Главная страница

Открытый урок на тему _Ақылды аң_(4 класс). оршаан ортаны орау


Скачать 395.62 Kb.
Названиеоршаан ортаны орау
Дата23.02.2023
Размер395.62 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОткрытый урок на тему _Ақылды аң_(4 класс).docx
ТипДокументы
#952024


Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп: №19 ЖББОМ

Күні: 22.04.2022ж

Сынып: 4Д

Сабақтың тақырыбы

Ақылды аң

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру, кесте толтыру/кластер құрастыру.

4.2.4.1 Жазбаларды қолданып, тақырыпты болжайды

Сабақтың мақсаттары

Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөйлемді толықтырады және түйінді тұстарын анықтап, кесте толтырады, кластер құрастырып, болжайды.

Бағалау критерийлері

1.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

2.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырып жазады, оқиды.

3.Мәтін бойынша кластер құрайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Сұрақ құрастыруда:

Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сенің пікіріңізше ....

Құндылықтарды дарыту

  • Ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;

  • Қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын пайдалану

Бастапқы білім

Қасқыр туралы біледі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Жарайсыңдар балалар!
Тренинг Психологиялық ахуал: «Көтеріңкі көңіл күй» тренингі. Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Қанеки өзіміздің көңіл-күйімізді көтерейік.

Денсаулық тілеймін

Жақсылық тілеймін

Ашық аспан тiлеймiн

Бестiк тiлеймiн

Жақсы көңіл-күй тiлеймiн

Жақсы оқу тiлейiмiн

Жақсы бағалар тiлеймiн

Амандық тілеймін

Сәттілік тілеймін.
Топқа бөлу: оқушыларды түрлі түсті үшбұрыш, дөңгелек арқылы (жасыл, сары) І, ІІ топқа бөлінеді.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Қарлы кесегі» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.

1.Киік қандай жануар?

2.Киіктер неге ұқсайды?

3.Киіктер немен қоректенеді?

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)
ІІІ Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Қасқыр туралы видео көрсету



1.Қандай аң көрдіңдер?

2.Қасқыр қандай аң?

3.Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

4.Тағы қандай аңдарды білесіңдер?

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін айту.

1.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

2.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырып жазады, оқиды.

3.Мәтін бойынша кластер құрайды.

Сөздік жұмыс. Жаңа сөздер

Үйір – стая

Жорыққа – на охоту

Шығу – выходить

Қоректену – питаться

Із қалдыру – оставить след

Жалғыз – один

Қасқырдың сырттаны – вожак волков






Түрлі түсті үшбұрыш, дөңгелек

Қар кесегі
Видео

Суреттер Слайдтар

Слайдтар

Слайдтар


Сабақтың ортасы

25 минут


Тыңдалым. Оқылым. Айтылым.

Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді тыңда. ТЖ

Қасқырлар өте ақылды. Олар топтасып өмір сүреді, бірін-бірі қорғайды. Жорыққа шыққан кезде ең алдында кәрі, ауру қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар алға шықпайды. Осылайша кәрі қасқырлар топтан қалып қоймайды. Олардан кейін ең мықты қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар ортада болады. Ал қатардың соңында тағы бір топ күшті қасқырлар жүреді. Ең соңында топтың басшысы жалғыз болады. Ол топты бақылап жүреді. Қасқырлар Қасқыр – дала санитары, өткені олар, әлсіз, ауру аңдармен қоректенеді.

Дескриптор:

- Мәтінді түсінеді .

- Сұрақтарға жауап береді

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)
2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. ЖЖ

1. Мәтін не туралы?

а) Жыртқыш аң туралы

ә) өсімдік туралы

б) құс туралы

2. Қасқырды неліктен «дала санитары» деп атайды?

а) олардың тұмсығы иісті жақсы сезеді.

ә) олардың тырнақтары өткір болады.

б) олар ауру жануарлармен қоректенеді.

3. Қасқырлар немен қоректенеді?

а) жануарлармен

б) өсімдіктермен

в) құстармен

Дескриптор:

- тест сұрақтарына жауп береді.

3-тапсырма. Кестедегі сұрақтарға жауап бер. Жұптық жұмыс

Дескриптор:

- Кестедегі сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімнің мадақтамасы (Жақсы! Тамаша! Керемет!)

Сергіту сәті:

https://youtu.be/deHGOsnCwDA
Жазылым. Дәптермен жұмыс. ЖЖ

Сәуірдің жиырма екісі

Сынып жұмысы

«Ақылды аң»

4-тапсырма.

Сөйлемдерді толықтырып жазу.

Бос орындарға керекті сөздерді жазып, оқу.

Керекті сөздер: кәрі, ауру, мықты, күшті, қасқырдың сырттаны.

Дескриптор:

- берілген сөйлемдерді оқиды.

- бос орындарға керекті сөздерді қойып жазады, оқиды.

Жалпы 4 ұпай


Деңгейлік тапсырмалар ЖЖ

І-деңгей

Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Қасқыр, үйір, жалғыз

Дискриптор:

-сөздерге фонетикалық талдау жасайды

ІІ-деңгей

Мақалдың қарамен жазылған сөздердің дауысты дыбыс әріптерінің астын – бір, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын екі рет сыз.

Ұры түн асқанша,

Бөрі қыр асқанша.

Қой жеген қасқыр көңілді,

Қойшысы жаннан түңілді.

Дискриптор:

-дауысты, дауыссыз дыбыстарды сызады.

ІІІ-деңгей

Əр топтан артық сөзді тап.

1.Қауіпті, сұрақ, жабайы, жыртқыш.

2.Мұғалім, із қалдыру, жорыққа шығу.

3.Ауру, әлсіз, үйір, тамақтану.

Дискриптор:

- артық сөзді табады.

Жалпы 3 ұпай

5-тапсырма Сұраққа жауап беру. ТЖ

Қасқыр қандай аң?

қауіпті жабайы

жыртқыш ақылды

Дескриптор:

- сұраққа жауап береді

- кластер толтырады

- кластер қорғайды

Жалпы 3 ұпай







Слайдтар

Дәптермен жұмыс

Слайдтар

Слайдтар

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: 124 бет. Сөзжұмбақ

Рефлексия «Алма ағашы»

Оқушыларға алма түрінде стикер таратылады. Ағашқа жапсырады.

Жасыл алма – бәрін түсіндім

сары алма – сұрақтарым бар

қызыл алма – түк түсінбедім





«Алма ағашы»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Кері байланыс

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қасқыр қандай аң?

Қасқырдың түсі қандай?

Қасқыр қай жануарға ұқсайды?











написать администратору сайта