Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып оқушыларының ата – анасын педагогикалық ағарту бағдарламасын даярлау.

  • Жаңашыл педагогтар тәжірбиесіндегі идеялар мен технологияларды ашып көрсету

  • Ұжымдық танымдық технологиясын пайдалану арқылы тәрбие сағатының жоспарын, үлгісін құру.

  • пед Орал.А 14. Орындаан Орал а топ хм901 абылдаан


    Скачать 18.46 Kb.
    НазваниеОрындаан Орал а топ хм901 абылдаан
    Дата10.05.2022
    Размер18.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапед Орал.А 14.docx
    ТипДокументы
    #521136

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    «СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

    Тақырыбы: «Оқушылардың түйінді құзыреттіліктері – оқытудың нәтижесі»

    Орындаған: Орал А

    Топ: ХМ-901

    Қабылдаған: Акпаров М.Л

    Семей 2022 ж.

    1. Сынып оқушыларының ата – анасын педагогикалық ағарту бағдарламасын даярлау.

    Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе, баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті.

    Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланған сияқты, ата-аналарға көмек ретінде ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес жұмыс формасын пайдаланған өте тиімді.

    Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.

    В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

    Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

    Ата – аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата – аналар комитеті мен ата – аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата – аналар жиналыстарында оқу – тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата – аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата – аналарды сынып ұжымының оқу – тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата – аналар комитетінің іс – жоспарларымен таныстырады.

    Мектеп өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

    1. Жаңашыл педагогтар тәжірбиесіндегі идеялар мен технологияларды ашып көрсету

    Жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибелерінде ортақ идеялары бар:

    1.Балаларға деген адамгершілік қарым- қатынас. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау.

    2.Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат- мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін тани білу.

    3.Оқушылармен қарым- қатынасты дұрыс құра білу. Олардың ынта-ықыласын еске алу және танымдық белсенділігін арттыру.

    4.Оқушыларға күрделі мақсаттар қоя білу жэне сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту.

    5.Оқушыларға мүмкін болған кезде тапсырмаларды еркін таңдау құқығын беру.

    6.Оқушыларға ұжымдық және даралық жұмыстар арқылы өзін- өзі тани білуге үйрету.

    7.Мұғалім мен оқушының оқу процесіндегі шығармашылық идеясының сақталуы.

    Осы бағыттарды ұстана отырып көптеген жаңашыл педагогтар зертеу жұмыстарын жүргізген.

    1. Ұжымдық танымдық технологиясын пайдалану арқылы тәрбие сағатының жоспарын, үлгісін құру.

    Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін  төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық  тәсілдер  арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі  әр оқушының  бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп  оқу үрдісін белсендіре түседі.

    Мектеп оқушысының оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал  мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады. Ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарым-қатынас жатыр. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).

    Айталық, сабаққа дейін әр оқушы бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне білген мәліметін түсіндіреді, партада А-В, С-Д отыруына байланысты, осыдан келіп, жұппен жұмыста әр оқушының мұғалім рөлінде де болуы шығады.
    Осындай жұмыстың нәтижесінде әр оқушы екі бірдей ақпаратпен қаруланады. Осындан кейін жұптар ауысады, мысалы А - С, В-Д, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді.

    Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл техналогияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады қалыптасады, оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді.


    написать администратору сайта