Главная страница
Навигация по странице:

  • Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Шаруашылық еңбек» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы

  • 2 - тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

  • 3 - тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

  • 4 - тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

  • 5 - тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

  • 6 - тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

  • 7 - тарау. 5-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер

  • 8 - тарау. 6- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер

  • 9 - тарау. 7- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер

  • 10 - тарау. 8- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер

  • 11 - тарау. 9- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер

  • ктп. 160 Шаруашылык енбек (1). Орташа аылой кемістігі бар білім алушылара арналан негізгі орта білім беру дегейіні 59 сыныптары шін Шаруашылы ебек


    Скачать 31.33 Kb.
    НазваниеОрташа аылой кемістігі бар білім алушылара арналан негізгі орта білім беру дегейіні 59 сыныптары шін Шаруашылы ебек
    Дата07.11.2022
    Размер31.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла160 Шаруашылык енбек (1).docx
    ТипДокументы
    #775296


    Қазақстан Республикасы
    Білім және ғылым министрінің
    2017 жылғы 27 шілдедегі

    № 352 бұйрығына 160 - қосымша


    Қазақстан Республикасы
    Білім және ғылым министрінің
    2013 жылғы 3 сәуірдегі

    № 115 бұйрығына 378-қосымша

    Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Шаруашылық еңбек»

    пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы

    1 - тарау. Түсінік хат
    1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
    23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

    2. Оқу пәнінің мақсаты – өмір сүруге қажетті күнделікті тұрмыстағы жағдайда білім алушыға тәуелсіз болуға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру.

    3. Оқу пәнінің міндеттері:

    1) қызметіне қарай тұрмыстық заттарды қолдануға үйрету;

    2) санитарлық-гигиеналық нормаларын, тұрмыста қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін сақтауды үйрету;

    3) жеке заттарын, жақын қоршаған ортадағы заттарға қарау дағдыларын қалыптастыру;

    4) тұрмыстық және жеке заттарға қарауға арналған арнайы жабдықтар және материалдарды пайдалану тәсілдерін үйрету;

    5) сабаққа деген қызығушылығын қолдау, басқа білім алушылармен және ересектермен қарым-қатынас орнату икемін қалыптастыру.

    4. Шаруашылық еңбекті оқыту тұрмыс жағдайларында білім алушылардың дербестігін дамытуға бағытталған, өмірлік-практикалық бағыты бар. Сонымен қатар дене бітімінің және психикалық даму кемшіліктерін еңсеру міндеттері шешіледі.

    5. Оқу жүктемесінің көлемі:

    1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

    2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

    3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

    4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;

    5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат.

    6. Бағдарлама «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәні аясында білім алушылардың алдыңғы дайындықтарын ескере отырып құрастырылған. Оның зерделенген дағдыларға қайта оралуға және оларды жетілдіруге мүмкіндік беретін концентрлік құрылымы бар.

    7. Оқу материалын сыныптарға бөлу үлгі ретінде қарастырылады. Бағдарлама нұсқаулық сипатта беріліп, орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды жеке бағдарлама бойынша оқытудың мазмұнын анықтау негізі болып табылады. Практикалық жұмыстардың мазмұны және көлемі медициналық нұсқауларды ескере отырып, әр білім алушыға жеке анықталады. Бағдарламада қалыптастыруға тиісті дағдыларды білім алушы өзінің шартсыз түрде дербес орындауы қарастырылмаған. Сынып білім алушыларының білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, мұғалім сабақ мазмұнына қандай да бір өзгерістер енгізуге құқылы.

    8. Бағдарламада келесі бөлімдер көрсетілген: «Үйге және тұрмыстық заттарға қарау», «Киімді және аяқ киімді күту», «Бақша өсімдіктеріне және үй өсімдіктеріне қарау», «Үй жануарларына қарау». Қажет болған жағдайда мұғалім бөлімдерді алмастырып немесе басқа бөлімдерді енгізе алады.

    9. Бір сабақта сынып білім алушылары әртүрлі күрделі тапсырмаларды орындайды. Кейбір білім алушылар тек ұжымдық жұмыстарға қатыса алады немесе мұғалімнің көмегімен ғана жұмыс жасайды. Барлық оқыту жылдарында білім алушылар сабақта ұсынылған әрекеттерді жеке дара ұсынуға және мұғалімнің әртүрлі көмегіне, соның ішінде бірлесе орындау, көрсету арқылы жұмыс жасау, сөздік нұсқау, бейінді технологиялық карталарды қолдану арқылы, пиктограмма, сурет, фото қолданып көрсету нұсқауларына мұқтаж.

