Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі

  • НАУҚАСТЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЬІҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) жэне бүйрек Мақеаты

  • Қолдану көрсетілімдері

  • АСҚАЗАН ЖӘНЕ ОН ЕКІ ЕЛІІШЕКТІ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

  • Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі

  • Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі

  • НАУҚАСТЫ ИРРИГОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ

  • Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді. Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі

  • КӨК ТАМЫРЛЫҚ (ЭКСКРЕТОРЛЫҚ) ПИЕЛОГРАФИЯҒА НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

  • Асқынулар

  • Пнелографияны дәрігер жүргізеді. Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі

  • Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі

  • СҮНГІЛІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АСҚАЗАНДЫ ЖУУ Мақсаты

  • НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АСКАЗАНДЫ ФРАКЦИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖІҢІШКЕ СҮҢГІМЕН СҮНГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ Мақсаты

  • Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері


    Скачать 198.37 Kb.
    Названиеолдану крсетілімдері
    АнкорСтандарт
    Дата25.06.2022
    Размер198.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластандарты по СД (копия).docx
    ТипДокументы
    #614572
    страница17 из 19
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

    БРОНХОГРАФИЯҒА НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

    Бронхография - тыныс алу (бронхтардын) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.

    Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.

    Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз жэне қатерлі ісіктері және т.б.

    Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.

    Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакңиялар. Бронхографняны дәрігер жүргізеді.

    Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.

    2. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағьшасын наукасқа түсіндіріңіз жэне оның келісімін алыңыз.

    3. Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шеғуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).

    4. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.

    Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасты орындыққа отырғызыңыз.

    2. Жоғарғы тыныс алу жолдарын мүрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.

    3. Анестетикті ауыз жүтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).

    4. Бронхтын тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.

    5. Ренген кабинетінде науқасқа коп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.

    6. Науқасты палатаға апарыңыз.

    7. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

    НАУҚАСТЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЬІҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) жэне бүйрек
    Мақеаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

    Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы жэне бүйрек мүшелерінің

    аурулары.

    Дайындаңыз: дэрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.

    Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике

    науқасты дайындайды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рүқсатын алыңыз.

    2. Дайындау ережесін бүзыуының.

    3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

    4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бүршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

    5. Науқас зерттеу қарсынында дэрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

    6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

    7. Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

    8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

    9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні жэне ак жайманы алады.

    10.УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

    11.Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

    Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты

    безі, жатыр қосалқылары):

    - науқастың дайындағы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

    - 2-3 сағат зерттеуге үшін 1,5 л сүйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз;

    - зерттеуге дейін науқас кіші дәретке (толық қуықы) отырмауын сүраңыз.

    АСҚАЗАН ЖӘНЕ ОН ЕКІ ЕЛІІШЕКТІ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

    Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу - бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

    Мақсаты: днагностнкалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функңиональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары. Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

    Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған үштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, наукастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.

    Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

    Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

    1. Алда түрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).

    2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

    3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ раңионынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

    4. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

    5. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

    6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.

    Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

    1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

    2. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

    3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

    НАУҚАСТЫ ИРРИГОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ

    Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу - бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

    Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің эртүрлі бөлімдерінің орналасуы, үзындыгы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бүзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабыгындагы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.

    Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.

    Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.

    Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстагы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолгапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, 1:36-37°С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дэрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу эдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).

    Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.

    Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыныз.

    2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

    4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тагамдарды тамақ раңионынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалганда оган мол сүйықтықты қамтамасыз етіңіз.

    5. Дәрігердін тагайындауы бойынша науқаска ферментативті препараттарды беріңіз.

    6. Күндіз 12 сагатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.

    7. 18 сагаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.

    8. Кеште зерттеу қарсанында (20 жэне 22 сагатта) науқасқа 2 жогаргы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сагат «таза су» эсерлігіне дейін 2 сагат аралыгында.

    9. Тәнертен зерттеуге дейін 2 сагат қалганда науқасқа 1 сагат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.

    ІО.Зерттеуге дейін 3 сагат қалганда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектін ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.

    11.Тагайындалган уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз.

    КӨК ТАМЫРЛЫҚ (ЭКСКРЕТОРЛЫҚ) ПИЕЛОГРАФИЯҒА НАУҚАСТЫ

    ДАЙЫНДАУ

    Бүйректі жэне зэр бөліну жолдарын реңтгенологиялық зерттеу - контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген,

    Мақсаты: диагностикалық: зэр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін жэне түрін багалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы жэне бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлыгын, зэрагар жолы өткізгіштігін анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: бүйрек жэне зэр шыгару жолдарының барлық аурулары.

    Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жогары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

    Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакңия.

    Дайындаңыз: дәрігердің тагайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырга инъекңия жасауга арналган лоток қүрал-жабдықтарымен, анафилактикалык шокта жедел комек корсетуге арналган жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарга арналган арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу эдісінің аты, науқастың аты - жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).

    Пнелографияны дәрігер жүргізеді.
    Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

    1. Алдагы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде наукасқа жасырын жагдайда беріңіз.

    2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

    3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тагамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалган тамақтар, қара нан, жемістен жасалган соктар) қолданбайды.

    4. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тагайындаган препораттарды қабылдайды.

    5. Бір күн бүрын кеште (22 сагатта) жэне гаңертең 1,5-2 сагат зерттеуге дейін наукасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болганша қүйыңыз.

    6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қэжетілігі туралы наукасқа ескертіңіз (соңгы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сагат бүрын). Таңертең зерттеу алдында тамакты, сүйықтықты, дэрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар жэне басқа да емшаралар жасалмайды.

    7. Зерттеуге 1-2 сагат қалганда контрасты заттарга сезімталдық байқауын жасаңыз I- 37°С дейін жылытылган, 1,0 мл контрасты затты көк тамырга енгізеді.

    8. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуыгын босатуын сүраңыз.

    9. Тагайындалган сагатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.

    Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шыгады.

    2. Дәрігердің тагайындауы бойынша науқасқа і-37°С дейін жылытылган 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.

    3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.

    4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.

    5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

    Рентгенологиялық кабннетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

    12.Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

    13.Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (1-36-37°С) енгізіңіз.

    14.Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шыгады.

    15.3ерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
    Ескерту:

    - ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тэтті тағамдарды;

    - тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жүмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.

    СҮНГІЛІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР

    АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

    Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

    Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дэрі-дэрмектермен, ішкілікпен, саңырауқүлақпен, иісті газбен уланганда.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан жэне өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылган: жуан асқазан сүңгісін жэне резеңке түтікті (үзындыгы 70 см), сүнгілерді жалгастыратын шыны түтікті, сыйымдылыгы 0,5-1 л дейінгі шыны қүйгыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындагы 10-12 л шелектегі таза суды (1-20-22°С), резеңке қолгапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылыгы 1 л дейінгі қүмыраны немесе крушканы, дэке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қүргақ хлорлы экті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпагы бар таза қүргақ банканы.

    Іс-әрекет алгори гмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұксатын алыңыз.

    2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

    3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалыгына тыгыз тигізіп басын аз гана алдына қарай еңкейтіп отыргызыңыз.

    4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).

    5. Науқастың қолын орындықтың арқалыгына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

    6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналган шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

    7. Науқастың артынан немесе оң жагынан тұрып, басты сэл артқа қарай бұрыңыз.

    8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолгапты киіңіз.

    9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын олшеңіз: бірінші белгі - науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі - оган наукастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.

    Ю.Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалгастырыңыз.

    П.Науқасқа сүнгіні енгізген уақытга оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жүту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

    12.Сүңғінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.

    ІЗ.Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

    Н.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз.

    15.Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.

    16.Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

    17.Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

    18.Құйғының ішіндегі нәрсені (кұсықты) шылапшынға құйыңыз.

    19.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

    20.Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз.

    21.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

    22.Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    23.Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

    24.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. -Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    25.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

    26.Науқасты фнзпкалық жэне психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

    27.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порңиясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

    28.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.

    Ескерту:

    - сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

    - егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

    - шылапшындағы жуынды судың мөлшері кұйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

    - егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

    - сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз жэне қайтадан оны енгізіңіз.

    НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АСКАЗАНДЫ ФРАКЦИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖІҢІШКЕ СҮҢГІМЕН СҮНГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ

    Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу жэне козғалыс қызметтерін зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

    Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының оршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүкгіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

    Асқынулар: асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс жэне т.б.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүнгісін, таза бүйрек тэрізді лотокті, асказан сөлі үлестерін бөлек- болек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприңті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапкышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас - 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері корсетіледі.
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


    написать администратору сайта