Реферат таырыбы Гликопротеиндерді рылысы мен биологиялы функциялары. Орындаан Азатбекова О
Скачать 45 Kb.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан медицина Академиясы Биохимия және биология кафедрасы РЕФЕРАТ Тақырыбы: Гликопротеиндердің құрылысы мен биологиялық функциялары. Орындаған: Азатбекова О. Тобы: В-ЖМҚБ-03-17 Қабылдаған: Ордабекова. А. Шымкент 2018ж ЖОСПАР І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Ақуыз, нәруыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Ағзаның тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар ағзада әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, ағзадағы қызметін атқара алмайды.Ақуыз тірі ағзаның негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Фридрих Энгельстің пікір бойынша: «Тіршілік — ақуыз заттарының өмір сүру формасы». Ақуыз тек тірі азғалар құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейдефосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі азғалар жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды. Гликопротеиндердің құрылысы мен биологиялық функциялары Терінің туа біткен порфириясы жинақталған порфириндердің шығу тегі мен симптоматикасы бойынша ерекшеленеді. Протопорфирия (терінің кеш порфириясы) – жыныстық даму кезеңінде көрінеді және тұқым қуалайды. Бұл порфирия протопорфирин мен копропорфириннің артық мөлшерде түзілуімен сипатталады. Бауыр порфириндерді сақтап, өтпен шығаруға қабелітті болған кезде науқас өзін сау адамдай сезінеді, тек нәжістің жете зерттелуі ғана ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Ауру өршігін кезде терінің жарыққа өте сезімталдығы, беттің қызару, ісінуі, қолдың ауруы, іштің ауруы көрініс береді. Бауырдың қызметі жақсарған кезде бұл симптомдар жоғалады. Аралас порфирия кезінде өткір интермиттелген және тері порфирияларының симптомдары да көрініс береді. Жүре пайда болған порфириялар бауыр циррозымен және созылмалы алкоголизммен ауыратын ауруларда дамиды. Олигосахаридтер – моно және полисахаридтердің арасындағы аралық топты құрайды. Әдетте оларға 10 моносахаридті қалдықтары бар биополимерлер жатады. Олигосахаридтердің гликозидтік байланысының түзілуіне бір моносахаридті қалдықтың жартылай ацетальды гидроксилі және екінші моносахаридті қалдықтың кез – келген гидроксилы, соның ішінде жартылай ацетальды гидроксилі қатысады. Егер олигосахаридтың соңғы моносахаридті қалдықтарының біреуінде жартылай ацетальды гидроксилбар болса, оңдай олигосахарид тотықсыздандырушы деп аталады. Егер гликозидті балйаныс басқа моносахаридтың жартылай ацетальды гидроксилімен түзілсе, мысалысахарозадағы, онда олисахарид тотықсыздандырушы емес деп аталады. Полисахаридтер (гликандар) дегенміз моносахаридтердің конденсациясы кезінде түзілетін жоғары молекулярлы қосылыстар болып табылады. Гомополисахаридтердің құрамына бір моносахаридті қалдық, ал гетерополисахаридтерің құрамына – бірнеше түрлі моносахаридті қалдықтар кіреді. Полисахаридтердің құрамында көбінесе Д – глюкоза болады, бірақ сонымен қатар құрамында Д – манноза, Д – фруктоза, Д – глюкозамин болатын полисахаридтер де кең тараған. Құрамында көмірсу бар аралас биополимерлерге гликопротеиндер, протеогликандар және пептидгликандар жатады. Гликопроетиндер дегеніміз – ковалентті қосылған олгосахаридтік тізбегі бар белок молекуласынан тұратын аралс биополимерлер. Гликопроетиндердегі олигосахаридты тізбектердің ұзындығы мен олардың саны әртүрлі болады. Белок молекуласында бір (адамның 2 интерлейкині), екі (адамның интерфероны) немесе бірнеше жүз (иек асты бездерінің муцияны) көмірсулық тізбектер бар. Атап айтқанда гликопротеиндерден өзгешелігі, протеогликандар молекуласында олигосахаридтық емес, керісінше О және N – гликозидтік байланыстармен қосылған полисахаридтік тізбектері бар. Әсіресе дәнекер тканінің протеогликандарының гетерополисахаридтері, гепариндер, хондроитинсульфаттар, кератансульфат, гиалурон қышықыл жақсы зерттелген. Бұл қосылыстар көбінесе дәнекер тканінің клеткааралық кеңістігінде кездеседі, алайда оларды клетканың ішінде де байқауға болады. Мысалы, гепарин жуан (тучные) клеткалардың гранулаларында орналасқан, ол клеткалар гепаринды клеткааралық ортаға бөліп шығарады. Құрамында гепарины бар протеогликандар липопротеиндлипазаның белсендірілуіне қатысады және қан ұю процесіне қатысатын протеиназаларға 3 антитромбинінің ингибиторлық әсерін күшейтеді. Темірдің тасымалдануын трансферрин белогы қамтамасыз етеді. Бұл белокты темір 3 валентті түрде болады және гидрокарбонат анионымен бірге қосылады. Қан ағынымен трансферрин темірді жинақтау және гем синтезі үшін пайдалану орнына жеткізеді. Темірді жинақтау ферритин белогының көмегімен іске асырылады, ол көп мөлшерде бауырда,. Көк бауырда болады. Ферритин – ерекше белок. Онда темірдің мөлшері 17-23% олар белок молекуласының ортасында темірдің гидратталған гидроокисінің тығыз массасы түрінде орналасқан (Ғе++). Ферритиннинің молекуласында кристалдық торда орналасқан темірдің 2000 атомдары бар Қорытынды Ақуыздар — құрамында көп мөлшерде амин қышқылдары бap, өте күрделі жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Ақуыздың молекулалық салмағы өте жоғары: альбуминнің молекулалық салмағы 17 400, ал гемоглобиннің молекулалык салмағы 68 000. Кей ақуызардың молекулалық салмағы 15 000 000-ға жетеді. Организмдердегі зат алмасу, көбею, организмнің өсуі, тітіркендігіштігі бұлшық еттің жиырылуы, бездердің жұмысы белоктармен тығыз байланысты. Ақуыз жоқ жерде тіршілікте жоқ. Ақуыздар организмде мынадай қызметтерді атқарады: Ақуыздар клеткалар мен жасушадан құрылған пластикалық материал. БҰЛ жағынан белокгардың орнын майлар да, көмірсулар да баса алмайды. Пайдаланылған әдебиеттер
|