    10. Пән аясында білім алушылармен жұмыс жүргізу барысында келесі курстармен пәнаралық байланыс орнатылады: «Адам және әлем», «Кәсіп», «Тәртіп мәдениеті», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау», «Психомоториканы және сенсорлық процесстерді дамыту». Аталған пәндер бойынша бағдарламалар мазмұнын бір сабақ аясында «Шаруашылық еңбек» пәнімен кіріктіруге болады.

    11. Шаруашылық еңбек сабағын өткізу үшін әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағын өткізетін кабинетті пайдалануға немесе арнайы кабинет жабдықтауға болады. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және шаруашылық еңбек сабақтарын бір тақырыпта кезегімен өткізуге болады. Оқыту процесінде дағдыларды қайталау және бекітуге арналған жаттығулар үлкен рөл атқарады. Үздіксіз қайталау қалыптастырылатын дағдылардың жағдайын және білім алушының дербестілік сатысын анықтауға жағдай тудырады.

    12. Білім алушылардың жетістіктерін бағалауда сипаттап бағалау қолданылады. Бағалауды білім алушымен жиі қатынасқа түсетін топ жүзеге асырады (мектептегі мамандар, ата-аналар).

    2 - тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
    13. Үйге және тұрмыстық заттарға күтім жасау (18 сағат):

    1) тұрмыс нысандарының түрлері (жеке үй, көппәтерлі үй);

    2) қаланың және ауылдың тұрғын үй ерекшеліктері;

    3) менің үйім (пәтерім). Бөлмелер атауы, олардың қажеттілігі;

    4) тұрғын үйді құрғақ тазалау: еден сыпыру, шаң сүрту. Оны өткізу тәртібі, қажетті құралдар (сыпыртқы, еденге арналған щётка, жиһаздан, электр жабдықтардан (телевизор, компьютер, музыкалық орталық) шаң сүртуге арналған шүберектер;

    5) кір киімді жууға дайындау: (кір киімді себетке салу, жастықтың тыстарын, төсеніштерді, көрпенің сыртын шешу);

    6) қоқыс шығару. Қоқыс шығарушы құбырды пайдалану;

    7) тоңазытқыш сөрелерінде азық-түлікті, дайын тамақтарды сақтау. Тамақ сақтауға контейнерлерді пайдалану;

    8) жемістерді кепсерде жуу;

    9) түскі ас үстелінде нан қоқымдарын сүрту, тарелкелерді тамақ қалдықтарынан тазарту, ыдысты жууға дайындау;

    10) шай ыдыстарын жуып сүлгімен сүрту;

    11) асхана құралдарын тазалау (қасық, шанышқы, пышақ).

    14. Киімді және аяқ киімді күту (18 сағат):

    1) сырт киімді күту: щёткамен тазалау, түйме тігу;

    2) былғары аяқ киімді күту: су аяқ киімді кептіру; суланған былғары аяқ киімді құрғақ шүберекпен сүрту;

    3) резинкадан жасалған аяқ киімдерді күту: жуу және сүрту;

    4) аяқ киімдерді мерзімді сақтауға қораптарға салу.

    15. Бақша өсімдіктерін және үй өсімдіктерін күту (16 сағат):

    1) бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүрту;

    2) бөлме өсімдіктерін суғару;

    3) бақша өсімдіктерін суғару. Суғаруға лейканы қолдану;

    4) бақта күзгі жапырақтарды жинау. Тырманы қолдану;

    5) қарды күрекпен тазарту.

    16. Үй жануарларын күту (16 сағат):

    1) мысықты және итті тамақтандыру;

    2) ыдыстарын жуу;

    3) итпен серуендеу;

    4) итті тарау;

    5) аквариум балықтарына тамақ беру («тірі бұрыштағы» басқа да жәндіктер);

    6) тордағы тотықұстарды тамақтандыру (басқа құстар).

