Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолдану көрсетілімдері

  • СҮЙЫҚТЫҚТАРДЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП ЕНГІЗУДІ ОРЫНДАУ Мақсаты

  • ПУНКЦИЯЛАР НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҮРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ПЛЕВРА ҚУЫСЫН ТЕСУГЕ (торакоцентез, плевроцентез) ДАЙЫНДАУ Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ Қ¥РАЛ-САЙМАНДАРДЫ БУЫНДЫ ТЕСУГЕ ДАЯРЛАУ Мақсаты

  • НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ- САЙМАНДАРДЫ ТӨС СҮЙЕГІН ТЕСУГЕ ДАЙЫНДАУ Мақсаты

  • НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ЖҰЛЫН (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА ДАЙЫНДАУ Мақсаты

  • Қолдану корсетілімдері

  • Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері


    Скачать 198.37 Kb.
    Названиеолдану крсетілімдері
    АнкорСтандарт
    Дата25.06.2022
    Размер198.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластандарты по СД (копия).docx
    ТипДокументы
    #614572
    страница11 из 19
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

    СҮЙЫҚТЫҚТЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП Қ¥Ю ҮШІН БІР РЕТ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖҮЙЕНІ ҚҮРАСТЫРУ

    Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тэулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

    Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дэрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды оңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    2. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін жэне ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

    3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін жэне сыртқы түрін тексеріңіз, дэрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).

    4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинңетпен алыңыз.

    5. Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

    6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

    7. Жүйенің бүрандалы қысқышын жабыңыз.

    8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).

    9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін үстап, тірекке бекітіңіз.

    10.Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

    П.Бүрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша жэне инъекңия жасайтын инеден тамшы корінгенше жүйенің үзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

    12.Бүрандалы қысқышты жауып, инъекңия жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

    13.Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

    +.Инені көк тамыр боыймен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың I жэне II саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.

    12.Ине кок тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекңиялық түйінде қан көрінеді.

    13.Сол қолмен бүрауды босатыңыз, науқастан жүдырығын жазуын сүраңыз.

    14.Ине тамырда екеніне козіңізді жеткізіңіз.

    15.Жүйенің қысқышын ашыңыз.

    16.Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дэрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

    17.Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, кок тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.

    18.Енгізу жылдамдыгы түрақты болуын қадағалаңыз.

    19.Дәрілік ертіндіні қүйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін жэне қал- жағдайын бақылаңыз.

    20.Емшара біткен соң жүйедеғі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 мийутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз.

    21.Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

    22.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.
    Ескерту:

    - қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекңияға арналған түйін арқылы шприңпен жүргізіледі. Инъекңия жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен кыстырылады;

    - флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндеғі инені енгізеді, сосын үзын түтіктің инесін енгізеді;

    - енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жүмысын қадагалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па?

    - науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сүраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекңия жасаған жерде ісікті корсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.

    СҮЙЫҚТЫҚТАРДЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП

    ЕНГІЗУДІ ОРЫНДАУ

    Мақсаты: көк тамырға тамшылатып кұю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тэулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын жэне қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

    Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын кайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

    Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.

    Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қан ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы жэне қабынуы), флебит (кок тамырдың қабынуы), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (қатайған тін бөлігі).

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, салфеткаларды, екі кішкене үзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бүрауды, штативті, дәрілік ерітіндісі бар флаконды, лотокты, қолғапты, қауіпсізгжоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықтын жэне ішекті босатуын үсыныңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен оңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дэрігердің ем тагайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз.

    4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

    5. Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бүрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.

    6. Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жүдырығын қысуын жэне жазуын сүраңыз, бүл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жүдырығын қатты қысып түруын сүраңыз.

    7. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз.

    8. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алыңыз.

    9. Жүйедегі инъекңиялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз.

    Ю.Тері астына инені 30° бүрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бүрышын азайтыңыз.
    П.Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункңия жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

    12.Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

    13.Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5% йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

    14.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуыңыз, кептіріңіз.

    15.Пайдаланған қүрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    16.Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

    17.Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.

    ІБ.Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тэртібін сақтау керек (гемодинамикалық бүзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

    19.Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

    Ескерту: ^

    - манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

    - сүйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы жэне кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.

    ПУНКЦИЯЛАР

    НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҮРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ПЛЕВРА ҚУЫСЫН ТЕСУГЕ (торакоцентез, плевроцентез)

    ДАЙЫНДАУ

    Мақсаты: диагностикалық: гілевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

    Қолдану корсетілімдері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (окпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, окпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

    Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне жэне тері астына инъекңия жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (үзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприңтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, 70% спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сүйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек корсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мэліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сүраңыз.

