асептика (1). 1сра. Асептика дегеніміз не
Скачать 34.1 Kb.
|
1-сұрақ. Асептика дегеніміз не? Микробтардың операция жасалған жараға түспеуінің алдын алу шараларының жинағын асептика дейді. Асептика заңы - микробтардан тазартылмаған бірде-бір зат (дәрі, аспап, дәрігер мен операциялық мейірбикенің қолы т.б.) жараға жанасуға ешбір құқығы жоқ. Асептикасыз хирургия жоқ! 2-сұрақ. Зарарсыздандыру дегеніміз не және олардың түрлері? Микробтарды және олардың спораларын жоқ ету тәсілін стерилизация (залалсыздандару) деп атайды. Стерилизацияның түрлері: күйдіру, қыздыру, қайнату, автоклавқа салу, химиялық заттармен тазалау. Құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру темір саймандарды стерилизациялау үшін жиі қолданылады. Осы мақсатта арнаулы құрғақ ыстық шкаф пайдаланылады. Шкафтың қақпағы тығыз жабылып электр тоғына жалғанады. 10-15 минуттан кейін шкафтағы ыстықтық 120-140 градусқа дейін көтеріледі. 200 градуста саймандар 40 минут шамасында, ал 180 градуста 60 минут залалсыздандырылады. Бұл тәсіл сенімді болып есептеледі, бірақ құрал-саймандар көбірек істен шығады. Соңғы жылдардан бастап құрғақ шкафтар және автоклавтар стерилизаторлар деп, ал қайнату жолымен залалсыздандыруды қайнатқыштар деп аталып жүр. 3-сұрақ. Зарарсыздандыру алдындағы тазалықтың жүргізу сынамалары. Азопирам сынамасын жүргізу үшін дайындау: 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісін, дайын азопирам ерітіндісін дәріханадан алу; мәрліден жасалған салфетка, 3-5% тексерілетін бұйымдар /изделий/, құралдар; зарарсыздандыру алдындағы тазалықтың қорытындысын тіркейтін журнал. Сынама былай жүргізіледі: құралдардың, бұйымдардың үстіне 3-4 тамшы (шприцпен) дайындалған ерітінді тамызылады, егер 0,5-1 минуттан кейін көкқызғылт немесе құба (бурый) түс пайда болса тексерілген заттарда қанның, хлораминнің, жуғыш ерітінділердің қалдығы қалғандығы анықталады, бұйымдар қайтадан тазалықтан өтеді. Осы туралы журналға жазылады. Амидопирин сынамасы құралдарда, бұйымдарда қанның қалдығын анықтайды: ерітіндінің құрамына амидопириннің 5% спиртті ерітіндісі, сірке қышқылының (уксусная кислота) 30% ерітіндісі, сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісі кіреді; барлық көрсетілген қоспаның бөлшектері (ингридиенты) бөлек ыдыста араластырылады; тексеруге арналған құралдарға, бұйымдарға осы дайындалған сұйықтық жағылады, 1 минут өткеннен кейін сынаманың қорытындысы анықталады, егер құралдарда, бұйымдарда қанның жұғыны болса олар көк-жасыл түске боялады, сынама оң деп бағаланып, хирургиялық бұйымдар, құралдар, шприцтер, инелер тағы басқа заттар қайтадан тазартудан өткізіледі. Фенолфталеин сынамасы. Сынаманың мақсаты аспаптарды зарарсыздандырудың алдында аспаптарда үш үлесті жуғыш ерітіңдісінің құрамындағы сілті (шелочь) қышқылының ерітіндісінің бар-жоқтығын тексеру. Аспаптарға, бұйымдарға 1% фенолфталеиннің ерітіндісінің 3 тамшысы тамызылады. Аспаптардың үсті күлгін түске боялса сынама оң деп саналып, аспаптар ағып тұрған судың астында жуылып қайтадан сынама жүргізіледі. Хирургиялық құрал-саймандарды залалсыздандыру алдындағы өңдеу. Автоклавтың заңы