    3 - тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
    17. Үйге және тұрмыстық заттарға күтім жасау (18 сағат):

    1) 5 сыныпта өткен материалды қайталау;

    2) жатын төсеніштерін ауыстыру;

    3) өзі жататын төсеніштерін ауыстыру;

    4) шкаф сөрелеріне өз заттарын орналастыру;

    5) өрмекші толарын алу;

    6) асхана ыдыстарын жуу, сүлгімен сүрту. Шкаф сөрелерінде ыдыстарды, асхана құралдарын сәйкес жәшікке орналастыру.

    18. Киім және аяқ киімге күтім жасау (18 сағат):

    1) 5-сыныпта өткен материалды қайталау,

    2) аяқ киім түрлері, оның қажеттілігі. Былғары аяқ киімді күту;

    3) түсі бойынша крем таңдау; былғары аяқ киімді крем қолданып щеткамен тазарту;

    4) мезгіл арасында киімдерді сақтауға дайындау;

    5) жуыну құралдары: шаруашылық сабыны, кір жуатын ұнтақ, сусабын. Оларды қолдану тәртібі;

    6) ұсақ заттарды қолмен жуу: бет орамалды, нәскилер.

    19. Бақша өсімдіктерін және үй өсімдіктеріне күтім жасау (16 сағат):

    1) 5-сыныпта өткен тақырыптарды қайталау;

    2) бөлме және бақша өсімдіктерін дәнмен және бас пияздан өсіру;

    3) гүлдерді қосымша дәрумендеу;

    4) бақ гүлдерін суғару және отау;

    5) ауланы сыпырғышпен және аула сыпыруға арналаған сыпырғышпен сыпыру;

    6) бақтағы түскен жапырақтарды тырманың көмегімен жинау. Түскен жапырақтарды себетке, қорапқа, үлкен қапқа жинау;

    7) қарды күрекпен жинау.

    20. Үй жануарларын күту (16 сағат):

    1) арнайы дүкендерде итке және мысыққа арналған тағамдарды сатып алу;

    2) мысықты және итті тамақтандыру;

    3) ыдыстарын жуу;

    4) итпен серуендеу;

    5) итті тарау;

    6) аквариум балықтарына тамақ беру («тірі бұрыштағы» басқа да жәндіктер);

    7) тордағы тотықұстарды тамақтандыру (басқа құстар).

    4 - тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
    21. Тұрғын үй және тұрмыстық заттарға күтім жасау (18 сағат):

    1) 5 және 6 сыныптарда өткен материалды қайталау;

    2) еден жуу, тазалық, ерекшеліктері (қолымен, швабраның көмегімен);

    3) айнаны жуу. Жуу құралдарын қолдану;

    4) тазалау түрлері. Қажетті құралдар және оларды сақтау (сыпыртқы, еден жуатын шүберек, швабра, шелек, шаң сүртуге және әйнекке арналған шүберектер, шаң және өрмекші торларын тазалауға арналған шүберектер, жууға арналған құрамдар);

    5) жатын бөлме, оның қолданысы. Жатын бөлмедегі жиһаз, оны орналастыру ерекшелігі. Жатын бөлменің тазалығы және оны сақтау тәртібі;

    6) жатын төсеніштерін күту (кептіру, желдету, көрпелерді, жастықтарды, матрастарды қағу);

    7) ыдыстарды қарау. Кәстрөлдерді, манты пісіруге арналған қазан, қазанды жуу. Кәстрөлді сақтау.

    22. Киім және аяқ киімдерді күту (18 сағат):

    1) 5 және 6 сыныптарда өткенді қайталау;

    2) іш киімді қолмен жуу (ақ және түрлі-түсті): шолақ дамбалдар, майкалар, футболкалар;

    3) үтік. Онымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техника ережелері. Іш киімді үтіктеу;

    4) бас киімдердің күтімі. Шкафта бас киімдерді сақтау тәртібі;

    5) киімдерді ұсақ-түйек жөндеу: түрлі түймелерді қадау;

    6) үй жағдайында трикотаж мата бұйымдарын жуу және кептіру.

    23. Бақша өсімдіктерін және үй өсімдіктеріне күтім жасау (16 сағат):

    1) 5-сыныпта өткен материалдарды қайталау;

    2) бөлме және бақша өсімдіктерін дәннен және пияздың басынан өсіру;

    3) гүлдерді қосымша дәрумендеу;

    4) бақ гүлдерін суғару және отау;

    5) ауланы сыпырғышпен және аула сыпыруға арналаған сыпырғышпен сыпыру;

    6) бақтағы түскен жапырақтарды тырманың көмегімен жинау. Түскен жапырақтарды себетке, қорапқа, үлкен қапқа жинау;

    7) қарды күрекпен жинау.

