Главная страница
Навигация по странице:

  • Глоссарий CASE

  • Глоссарий

  • Кроссплатформалы программалық жабдықтар

  • Программалық жабдықтың ӛмірлік циклы

  • Программаның интерфейсі

  • Программалау технологиясы

  • Ақпараттандыру

  • 3d1bffa1-5630-11e4-bf6e-f6d299da70eeС++ УМК (1). Глоссарий case


    Скачать 1 Mb.
    НазваниеГлоссарий case
    Дата08.08.2020
    Размер1 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3d1bffa1-5630-11e4-bf6e-f6d299da70eeС++ УМК (1).docx
    ТипПрограмма
    #135342
    страница1 из 22
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

    МАЗМҰНЫ

    Глосарий

    Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus)

    Дәрістердің қысқаша мазмұны

    Тәжірибелік сабақтарды өткізуге қажет әдістемелік нұсқаулар

    ОӨЖ тақырыптары

    Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтары

    Глоссарий

    CASE (Computer- Aided Software/System Engineering– разработка программного обеспечения/программных систем с использованием компьютерной поддержки) – программалық жабдықтарды/ программалық жүйелерді компьютердің қолдауымен құру;

    COM (Component Object Model –компонентный модель объекта) - компоненттік объектілер моделі, бұл - бинарлық программалық компоненттерді (немесе программалық коды екілік форматта жазылған компоненттерді) біріктірудің объектіге бағдарланған технологиясы болып табылады. Бұл технологияның артықшылығы бинарлық деңгейдегі стандартты сақтай отырып кез-келген программалау тілінде, кез-келген ортада жасалған компоненттерді кез-келген программада пайдалана беруге болады

    RAD (Rapid Application Development- быстрая разработка приложений)- қосымшалар құруды жылдамдату;

    UML (Unified Modeling Language– унифицированный язык моделирования) - модельдеудің унифицацияланған тілі (немесе модельдеудің ортақ түрге келтірілген түрі).

    МСТ (мемлекеттік стандарт) – белгілі бір салаларға байланысты ережелерді тағайындайтын мемлекеттік деңгейде қабылданған арнайы құжат.

    Верификация - ақырғы ӛнімнің, яғни программалық жабдықтың, алдын-ала анықталған талаптарға сәйкес жасалғандығын тексере отырып, программалық жабдықтың дұрыстығын дәлелдеу. Программалық жабдықтарды верификациялауда «Хоардың аксиоматикалық семантика әдісі», «Флойдтың индуктивті тұжырымдамалар әдісі» және т.б. арнайы формальды әдістер қолданылады.

    Глоссарий – терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сӛздігі.

    Инкапсуляция- бір объектіге тән барлық қасиеттердің, әдістер мен әрекеттердің капсуланың қызметін атқаратын бір құрылымға немесе типке жинақталуы.

    Иерархия – бұл белгіл бір жүйедегі элементтердің бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын білдіреді. Мысалы тума класстардың, түпкі кластарға бағынышты болуын «кластар иерархиясы» немесе «объектілер иерархиясы» деп атайды.

    Класс(class)- инкапсуляция, қабылдаушылық және полиморфизм қағидаларына сәйкес анықталатын объектілерді программада сипаттау және қолдану үшін құрылатын жаңа құрылымдық тип. Кез-келген объект белгілі бір кластың ӛкілі, бір данасы немесе айнымалысы болып есептеледі.

    Кроссплатформалы программалық жабдықтар – екі немесе одан да кӛп түрліше аппараттық платформаларда немесе түрліше операциялық жүйелерде жұмыс жасай беретін программалық жабдықтар. Мысалы, операциялық жүйеге тәуелсіз, яғни Linux және Windows тобына жататын операциялық жүйелердің барлығында дерлік жұмыс жасай беретін C, С++, PureBasic және Free Pascal —кроссплатформалы программалау тілдері болып есептеледі.

    Қабылдаушылық- белгілі бір түп-объектіден тарайтын және оның барлық қасиеттерін, әдістері мен әрекеттерін қабылдап алып, сақтап қалатын кӛп тума-объектілерінің болуы. Тума-объектінің түп-объектіден берілген қасиеттерін, әдістері мен әрекеттерін ӛзгертуге болмайды, бірақ оны жаңа элементтермен толықтыруға болады және одан тарайтын жаңа тума-объектілер алуға болады. Мұның нәтижесінде объектілердің пайда болуын, қайсысы-қайдан тарайтынынын кӛрсететін, объектілер /немесе кластар/ иерархиясы пайда болады, оның ең түпкі немесе жоғарғы объектісі TObject класы болып табылады .

    Нотация – қандайда болмасын бір ұғымдар мен түсініктерді және олардың арасындағы байланыстарды кӛрсету үшін, арнайы келісім бойынша қабылданған шартты түрде алынған белгілеулердің жиынтығы. Мысалы, алгоритмдерді кӛрсетуде мәтіндік нотация (псевдокод) және графикалық нотация (блок- схемалар) қолданылатыны белгілі.

    Пакеттер(packages)- бұл визуалдық компоненттер мен басқа да объектілердің, функциялардың және т.б. кітапханаларын біріктіре отырып қамтитын, қосымшаға динамикалық түрде қосылатын DLL модульдің немесе кітапхананың арнайы бір түрі.

    Полиморфизм- түрлі объектілердің, нәтижелері әр түрлі болатын, бірақ атаулары бірдей әрекеттерді орындай алуы. Мысалы, Windows терезелерінде ең жиі қолданылатын объектілердің бірі, батырмаларды алатын болсақ, бір терезеде бірнеше батырма тұрады, олардың кез-келгеніне «шерткенде немесе сырт еткізгенде», олар түрліше қызметтерді орындайды

    Программалық жабдық (soft) – қандайда болмасын белгілі бір саланың есептерін шешуге арналған, программалау тілдерінің бірінде жүзеге асырылған компьютерлік программалардың жиынтығы. Программалық жабдықтар қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі бӛлігі, құраушысы болып табылады.

    Программалық жабдықтың ӛмірлік циклы- оны құру туралы идеяның пайда болған уақытынан бастап, оны жасаған фирманың программалық жабдықты әрі қарай қолдап жетілдіруді тоқтатқанға дейінгі уақыты.

    Программаның интерфейсі - қолданушы мен программалық жабдықтың арасындағы қатынас, байланыс. Мысалы, Windows операциялық жүйесінің интерфейсі- қолданушыға ӛте ыңғайлы графикалық интерфейс (Graphical User Interface, GUI), кейде оны «визуальды интерфейс» деп те атайды.

    Программалау технологиясы - программалық жабдықтарды жасау процесінде қолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы.

    Техникалық тапсырма- программалық жабдықты құру мақсаттары, оған қойылатын талаптар, жасау уақыты мен кезеңдері, тапсырыс берушіге ӛткізу мерзімі және т.б. кӛптеген мәліметтер қамтылған, программалық жабдық туралы толық мәлімет беретін құжат. Техникалық тапсырманы жасауға тапсырыс беруші де және оны орындаушы да қатысуы керек.

    ЭЕМ (электронды есептеуіш машина) – қазіргі дербес компьютерлердің бұрынғы атауы.

    ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

    1 Дәріс

    Тақырыбы: Ақпараттандыру мен объектілік-бағытталған программмалау

    Дәріс жоспары:

        1. Ақпараттандыру және программмалық инженерия.

        2. Объектілік-бағытталған программалаудың концептуалды орны.

        3. С++ тілі жайлы Бъярн Страуструп.

        4. Visual Studio өңдеу ортасындағы қосымша архитектура



      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


    написать администратору сайта