Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың барысы: уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті

  • 3 мин Мұғалім оқушылармен кері байланысқа шыға отырып, үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.Тапсырма

  • Мағынаны ашу 15 мин

  • Ой толғаныс 5 мин

  • «Бағдаршам

  • 3. 1%- i 8-ге тең болатын санды тап

  • ІІ нұсқа 1.Сөйлемді аяқта

  • Санның процентін табу. Орны 17 кабинет


    Скачать 76.5 Kb.
    НазваниеОрны 17 кабинет
    АнкорСанның процентін табу
    Дата23.11.2022
    Размер76.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1616761772.doc
    ТипДокументы
    #809015




    Сынып: 5 «А»

    Сабақ өтілетін күн:

    Орны: 17 кабинет

    Барлық оқушы саны: 28

    Қатысқан оқушы: 28

    Сілтеме:

    Оқу жоспары, оқулық Математика 5-сынып, күнтізбелік жоспар.

    Сабақ тақырыбы:

    Проценті бойынша санды табу

    Жалпы мақсаттар:

    Оқушылар проценті бойынша санды таба алады, проценті бойынша санды табу алгоритмін есеп шығаруда қолдана біледі, оқушылар бірін-бірі үйретеді, тапсырманы бірлесе орындайды.

    Түйінді идеялар:

    Проценті бойынша санды табу ережесі және алгоритмі, формуласы

    Әдісі-тәсілдері:

    Топпен, жекелей, тірек сызба, постер жасау, тест, «Бағдаршам», Эйлер-Венн диаграммасы

    көрнекіліктер

    интерактивті тақта, слайд, A3 қағазы мен маркерлер, бағалау парағы

    Дереккөздер:

    Оқулық, Т. А. Алдамұратова Математика, дидактикалық материалдар, үлестірме қағаздар

    Оқыту нәтижелері:

    Тақырып бойынша өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізеді, талдау жасай біледі. Проценті бойынша санды таба алады.

    Сабақтың барысы:

    уақыты

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Қызығушы-

    лығын ояту.

    3 мин

    Топқа бөлу: Оқушыларды жеміс-жидектер бойынша шағын бес топқа бөлу.

    Оқушылар шағын 5топқа бөлінеді:

    • алма

    • алмұрт

    • малина

    • өрік

    • шие

    3 мин

    Мұғалім оқушылармен кері байланысқа шыға отырып, үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.

    Тапсырма: дүкендегі көкөністің 560 кг сатылды. Бұл ондағы барлық көкөністің 70%-індей. Дүкенде көкөніс неше кг?


    328-беттегі тапсырманы оқушылар топпен талдай отырып, мұғалімнің келесі сұрағына жауап береді:

    1. Дүкендегі көкөністің 70%-і 560 кг болса, оның 1%-і неше кг?

    2. Дүкендегі барлық көкөніс 100% екені белгілі болса, онда дүкендегі барлық көкөніс неше кг?

    Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын айқындайды.


    Мағынаны ашу

    15 мин

    Проблемалық сұрақ: Проценті бойынша санды бұдан басқа да қандай тәсілмен шығаруға болады?

    Мұғалім топтарға тақырып бойынша мысалдарды қарастыра отырып, ережені талқылауды ұсынады.

    Сөз соңында мұғалім оқушылармен бірге талдау жасай отырып, тақырып бойынша түйінді идея айтады.

    Оқушылар топпен бірге тақырыпты, мысалды қарастыра отырып, талдайды, зерттейді. Постер немесе тірек сызба жасайды. Содан кейін әр топ өз өнімдерін қорғайды.

    Соңында топтар бірін-бірі бағалайды: әр топтың өніміне өздеріне таратылған жемістерді жапсыру арқылы.

    (топтық бағалау)




    6 мин

    Оқулықпен және тақтадағы жұмыс. Оқулықтағы № 1314 есепті әр топқа бөліп беру. Тапсырманың дұрыс немесе қате орындалуын мұғалім тексереді, бағалайды. (Оқулықпен және тақтамен жұмыс)

    Тапсырманы үш оқушы тақтада орындайды, қалғаны өз бетімен орындайды. Жауаптарын тақтадағы жауаптармен салыстыра отырып, әр оқушы өзін-өзі тексереді (өзін-өзі бағалау)




    6 мин

    Топпен жұмыс: №1315, №1317 есептерді ауызша талдап, есептеп шығару. Дарынды оқушыларға басқа есеп ұсынылады: дидактикадан алынған есеп.

    Әр топ берілген есептің шартымен танысып шығып, шығару жолын ұсынады. Ауызша есептейді.

    Ой толғаныс

    5 мин

    Венн диаграммасын толтыру: Проценті бойынша санды табу және берілген санның процентін табу алгоритмінің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.

    Әр топ жеке орындайды, жұппен, топпен талдап, соңында бүкіл сынып болып слайдтағы венн диаграммасы ауызша қорытындылайды.

    7 минут

    Тест шешу. Мұғалім әр оқушыға тест тапсырмасы жазылған парақты таратып береді. Оқушыларға бес минут уақыт беріледі. Тексеруге екі минут уақыт бөлінеді.

    Оқушылар тақырып бойынша үлестірме қағаздағы тесті шешеді. Тестің жауабы слайд арқылы көрсетіліп, нәтижесі жұппен алмасу арқылы тексеріліп, өзара бағаланады (жұптық бағалау).

    Рефлексия


    3 мин

    «Бағдаршам»: әр оқушы өзіне баға береді: тақырыпты қаншалықты түсінгендігін көрсетеді.

    І нұсқа

    1. Кез келген санның немесе шаманың жүзден бір бөлігін __________ деп аталады.

    А) бөлшек В) шама С) натурал сан Д) процент

    2. Проценті бойынша санды табу үшін:

    А) бірінші санды екінші санға бөліп, шыққан санды процентпен өрнектеу керек.

    В) процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп алып,берілген санды сол бөлшекке бөлу керек

    3. 1%-i 8-ге тең болатын санды тап:

    А) 80 В) 800 С) 0,8 Д) 0,08

    4. Есептеп табыңдар: 3%-і 12-ге тең;

    А) 400 Б) 240 С) 40 Д) 24

    5. Сөйлемді толықтыр: Берілген санның процентін табу үшін:

    1) _____________________________________;

    2) _____________________________________

    ІІ нұсқа

    1.Сөйлемді аяқта: Процентті бөлшекпен жазу үшін, _________ белгісінің алдындағы процент санын 100-ге көбету керек.

    А) бөлшек В) шама С) натурал сан Д) процент

    2. Берілген санның процентін табу үшін:

    А) процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп алып, берілген санды осы бөлшекке бөлу керек

    В) процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп алып, берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

    3. 1%- і 3-ке тең болатын сан?

    А) 0,3 B) 300 С) 0,03 Д) 30

    4. Есептеңдер: 10%-і 0,4-ке тең болатын сан:

    А) 4 Б) 40 С) 10 Д) 400

    5. Сөйлемді аяқта: Проценті бойынша санды табу үшін _________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Кілті:



    1

    2

    3

    4

    5

    І нұсқа

    Д

    В

    В

    А

    процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп алып,берілген санды осы бөлшекке көбейту керек

    ІІ нұсқа

    Д

    В

    В

    А

    процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп алып, берілген санды осы бөлшекке бөлу керек



    написать администратору сайта