Главная страница
Навигация по странице:

  • ДЕМ АЛУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН ЕСЕПТЕУ Мақсаты

  • СУ БАЛАНСЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ Мақсаты

  • ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • Ескерту

  • Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • ГАСТРОСТОМАНЫ КҮТУ Мақсаты

  • НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Мақсаты

  • Іс-әрекет алгор т мі

  • ҚАРАПАЙЫМ ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР. СҮЛІКПЕН

  • Стандарт. стандарты по СД (копия). олдану крсетілімдері


    Скачать 198.37 Kb.
    Названиеолдану крсетілімдері
    АнкорСтандарт
    Дата25.06.2022
    Размер198.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластандарты по СД (копия).docx
    ТипДокументы
    #614572
    страница6 из 19
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

    Ескерту:

    Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

    Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін жэне алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

    - қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

    - артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;

    - артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.
    ДЕМ АЛУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН ЕСЕПТЕУ

    Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету жэне

    алынған нәтижені бағалау.

    Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды

    жағдайын бағалау.

    Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді

    қалапсапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолга тазарту жүргізіңіз.

    3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.

    4. Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қэржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.

    5. Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

    6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

    7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін жэне ритмін бағалаңыз.

    8. Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.

    9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    10.Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.
    Ескерту:

    - дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

    - 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны - дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);

    - дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды қүрастырады;

    - тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;

    - дене температурасы 1°С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;

    - Брадипноэ - 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

    - Тахипноэ - 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.

    СУ БАЛАНСЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ

    Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғал
    ыс күшін

    және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

    Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған

    шыны ыдысты жэне көлемі 0,5 л, 3 л зэрді жинауға арналған ыдысты, су

    балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Су ішуге және зэрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.

    2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тэулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зэрді жинауы қажет жэне бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

    3. Әдеттегі су-тамақ жэне қозғалыс тэртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

    4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

    5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.

    6. Келесі зәрдің үлесін тэулік бойы 3 л болшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

    7. Өлшемді ыдыстағы зэрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тэуліктік диурез болады.

    8. Бөлінген сүйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.

    Бөлінген сүйықтық

    Болінген зәрдің уақыты

    Бөлінген зэрдің мөлшері мл (диурез)













    Барлығы:




    9. Ішілген жэне организмге енгізілген сүйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.

    Енгізілген сүйықтық

    Сүйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты

    Ішілген және енгізілген сүйықтықтың мөлшері













    Барлығы:






    ІО.Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

    Ішілген сұйықтық мөлшері мен тэуліктік зэр мөлшері арасындағы

    айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.

    Мейірбикенің міндеттері:

    - Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

    - Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

    - Қанша мөлшерде сүйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

    - Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлык пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

    - Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.

    - Бөлінген сүйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зэр емес науқастың құсығы, үлкен дэреті кіреді.

    - Бір тэулікте енгізілген сүйықтықпен шығарылған зэр мөлшерін мейірбике есептейді.

    - Шығарылған сүйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сүйықтық мөлшері).

    шығарылған зэр мөлшері • 100

    шығарылуы % =

    енгізілген сүйықтық мөлшері

    - Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тэулікте шығарылған зэрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%>) = қалыпта бөлінетін зэр мөлшері болады.

    - Шығарылған сүйықтык мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтык мөлшерімен салыстырылады.

    - Е \герде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

    - Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есеггтелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

    - Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.

    Нәтижесінің бағасы:

    80%) - 5-10%) қалыптагы шығарылуы (-10-15% - жылдың ыстық уақытында;

    +10-15%) - салқын уақытта).

    - Оң су балансы (>90%>) емнің нәтижелі екенің жэне ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

    - Кері су балансы (<70%>) ісіктің кобейуін немесе диуретикалық дэрілер мөлшерінің эсерлісіз екенін көрсетеді.

    ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

    Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

    Қолдану көрсетілімдері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.

    Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, поильникті, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын үнататынын науқастан сүраңыз.

