Мембрана. Орындаан Айдархан. М. Р 106б тобы абылдаан
Скачать 1.08 Mb.
|
« Қазақстан−Ресей медициналық университеті» «Жалпы медицина»факультеті Орындаған:Айдархан.М.Р №106б тобы Қабылдаған:Ботакөз Рахатқызы Тақырып: Жасуша мембранасының биофизикасы Жоспары: Жасуша мембранасы Жасуша мембранасының биофизикасы Жасуша мембранасы- жасушада үлкен рөл ойнайтын органелла. Олар жасушаны сыртқы факторлардан қорғап, сыртқы орта мен жасуша арасында зат алмасады, яғни жасушаға қоректің кіріп, қажеті жоқ заттарды шығару. Кейбір химиялық реакциялар, мысалы хлоропласттағы фотосинтез процессі, жасуша мембранасының атсалысуымен жүреді. Мембрананың өткізгіштігі бойынша жүргізілген алғашқы жұмыстар спирт, эфир, хлороформ секілді органикалық еріткіштердің суға қарағанда мембранадан тез өтетінін көрсетті. Соның арқасында мембранада полярлы емес заттың бар екенін анықтады, яғни липидтер. Келесі зерттеулерде мембрананың ақуыздар мен липидтерден тұратыны белгілі болды. Мембранада липидтер фосфолипидтер ретінде кездеседі. Өткен ғасырдың соңынан бастап, жасуша мембранасының басқа мембраналар секілді, су мен кейбір кіші молекулаларды(мысалы: газ) өткізетін жартылай өткізгіштік қасиетінің жоқ екені белгілі болды. Жасуша мембраналары таңдалынып алынатын өткізгіштік қасиетке ие екені дәлелденді. Базальдық мембрана (базальная мембрана); (membrana basalis, лат. membrana — жарғақ, basalis — негіздік) - эпителий ұлпасының эпителиоциттері мен олардың астындағы борпылдақ дәнекер ұлпасы шекарасында орналасқан құрылым. Жасуша жарғағы (клеточная мембрана); (гр. cytolemma, plasmolemma kytos — жасуша; lemma — қабықша, жарғақ) — жасушаның тірі заты — протоплазманы сыртынан қаптап, оны сыртқы ортадан бөліп және онымен байланыстырып тұратын жарғақ. Плазмалық жарғақ (плазматическая мембрана) — жасуша қабықшасы — плазмолемманың негізін құрайтын билипидті-протеинді құралым, қалындығы 6-10 нм. Екі қабатты липидті жарғақ құрамына фосфолипидтер, сфингомиелиндер, холестерин кіреді. Торша мембранасы — торша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа торша қабығынан бөлетін мембрана. Торша мен сыртқы ортаның арасында зат алмасуына, торшаның қозғалуына, бір-бірімен байлануына қатынасады. Мал торшаларының торша мембранасы сыртқы бетінде гликопротеидті рецепторлар орналасқан. Торша мембранасы торшаның вируспен қарым-қатынасында үлкен орын алады. Мысалы, зақымдаушы вирус ең алдымен сол рецепторларға жабысады, содан соң торша мембранасы белгілі бір аймағын ыдыратады да торшаның ішіне кіреді. Торша мембранасы торша ішінде жаңадан пайда болған вирустардың сыртқа шығуына торшаның белгілі жерлерінің ыдырауы немесе пиноцитозда қатынасады. Торша мембранасында вирустардың өсіп-өнуінің ақырғы сатысындағы бүршіктену процесі жүреді. Ол көп вирустардың липид, гликолипид, гликопротеид қоры болады. Сыртқы ортадан жасушаға су, әр түрлі иондар және т.б.молекулалар плазмалемма арқылы өтеді немесе керісінше одан шығады. Фагоцитоз деп жасуша мембраналары арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өтуін айтады. Пиноцитоз кезінде жасушаға ірірек келген су тамшылары өтеді. Жасушалар бір-бірімен жасуша аралық байланыстар арқылы бірігеді. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1.Жалпы физика курсы, II том. Электр. Савельев И.В. «Наука» баспасы, физика-математика әдебиетінің бас редакторы, М., 1970 ж. 431 б. Б 241-257. 2.Ансельм А.И. Введение в теорию полупроводников. – М.: Наука, 1978. 3.Пикус Г.Е. Основы теории полупроводниковых приборов. – М.-Л.: |