Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚОЛДАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ Мақсаты

  • НАУҚАСТЫ ҚЫРЫНДЫРУ Мақсаты

  • ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ Мақсаты

  • ХАЛІ АУЫР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ Мақсаты

  • Қолдану көрсетілімдері

  • ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ Мақсаты

  • ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ Мақсаты

  • ДӘРЕТ САУЫТЫН (СУДНОНЫ) БЕРУ Мақсаты

  • ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ Мақсаты

  • КӨЗДІ КҮТУ Мақсаты

  • Ескерту

  • Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері


    Скачать 198.37 Kb.
    Названиеолдану крсетілімдері
    АнкорСтандарт
    Дата25.06.2022
    Размер198.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластандарты по СД (копия).docx
    ТипДокументы
    #614572
    страница4 из 19
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

    АЯҚТАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ

    Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке

    қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты,

    сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

    4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.

    5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

    6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.

    7. Науқастың аяқ басына жэне табанына крем жағыңыз.

    8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні - киімге арналған қапқа салыңыз.

    9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

    ҚОЛДАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ

    Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке

    қолгаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты,

    сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

    2. Азғана сүйық сабын қоскан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.

    3. Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.

    4. Гнгиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.

    6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) калдырып тиянақты алыңыз.

    7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.

    8. Тырнақтарды егеуішпен жэне тістекуікпен ондеңіз.

    9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.

    10.Пайдаланған қүралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.

    11.Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

    НАУҚАСТЫ ҚЫРЫНДЫРУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.

    Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

    Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған

    салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз

    ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар

    ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    2. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

    3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (40°-50°С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.

    4. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жакқыш комегімен жағыңыз.

    5. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.

    6. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.

    7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.

    8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ

    Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында. Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.

    Іс-әрекет алгори гмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін отініңіз.

    4. Жаққыштың көмегімен сүйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.

    5. Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.

    6. Қолтық асты ойығы аймагындағы теріні жылы сумен жуыңыз.

    7. Теріні сүлгімен қүп-қүрғақ қылып сүртіңіз.

    8. Қолғаптарды шешіңіз.

    9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз

    ХАЛІ АУЫР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ

    Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.

    Дайындаңыз: ішінде жылы О37-380С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1: 5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, кленканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-эрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.

    3. Науқас әйелдің жамбасының астына кленканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы кленканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.

    4. Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.

    5. Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.

    6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халаттың үстіне кленкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.

    7. Науқас әйелдің оң жағында тұрып, қүмыраның немесе Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.

    8. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.

    9. Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.

    10.Қолданылған сүрткілерді, корнңангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    11.Судноны және кленканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.

    12.Кермені жинап алыңыз.

    13.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты

    қыру.

    Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында. Дайындаңыз: жаққышты, сұйык сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.

    Іс-әрекет алгори гмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқасқа судноны беріңіз.

    4. Жаққыштың көмегімен сүйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.

    5. Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.

    6. Науқастың астын жуыңыз.

    7. Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.

    8. Судноны жинап алыңыз.

    9. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ

    Мақсаты: жыныс мүшелері аймағын тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларын алдын алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайында.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, кленканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың 1-37,38°С) немесе Эсмарх крушкасын.

    Іс-әрекег алгоритмі:

    1. Науқаспен тілектестік, қүпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты құрыңыз; оны кермемен оңашалаңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    3. Қалі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.

    4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.

    5. Науқастың оң жағынан тұрыңыз.

    6. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.

    7. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.

    8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен жуыңыз, сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.

    9. Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз.

    10.Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият

    тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз.

    11.Судноны, кленканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз. Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    12.Төсек-орнын жазықтап, науқасты жабыңыз.

    13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    14.Кермені жинаңыз.

    ДӘРЕТ САУЫТЫН (СУДНОНЫ) БЕРУ

    Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.

    Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішегін және қуығын босату кезінде қолданылады.

    Дайындаңыз: зарарсыздандырылған дәрет сауытын (судноны), кленканы, жаялықты, қолғаптарды, кермені, суды, әжетхана қағазын, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз.

    3. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына кленканы, оның үстінен жаялықты тосеңіз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    5. Науқасқа аздап бір жақ қырына бүрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.

    6. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз.

    7. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.

    8. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.

    9. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет сауытын оң қолмен ұстап түрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз.

    10.Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет сауытына салыңыз.

    11.Дәрет сауытын, кленканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз.

    12.Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз.

    13.Дәрет сауытын жаялықпен немесе кленкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.

    14 Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз.

    15.Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    16.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

    Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек жэне төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде колданылады.

    Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дэке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

    3. Корпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жақка алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны оз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

    4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

    5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

    6. Оң қолыңызға зэр қабылдағышты алыңыз жэне оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

    7. Сол қолыңызға дэке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

    8. Жыныс мүшесін зэр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дэке сүрткілерін алып тастаңыз.

    9. Науқасты көрпесімен жабыңыз жэне оны жалғыз қалдырыңыз.

    ІО.Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып,

    кермені жинап алыңыз.

    11.Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке_сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 12.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    КӨЗДІ КҮТУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын- алу, қалі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинңетті (іскекті), ундннканы, көз стакандарын, 1:2000 фураңиллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.

    3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

    5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.

    6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.

    7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).

    8. Дәке тампонын фураңилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.

    9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.

    10.Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде:

    сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын қүрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.

    11.Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.

    12.Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    13.Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    14.Қолыңызды жуып ,кептіріңіз.
    Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жүғуы мүмкін.

    ҚҰЛАҚТЫ КҮТУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.

    Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз.

    3. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.

    4. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз.

    5. Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).

    6. Алдын-ала су моншасында (1-36-37°С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.

    7. Оң қолыңызга мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; қүлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.

    8. Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.

    9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөліністер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.

    10.Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

    11 .Қолғаптарды шешіңіз.

    12.Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    написать администратору сайта