындауы бойынша дэрілерді, тамызгышты, мензурканы, қайнатылган суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрігердің тагайындауына сэйкес дэрілік ерітіндінің жарамдылыгын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сырткы түрін байқаңыз).

    4. Гигиеналық деңгейде қолга тазартуды жүргізіңіз.

    5. Мензуркага қажет мөлшерде тамшыны дэрілік ерітіндіні алыңыз.

    6. Аз гана мөлшерде суды қосыңыз.

    7. Даярланган ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

    8. Қолданылган мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    НАУҚАСҚА ¥НТАҚТЫ ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындаңыз: дәрігер тағайындаган дэрілік үнтақты, қайнатылган суы бар стаканды немесе мензурканы.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дэрігердің ем тагайындайтын парагына сэйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

    2. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нүсқау^ен таңысыңыз.

    3. Дэрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

    4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.

    6. Дэрілік үнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

    7. Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сүраңыз.

    8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап үнтақты себіңіз.

    9. Үнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

    Ескерту: үнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

    МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫ ТАМЫЗУ

    Мақсаты: емдік

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тагайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз л<оюға арналган контейнерді. қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлыгын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дэрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дэрілік ерітіндіні су моншасында 1-36-37°С дейін жылытыңыз.

    3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

    5. Мүрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.

    6. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бүрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мүрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

    7. Оң қолга мақта шаригін алып. оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

    8. Пластикалык флакондағы мүрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) жэне тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

    9. Оң қолға тамызғышты алып, мүрынның екі жағына есептей отырып, дэрілік ертіндіні сорып алыңыз.

    10.Сол қолдың IV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мүрынның үшын жоғары көтеріңіз.

    П.Мүрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

    12.Мүрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дэрілік ертіндіні тамызыңыз.

    13.Мүрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозгалмалы айналысты жасаңыз.

    14. Дэрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

    15.1-2 минуттан кейін екінші мүрын жолында дэрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

    16.Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.

    17.Тамызгышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

    Ескерту: майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дэмін сезуі қажет жэне бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын канатын сүйек қалқанына баспаңыз).

    КӨЗГЕ ТАМШЫ ТАМЫЗУ

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке

    тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша),

    колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға

    арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дэрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-37 С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

    3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    5. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

    6. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз жэне тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

    7. Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дэрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.

    8. Сол қолыңызға дэке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз жэне науқасқа жоғары қарауын сүраңыз.

    9. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бүрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта үстап тамызыңыз.

    10.Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сүраңыз (дэрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

    11.Көздің ішкі бүрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

    12.Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.

    13.Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    14.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.
    Ескерту:

    - екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

    - бір науқасқа тамызғыштың саны дэрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дэрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

    - егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі козді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

    КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ

    Мақсаты: емдік

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын (дәрігердің

    тағайындауы бойынша), шыны коз қалақшаларын, дэке тампондары, мақта

    шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз

    жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Дэрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

    3. Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

    5. Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.

    6. Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.

    7. Шыны таяқшаны самай бетінен көздің тесігіне қарай жақындатыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен).

    8. Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.

    9. Сол қолға дэке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.

    10.Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сүраңыз.

    11.Сығылыстарылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыгіты таратылуға тиіс.

    12.Екінші көзіне де майды осы реттілікпен салыңыз.

    13.Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.

    Н.Сол қолыңызға дэке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.

    15.Тюбикті көздің ішкі бүрышына үстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың ңилиндрі үзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.

    16.Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    17.Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дэке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    18.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ЖЕКЕ ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.

    Қолдану көрсетілімдері: қан айналу жэне тыныс алу органдары

    ауруларында дәрігердің тағайындауымен.

    Дайындаңыз: аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін

    тексеріңіз.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.

    3. Науқасқа отыру немесе түру қалпын жасаңыз.

    4. Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.

    5. Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бүрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.

    6. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сүраңыз.

    7. Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып үстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сүраңыз.

    8. Науқастан терең дем алуын сүрап жэне бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз - осы мезгілде ауыз қуысына дэрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.

    9. Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін үстауын сүраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын наукас ақырын мүрын арқылы демін шығарады.

    10.Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.

    Ескерту:

    - аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;

    - аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.

    ҚҮЛАҚҚА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМШЫЛАТЫП ТАМЫЗУ

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дэрігердің тағайындауы бойынша құлактағы ауру сезімі жэне қабыну процессі.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, тамызгышты, мақта шариктерін жэне турундаларын, дэрілік ерітінділерді (дэрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дэрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

    3. «Су» моншасында 36-37°С температурасына дейін дэрілік ерітіндіні жылытыңыз.

    4. Тамызгыштың бүтіндігін тексеріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    6. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

    7. Науқастың басын сау қырына қарай бүрыңыз.

    8. Қүлақтан бөлініс болса, қүлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

    9. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған қүлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

    Ю.Оң қолға тамызғышты үстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз. П.Сол қолмен науқастың қүлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты үстап қүлаққа 2-3 тамшы дэрілік ерітіндіні тамызыңыз.

    12.Сыртқы қүлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енғізбеңіз.

    13.Науқастың сыртқы күлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта үстап түруын сүраңыз, кейін осы қүлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

    14.Қүлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін қүлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

    15.Науқастың басын ауыратын қүлақ жағына енкейтіңіз, қүлақ жолын мақта шариғімен қүрғатыңыз.

    16.Қолғапты шешіңіз.

    17.Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызгышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

    18.Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.

    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


    написать администратору сайта