Главная страница
Навигация по странице:

  • Ортодонтиялық бөлімнің жабдықталуы мен құралдары.

  • Стоматологиялық объектілердің жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  • Нургуль 1 сабак. Ортодонтиялы кмекті йымдастыру принциптері. Ортодонтиялы блім жмысын йымдастыру


    Скачать 28.14 Kb.
    НазваниеОртодонтиялы кмекті йымдастыру принциптері. Ортодонтиялы блім жмысын йымдастыру
    Дата18.11.2020
    Размер28.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНургуль 1 сабак.docx
    ТипДокументы
    #151476


    Ортодонтиялық көмекті ұйымдастыру принциптері. Ортодонтиялық бөлім жұмысын ұйымдастыру

     

    Ортодонтиялық көмекті балаларға 4-5 жастан бастап, ал туа пайда болған патологиясы бар балаларға (толық адентия, таңдайдың жырығы) – ерте жаста және қағида бойынша 15 жасқа дейін көрсетеді. Кейбір ірі балалар емханаларында 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер көмек алатын ортодонтиялық орталықтар ұйымдастырылған.

    Соңғы уақытта ұйымдастырушы балалар ұжымдарында (балалар бақшалары, мектептер, интернаттар, балалар санаторийлары) алдын-алу ортодонтиясы дамиды.

    Функциональды диагностика бөлімінде жақ-бет аймағының бұлшықеттері, самай-төменгі жақ буындары, тістер және пародонт тіндері зерттеледі.

    Ортодонтиялық науқастарды рациональды емдеу жиі аралас болады және емхананың басқа бөлімшелері – рентгенологиялық, хирургиялық, физиотерапиялық, пародонтологиялық, алдын-алу бөлмесі, емдік дене шынықтыру жұмысымен тығыз байланысты. Сонымен қатар жақтарға операциядан кейін протездеу жүзеге асырылады. Орталықтарда ерін мен таңдайдың туа пайда болған жырықтары бар науқастарға ерекше назар аударады.

    Ортодонтия бөлімінің штатты кестесінде дәрігер-ортодонт, медбике, санитарка қызметтері қарастырылған.

    Медбике қызметтері 2 дәрігер-ортодонтқа 1 медбике, санитарка қызметі – 1 санитарка 3 дәрігер-ортодонтқа, техник қызметтері – жұмыс көлеміне байланысты 2-3 техник бір дәрігер-ортодонтқа есебінен белгіленеді.

    Ортодонтиялық бөлімнің жабдықталуы мен құралдары.

    Дәрігер-ортодонтттың әрбір орны әмбебап стоматологиялық қондырғымен жабдықталған. Жұмыс үшін стоматологиялық құралдар жиынтығы, ең алдымен пинцет және айна, сонымен қатар зонд, шпатель, экскаватор, тікелей және бұрыштық ұштыққа арналған борлар, крампонды қысқаштар, тіс техникалық шпатель, колба резиналы, ғаныштық пышақ, бұдан басқа – ғаныш, тіс техникалық балауыздың жиынтығы, ортодонтиялық сымдар, қосымша материалдар және медикаменттер, арнайы ортодонтиялық құралдар қолданылады.Ортодонтиялық бөлімде дәрігер-ортодонттың әрбір жұмыс орнына 7 м²-ден кем емес аудан бөлінеді. 4 стоматологиялық креслосы бар ортодонтиялық бөлімде залалсыздандыру бөлінеді.

    Ортодонтиялық бөлмеде газды горелка немесе спиртовка, жақтардың ғаныштық мүсіндерін құю үшін бөлек ғаныштық стол болуы қажет.

    Әрбір дәрігер-ортодонтқа науқастардың ауру тарихын жазу стол, жақтардың бақылаушы ғаныштық мүсіндері үшін шкаф, дайын ортодонтиялық жұмыстар мен протездер үшін жәшік тиісті.