бойынша бу қысымы 1 атмосфера болғанда 1сағат, ыстығы 120 градус, 1,5 атмосфера-45 минут. Ыстығы 127 градус, ал 2 атмосферада - 30 минут ыстығы 134 градус ішінде көздеген мақсатқа жетуге болады. Автоклавтың жұмысын тексеру үшін оның ішіне сайман аспап, материалдармен бірге ішіне түрлі дәрежедегі ыстықта еритін химиялық заттар шишада салынады. Мочевина, фуксинмен қосылған бензой қышқылы, резорцин, Д-манноза никотинамид. Бензой қышқылы 120º ыстықтықта жасыл түске айналады. Антипирин, амидопирин сияқты заттар ыстық 110 градусқа жеткенде еріп, балқып кетеді. Шишаға ұнтақ түрінде салынған заттардың еріп, балқуы ішкі камераның ішіндегі ыстықтың 110 градустан төмен болмағандығын көрсетеді. Ауамен залалсыздандыру металл, шыны және силиконди құралдар үшін ұсынылады. Арнаулы қағаздан жасалған пакетте немесе орамай залалсыздандырылған бұйымдарды 20 күнге сақтауға болады, ал ашық күйіндегі заттарды бірден қолдану қажет. Саймандарды шкафқа салғанда бір-біріне тигізбей, ортасында ауа айналып жүретіндей орналастырады. Ауа жүретін терезелерін жабуға болмайды. Ауамен залалсыздандырғышқа бұйымдарды салғанда немесе алғанда камераның қызуы 40-50°С болғаны дұрыс. Залалсыздандырудың қызуы 180°С±2, уақыты 60 минутта немесе 160°С±2, уақыты 150 минутта өткізу ұсынылады. Хирургиялық құрал саймандарды залалсыздандыруға дайындау. Барлық қолданылған құрал-саймандар залалсыздандарудан алдын № 540 бұйрық бойынша залалсыздандырудан алдынғы тазалаудан өткізіледі. Бұл жұмыс кешені төрт деңгейден тұрады: 1 деңгей-құралдарды зарарсыздандыру. Бұл мақсатта екі шылапшынға Қазақстан Республикасында рұқсат етілген дезинфекциялық ерітінді құйылады (лизоформин, дезапрев, эрисан дез т.б.). Бірінші шылапшында құралдар шайылады, ал екінші шылапшында берілген уақытқа салынып қойылады. Ерітіндінің концентрациясы, температурасы және экспозиция мерзімі кестеге сай болуы керек. Сонан соң, әрбір құрал ағынды суда 0,5 минут ағымында шайылады. 2 деңгей –жуғыш ерітіндіде жуу. Бұл мақсатта жуғыш ерітінді алдын ала дайындап алынады. Жуғыш ерітіндінің құрамы (1 литрге): - перигидроль 33% - 17 мл - жуғыш ұнтақ - 5 гр - дистилляцияланған су Т- 50 С – 978 мл Құралдарды жуу үшін 5-10литр жуғыш ерітіндісі дайындалады. Осы ерітіндіні шылапшында дайындалады, құралдарды оның ішіне 15 минутке толық батырылып қойылады, 15 минуттан кейін әрбір құрал алынып тампонмен немесе щеткамен 0,5 минут ағымында жуылады. Сонан соң 1 минут ағымында ағынды суда шайылады. 3 деңгей– зарарсыздандыру сапасын бақылау. Бұл мақсатта қазіргі таңда кешенді азопирам байқауы жасалады. Дайындалған азопирам ерітіндісіне тең мөлшерде 3% сутегінің асқын тотығын қосамыз. Дайын болған ерітіндіні мақтаға малып құралдың үстіне сүртеміз. Құралдың біріншісін, соңғысын және ортасынан біреуіне қолданамыз, 5-10 секунд күтеміз. Егер мөлдір ерітіндінің түсі жасыл-көк түске боялса, жасырын қан қалдықтарының барлығы анықталады. Бұл кезде барлық құралдар жуғыш ерітіндіге жаңадан салынып қайта жуылады. Егер ерітіндінің түсі ал қызыл түске боялса жуғыш ұнтағының қалдығы бар екені анықталады. Бұл кезде құралдарды қайта ағынды суда шайылады. Егер ерітіндінің түсі қызыл-қөңыр түске боялса, бұл құрал тот басқан болып саналады және оны қолдануға болмайды. 