    3. Науқастың денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

    4. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике комекші қызметін атқарады.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

    6. Болжамды тесетін жерді 5% йод ерітіндісімен, сосын 70% сгшрт ерітіндісімен жэне қайтадан йодпен оңдеңіз.
    7. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

    8. VII-VIII қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, ойткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді жэне қабырға аралық тамырлар зақымданады.

    9. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді жэне ішіндегі сүйықтықты шприцке сорып алады.

    10.Шығатын сүйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

    11.Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сүйықтықты қүйыңыз.

    12.Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз.

    13.Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен оңдеңіз.

    Н.Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып,

    лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.

    15.Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сүйықтықты баялау үшін жэне талықсудың дамуын ескерту.

    16.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.

    17.Пайдаланған бір рет қолданылатын шприңті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    18.Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

    19.Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

    20.Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сагат бойы төсек тэртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

    21.Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.

    Ескерту:

    - плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сүйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

    - плевра сүйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бүзбау үшін;

    - ине плевра сүйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.

    НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ Қ¥РАЛ-САЙМАНДАРДЫ

    БУЫНДЫ ТЕСУГЕ ДАЯРЛАУ

    Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.

    Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялык инені, 10, 20 мл ширицтерді, пинцетті, дэке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5% спирттелген йод ерітіндісін, 70% спирт ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгори гмі:

    1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дэрігер жүргізеді.

    2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мэліметті берір, оның келісімін алыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сүраңыз.

    5. Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5% спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70% спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

    6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

    7. Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.

    8. Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сүйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке қүйыңыз.

    9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

    Ю.Инені алған соң, тесілген жерге 5% спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

    11.Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюга арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    12.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ- САЙМАНДАРДЫ ТӨС

    СҮЙЕГІН ТЕСУГЕ ДАЙЫНДАУ

    Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларыныи диагнозын айқындау жэне диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.

    Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма үстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта жэне дэке шариктерін, корнцангты, қолғапгы, 70% спиртті, 5% спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, таңғыш материалды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекег алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мэліметті беріп, оның рүқсатын алыңыз.

    2. Төс сүйегін тесуді дэрігер емшара кабинетінде жүргізеді.

    3. Төс сүйегі ІІІ-ІУ қабырға аралық деңгейде тесіледі.

    4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дэрігерге комектеседі.

    5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

    6. Науқасты беліне дейін шешінуін сүраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

    7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5% спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған макта шаригімен, сосын 70% спиртке ылғалдатылган мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

    9

    Ю.Кассирскийдің пункциялық инесін, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

    П.Дэрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке қүяды.

    12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

    13.Инені алған соң тесілген жерді 5% спирттелген йод немесе 70% спирт ерітіндісімен оңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.

    М.Қолғапты шешіңіз.

    15.Қолданған қолғапты, шприцтерді жэне мақта шариктерін қауіпсіз жоюга арналган контейнерғе салыңыз.

    16.Қолыңызды сабындап жуып, қүрғатыңыз.

    17.Науқасты палатаға апарыңыз.

    18. Заттық эйнектегі материал кепкеннен кейін жолдамамен зертханага апарыңыз.
    Ескерту: Кассирский инесі - бүл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан түрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.

    НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ЖҰЛЫН (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА ДАЙЫНДАУ

    Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді жэне т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).

    Қолдану корсетілімдері: менингиттер (мидың жүмсақ қабығының қабынуы).

    Дайындацыз: залалсыздандырылған: шприцтерді (5 мл, 10 мл, 20 мл) инелермен, тесуге арналған инені мандренімен, пинцеттерді, салфеткаларды жэне мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, 70% спиртті, 5% спирттелген йод ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-эрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мэліметті беріп, оның рүқсатьін алыңыз.

    2. Асептика ережесін қатал жағдайд сақтай отыра, тесуді дфігер жасайды.

    3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.

    4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алга кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «дога» тэрізді майысу керек).

    5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып наукастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын үстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын үстайды.

    6. Тесуді III жэне IV бел омыртқалар арасына жасайды.

    7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    8. Тесетін жердің терісін, 5% йод ерітіндісімен, сонан кейін 70% спирт ерітіндісімен тазартыңыз.

    9. Жүмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5%) новокаин ерітіндісін сорып алып, дэрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренмен лотокқа салып беріңіз.

    Ю.Пробиркаға 10 мл мөлшердегі жүлын сүйықтығын алыңыз. Жолдама

    жазып, оны клиникалық лабораторияга апарыңыз. 11 .Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жүлын сүйықтығын қоректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз. 12.Жүлын сүйықтыгы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дэрігерге беріңіз.

    ІЗ.Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5% спирттелген йод ерітіндісімен оңдеңіз.

    14.3алалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.

    15.Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.

    16.Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.

    17.Науқастың хал жағдайын бір тэулік бойы бақылаңыз.

    18.Қолғапты шешіңіз.

    19.Шприңтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    20.Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19


    написать администратору сайта