Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері
Скачать 198.37 Kb.
|
АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕРІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді. Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады. Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасьш енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енғізеді. Антибиотикті қолдану нүсқауында осы антибиотикті еріту ережесі эдеттеғідей корсетіледі. Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: Імл - 100.000 ЕД және Імл - 200.000 ЕД. 1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет: цг- - 500.000 ЕД : ЮО.ОООЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде); - 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде). 2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик молшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге болуі қажет. - 1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді; - 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді. ТЕРІІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ҚОЮ Мақсаты: диагностикалық. Қолдану көрсетілімдері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін. Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларыныц ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары. Асқынулар: инфильтрат. Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. ^ 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз. 3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. 4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз. 5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. 6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз. 7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен - иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен - цилиндрдің қыр жағынан үстаңыз. 8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін томен қарай тартыңыз. 9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (5°С бүрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сүқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз. ІО.ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың II, III саусактарымен цилиндрдің жиегінен үстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дэрілік ерітіндіні енгізіңіз. П.Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай). 12.Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз). 13.Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз. 14.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 15.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 16.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз. ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дэл дозасын енгізу. Қолдануга корсетілімдері: инсулинге тэуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу. Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда. Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер. Енгізілетін жерлері: иықтың жэне жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті. Дайындаңыз: флакондағы инсулин ерітіндісін, 70° спиртгі, залалсыздандырылған: лотокті, пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцін, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекег алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз жэне оны жүргізуге оның келісімін алыңыз; иг- 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолгапты киіңіз. 3. Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырьщыз. 4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дэрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз. 5. ¥зақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ. 6. Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-37°С деиін жылытыңыз. 7. Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін жэне саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. 8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз. 9. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз. 10.Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс. 11.Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз. 12.Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз. 13.Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек. 14.Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз жэне инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз. 15.Шприңті оң қолыңызға алыңыз. 16.Сол қолдың I және II сауеақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз. 17.Тері асты майлы қабатын ортасына 30-45° бұрышпен иненін ұзындығына үш бүрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып үстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз. 18.Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз. 19.Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз. 20.Жылдам қозғалыспен инені шығарып, қүрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекңия жасаған жерге қойыңыз. 21.Науқасты тамақтандырыңыз. 22.Қолғапты шешіңіз. 23.Қолданылған шприңті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 24.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: емдік - тері асты майлы тіндерге дэрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дәрігерлерге аллергиялық реакцняның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы. Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дэріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис. Енгізілетін жерлері: иықтың жогары бөлігі сыртқы беті, санның ортангы болігі алдыңгы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дэрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгорнтмі: 1. Наукаска емшара максаты мен барысын түсіндіріиіз, дарішк срітінді туралы қажетті мэліметті хабарлаңыз. 2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен оңдеңіз, қолғапты киіңіз. 3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 4. Шприцке дэрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз). 5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз. 6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекңия жасайтын л<ерді. (макта шариктерді контейнерге салыңыз). 7. Сол қолдың ІҮ-У саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз. 8. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприңттің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен үстаңыз. 9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I жэне II саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бүрышты түрдегі қыртысты жинаңыз. Ю.Тері қыртысының негізіне инені 45 С бүрышпен үстап, иненің үзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сүқ қол саусагымен иненің канюлясынан үстаңыз. 11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцгі ауыстырмаңыз), I жэне II саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып. саусақпен поршенді басып, дэрілік ерітіндіні енгізіңіз. 12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыцыз. 13.