4 деңгей–құралдарды кептіру. Құралдар кептіргіш шкаф ішінде 850С температурада 5-10 минут ағымында кептіріледі. Хирургиялық құрал –саймандарды залалсыздандару. Хирургиялық құрал-саймандарды залалсыздандыру № 540 бұйрық негізінде жүзеге асырылады. Бұл бұйрыққа сәйкес құралдарды залалсыздандырудың келесі әдістері бар: Қайнатумен залалсыздандыру – бұл әдіс сирек қолданылады, көбінесе ауылдық жерлерде. Қайнату үшін стерилизаторлар қолданылады. Құралдар стерилизатордың торына салынып ілмектер арқылы ішіне салынады. Тордың астына салфетка салынады. Дистилденген су құйылып натрий бикарбонатының ұнтағы салынады (20 грамм ұнтақ+1 литр су). Натрий бикарбонатының ұнтағы металл құралдардың тот басуының алдын алады және қайнау темепературасын көтереді. Қайнату уақыты 45 минут. Қайнатып болған соң ілмектер мен торды көтеріп, суды ағызады. Құралдарды залалсызданған столға қойып 1 тәулік бойы сақтауға болады. Кескіш өткір құралдар жоғары темепературада өткірлігін жоғалтады, сондықтан химиялық әдістермен залалсыздандырылады. Автоклавта залалсыздандыру. Бұл кеңінен тараған әдіс болып саналады. Құралдарды топтастырып жаймаға орап, бикстың ішіне салынады. Бикстің жамбасындағы тесіктері ашылып, автоклавқа салынады. Құралдар автоклавта 1320С температурада, 2 атм қысымда 20 минут ағымында залалсыздандырылады. Автоклав суыған соң биксті алып, залалсыздандыру сапасы индикатордың (химиялық тесттердің) өзгеруіне қарай тексеріледі. Залалсыздандыру сапалы болса бикстің тесіктерін жауып, сыртындағы биркасына залалсыздандыру мерзімі жазылады. Резиналы қапшаға салып бөлімшеге тасымалданады. Сақтау мерзімі бикс ішінде 3 тәулік. Кептіргіш шкафта залалсыздандыру. Кескіш емес құралдарды кептіргіш шкафта залалсыздандыруға болады. Құралдарды шкафтың торына қойып, 1800С температурада, 60 минут ағымында залалсыздандырылады. Уақыт біткен соң залалсыздандыру сапасы индикаторлар (химиялық тесттер) арқылы тексеріледі. Сапалы залалсыздандыру болса құралдарды залалсызданған қолғаптар киіп залалсызданған столда сақтайды. Сақтау мерзімі 1 тәулік. Қазіргі таңда емдеу-сауықтыру мекемелерінде медициналық құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру және залалсыздандыру үшін «Эригид форте» ерітіндісі кеңінен қолданылуда. Бұл құрал пайдалануға дайын түссіз сұйықтық, құрамында жұмыс жасайтын зат ретінде 2,5% глутарлы альдегид бар. 5 литрлы пластмасса канистраларда шығарылады, жарамдылық мерзімі 3 жыл. Сонымен бірге қазіргі таңда емдеу сауықтыру мекемелерінде «Эрисан дез» ерітіндісі кеңінен қолданылып келеді. Бұл ерітінді тұнық, түссіз, иісі жоқ сумен жақсы араласатын сұйықтық. Грам теріс және грамм оң бактерияларға, туберкулез микобактерияларға, вирустарға, кандида түріндегі саңырауларға және дерматофиттерге қатысты микробтарға қарсы әсері бар. 0,5 литр және 3 литр болған пластмасса флакондарда шығарылады. Жарамдылық мерзімі 3 жыл. Залалсыздандыру сапасын бақылау әдістері. Залалсыздандырудың сапасын анықтайтын химиялық және бактериоскопиялық әдістері