Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері
Скачать 198.37 Kb.
|
Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті эсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы эсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дэрілік затты енгізу. Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін қүрысып-тырысуда, қозуда, дэрілік затты тік ішекке енгізу. Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас- қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсүінде, қанаган геморройда. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмүрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекег алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз. 3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз. 4. Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бүрын тазарту клизмасын жасаңыз. 5. «Су» моншасында 38°С дейін жылытылған 50-100 мл дэрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз. 6. Жел шығаратын түтіктін саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз. 7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүғілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек. 8. Сол колдың I жэне II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз. 9. Алмұрт тэрізді баллоншадан немесе Жане шпринінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз. 10. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз. 11. Алмұрт тэрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз. 12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шыгарыңыз. 13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 14. Анал тесігі айналасын тазартыңыз. 15. Науқасты ескертініз: дэрілік клизма жасағаннан кейін, ол тосекте 1 сағаттай аркасымен немесе сол жақ кырымен жагуы қажет. 16. Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды жэне қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз. 17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек. Т¥ЗДЫ (ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ) КЛИЗМАНЫ КОЮ Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту жэне мол сұйықтыктың ішек тесігіне жиналу аркылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен жэне желден босату. Қолдану көрсетілімдері: операңиядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну проңесінде, эр түрлі ішек ісінуінде. Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық жара проңесінде, анус аймагының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тэрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз. 3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 4. «Су» моншасында 38°С дейін жылытылған 50-100 мл түзды ерітіндіні алмүрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз. 5. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз үшына вазелин майын 20-30 см үзындығына жағыңыз. 6. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек. 7. Сол қолдың I жэне II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозгалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік багытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз. 8. Алмүрт тэрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шыгарып, жел шыгаратын түтіктің сыртқы үшына жалғастырып, жаймен түзды ерітіндіні енгізіңіз. 9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы үшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз. Ю.Алмүрт тэрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз. П.Түтіктен дэрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз. 12. Аналь тесігі аймағын тазартыңыз. 13.Науқасты арқасына бүрылып жатуын сүраңыз. Науқастың қал жағдайын сүраңыз. 14.¥штыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 15.Қолғапты шешіңіз. 16.Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. П.Қолыңызды, жуып кептіріңіз. ҚҮЫҚТЫ КАТЕТЕРЛЕУ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚУЫҒЫН КАТЕТЕРЛЕУ Мақсаты: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу. Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зэр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу жэне оған дэрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік жэне жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зэр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық жэне бактериологиялық зерттеуге зэрді алу, қалдық зэрді анықтау. Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зэр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы. Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жүқпалы ауруларды енгізу. Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялык пинңеттерді, корнңангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, несеп жинайтын ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған қүрал- жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз. 2. Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 3. Науқасты кермемен оңашалаңыз. 4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жақка аздап қана ажыратқан. 5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз, 6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өндеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 7. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған қүрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-эрекетін) жүргізіңіз. 8. Катетерлеуге қажетті қүрал-жабдықтарды дайындаңыз. 9. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз. 10.Сол қолдың I жэне II саусақтарымен үлкен жэне кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зэр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз. 11.Фурацилин ерітіндісіне еуландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз. 12.Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз. 13.Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дэке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз. 14.Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыцыз. Пинцетгі ауыстырыңыз. 15.0ң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз. Іб.Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІУ-ші, У-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз. 17.Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз. 18.Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз. 19.Катетердің бос ұшын зэр жинайтын ыдыска салыңыз. 20.Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. 21.3эр болінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зэр ағымы зэр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді). 22.3арарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз. 23.Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауігісіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 24.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 25.