Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері
Скачать 198.37 Kb.
|
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зерттеуге нэжісті жинау тэртібі туралы науқаспен нүсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, қүрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады). 2. Науқасқа түсіндіріңіз, нэжіс зерттейтін күңі таңертең алынады. 3. Науқастан немесе жанүя мүшелерінен біліңіз, басқа дагқан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді. 4. Егерде жауап дүрыс болса нүсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын: - 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды; - егер науқастың мүүрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді. 5. Науқасқа нәжісті жинау іс-эрекетін түсіндіріңіз. 6. Нэжіс жинау алдында резеңке қолгап киіңіз. 7. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек. 8. Үлкен дэретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз (тығынмен). 9. Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз. 10.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 11.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. ІШ Қ¥РТЫНЫҢ Ж¥МЫРТҚАСЫН АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІАЛУ Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу. Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін жэне ішек құртын анықтау. Дайындаңыз: 20-50 мл кең мойынды құргақ, таза шыны ыдысты (пенициллнн флаконы), судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зерттеуге нэжісті жинау тэртібі туралы науқаспен нүсқау жүргізіңіз. 2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нэжісті жинауды. 3. Нэжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз: - науқас нәжіс жинар алдында қолгапты киюі қажет; - үлкен дәретке сусыз суднога отырган соң, нэжістің эртүрлі үш жерінен 30-50 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаган ыдысқа саяып, қақпагын жабады. 4. Науқас қолгапты шешіп, қолын жуып жэне қүргатуы қажет. 5. Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияга апарыңыз (30 минут) кешіктермей. Ескерту: қүртқа қарсы дэрілерді қабылдаган күндері емді бақылау үшін зерттеуге нэжістің барлық үлесін жинайды. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ ШЫНЫ ТҮТІККЕ АЛУ Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу. Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары. Дайындаңыз: залалсыздандырылған шыны түтікті мақта-дэке тампондарымен тығыз жабуға материал алу ушін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған, дэрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекег алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы жэне қолғапты киіңіз. 3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз. 4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз. 5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз. 6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз. 7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дэке тампонын тек қана сыртқы жағынан үстаңыз). 8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 эр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа). 9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына жэне сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз. 10.Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз. 11.Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз. 12.Биксті «кілтке» жабыңыз. 13.Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз. 14.Бикстегі алынган материалды жолдамасымен 2 сагаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханага жеткізіңіз. Ескерту: - нэжісті жыйнау эртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нэжістен», тікелей тік ішектен ілгектің комегімен; - өсінді жасау үшін шырышты, іріңці, фибринозды қабықты алады; - материал зертханага жеткізгенше тоназытқышта !-4-6°С сақталуы қажет; - антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ КӨРЕКТІ ОРТАСЫ БАР ПЕТРИ ТАБАҚШАСЫНА АЛУ Мақсаты: диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу. Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары. Дайынданыз: көректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілғекті, нәжісті алуға арналған дэрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды ғигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз. 3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз. 4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табакшасына стеклоғрафпен жазыңыз. 5. Науқасты горшокқа немесе суднога отыргызыңыз. 6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз. 7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нэжістің 3-5 эртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа). 8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз. 9. Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті коректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап. ІО.Залалсыздандырылған тік ішектік ілғекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызыктармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл- мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпагын жабыңыз. П.Петри табақшасын осіндімен бірге 37°С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз. 12.Биксті «кілтке» жабыңыз. 13.Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз. И.Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз. Ескерту: - нэжісті жыйнау эртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан. суднодан, жаялықтан, «ашық нэжістен», тікелей тік ішектік ілгектің комегімен; - өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады; - материалды лабораторияға апарганға дейін тоңазытқышта і4-6°С сақтайды; - антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі. НАУҚАСТЫ БРОНХОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қолгапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы. Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбнке көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеудің мақсатын мен барысын, зерттеу жасаган уакыттагы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз. 3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынга өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек. ^ 4. Зерттеудің алдында наукас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадагалаңыз. 5. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуыгын жэне ішегін босагуын сүраңыз. 6. Дәрігердің тагайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай жэне таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сагат бүрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз. 7. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикаңияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз. 8. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен жэне жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тагайындалган уақытта ертіп апарыңыз. 9. Наукасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ Мақсаты: диагностикалық жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру. Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары. Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дэке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын материалды алуға арналған, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндірігі, емшараға рұқсат алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатть^ масканы және қолғапты киіңіз. 3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз. 4. Жолдама нөміріне сәйкес номірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз. 5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз. 6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз. 7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз. 8. Сол қолдың I жэне II саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз. 9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз. 10.Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына жэне сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз. 11.Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз. 12.Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз. 13.Биксті «кілтке» жабыңыз. 14.Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 15.Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялык зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз. Ескерту: материалды жеткізгенше 1-4-6°С тоназытқышта сақталуы қажет. НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асказан жэне он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау. Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зертгеуге жолдаманы. ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызмегін атқарады Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын жэне мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз. 3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға откізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дэрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды. 4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек. 5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз. 6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге жэне түкірігін жүтуға болмайтынын наукасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады). 7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз. 8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жүту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сүраңыз. Темекі шегуге болмайды. Ескерту: - т/а премедикаңия жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді; - биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі. НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жогары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабыгын қарау. Дайындаңыз: колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылган суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолгаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы. Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауга келісімін алыңыз. 2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз. 3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зертгеу нэтижесі дүрыс шықпайды). 4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынга өткізілетінін хабарлаңыз. 5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тагайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады. 6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тагайындалады (фортранс схемага сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмагына, бүл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке карай немесе бірдей болікке боліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңгы препарат емшара алдында 3-4 сагат бүрын қабылданады. 7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз. 8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сагат бүрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз. 9. Белгіленген сагатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен). 10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шыгарып салыңыз. Ескерту: жуан ішекті нэжістен, сүйықтықтан жэне сілемей сүйықтықтардан тазарту - дайындықтың негізгі міндеті, осының дүрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді. РЕКТОРОМАНОСКОПИЯҒА НАУҚАСТЫ ДАЯРЛАУ Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік жэне сигма тэрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық жэне цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жагынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу. Дайындаңыз: залалсыздандырылган: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолгапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысы жэне зиянсыздыгы туралы эңгіме жүргізіңіз. 2. Таңертең ашқарынга зерттеу откізілетінін науқасқа хабарлаңыз. 3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сагат 6-да (тольщ- кружка) жэне зерттеуге дейін 2 сагат бүрын (толмаган кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс. 4. Түп-тура зерттеу алдында науқастың қуыгын босатуын сүраңыз. 5. Науқасты манипуляңиялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз. 6. Науқасты палатага апарып, бақылауды жэне тыныштықты қамтамасыз етіңіз. Ескерту: - ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі; - ішектегі жедел қабыну процесі басылган соң, ректороманоскопия жүргізіледі; - егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады; - науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сагаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиги түрін біршама уақытқа өзгертеді. НАУҚАСТЫ ЦИСТОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабыгын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік жэне түймешікті алып тастау. Дайындаңыз: залалсыздандырылган: цистоскопты, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюга арналган қүрал-жабдықтарды. Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші кызметін атқарады Іс-әрікет алгоритмі: 1. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Зерттеуді ашқарынга жасаңыз. 3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймагын мүқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз. иГ 4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сагат бүрын тазарту клизмасын жасаңыз. 5. Түп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуыгын босатуды үсыныңыз. 6. Белгіленген сагатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз. 7. Зерттеуден кейін науқасты палатага дейін ертіп апарыңыз. 8. Зерттеуден кейін 2 сагат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз. |