болады. Химиялық әдістер автоклавтың және кептіргіш шкафтың залалсыздандыру сапасын бақылайды. Химиялық әдістер автоклавтың және кептіргіш шкафтың ішіне түрлі химиялық тесттерді (индикаторларды) салу арқылы бақыланады. Бұл тесттер арнайы бояғыштарға боялып қойылған шиша ыдыстарда шығарылады. Әрқайсысының белгілі температурада еріп, түсінің өзгеруі қабілеті болады. Таңу материалдарын дайындау және залалсыздандыру. Таңу материалдары құрғақ, майсызданған (гигроскопиялық), таза дәкеден жасалады. Олар шариктерден (доңғалақ), салфеткалардан, тампондардан және турундалардан тұрады. Дайындалғаннан соң залалсыздандырылады. Дәкелі шариктер дайындау: Дәкелі шариктер жарақатты құрғатуға, қанды сүртуге, қан тамырларды басуға қолданылады. Шариктер түрлі размерлерде болады: кішілері 6×7 см, орташалары 8×9 см, үлкендері 11×12 см және 17×17 см. Кесілген дәкенің сыртқы қырын ішке қарай бүктеңіз. Үшбұрыш етіп бүктеңіз, бір бұрышын екінші бұрышының астына енгізіңіз. Қолдануға және санауға ыңғайлы етіп 50-100 данасын дәкелі қапшыққа салып қойыңыз. Дәкелі салфеткалар дайындау Салфеткалар жарақат бетін сүртуге, тамырларды басуға, операция кезінде жарақатқа шығарылған ішкі ағзаларды қорғауға қолданылады. Салфеткалардың кішілері 5 ×10 см, орташалары 10×15 см, үлкендері 15×20 см болады. Кесілген дәкенің шеттерін ішке қарай бүгіңіз. Бойына қарай екі бүктеңіз. Еніне қарай екі бүктеңіз. Салфеткаларды 20 дана етіп дәке қапшыққа салыңыз. Дәкелі тампондар дайындау Дәкелі тампондар қуыстарды кептіруге, тампонада жасауға, ағзаларды қорғауға, қан тамырларды басуға қолданылады. Ұзындығы 5 метр болған дәке дайындаңыз; Бойына қарай екі бүктеңіз, шеттерін бір-біріне тигізіп, сонан соң және екі рет бүктеңіз; Сонымен төрт рет бүктелген дәкені көлденең әр түрлі бөлектерге кесіңіз (20,30,50 см); Дәкенің шеттерін ішке қарай бүктеңіз; Сонан соң бойына қарай екіге бүктеңіз, домалақ етіп ораңыз. Керекті ұзындықта кесіп алыңыз; Ең енсіз тампондар турунда деп аталады; Дайын болған тампондарды 10 данадан дәке қапшыққа салыңыз; Таңу материалдарын кептіргіш шкафта залалсыздандыруға болады. Бұл үшін таңу материалдары кептіргіш шкафтың сеткасына қойылып, 160 С температурада 150 минут ағымында залалсыздандырылады. Кейін алынып мейірбикенің залалсызданған столында сақталады. Таңу материалдарын автоклавта залалсыздандыруға болады. Бұл мақсатта оларды бикстерге орналастыру қажет. 120 С температурада, қысымы 1,1 атмосферада, 45 минут ағымында залалсыздандырылады. Биксте сақтау мерзімі үш тәулік. Таңу материалдарын бикске орналастыру ережесі Бикске материалдар операциялық блокта немесе таңу бөлмесінде салынады. 1. Бикске тек қана таза құрғақ, дайындалған таңу материалдары салынады. 2. Бикстің ішін спиртпен өңдеп, жайма төселеді. 3. Жайманың ішіне материалдардың санын белгілеп, секторалды етіп орналастырады, жайманың шеттерімен үстін жабады. 4. Таңу материалдарын 10 дана етіп бумалармен салған дұрыс. Бумаларды дәкемен байлап қойыңыз. 5. Материалдар бикске арасына бу кіретіндей етіп бос салынады. 6. Бикске залалсыздандыру сапасын бақылайтын индикатор салынады. 