Главная страница
Навигация по странице:

  • Бактериоцидттік әсер- микробтардың өсіп- өнуін тоқтатып, оларды жою Бактериостатикалық әсер- микробтарды жоймай, тек әлсірету арқылы олардың өсіп- өнуін тоқтату.

  • клиника. Орындаан мейіргер ісі 343 студенті Елібай Жаннр Антибиотиктер жануар, сімдік шикізатынан жне синтетикалы жолмен алынатын химиотерапиялы заттар.


    Скачать 5.03 Mb.
    НазваниеОрындаан мейіргер ісі 343 студенті Елібай Жаннр Антибиотиктер жануар, сімдік шикізатынан жне синтетикалы жолмен алынатын химиотерапиялы заттар.
    Анкорклиника
    Дата31.10.2022
    Размер5.03 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файла10,10,22.pptx
    ТипДокументы
    #763976

    Антибиотиктер

    Орындаған:мейіргер ісі 343 студенті Елібай Жаннұр

    Антибиотиктер жануар, өсімдік шикізатынан және синтетикалық жолмен алынатын химиотерапиялық заттар. Антибиотиктер микробтарға әр түрлі әсер етеді.

    Бактериоцидттік әсер- микробтардың өсіп- өнуін тоқтатып, оларды жою
    Бактериостатикалық әсер- микробтарды жоймай, тек әлсірету арқылы олардың өсіп- өнуін тоқтату.


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    Цефалоспориндер

    Макролиттер

    Тетрациклиндер

    Левомицетиндер

    Аминоглюкозидтер

    Полимиксин тобы антибиотиктері

    Пенициллин тобы антибиотиктері

    Пенициллин тобы антибиотиктері


    Медицинада кең қолданылатын антибиотик бензилпенициллин. Оның калий, натрий,новокаин тұздары болады.
    Пенициллин тобы антибиотиктеріне сезімтал микробтар: стрептококк, стафилакокк, гонококк, менингококк,пневнококк, сптрохета.
              Бензилпенициллиннің натрий тұзы флаконда шығады б/е, к/т салынады. 6 сағат сайын егу қажет. Іріңді қабыну ауруларында, абцесс, флегмонада, терімен шырышты қабаттардың іріңдң жараларында сыртқа май түрінде қолданылады.
              Бензилпенициллинің калий тұзы қолданылуы натрийге ұқсас тек калийді к/т енгізуге болмайды. Себебі жүрек қызметін нашарлатады.
              Новокаин тұзы әсері 12-18 сағ. созылады, сол себепті күніне 1-2 рет тек б/е ке беріледі. к/т, жұлынға егуге болмайды.
              Бициллиндер 1,3,5 болып бөлінеді. Бициллин-1 флаконда шығады, айына 2 рет изотоникалық натрий хлор ертіндісімен ерітіп, б/е егеді.


    Бициллин-5 айына 1 рет б/е егіледі. Бициллиндерді ұзақ емдеуді қажет ететін ревматизм, мерез ауруларында тағайындалады.

    Бициллин-3 3күнде 1 рет салынады. 600000ЕД аптасына 1рет б/е егіледі.

    Жартылай синтетикалық пенициллиндерге оксациллин, ампициллин, карбенциллин
    Цефалоспориндер – жартылай синтетикалық антибиотиктер. Олар пенициллин тобы антибиотиктеріне тұрақты болған микробтарға бактериоцидтік әсер береді. Іріңді қабынуларды, стрептококк, стафилакокк, ішек таяқшаларымен шақырылған ауруларда тағайындалады. Препараттары:
    Цефалексин
    Цефалоридин
    Цефазолин
    Зиннат
    Зинацеф

    Макролиттерге эритромицин, олеандомицин жатады, әсері бензилпенициллинге жақын және бруцелла,хламидия, рикетсия әсер етеді. Құлақтың іріңді ауруларында, өт және жыныс мүшелерінің ауруларында тағайындайды. Бауыр қызметін нашарлатады. Препараттары:
    Эритромицин
    Олеандомицин
    Сумамед
    Рулид
    Зинерит

    Тетрациклиндер кең спектрлі антибиотик. Тетрациклиндерді бруцеллез,рикетсиоз, сіреспе, оба,туляремия, ішек таяқшаларымен шақырылған сүзек ауруларында, менингит, мерезде тағайындалады. Бауырға зиянды, сол себепті бауыры ауыратындарға бермейді. Левомицитин тобы антибиотиктері әсер ету спектрі кең дәрілер. Дизентерия,бруцеллез, көк жөтел, пневмония,гонорея, іріңді инфекцияларда, іш таяқшаларымен шақырылған ауруларда қолданылады. Жүкті, бала емізетін әйелдерге, қан аурулары бар сырқаттарға қолдануға болмайды. Препараттары:
    Левомицитин
    Синтомицин
    Левомиколь
    Левосин

    Аминоглткозидтер


    Стрептомицин
    Канамицин
    Неомицин
    Гентамицин


    Стрептомицин туберкулез ауруын емдеуде маңызы үлкен препарат. Оған Кох таяқшасынан басқа оба қоздырғышы, туляремия, бруцеллез қоздырғыштары, ішек таяқшалары сезімтал. Уыттылығы жоғары препарат. Парентеральды жолмен қолд. Әсері 8-12 сағ.қа созылады. Новокаинмен ертіп, б/е егеді.

    Неомицин сульфаты таблеткада, жағылма түрінде және көз жағылмасы түрінде қолд. Неомицинді микробтардың басқа антибиотиктерге тұрақтылығында, энтерит, энтероколитте, іш құрылысына операция алдында, ішке және терінің іріңді жараларында, конъективитте сыртқа тағайындалады. Олардың барлығы ототоксикалық және нефротоксикалық әсер етеді.

    Гентамицин сульфаты көкірің таяқшасына, сальмонелла, энтеробактерге қарсы әсер етеді. Пиелонефрит, цистит, сепсис,күйікте, хтрургиялық ауруларда, пневмония, менингит қолд.


    написать администратору сайта