Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері
Скачать 198.37 Kb.
|
ЕМДЕУ, ӨТТЕГІМЕН ЕМДЕУ ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, канмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері. Қолдану көрсетілімдері: қызбаның I және III кезеңдерінде, инъекңиядан кейінгі болатын ннфильтратта (түйіндерде), жүлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), үлтабарды сүңгілегенде, согып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда. Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы проңесі, қатерлі ісіктер, қан кету, согып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бүзылуында, іріңді жарада. Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу. Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймагы, балтыр бүлшық ет аймагы, оң жақ қабырға асты аймағы. Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (1-60-70°С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін. Іс-әрекег алгоритмі: 1. Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рүқсатын алыңыз. 2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (1-60-70°С) қүйыңыз. 3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бүрап бекітіңіз. 4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен қүрғатып сүртіңіз. 5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. 6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша үстаңыз. 8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз. 9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек). Ю.Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз. П.Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз. 12.Жылытқышты сумен жуып, қүрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз. 13.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, күрғатыңыз. Ескерту: жылытқышты жиі жэне үзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз. М¥ЗДЫ М¥ЙЫҚТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату. Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тэулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең. Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок. Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы. Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз. 2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз. 3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз. 4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. 5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз. 7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз. 8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз. 9. Науқасқа тыныштық жэне ыңғайлы жағдай жасаңыз. ІО.Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз. П.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады. ҚЫША ҚАҒАЗДАРЫН ҚОЮ Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері. Қолдану корсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операңиядан кейін болатын іркілу қүбылыстардың алдын алу. Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер. Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бүлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы жэне жауырын асты аумағы Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы. Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (1-40-45°С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (кыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс). 4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз. 5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (1-40-45°С) аздагі кана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз). 6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз. 7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс). 8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз. 9. Науқастың терісін сүлгімен қүрғатып сүртіңіз. 10.Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз. 11.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен қүрғатыңыз. Ескерту: - қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды; - қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды; - емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтыгы 5-7 минут. ЫСТЫҚ ЫЛҒАЛДЫ КОМПРЕСТІ қою Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу. Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, от жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары. Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы. Дайындаңыз: ыстық (1;-60-70°С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рүқсатын алыңыз. 2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз. 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз. 5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз. 6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз. 7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен үстап түрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды). 8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен қүрғатып сүртіңіз. 9. Науқасты жылы жабыңыз. 10.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз. Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады. САЛҚЫН КОМПРЕСС ҚОЮ Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері. Қолдану көрсетілімдері: жүмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде. Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок. Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды гигненалық деңгейде тазартыңыз. Қолгапты киіңіз. 3. Даярлаган салфетканы салқын суга салып сулап, оны сыгыңыз. 4. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз. 5. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз. 6. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып түрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді. 7. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз. Ескерту: бүкіл емшараның үзақтыгы 5 минуттан 60 минутқа дейін. ЫЛҒАЛДЫ ҚЫЗДЫРУ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК КОМПРЕСТЕРДІ ҚОЮ Мақсаты: қан тамырларын ұзақ жэне біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақеарту, ауыруын азайту жэне сіңіру әсерін жасау. Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі жэне буындардагы қабыну процестері, мұрын, құлак аурулары, согып алганнан кейінгі 2 тэулікте. Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу. терідегі іріңді жэне аллергиялық бөртпелер, тері жамылгысы бүтіндігінің бүзылуы, эртүрлі этиологиядагы ісіктер, жарақат пен согып алудың бірінші тәулігінде. Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю. Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дэке салфеткасын, компрестік қагазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дэрілік ерітінділерді, 20-25°С суды, қайшыны, қолгапты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауга рүқсатын алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолгапты киіңіз. 