7. Бикстың сыртына 1013 см болған бирка асылады. Биркаға салынған материалдың аты, саны, залалсыздандыру уақыты, бөлімшенің аты және залалсыздандыруды жүргізген адамның аты жазылады. Материалдарды бикске орналастыру әдістері. 1 .Әмбебап орналастыру: бір бикске бір орташа операцияға (аппендэктомия, жарық кесу) арналған бір түрдегі материал комплект ретінде салынады. 2. Мақсатты орналастыру: бір бикске арнайы операцияға (асқазан резекциясы, холецистэктомия т.б.) арналған таңу материалдарымен операциялық жаймалар салынады. Бұл әдіс үлкен операцияларға қолданылады. 3. Түрді орналастыру: бикске тек қана операциялық жаймалар немесе таңу материалдары салынады (халаттар салынған бикс, салфеткалар салынған бикс т.б.). Операциялық жаймаларды, халаттарды залалсыздандыруға дайындау және залалсыздандыру. Операциялық жаймаларды дайындау және орналастыру. Операциялық жаймаларға халаттар, медициналық қалпақтар, бетперделер, төсейтін жаймалар (простынялар), сүлгілер және бахилалар жатады. Олар қатты материалдардан жасалып, оңай жуылады, және бүктеледі, залалсыздандыру кезінде бұзылмайды. Жаймаларды басқа мақсаттармен қолдануға болмайды, сондықтан арнайы қапшықта белгі қойып тасымалданады. Жаймаларды бикстерге салу алдында арнайы алуға ыңғайлы етіп бүктеу керек. Түтікшелерді залалсыздандыру. Түтікшелер қуыстардан патологиялық сұйықтықтарды сыртқа шығару қолданылады. Олар хлорвинилды материалдардын, полимер материалдардан жасалады. Залалсыздандырудан бұрын жоғарыда берілген әдістермен тазалаудан өткізеді. Түтікшелердің ішін жуу Жане шприцімен немесе қылдурпімен жүргізіледі. Түтікшелерді жаймаға орап бикске салып автоклавта 1200С температурада, 1,1 атм қысымда 45 минут ағымында залалсыздандан-дырылады, немесе кесте № 2 көрсетілген химиялық әдістердің бірімен залалсыздандырылады. Залалсыздандырудан кейін дистилденген суда шайылып, залалданған жаймада 3 тәулік бойы сақталады. Операциядан бұрын қолдарды өңдеу әдістері. Қолдар экзогенды инфекцияның белсенді көзі болып табылады. Сондықтан мейірбике және дәрігер қолдарына күтім жасау керек. Қолдарда жарықтар, сызаттар, жаралар болмауы керек. Тырнақтар қысқа, кесілген болуы керек, өйткені тырнақтардың астында 90% дейін микробтар шоғырланады. Қолдарды операцияға дайындауда жоғары температураны және жоғары концентрациялы антисептиктерді қолдануға болмайды, қолғаптар операция кезінде жыртылуы мүмкін, сондықтан қолдарды операциядан алдын міндетті түрде өңдеу керек. Алдымен қолдарды ағынды су астында сұйық сабын және губка қолданып 10 минут ағымында жуады, кейін әдістердің бірін қолданып өңдейді. Қолдарды гигиеналық жуу ережелері: 1. Алақанмен білекті жуғанда су алақаннан білекке қарай ағуы керек, керісінше емес; 2. Қол бөлектерін тәртіппен жуу керек: алдымен сол алақан саусақтарының ішін сосын сыртқы жағын, саусақ аралықтарын тырнақ ұштарын жуады. Сонан соң сол тәртіппен оң алақан саусақтарын жуады. Кейін алдымен сол кейін оң алақанның ішін сосын сыртқы беттерін жуады. Сол тәртіппен білезік буынмен білек аймақтары жуылады. Соңында тырнақ ұштары тағы да жуылады. 3. Тырнақ асты, айналасы, саусақ аралықтары ерекше жуылуы керек. 