    24. Үй жануарларын күту (16 сағат):

    1) арнайы дүкендерден итке және мысыққа арналған тағамдарды сатып алу;

    2) мысықты және итті тамақтандыру;

    3) ыдыстарын жуу;

    4) итпен серуендеу;

    5) итті тарау;

    6) аквариум балықтарына тамақ беру («тірі бұрыштағы» басқа да жәндіктер);

    7) тордағы тотықұстарды тамақтандыру (басқа құстар).

    5 - тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

    25. Тұрғын үй және тұрмыстық заттарға күтім жасау (26 сағат):

    1) 5-7 сыныптарда өткен материалдарды қайталау;

    2) ас үй, оның қажеттілігі. Жиһаз, оның ас үйде орналасуы. Ас үйде тазалық сақтау тәртібі;

    3) ас үйді ылғалды тазарту: терезе алдын, газ плитасын, тоңазытқышты, шкафтар мен сөрелерді жуу;

    4) табаларды тазарту;

    5) арнайы жуу және тазарту құралдарын пайдалану. Тұрмыстық химия заттарын қауіпсіз пайдалану.

    26. Киім және аяқ киімді күту (26 сағат):

    1) 5 -7 сыныптарда өткенді қайталау;

    2) киімді ұсақ жөндеу жұмыстары. Киімнің жыртылған жерін тігу (адым жолымен, қолтықтың астында) «инемен кері» тігісімен;

    3) жүннен жасалған бұйымдарды үйде жуу;

    4) блузкалар және ерлер көйлектерін үтіктеу ерекшеліктері;

    5) қыры бар шалбарларды үтіктеу ерекшеліктері;

    6) қыстық аяқ киімдердің күтімі, мезгілдік сақтауға дайындау.

    27. Бақша өсімдіктеріне және үй өсімдіктеріне күтім жасау (25 сағат):

    1) 5-7 сыныптарда өткен материалдарды қайталау;

    2) бөлме және бақша өсімдіктерін дәннен және пияздың басынан өсіру;

    3) гүлдерді қосымша дәрумендеу;

    4) бақша гүлдерін суғару және отау;

    5) ауланы сыпырғышпен және аула сыпыруға арналаған сыпырғышпен сыпыру;

    6) бақтағы жерге түскен жапырақтарды тырмамен жинау. Түскен жапырақтарды себетке, қорапқа, үлкен қапқа жинау;

    7) қарды күрекпен жинау.

    28. Үй жануарларын күту (25 сағат):

    1) арнайы дүкендерде итке және мысыққа арналған тағамдарды сатып алу;

    2) мысықты және итті тамақтандыру;

    3) ыдыстарын жуу;

    4) итпен серуендеу;

    5) итті тарау;

    6) аквариум балықтарына тамақ беру («тірі бұрыштағы» басқа да жәндіктер);

    7) тордағы тотықұстарды тамақтандыру (басқа құстар).

    6 - тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
    29. Тұрғын үй және тұрмыстық заттарды күту (36 сағат):

    1) 5-8 сынып материалдарын қайталау;

    2) шаңсорғыш. Оның құрылымының ерекшеліктері, жұмыс істеу тәртібі. Шаңсорғышпен жұмыс жасағанда сақтандыру ережелері;

    3) кілем, палас, еден, батареяларды шаңсорғышпен тазалау;

    4) қонақ бөлмесі (зал), оның қажеттілігі. Жиһаз, оның қонақ бөлмеде орналасу ерекшелігі. Қонақ бөлмедегі тазалық сақтау ережелері;

    5) жабынуына: жұмсақ қаптама, пластик, лакталуына байланысты жиһазды күту;

    6) жұмсақ жиһазды шаңсорғышсыз және шаңсорғышпен тазалау;

    7) шкафтардың айналарын және әйнектерін жуу;

    8) дәретхананы, ваннаны тазалау;

    9) раковина, кафель, ванна жуғанда жуу және тазалау құралдарын пайдалану;

    10) жуу және тазалау құралдарын қолданғанда қауіпсіздік техникасы;

    11) тұрғылықты жердің мезгілдік тазартылуы. Пәтерді қысқа дайындау. Пәтерді жазға дайындау;

    12) терезе жуудың тәсілдері және жиілігі. Терезе жууға арналған жуу құралдарын қолдану. Терезені жылылау тәсілдері.