Иненің канюлясынан үстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз. 14. Теріден мақта шаригін алмай, дэрі жіберілген жерді жеңіл уқалаңыз. 15.Шприцтті, мақта шариктерін жэне қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 16.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз. 17.Науқастың қал жагдайын сүраңыз. Б¥ЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дэрілік ерітіндіні енгізу. Қолданылу көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет үлпаларының атрофияеы, инъекция жасаған жерде терінің жэне тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакңиялар. Енгізілетін жерлері: бөксенін жогаргы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңгы қыр беті ортангы бөлігіне, иықтың сырткы бегі жогаргы үштің бір бөлігіне. Асқынулар: иненің сынуы, жүйке баганасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы(тамырдың бітелуі), абсңесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайган тін бөлігі), вирустік гепатит АИТВ, аллергиялық реакңиялар, анафилактикалық шок. Дайындаңыз: залалсыздандырылган: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын шприңті, инъекңияга арналган иненін ұзындыгы 40-60 мм, қолгаптарды, дэрігер тагайындаган дэрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті, қауіпсіз жоюга арналган контейнерді. Іс-әрекет алгорн гмі: 1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. 2. Науқасқа емшара барысы мен максатын түсіндіріп, оган енгізілетін дэрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз. 3. Науқасқа ыңгайлы қалыпты алуга көмектесіңіз: - боксеге енгізгенде - ішімен немесе қырымен жатқызыңыз; - санга енгізгенде - арқасына жатқызып, аздап қана аягын тізе буыннан бүгіңіз немесе отыргызыңыз; - иыққа енгізгенде - жатқызыңыз немесе отыргызыңыз. 4. Инъекңия жасайтын жерді киімінен босатыңыз. 5. Инъекңия жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жогаргы-сыртқы бөлігі). 6. Инъекңия жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін жэне тыгыздалу болмау керек. 7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолгапты киіңіз. 8. Шприңті қүрастырыңыз(стандартты қара). 9. Тагайындалган дэрілік ерітіндіні шприңке сорып алыңыз: шприңті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара). 10.Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекңия жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын түп-тура инъекңия жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақ арасына салыңыз. 11.Оң қолга шприңті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприңтін поршенін үстаңыз; I, III, IV саусақтарды ңилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек). 12.Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз жэне бекітіңіз. 13.Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприңті теріге тік 90° бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз. 14.Сол қолды поршенге көшіріп, II жэне III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 15.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. Іб.Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз. 17.Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз. 18.Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 19.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасаганда шцрицті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 45° бұрышпен енгізеді; - майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дэрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне козіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары жэне шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне козіңіз жеткеннен кейін, дэрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз жэне инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып жэне басқа жағына енгізіңіз; - инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз; - майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында 1-37-3 8°С жылытыңыз. КӨК ТАМЫРҒА ИНЬЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дэрілік затқа аллергиялық реакцня, болжаған инъекция жаеайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит). Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары. Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (кок тамырдың тромбозы жэне қабынуы), дэрлік затты қате енгізу, дэрілік жэне ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дэрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дэрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, спирттелген мақта шариктерімен ондеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз. 3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара). 4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дэрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз). 5. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара). 6. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, контейнерге салыңыз. 7. Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай түрып ауасын шығарыңыз. 8. Шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз. 9. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз. Ю.Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін). П.Резеңке бүрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз. 12.Бүрауды былай байлаңыз: оның бос үштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек. 13.Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін). 14.Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай багыттап уқалаңыз, колдың үшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шүңқыры аймагын үрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін). 15.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған кок тамырды табыңыз. 16.Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақга шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақтар арасына салыңыз. 17.0ң колға шприцті алып: II саусақпен - иненің канюлясынан үстап V саусақ - шприңтің поршенінде, III, IV, I - саусақтармен цилиндрді үстаңыз. 18.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз. 19.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра үстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше. 20.Поршенді озіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. 21.Сол қолмен бүраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жүдырықты ашуын сүраңыз. 22.Ине көк тамырда екеніне қайтадан козіңізді жеткізіңіз. 23.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні кок тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай. 24.3алалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз. 25.Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сүраңыз. 26.Мақта шаригін контейнерге салыңыз. 27.Шприцті инесімен, қолғапты арнайы контейнерге салыңыз. 28.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз. |