Главная страница
Навигация по странице:

  • Автор жайлы мағлұмат.

  • Келі

  • Мінездеу

  • .«Өнер» тобы

  • оо. Ашық сабақ Оралхан Бөкей Апамның астауы. Оралхан бкей Апамны астауы (зінді)


    Скачать 28.35 Kb.
    НазваниеОралхан бкей Апамны астауы (зінді)
    Дата22.01.2022
    Размер28.35 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшық сабақ Оралхан Бөкей Апамның астауы.docx
    ТипДокументы
    #338597










    Тақырыбы

    Оралхан бөкей «Апамның астауы» (үзінді)

    Сілтеме

    Күнтізбелік жоспар, оқулық

    Жалпы мақсат

    Т4. Әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау.

    Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

    Түйінді идея

    Менің балалық шағым.

    Оқыту нәтижесі

    Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты мәтінін оқиды, түсінеді, негізгі ойын анықтайды.

    Әдіс-тәсілдер

    Жекелей, жұптық, топтық

    Ой қозғау

    Ресурстар

    Оқулық, тақта, дәптер, интерактивті тақта, суреттер

    Сабақтың барысы

    Мұғалімнің іс- әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Ұйымдастыру кезеңі

    Ынтымақтастық атмосфера орнату.

    «Оқу», «Өнер», «Жазу»

    Топқа бөлу

    «Жылулық шеңбері»
    Топқа бөлінеді.

    Үй тапсырмасын тексеру


    Мәтіннің мазмұнын сұрау

    «Жеребе тастау»

    «Ауадағы сауал» стратегиясы

    (ұшақ ұшыру) бекіту сұрақтары

    - Мәтін жалпы не туралы? Негізгі идеясы

    - Ағайынды балалар қандай ерлік жасады?

    - Жапар неге мазасызданып,ашуланып жүр?

    – Егерде Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар еді деп ойлайсыңдар?

    Мазмұнын айтады
    Сұрақтарға толық жауап береді.

    Ойларын ортаға салып, түйіндейді.
    Үй тапсырмасын қорытындылайды.


    Жаңа сабақ.

    Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы»

    Слайдпен жұмыс


    Мәтінмен жұмыс

    Сергіту сәті

    (Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)
    Сабақты бекіту

    Қорыту

    Үйге тапсырма

    Суретпен жұмыс: тақырыпты ашу

    Автор жайлы мағлұмат.

    Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.

    Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

    Шығармалары:

    «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Өз отыңды өшірме», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Құлыным менің», «Апамның астауы», «Бәрі де майдан», «Жетім бота», т.б. Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы,

    Мәтінді оқыту
    «Джиксо» стратегиясы

    Мәтінді кезектесіп оқыту.

    Сөздік жұмыс. (Слайд арқылы көрсетіп түсіндіру)

    Келі – тары, бидай, т. б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал.

    Астау – ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс.

    Мәтінді мазмұндату
    Сергіту сәті
    Дәптермен жұмыс.

    «Т кестесі»стратегиясы

    Әңгімешінің Апасына берген мінездемесіне сүйеніп, Қандай? Сұрағына жауаптар жаз.

    1. Қандай?

    Арық ашаң кемпір

    Тарамысты мықты саусақтар

    Тыртықтанған әдемі ажар

    Қара бұйра шаш
    Мінездеу деген сөзге түсінік беру.

    Топтарға сұрақтар беру.

    Постер жасау.

    1.«Оқу» тобы:

    Автордың балалық шағы

    2.«Жазу» тобы:

    Апамның бейнесі.

    3.«Өнер» тобы

    Апамның тәрбиесі.

    Мәтінді түсініп оқу.

    Өз аналарыңа немесе апаларыңа мінездеме жазу.



    Автордың өмірі жайлы түсіндіре


    Шығармаларымен таныстырады.


    Мәтінді оқиды

    Бір-біріне түсіндіреді.

    Әдемі, көркем етіп жазады.

    Мәтіннің мазмұнын айтады

    Сергіту сәтін жасайды.

    Әдемі, көркем етіп жазады.





    Бағалау




    «Екі жұлдыз, бір тілек»

    Рефлекция.


    Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй - әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына айналатын. Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма - жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді. Тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек-дамбалын біздің үйге келіп кептіретін. Сонда Апам менің ғана емес, мұқым ауыл балаларының абзал    анасы сықылданатын.

       Он бес жасыма дейін Апамның қойнына жаттым; он бес жасыма дейін әкенің, шешенің кім екенін білмей, сол айналайын Апамның тәрбиесінде өстім; он бес жасыма дейін Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ер жеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. Мен ол кезде Апамның өмір тарихын, тіпті кім екенін білмей, алаңсыз шуақты күндерге марқайып маңар едім. Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш қана... менің көз алдымда: қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанын ағызып тұрған; немесе тері илеп, көн тігіп отырған; жүн түтіп, арқан ескен, жіп иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам; ... ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел қолынан келетін Апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая  көтерер      Апам.
       


    написать администратору сайта