Осы міндеттерді орындауда темірбетон конструкцияларыны алатын орны ерекше, сондытан оларды жобалауды теориясын жне практикалы олданылуын жетілдіру ажет
Скачать 1.27 Mb.
|
1.4 Қырлы қабатаралық плитаны шектік күйлердің екінші тобы бойынша есептеу 1.4.1 Келтірілген қиманың геометриялық сипаттамаларын анықтау Серпімділік модульдерінің қатынасы . Келтірілген қиманың ауданы: см2. -сурет.Плитаны келтiрiлген қимасы Қиманың төменгі жағы үшін келтірілген ауданның статикалық моментін табамыз: Плитаның төменгі жағынан оның ауырлық центріне дейінгі аралықты у0деп аламыз. Енді осы ауырлық центрі үшін келтірілген қиманың инерциялық моментін анықтаймыз: Келтірілген қиманың плитаның төменгі аймағы үшін алынатын кедергі моменті: Келтірілген қиманың плитаның жоғарғы аймағы үшін алынатын кедергі моменті: Созылған аймақтың жоғарғы жағынан қашық жатқан ядролық нүктеден келтірілген қиманың ауырлық центріне дейінгі ара қашықтық: мұнда . Созылған төменгі аймақ үшін: Мөлшерлік салмақтардан пайда болатын бетондардағы кернеудің және бетонның екінші шектік күйлері бойынша есептік кедергісіне қатынасын алдын-ала деп қабылданады. Созылған аймақ үшін серпімділік пластикалық кедергі моменті төмендегі формуламен анықталады: см3 Бұл жерде деп «Құрылыс ережелері» бойынша тавр қималы кесіндінің сөресі сығылған аймақта орналасқан кезде қабылданады. Элементті дайындаған кезде және оларды алдын-ала қысу кезінде созылған аймақ үшін серпімділік-пластикалық кедергі моменті былай анықталады: см3, бұл жерде егер тавр қимасының сөресі созылған аймақта орналасса және шарттары орындалса, онда деп алынады. 1.4.2 Алдын-ала кернеуленген арматураның шығынын анықтау Бұл есепте арматураны керудің дәлдік коэффициенті деп алынады. Арматураны электротермиялық әдіспен керген кезде релаксация (төмендеу) әсерінен мәніне азаяды. Біздің жағдайда деп алынады. МПа (электротермиялық керу жағдайында).-тірек пен керілген арматураның арасындағы температураның ауытқуынан немесе температураның айырмашылығынан пайда болатын кернеудің шығынының мәні. Бұл мән, егер элементті дайындағанда форма тірекпен бірге буландыру арқылы қыздырылса, =0. Элементті алдын-ала сығу күші: кН Осы күштің келтірілген қиманың ауырлық центріне байланысты алынған эксцентриситеті: . Сығу кезіндегі бетондағы кернеудің мәні: Бетонның берілу беріктігі осы шартпен алынады: ; МПа<0,5*20=10 МПа. Сондықтан МПа, деп қабылданады. Плитаның өз салмағынан пайда болатын июші моментті ескере отырып және P1 алдын-ала сығушы күштің әсерінен керілген арматураның ауырлық центрінің тұсындағы бетонда пайда болатын сығушы кернеуді төмендегі формуламен анықтайды: МПа мұндағы M=2500*1,4*5,882/8=15 кН*м. Бетонның тез өтетін жылжығыштығынан пайда болатын шығын - . Бұл мән: болғанда, α<0,8 болғанда, МПа. Сонымен арматурадағы кернеудің бірінші шығыны: МПа. Осы мәнді ескерсек, Н, МПа Бетондағы кернеудің, шираудың салдарынан пайда болатын шығыны=35 МПа. Осы бірінші шығындарды пайдалана отырып және кернеудің =6,05 МПа мәнін пайдалансақ, болады. Сонда кернеудің бетонның жылжығыштығынан пайда болатын шығыны: МПа.Кернеудің екінші шығыны: МПа. Сонымен кернеудің толық шығындары: МПа.