нинтересное. Есеп 2020-21. оршаан ортамен танысу оу ызметінде балаларды алан білімдері
Скачать 18.24 Kb.
|
«Бәйшешек» тобына балалар оқу жылының қыркүйек айында қабылданды. Оқу жылының басында 24 бала болды, оқу жылының соңында 24 бала. Оның ішінде 12 ұл, 12 қыз бала болды. Тәрбие мен оқыту жұмыстарын топтағы балалардың өмірін қорғау мен салауатты өмір салты құндылықтарынан бастадым. Оқу қызметі жылдық жоспар бойынша өтіліп отырды. Жыл бойына жүргізілген оқу қызметінде балалардың алған білімдері: Қоршаған ортамен танысу оқу қызметінде балалардың алған білімдері: жыл мезгілдерін, ауа райын бақылай алды, еліміздегі мерекелерді, балабақша қызметкерлерінің жұмысын біледі. Үй және дала жануарлары, құстар,өсімдіктер,жәндіктерді қалай күту керектігін, оларды қорғауды, қамқорлық көрсетуді үйреніп игерді. Математика негіздері/құрастыру: оқу қызметінде балалардың алған білімдері: мүсіндеу құрал-жабдықтарымен материалын пайдаланып әр түрлі әдіс-тәсілдерді (домалақтау, ұзынынан созу, шымшу, қуыстау) игерді. Мүсіндеу кезеңдерін білді, қол қимылдары дамыды. Үй жануарларын, құстарды, ойыншықтарды, тағамдарды, ыдыстарды мүсіндеп саусақ бұлшық еттері дамыды. Жапсыру іс-әрекетін меңгерді, тазалыққа, ұқыптылыққа үйренді. Жапсыру кезінде жемістерді, өсімдіктерді, ойыншықтарды, киімдерді қиып жапсыра білді, шығармашылық қабілеттері дамыды. Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі. Геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек,сопақша ), сандарды 1-ден 10 ға дейінгі сандарды тура және кері санауды), өлшемдерді (ұзын-қысқа, алыс-жақын) кеңістік ұғымдарын (алдында-артында, оң-сол, астында-үстінде), тәулік бөліктерін (таңертең, күндіз, кешке, түн) меңгерді. Музыка оқу қызметінде балалардың алған білімдері: Балалар музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие, музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, темпінің негізгі қасиеттерін ажыратады. Әнді суырып салып айту қасиетіне ие. Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде балалардың алған білімдері: Балалар қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды. Сөйлеуде граматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін сақтайды, сөдік қорлары мол, антоним және сининим сөздерді қолдана алады. Суретке қарап әңгіме құрастыра алады, кітапқа деген қызығушылығы бар, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқи алады.Балалар қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі, сөйлеуде граматикалық ережелерді дұрыс сақтай алады, синоним мен антоним сөздерді шатастырады, суретке қарап әңгімелер құрастыруда тәрбиеші көмегін қажет етеді. Кітапқа деген қызығушылықтары мол, тыңдай біледі, сөздерді буынға бөле алады,балабақша, отбасы, мамандықтар, көкөністер мен жемістер, жануарлар, жиһаздар, техникалық үй заттары, ертегілер туралы білім алды. Тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын үйренді. Көркем әдебиет оқу қызметінде балалардың алған білімдері: Әлеуметтік дағдыларды орындауда қажетті жағдайда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектерін құрметтейді. Ересектермен және құрдастарымен бірге еңбек ете алады, ортақ мақсат қояды. Өзін- өзі ұстаудың адамгершілік нормаларын сақтайды. Жағымды іс жасағанда қуанады, адемгершілік нормалар бұзылғанда уайымдайды. Балалар қажетті жағдайда көмек сұрайды, бірақ достарының тілектерін толық орындамайды . Өзін- өзі ұстауда адамгершілік нормаларды қатаң ескертуден сон ғана орындайды. Дене шынықтыру оқу қызметінде балалардың алған білімдері: дене шынықтыру жетекшісімен өткізілді. Балалар гигиеналық шараларды өздігінен орындай алады, негізгі қимыл- қозғалысты орындау кезінде шығармашылық таныта алады, қимыл ойындарын ұйымдастыру дағдыларын біледі, қауіпсіздік қағидадарын саналы түрде орындайды және шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді. Балалардың әр түрлі жаттығулар мен қимылдар арқылы бойлары өсіп, денсаулықтары нығайып, шымырлана түсті. 2021-2022 оқу-жылында өткізілген іс-шаралар: 1. Қазан айында Алтын күз ертеңгілігі өтті. 2. Жаңа жыл мерекесінде «Төрлет жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өтті, тәрбиешілер тамаша кейіпкерлер болып киінді,балалар тақпақ, өлең айтып, билер биледі, мереке жақсы деңгейде өтті. Жыл соңында мақтау қағазымен марапатталды. 3. 8-наурызға қарсы «Аяуылы анашым» атты мерекелік іс-шара өтті. Балалар тақпақтарын жаттап, ертеңгілікте ойындар ойнап, ұлдар гүл шоғын жасап, қыздарға сыйлады. Мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. 4. 22-наурыз мерекесіне шағын іс-шара өтті. Балалар ұлттық киім киіп, тақпақ айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күйге бөленді. 5. «Ш» дыбысы мен әрпі тақырыбында ашық оқу қызметі өтті. 6. Қалалық «Жұлдызды жол» іс-шарасына Амангелді Гауһар қатысты. 6. 26 мамыр күні «Біз мектепке барамыз» атты қоштасу ертеңгілі өтті. Мереке жақсы өтті. Мектепке 22 бала кетті. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің №62 «Нұрсәуле» балабақшасы МКҚК Мектепалды даярлық «Бәйшешек» тобының 2021-2022 оқу жылы бойынша жылдық есебі Дайындаған және өткізген Тәрбиеші: Н.Е.Мукушева Нұр- Сұлтан, 2022 |