    30. Киімді және аяқ киімді күту (36 сағат):

    1) 5 -8 сыныптағы материалдарды қайталау;

    2) киімді ұсақ жөндеу жұмыстары. Сүлгіге ілгектің дайын пішінін қиғаштап тігу;

    3) кір жуғыш машина, оның құрылымы, қолдану ережесі;

    4) кір жуғыш машинаның көмегімен кір жуу. Жуылған киімдерді кептіруге ілу;

    5) киімді, жатын төсемдерді үтіктеу, үтіктелген заттың сапасына қойылатын талаптар.

    31. Бақша өсімдіктерін және үй өсімдіктеріне күтім жасау (15 сағат):

    1) 5-8 сыныпта өткен материалдарды қайталау;

    2) бөлме және бақша өсімдіктерін дәннен және пияздың басынан өсіру;

    3) гүлдерді қосымша дәрумендеу;

    4) бақша гүлдерін суғару және отау;

    5) ауланы сыпырғышпен және аула сыпыруға арналған сыпырғышпен сыпыру;

    6) бақтағы жерге түскен жапырақтарды тырманың көмегімен жинау. Түскен жапырақтарды себетке, қорапқа, үлкен қапқа жинау;

    7) қарды күрекпен жинау.

    32. Үй жануарларын күту (15 сағат):

    1) арнайы дүкендерден итке және мысыққа арналған тағамдарды сатып алу;

    2) мысықты және итті тамақтандыру;

    3) ыдыстарын жуу;

    4) итпен серуендеу;

    5) итті тарау;

    6) аквариум балықтарына тамақ беру («тірі бұрыштағы» басқа да жәндіктер);

    7) тордағы тотықұстарды тамақтандыру (басқа құстар).

    7 - тарау. 5-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
    33. Пәндік нәтижелер.

    34. Білім алушылар:

    1) тұрғын үй аттарын;

    2) құрғақ тазартуға арналған құралдардың аттарын және қажеттілігін;

    3) асхана құралдарын тазарту тәртібін;

    4) аяқ-киімдерді қорапқа салу ретін біледі деп күтіледі.

    35. Білім алушылар:

    1) тұратын бөлмесіне құрғақ тазарту жұмыстарын жүргізу;

    2) кірлеген киімдерді жууға дайындау;

    3) тамақтанғаннан кейін ыдысты жинау (тарелканы тамақ қалдығынан тазарту, раковинаға қою), столды суланған майлықпен сүрту;

    4) суланған аяқ киімді кептіру; былғары аяқ киімді сүрту және тазалау;

    5) бөлмедегі және бақша гүлдерін лейкамен суғару;

    6) бақшада түскен жапырақтарды тырмамен жинау;

    7) жолдарды күрекпен қардан тазалау;

    8) үй жануарларын тамақтандырып қыдырту дағдыларын меңгереді деп күтіледі.

    8 - тарау. 6- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
    36. Пәндік нәтижелер.

    37. Білім алушылар:

    1) төсеніштерді ауыстыру тәртібін;

    2) өз заттарын шкаф сөрелеріне орналастыру тәртібін;

    3) жуу құралдарын қолдану ережелерін;

    4) ит және мысықты тамақтандыру ретін біледі деп күтіледі.

    38. Білім алушылар:

    1) өзі (немесе басқа адамның көмегімен) төсеніштерді ауыстыру және қайта салу;

    2) щётка, шүберектің көмегімен тұрғын үйді құрғақ тазалау;

    3) асхана ыдысын жуу және сүлгімен сүрту;

    4) көбік пайда болғанша кір жуатын ұнтақты суда еріту;

    5) кірді қолмен жуғанда әрекеттердің ретін сақтау;

    6) кір жуып болғаннан кейін жұмыс орнын жинау;

    7) бақта өсетін гүлдерді суғаруды және арам шөптен тазарту;

    8) үй жануарларына тамақ беріп, қыдырту; оларға дүкеннен тамақ сатып алу;

    9) ауланы сыпыру, жерге түскен жапырақтарды жинау;

    10) жолдарды күрекпен қардан тазалау дағдыларын меңгереді деп күтіледі.


    9 - тарау. 7-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
    39. Пәндік нәтижелер.