Науқасқа физикалық жэне психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ САУСАҚТАН ҚАН АЛУ Мақсаты: диагностикалық - жалпы клииикалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінін сандык жэне сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоңиттердің, тромбоциттердің); қандагы гемоглобин санын жэне эритроциттердін тұну жылдамдыгын (ЭТЖ) анықтау; қандагы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю жэне қан агу уақытын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердіц тагайындауы бойынша. Терінің тесетін жерлері: құлақтың сыргалыгы, төртінші саусақ, жаңа туган нәрестенің өкшесі. Дайындаңыз: залалсыздандырылган садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолгаптарды, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда турған қанды алу утралы алдын ала ескертуі керек жэне қан ашқарында, дэрі-дэрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керекргін түсіндіреді. 2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз. 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Спиртке ылғалдатылған макта шариктерімен қолыңызды тазартыңыз, қолгаптарды киіңіз. 4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусагын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалгандары алақан жағында орналасады. 5. Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылган макта шаригімен тазартыңыз жэне спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді. 6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз жэне садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейінжылжытып теріні тесіңіз. 7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай жэне мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына агады жэне оны зерттеуге жинап алу қиындайды. 8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашкы тамшысын сүртіңіз. 9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды. 10.Қан алып болганнан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз. 11. Қолданылған қүралдарды қауіпсіз жоюга арналған контейнерге салыңыз. Ескерту: - қол саусақтары күйіп жэне үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды қүлақтың сырғалығынан алуға болады; - ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусагынан немесе окшесінен алады. ҚУЫҚТЫ ЖУУ Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе үсақ тастарды механикалық алып тастау. Зэр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында. Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға жэне катетерлеуге арналған қүрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 37 С деиін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фураңилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің элсіз ерітіндісін жэне т.б), Жане шприңін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-эрекет алгори гмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Науқастың бөксе астына клеенканы жэне жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз. 3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз. 4. Наукастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз). 5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз). 6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз). 7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фураңилин ерітіндісін Жане шприңіне сорып алыңыз. 8. Катетердің бос шетіне Жане шприңін жалғастырып, фураңилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз. 9. Катетерден Жане шприңін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайгын ыдысқа салыңыз, сүйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады. 10.Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз. П.Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз. 12.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 13.Науқастың түруына жэне ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз. Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды. БИОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ КӨК ТАМЫРДАН ҚАН АЛУ Мақсаты: диагностикалық Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу. Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ. Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары. Дайындаңыз: залалсыздандырылган: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприңті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, 70% этил спиртін, масканы, қолғапты, штативтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жоюга арналған контейнерді. Іс-эрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рүқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ кабылдамағаның анықтаңыз. 2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз. 3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз. 4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. ^Оларды тері антисептигімен ондеңіз. 5. Масканы, қолғапты, қорғаныш козілдірікті, алжапқышты киіңіз. 6. Бір рет қолданылатын шприңтің орауын ашып, оны қүрастырып, инеден қалпағын алмай түрып, ауасын шығарыңыз, шприңті ораудың ішкі бетіне салыңыз. 7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. 8. Резеңке бүрауды иықтың ортангы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз. 9. Бүрауды былай байлаңыз, оның бос үштары жогары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен. 10.Қаржілік артериясындағы тамырын үстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек). 11.Көк тамырды зерттеңіз. Ең коп толған көк тамырды табыңыз. 12.Көк тамырды толтыру үшін науқастан жүдырығын бірнеше рет қысуын жэне ашуын сүраңыз. Сосын оны қысуын. 13.Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекңия жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3- ші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақтар арасында үстаңыз. 14.Оң қолыңызға шприңті алыңыз: II саусақ иненің канюлясында, ал III, IV саусақтармен ңилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, I саусақты төмен үстаңыз. 15.Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз. 16.Инеден қалпағын алып, әдеттегідей кок тамырды тесіңіз (науқастың жүдырығы қысылған). 17.Поршенді озіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. 18.Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз. 19.Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз. 20.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз. 21.Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз. 22.Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз. 23.Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз. 24.Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз. 25.Науқасқа түруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз. 26.Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне козіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз. 27.Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз. 28.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 29.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. |