3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз. 4. Даярланган ерітіндінің (20-25 С) біреуіне компрестік матаны немесе дэке салфеткасын ылгалдап, оны аздап қана сыгыңыз. 5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дэке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек. 6. Компрестік матаның немесе дэке салфеткасының үстіне компрестік қагазды салыңыз. Ол алдыңгы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет. 7. Компрестік қагаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңгы қабатынан колемі 2 см артық болуы тиіс). 8. Қойган компрес денеге тыгыз қабыса жататындай керек, бірақ қозгалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз. 9. Компресті 6-12 сагатқа қалдырыңыз (дүрысы түнге қарай қою). 10.Қолыңызды жуып, қүргатыңыз. Қолгапты шешіңіз. 11.2 сагаттан кейін компрестің дүрыс салынганын тексеріңіз. Компрестің астына саусагыңызды сүгыңыз, салфетканьщ ылгалды, терінің жылы екендігіне козіңізді жеткізіңіз. 12.Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен қүргатып, қүргақ таңгыш салыңыз. Компресс қойган жерді жылы қымтаңыз. 13.Өзіңіз қолыңызды жуыңыз. Ескерту: - егер 2 сагаттан кейін салфетка қүргақ болса, онда компресс дүрыс салынбаган; - спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды эрбір 4-6 сагат сайын ауыстырады; - компресті қайталап қоюды, алдыңгы компресті алганнан кейін 1 сагат соң қайталауга болады; - қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданганда тері қабатын күйдіру мүмкін. СҮЛІКТІ қою Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның үюын төмендету. Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймагының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның үюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома. Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның үйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жагдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдыгының жоғарлығында. Қоятын жерлері: емізік тэрізді өсіндінің аймағы (область сосңевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде түсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тэрізді), қүйымшақ айналасы, самай аймағы. Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинңеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, түздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рүқсатын алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз. 3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз. 4. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз. 5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз. 6. Теріні қүрғатыңыз. 7. Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз. 8. Банкада суда түрған сүлікті пинңетпен алып, қүйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз. 9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз. Ю.Сүлік теріні тістеп жабысқанда жэне оның алдыңғы болігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз. П.Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз. 12.Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды). 13.Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз. 14.Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз. 15.30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі. 16.Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын түзды сумен сулаңыз. 17.Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз. 18.Сүліктің сорған жеріне қүрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тэулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды). 19.Пайдаланған күтім қүралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 20.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз. 21.Бір тэуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз. Ескерту: - сүлік науқастың қанына өзінің сілекей қүрамындағы үйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт - гирудин затын жібереді; - сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бүл табиғи жағдай; - асептика ережесі бүзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жаракат орны қышитын болады; - сүлікті бір рет қана қолданады. ЫЛҒАЛДАНҒАН ОТТЕГІН МҰРЫН КАТЕТЕРІ АРҚЫЛЫ БЕРУ Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардагы гипоксияны азайту, жедел жэне созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,. Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жагдайларда дірігердің тагайындауы бойынша қолданылады. Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцепі, шпательді, дәке, қолгапты, вазелин майын немесеглицеринді, жабысқыш пластырды. Іс-әрекег алгоритмі: 1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылган қолгапты киіңіз. 3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз. 4. Бобров аппаратын жүмыс істеуге дайындаңыз: - таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-40°С дистилденген суды, окпе ісігінде 70% спиртті қүйыңыз; - жалганган жерлердің саңылаусыздыгын тыгындыдагы бүранда көмегімен қамтамасыз етіңіз; - үзындыгы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз. 5. Катетерді енгізер алдында жогаргы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз. 6. Катетерді енгізетін бөлігінің үзындыгын (қүлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мүрын үшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (үзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз. 7. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылган вазелин майын немесе глицерин қүйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылгалдаңыз. 8. Катетердің енгізелетін үшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламүштай үстаңыз. 9. Катетерді төменгі мүрын жолымен жүтқыншақтың артқы қабыргасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз. Ю.Тілдің түбірін шпательмен басып, жүтқыншақты қараңыз. Катетердің үшы жүтқыншақтың артқы қабыргасында көрініп түрганына көзіңізді жеткізіңіз. 11.Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жагына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз. 12,Енгізілген мүрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалгастырыңыз. ІЗ.Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз. 14.0ттегі шыгатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин). 15.Науқастың мүрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал- жағдайын бағалаңыз. 16.Мүрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мүрынға майлы ерітінді тамызыңыз. 17.Катетерді алап тастаңыз. 18.Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 19.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз. |