4. Екі қолдың бірдей уақыт жуылуын бақылау керек. Қазіргі таңда қолдарды гигиеналық тазарту үшін «Аллсепт С» ерітіндісі қолдануда. Қолдарға бұл ерітіндінің 3 мл жағу және теріге сіңгенше үйкеу, бірақ 30 секундтан кем емес. Сонымен бірге қазіргі таңда қолдарды гигиеналық тазартуға Нонсид ерітіндісі кеңінен қолданылады. Бұл пайдалануға дайын, тұнық, түссіз сұйықтық. Бұл ерітіндінің аз ғана мөлшерін суланған теріге жағады, көбіктендіреді, жуады, және теріні жақсылап тазартады. Жуған соң теріні кептіріп сүртеді. Қолдарды өңдеудің бірнеше әдістері бар: 1. С-4 препаратымен өңдеу әдісі (первомур ерітіндісі). Бұл препарат тұрақсыз, тез бұзылады, сондықтан оны қолданудан бұрын дайындайды. Дайындау техникасы: шиша ыдысқа 170 мл 33% су тегінің асқын тотығын құйып үстіне 85мл 100% құмырсқа қышқылын құямыз. Екеуін араластырып, ауызын жауып 1 сағатқа тоңазытқышқа немесе мұздай суға салып қоямыз. Екеуінің арасында реакция жүріп первомур ерітіндісі пайда болады. Сонан соң жұмыс ерітіндісін жасаймыз. Шылапшынға 10 литр су құйып шиша ыдыстағы ерітіндіні соған құйып араластырамыз. 1% первомур ерітіндісі пайда болады. Осы шылапшынға ағынды суда жуылған қолдарды 1 минут ағымында батырып тұру арқылы өңдейді. Сонан соң қолдарды алып залалсызданған сүлгімен сүртеді. Шылапшындағы ерітіндімен 5 адамның қолын өңдеуге болады. 2. Қолдарды хлоргексидин биглюконат (гибитан) ерітіндісімен өңдеу. Гибитан ерітіндісі 20%- 500 мл болып шиша ыдыста шығарылады. Қолдарды өңдеуге 0,5% ерітіндісі қолданылады. Бұл ерітіндіні дайындау үшін шиша ыдыстағы ерітіндіні 70% спиртпен 1:40 есебінде араластырамыз. Ерітіндіні лотокқа құйып, салфетканы малып алып, қолдарды саусақ ұшынан шынтаққа дейін екі рет салфеткамен өңдейді. 3. Қолдарды «Аллсепт С» ертіндісімен өңдеу. Бұл ерітіндімен өңдеуден бұрын қолдарды және шынтақты ағынды сумен және иіс сабынымен 2 минут ішінде жақсылап жуады, стерильді дәке сүлгімен сүртеді. Содан кейін құрғақ қолдарға ерітіндінің 5 мл порцияларын жағады (екі реттен кем емес) және қолдың және шынтақтардың терісіне 3 минут ішінде толық кепкенше жағады. Операциялық майданды өңдеу әдістері. Операциядан бұрын науқас тазалық астауында немесе суды себелеп жуынады. Науқастың үстіндегі киімдері және жататын төсек орны ауыстырылады. Операция жасалатын күні операция жасалатын жерді (ең жақсысы құрғақ тәсілмен) қырып тазалайды. Шұғыл кезде жартылай санитарлық өңдеу жүргізіледі. Операция жасалатын жерді микробтардан арылту үшін ең кең тараған әдістердің бірі Филончиков-Гроссих әдісі. 5% йодың спирттелген ерітіндісімен операция жасалатын жер 4 рет жуылады. Операция жасалатын жерді жайма жаппай тұрып жуады, сонымен бірге залалсыздандырылған жайманы жапқаннан кейін операция жасалатын ашық қалдырылған жерді жуады, кесілген теріні операцияның соңында тігер алдында және тігістер салып болған соң жуады. Науқастың терісі нәзік болса, әсіресе балалардың терісін күйдіріп алмау үшін йодты спиртпен сүртіп алған жөн. Терісі осал адамдардың және жас балалардың операция жасалатын жері Баккал әдісімен 1% бриллиант жасылымен жуылады, кейде орнына 96% спирт қолданылады. Соңғы кезде денсаулық сақтау министрінің № 720 бұйрығын ескере отырып йод ерітіндісінің орнына йодонат, йодопирон антисептиктері қолданылуда. 