Дәріс жоспары: Объектілік- бағытталған программалау әдістемелігі және концепциялары Кластар. Конструкторлар және деструкторлар. Жай және күрделі мұрагерлік.
Дәрістің қысқаша мазмұны ОБП әдістемелігінде клас түсінігі бір типті объектілер тобы ретінде анықталады. Сонымен қатар әрбір кластың өкілі объект болып табылады. Әрбір объект оның осы мүшесінің ағымды мағынасын анықтайтын өзінің ерекше жағдайлары бар.Кластардың функционалды белгісін я, оның мүшесінің функцияларымен берілетін әрекеттерінен анықтайды. Әр класта мәліметтерді сақтайтын арнайы жадтар бөлінеді және әрбір облыстың осы типтегі мәліметтерде мүмкін бола алатын операциялар қалыптастырады. Берілген кластың объектілерін құру конструктор деп аталатын арнайы функция – мүше арқылы жүреді, ал жою-деструктор деп аталатын басқа функция-мүше арқылы. Класс ішкі деректерді қол жетпес ете алады, яғни оларды ашылған, жабылған және қорғалған ретінде көрсетеді. Класс осы типтегі объекттердің басқа әлеммен қарым-қатынасы үшін нақты анықталған интерфейс құрады. Объектілік-бағытталған жобалауда шешілетін есеп алгоритмдік модель түрінде емес, сұраныстармен алмасатын әр түрлі кластардың объектілері түрінде көрсетіледі. Сұраныс алған объект оған сәйкес функция-мүше шақырумен жауап береді. Класс түсінігі ОБП әдістемелігінде сияқты С++ тілінде өзекті болып табылады, онда класс- кеңінен функциональды толтырылған синтаксистік құрылым: |