    2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз

    4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабьщыз.

    5. Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

    6. Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).

    7. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.

    8. Науқасты қасықпен аз порңияда немесе поильникпен кішкентай жүтыммен тамақтандырыңыз.

    9. Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

    10.Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін жэне иегін сүртіп, сосын

    сүлгінің қүрғақ шетімен сүртіңіз. П.Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз.

    Тосек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз. 12.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.
    Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.

    ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ МҮРЫН-АСҚАЗАН СҮНГІСІ АРҚЫЛЫ

    ТАМАҚТАНДЫРУ

    Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

    Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы жэне ісіктер, жүтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операңиядан кейінгі кезең.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылган, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл қүйғыны немесе Жане шприңін, салфеткаларды, фураңилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сүйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа жэне туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

    3. Енгізетін сүнгінің үзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

    4. Фураңилин ертіндісін лотокқа қүйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

    5. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бүрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

    6. Қолғапты киіңіз, мүрын жолдарын қараңыз.

    7. Төменгі мүрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мүрын-жүтқыншақтан анықтаңыз жэне жүтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жүтынуын сүраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

    8. 30-40 мл ауаны жане шприңіне сорып алып жэне оны сүнгіге жалғастырыңыз.

    9. Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз. Ю.Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз

    (дыбысты естіңіз).

    П.Сүнгіге қысқышты салып, шприңті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

    12.Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз жэне оны науқастын бетінің айналасына жэне басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мүрынның қырына). Жане шприңіне даярланған жылы сүйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

    13.Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

    14.Құйғыны немесе Жане шприңін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты қүйыңыз, ақырындап қүйғыны көтеріңіз, тек қана қүйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

    15.Асқазан деңгейіне дейін күйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

    16.Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

    17.Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, қүйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанганга дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

    18.Қолгапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кегітіріңіз.


    Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай

    қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:

    - 1-38-40° су моншасында тамақты жылытады;

    - егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

    - егерде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бүрылган, жатқан қалыпта болады;

    - сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бүл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.


    Гастростома - асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

    Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

    Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке үқсас тесік - еюностома салынады.

    Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына - тігіспен немесе үзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

    Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

    Таңуды жасаған уақытта қадағала^ қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден оң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт откен соң үлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

    Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан жэне ішек ішіндегі заттар өтеді.

    Тану проңесінде түтіктін қалпын үқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында үстап түруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

    ГАСТРОСТОМАНЫ КҮТУ

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейнгі жағдай.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекег алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Үзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз жэне науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

    4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, қүрғақ шарикпен мүқият кептіріңіз.

    5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындагы теріге жагыңыз.

    6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жагы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

    7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

    8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

    9. Пайдаланған қүралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    10.Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    П.Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне жэне асқазанга баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе қүйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді қүйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.

    НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

    Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

    Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінін өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жак-бет операциясы жэне жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ жэне өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылган: шыны құйгыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сүйық тамақпен 35-45°С дейін жылытылган, қысқышты, жабысқыш пластырьді.

    Іс-әрекет алгортмі

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасты алда болатын тамақтандыруга дайындаңыз.

    3. 35-45°С дейін жылытылган жартылай сүйық тамақты даярлаңыз.

    4. Науқасқа жогаргы Фаулер қалпын беріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолгапты киіңіз.

    6. Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы жэне қысқышты алыңыз.

    7. Резеңке түтікке шыны қүйгыны жалгастырыңыз.

    8. Қүйгыны сэл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жогары көтеріңіз.

    9. Даярланган тамақты аз порңиямен асқазанга қүйгы арқылы енгізіңіз.

    10.Шайді ішкізіп болган соң қүйгыны жэне резеңке түтікті жуыңыз.

    11.Қүйгыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    12.Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылган сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

    13.Гастростомага күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

    14.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ҚАРАПАЙЫМ ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР. СҮЛІКПЕН
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    написать администратору сайта