1% йодонатпен өңдеу әдісі - 5% йодонат ерітіндісін дистилленген сумен 1:5 есе араластырып операция жасайтын жерді 3 рет өңдейді, йодопиронмен 2 рет өңдейді. Гибитан мен (хлоргексидин биглюконаты) ерітіндісімен өңдеу әдісі-бұл ерітінді 20%-500 мл болып флаконда шығарылады. Операциялық майданды өңдеу үшін 0,5% ерітіндісі қолданылады. Бұл мақсатта ерітіндіні 1:40 есебінде 70% спиртпен араластырып, жақсылап шайқайды. Дайын болған ерітіндімен операциялық майдан екі рет өңделеді. Шұғыл жағдайда операциялық майданды өңдеуге 96% спирт қолданылады. Майдан спиртпен 4 рет өңделеді. Бұл ерітінділер залалсыздандырылған лотокқа құйылады. Хирургтың қолына залалсыздандырылған конрцанг беріледі. Басқа корнцангпен мейірбике салфетканы ерітіндіге малып алып, операциялық майдан үстіне қояды. Хирург корнцангпен салфетканы алып майданды өңдейді. Таза майдан орталықтан сыртқа қарай, іріңді майдан сырттан орталыққа қарай өңделеді. Залалсызданған қолғаптарды өзіндік кию және дәрігерге кигізу Залалсызданған қолғаптарды өзіндік кию Мейірбике операциядан бұрын алдымен өзі залалсызданған қолғап киеді. Бұл іс әрекеттер келесі тәртіпте орындалады: 1. Қолғап шеттерін манжет ретінде сыртқа қарай бүктейді. 2. Оң алақанның 1 және 2 саусағымен сол қолғаптың бүктелген шетіне кіргізіп қолғап- ты сол алақанға кигізеді. 3. Қолғап киілген сол алақанмен оң қолғаптың бүктелген шетіне кіргізіп, оны оң ала- қанға тартып кигізеді. 4. Саусақтардың орналасуын өзгертпей қолғаптың бүктелген шеттерін орнына қайта- рады. 5. Сол әрекетті сол қолғап жағынанда орындайды. 6. Соңында қолғаптарды спиртті шарикпен өңдеу керек. Залалсызданған қолғап киіл- ген қолдарды шынтақ буыннан бүгіп белден жоғары көтеріп тұру керек (күту қал- пы). Хирургке залалсыздандырылған қолғаптарды кигізу. Мейірбике қолғап киіп болған соң дәрігерге кигізеді. Мейірбике қолғаптардың шетін манжетка түрінде сыртқа қарай бүктейді. Екі алақанның төрт саусағын (2-5) қолғаптың сыртқы жағына кіргізіп, қолғаптарды тартады және хирургке кигізеді. Хирург қолғаптарды киіп, алақандарын жоғары көтереді. Мейірбике қолғаптарды өңдеу үшін шарикті мол етіп спиртке малып береді. Зарарсызданған халатты өзіндік кию және дәрігерге кигізу. Оталық (операциялық) мейірбике отаға (операцияға) бірінші болып дайындалатын болған соң, қолдарын өңдегеннен кейін залалсызданған халатты өзін киеді. Бұл іс әреткет келесі тәртіппен орындалады: Бикс тұратын қондырғының педалін басып биксті ашады. Жайманың шеттерін сыртқа қайырады. Дұрыс орналастырылған жағдайда бетінде сүлгі, халат және белдіктер болады; Алдымен залалсызданған сүлгіні алып қолдарын кептіреді; Халатты алып оны басқа жерге тимейтіндей етіп жағасынан ұстап жаяды; Халатты жағасынан сол алақанмен ұстап тұрып оң қолына киеді; Кейін оң алақанымен халаттың жағасын ұстап тұрып сол қолына киеді; Халаттың қол ұштарындағы бауларын өзі байлайды; Халаттың арқасындағы бауларын санитарка байлайды; Залалсызданған халатты хирургке кигізу: Оталық (операциялық) мейірбике залалсызданған халатпен қолғап киіп алған соң, халатты бикстен алып, жағасынан ұстап басқа жерге тимейтіндей етіп жаяды, қолдарын халаттың жағасы жауып тұратындай етіп жауып алады; Хирург екі қолын халаттың жеңдеріне салады. Мейірбикенің халатына тимеуі керек; Қолдарының ұштарындағы байламдарды байлайды; Санитарка халаттың арқасындағы байламдарын байлайды; Дәрігер халаттың белдігін сыртқа тартып ұстап тұрады. Санитарка арқасынан қолдарын халатқа тигізбей ұштарын ұстап тартып байлайды; Сонан соң дәрігерге қолғап кигізіледі. Таңу бөлмесіндегі мейірбикенің столын дайындау. Залалсызданған столды дайындаудан алдын мейірбике келесі іс-шараларды орын- дайды: 1. Қолдарын ағынды суда сабынмен жуып, өңдеу әдістерінің бірімен қолдарын өңдеп ала- ды; 2. Таңу бөлмесіне (немесе оота жасайтын бөлмеге) барып, халат салынған биксті ашып, ішінен халатты киеді (санитарка халаттың арқасындағы түймелерімен белдігін байлай- ды); 3. Залалсызданған қолғаптардың өзін киіп, спиртпен өңдеп алады; Залалсызданған столды дайындау тәртібі: 1. Столдың үстіне зарарсыздандырылған жайманы бір қабат етіп төсейді, жайманың шеттері столдың шетінен 15-20см асылып тұру керек; 2. Екінші зарарсыздандырылған жайманы алып, екіге бүктеп, бірінші жайманың үстіне тө- сейді; 3. Столдың үстіне құрал-саймандарды, тігіс материалдарын, салфеткаларды, тампондар- ды; 4. Олардың үстін екіге бүктелген жаймамен жабады, шеттерін цапкалармен қыстырады; Тігіс материалдары- кетгутты, жібекті, капронды залалсыздандыру. Барлық тігіс материалдары 2 топқа бөлінеді: жойылатын және жойылмайтын. Бірінші топқа-кетгут, полисорб жатады. Екінші топқа-жібек, капрон, фторест, мононить т.б. жатады. Жібек жіптер 10м болып орамда шығарылады. Олар оралған және тоқылған болып бөлінеді. Қалыңдығына қарай №0 ден №8-ге дейін болады. Кохер әдісімен жібекті залалсыздандыру Жібек жылы сабынды суда 10 минут жуылып, таза сумен шайылады, зарарсыздандырылған сүлгімен кептіріледі. Зарарсыздандырылған заттық шишаға орап, майсыздандыру үшін эфирге бір тәулікке салып қоямыз. Бір тәуліктен соң, сусыздандыру үшін жібекті 96% спиртке саламыз. Сонан соң сулеманың 1:1000 ерітіндісіне 10 минут қайнатумен зарарсыздандырамыз. Жібек 96% спиртке құйылған қақпағы нығыздалып жабылатын ыдыста сақталады. Зарарсыздандыру сапасы 2 күннен соң өткізіледі. Бактериологиялық зерттеу әр 10 күн сайын орындалып, сонаң соң спирт ауыстырылады. Капронды залалсыздандыру Капрон дистилляцияланған суда 20 минут қайнатумен залалсыздандырылады. Кетгутты залалсыздандыру Кетгут ірі қара малдың ішегінен жасалады. Кетгутты зарарсыздандырудың жиі қолданылатын әдіс-люгольдің спиртті ерітіндісінде залалсыздандыру. Кетгутты эфирге 24 сағатқа салып майсыздандырады, люгольдің спиртті ерітіндісінде (таза йод 2г, калий йоды 3г, глицерин 4г, спирт 96%-100мл) 7 күн ағымында залалсыздандырады. Сонан соң люголь ерітіндісін ауыстырып және 7 күн ағымында залалсыздандырады. Кейін залалсыз-дандыру сапасы бактериологиялық әдіспен тексеріледі. Соңғы кезде ампулаларда, герметикалық ыдыстарда дайын залалсыздандырылған тігіс материалдары қолданылуда. |