    Ортодонт жұмысында асептика мен антисептиканың ережелеріне ерекше назар аударылады. Асептика инфекцияны алдын-алу, жаулықтар мен құралдарды залалсыздандыру, жұмысқа ортодонт қолының дайындығы бойынша шаралар жүйесінен тұрады.

    Жұмыс барысында қолданылған құралдарды 4% лизетол ерітіндісіне 30 минутқа немесе 5% аламинол ерітіндісіне 60 минутқа салады. Салқын ағын сумен, содан кейін дистилденген сумен шаяды. Шайғаннан кейін құралдарды құрғақ бу стерилизаторында 180ºС температура кезінде 1 сағат мерзімінде залалсыздандырады.

    Тері жамылғысының зақымдалуы кезінде жаралану жағдайында жарадан қанды сығу, екі рет 70% спиртпен өңдеу, содан кейін 5% йод ерітіндісін жағу, лейкопластырь жапсыру, биялайдың артық жұбын кию қажет.

    Егер жұқпалы материал ауызға түссе, оны спиртпен шаяды. Жұқпалы материал бетке түскен кезде теріні сабынмен мұқият жуады, көзді сумен немесе 1:10 000 разведении калий перманганаты ерітіндісімен жуады (1 мг 10 мл дистилденген суға).

    Залалсыздандыруға ұшырайды:

    • стакандар - 3% хлорамин ерітіндісімен 60 минут мерзімінде, содан кейін олардың утилизациясын жүргізеді;

    • столдар - 1% хлорамин ерітіндісімен немесе 0,5% бионал ерітіндісімен;

    • ұштықтар – 3% хлорамин ерітіндісімен, содан кейін 70% спиртпен сүртеді;

    • қалыптық қасықтар;

    • айналар - 5% аламинол ерітіндісімен;

    • мақта салатын ыдыс – күйдіру жолымен;

    • мақта – мақта салатын ыдыста крафтпакеттерде сақталады.

    Жұмыстың алдында және жұмысты аяқтағаннан кейін бөлме сынап-кварцты лампамен күніне 3 рет 30 мин. мерзімінде өңделеді; бөлменің ылғал жинастырылуы 1% хлорамин ерітіндісімен немесе 0,5% бионал ерітіндісімен күніне 3 рет; креслолар - 3% хлорамин ерітіндісімен; столдар және стоматологиялық құрылғылар – 0,5% бионал ерітіндісімен жүргізіледі. Аптасына бір рет 5% хлорамин ерітіндісімен немесе 0,03% аламинол ерітіндісімен бөлменің генеральды жинастырылуы жүзеге асырылады.

    Стоматологиялық объектілердің жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

         Ортодонтиялық кабинеттердегі креслолардың саны кабинет ауданына сәйкес орнатылады. Кабинеттерді биіктігі 1,5 метрге дейін арғы беті көрінбейтін қалқалармен бөлуге жол беріледі.
          Бір жақты табиғи жарығы бар кабинеттерде стоматологиялық креслолар жарық түсетін қабырғаларға жақын бір қатарға орнатылады.


    Негізгі үй-жайдағы тіс технигінің жұмыс орнының өлшемі 0,7 м де 1,0 м болатын арнайы тіс техникалық үстелімен және жергілікті шаң сорғышы бар электрлі тегістеуіш машинамен жабдықталады. Стоматологиялық кабинеттер тығыз ауаны және суды беретін жапсарлы жүйесі бар қазіргі заманғы әмбебап қондырғылар болмаған жағдайда тығыз ауаны беру жүйесімен жабдықталуы тиіс. Әмбебап стоматологиялық қондырғыларға су жеткізгіште суды беруді ажыратуға арналған вентиль құрылғысы қарастырылады. Гипстеу бөлмесіндегі раковинаның ағынды суы кәрізге жіберу алдында гипстен тазартылады. Әрбір стоматологиялық кабинетте стерилді материалдарға және аспаптарға арналған үстел немесе құрал-саймандарды сақтауға арналған шкаф орнатылады. Стоматологиялық объектілер шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер жиынтығы бар дәрі қобдишасымен және дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі. 
     



    написать администратору сайта