    40. Білім алушылар:

    1) ылғалды тазалау жұмыстарының тәртібін;

    2) үтікті қолданғанда қауіпсіздік техникасын;

    3) трикотаж заттарды жуып кептіру ерекшеліктерін біледі деп күтіледі.

    41. Білім алушылар:

    1) жатын бөлмеге құрғақ және ылғал тазарту жұмыстарын өткізу;

    2) өзі (немесе басқа адамның көмегімен) төсеніштерді ауыстыру;

    3) төсек салу (өзі немесе біреудің көмегімен);

    4) жастық, көрпе қағу (балалардың жеке мүмкіндіктеріне қарай);

    5) түрлі материалдардан жасалған бас киімдерді тазалау және оларды сақтауға дайындау;

    6) трикотаж бұйымдарын жуып және олардың қатпарланып қалуының алдын алып дұрыс кептіру;

    7) іш киімдерді жуу және үтіктеу;

    8) бас киімдерді дұрыс сақтау;

    9) бақша гүлдерін суғарып арам шөптерден тазалау;

    10) үй жануарларына тамақ беріп, қыдырту; оларға дүкеннен тамақ сатып алу;

    11) ауланы сыпыру, түскен жапырақтарды жинау;

    12) жолдарды күрекпен қардан тазалау дағдыларын меңгереді деп күтіледі.

    10 - тарау. 8-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
    42. Пәндік нәтижелер.

    43. Білім алушылар:

    1) ас үй тазалығын сақтау ережелерін;

    2) тоқыма заттарды жуу ережелерін;

    3) заттарды үтіктеу ережелерін біледі деп күтіледі.

    44. Білім алушылар:

    1) ас үйге ылғалды тазарту жұмыстарын жасау;

    2) еден жуу, терезенің алдын су шүберекпен сүрту;

    3) жуу ұнтақтарын қосып плита және тоңазытқышты жуу;

    4) киімнің ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау;

    5) қыстық аяқ киімді күту;

    6) блузкаларды, жейделер және шалбарларды үтіктеу;

    7) бақша гүлдерін суғарып арам шөптен тазалау;

    8) үй жануарларына тамақ беріп, қыдырту; оларға дүкеннен тамақ сатып алу;

    9) ауланы сыпыру, жерге түскен жапырақтарды жинау;

    10) жолдарды күрекпен қардан тазалау дағдыларын меңгереді деп күтіледі.

    11 - тарау. 9-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
    45. Пәндік нәтижелер.

    46. Білім алушылар:

    1) тұрмыстық техниканы қолданғанда қауіпсіздік техника ережелерін;

    2) шаңсорғыштың көмегімен жұмсақ жиһазды тазарту ережелерін;

    3) кір жуғыш машинаны қолдану ережелерін біледі деп күтіледі.

    47. Білім алушылар:

    1) қонақ бөлменің (құрғақ және ылғалды) тазалау жұмыстарын жүргізу;

    2) шаңсорғышты қолданады: оны жұмысқа дайындайды, еденді, паластарды, кілемдерді, батареяларды шаңсорғышпен тазалау;

    3) тұрғын үйді мезгілді тазалау жұмыстарын жүргізеді, пәтерде қысқа, жазға дайындық жұмыстарын жүргізу;

    4) жуу құралдарының көмегімен терезені, айнаны қауісіздік техникасы бойынша ережелерді сақтап жуу;

    5) раковина, кафель, ваннаны тазалау;

    6) кір жуғыш машинада мақта-мата киім-кешекті жуу;

    7) мақта-мата киімді үтіктеу;

    8) бақша гүлдерін суғарып арам шөптен тазалау;

    9) үй жануарларына тамақ беріп, қыдырту; оларға дүкеннен тамақ сатып алу;

    10) ауланы сыпыру, жерге түскен жапырақтарды жинау;

    11) жолдарды күрекпен қардан тазалау дағдыларын меңгереді деп күтіледі.

    48. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:

    1) жауапкершілік, жинақылық, әдептілік;

    2) еңбекке деген ынта, қиындықтарды еңсеру икемін;

    3) ересектермен және құрбыларымен ынтымақтастық орнату дағдыларын танытады деп күтіледі.

    49. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:

    1) тұрмыстық еңбек;

    2) жақын адамдарымен және бейтаныс ортада қарапайым тұрмыстық қатынас орнату икемдерінен көрініс табады деп күтіледі.


    написать администратору сайта