кН. 1.4.3 Бойлық оське тік жарықшақтардың пайда болуын есептеу Бұл есепті жарықшақтардың пайда болғанын анықтау үшін орындайды. Элементтің жарықшаққа беріктігі ІІІ категориялық талаптарға сәйкес келетін болса, жүктемеге сенімділік коэффициенті деп алынады. Егер де шарты орындалса, онда көлденең қимада жарықшақтар пайда болмайды, сондықтан олардың ашылу енін есептеудің қажеті жоқ. Енді осы шартты тексереміз. Жарықшақтардың пайда болу кезеңін жуықтатылған ядролық моменттер әдісі бойынша есептейміз. Осы әдіс бойынша - көлденең қиманың жарықшақтар пайда болар алдындағы шектік июші моменті. Сан мәні мына формуламен анықталады: Н*см Бұл жерде деп алғанда, Н*см , яғни шарты орындалмады, сондықтан жарықшақтар пайда болады. Демек, олардың ашылу енін есептеу қажет. Енді плитаның жоғарғы жағында жарықшақтар пайда болатындығын анықтаймыз. Бұл үшін плитаны қысқан кезде жоғарғы жағында деп аламыз және алғашқы жарықшақтар плитаның өз салмағынан пайда болады. Тақта салмағына байланысты июші моменттің мәні М=15 кНм. Есептік мәні осы шартпен орындалады: Нсм – шарт орындалады, бұл жағдайда плитаның жоғарғы жағында алғашқы жарықшақтар пайда болмайды. Сондықтан жарықшақтардың енін есептеудің қажеті жоқ. Бұл жерде МПа – бетонның созылуға кедергісі, оның мәні бетонның алғашқы берілетін кедергісі кесте арқылы анықталады. 1.4.4 Плитаның иілу шамасын есептеу Плитаның иілу шамасын тұрақты және ұзақ уақыт әсер ететін жүктемелердің мөлшерлік мәні бойынша анықтайды. Есеп бойынша иілудің шектік шамасы (1/200)*l0=588/200=2,9 см. Яғни [f]=2,94 см. Созылған аймақтағы жарықшақтарды есепке ала отырып, плитаның иілу шамасын анықтау үшін керекті мәліметтерді табамыз. Тұрақты және ұзақ уақыт әсер ететін жүктемелерден пайда болатын июші моментті тең ауыстырмалы моментпен бірдей деп аламыз. М=44кНм болады. Алдын-ала сығу күшінен барлық шығындарды есепке ала отырып толық бойлық күш тең болғанда, Ntot=P2=79 кН тең болады. Эксцентриситет: см. Жүктеме ұзақ уақыт әсер еткенде мына коэффициенттерді аламыз: . Жарықшақтар арасындағы аймақтағы созылған арматуралардың деформациясының біркелкі еместігін сипаттайтын коэффициент төмендегі формуламен есептеледі: Иілу кезіндегі осьтің қисаюын келесі формуламен табамыз: Бұл жерде ; мәндері жүктемелер ұзақ уақыт әсер еткенде қабылданады. см2 Есептеуде тең. Яғни сығылған аймақта жұмыстық бойлық арматура қойылмаған, ал деп қабылдаймыз. Сонымен иілу шамасы:
2.1 Көлденең рамадағы беларқаға күштерді анықтау 2.1.1 Есептеу схемасы мен жүктемелер Беларқаның ұзына бойына әсер ететін есептік жүктемені анықтау үшін қабатаралық жабынның 1 м2 тең ауданына түсетін есептік жүктемені жүк ауданының еніне көбейту керек. Жүк ауданының ені арқалықтың қадамына тең (6 м).Жүктеменің жабынның 1 м2 ауданына түсетін жинағы 2-кестеде келтірілген. Ғимараттың арналуы бойынша сенімділік коэффициенті тең болғанда, тұрақты жүктеменің қосындысы: ; беларқаның өз салмағынан пайда болатын жүктеме кН/м, мұнда кН/м3 – темірбетонның тығыздығы; - жүктеме бойынша сенімділік коэффициенті. кН/м.Уақытша есептік жүктеме: кН/м. Ұзақ мерзімді:4.2 *6*0,95=24 Қысқа мерзімді:1.8 *6*0,95=10.2 Арқалыққа түсетін толық есептік жүктеме: кН/м. Жабынның 1 м2 ауданына түсетін жүктемелер жинағы 2-кесте
2.1.2 Беларқаны статикалық есептеу Беларқаның есебін орындау үшін ішкі күштерді (июші момент және көлденең күш) табу қажет. Бұл күштерді құрылыс механикасындағы ережелер бойынша серпімді жүйелер сияқты статикалық есептеу арқылы анықтаймыз. Қаңқалы ғимараттарда көлденең көп қабатты рамалардың үлгісі көп жағдайда біркелкі жүйелі тең аралықты болады. Қабаттың биіктігі және қабатаралық жабынға түсетін жүктемелер бірдей болады. Бұл қаңқалардың ұстындарының түйіні бір тік сызық бойында ораналсқан және бұрылу бұрыштары шамамен тең болып келеді, сондықтан бір қабат деңгейінде ұстындардың тірек цементтері тең болады және моменттің нөлдік нүктесі қабат биіктігінің ортасында орналасқан деп қабылдауға болады. Бұл қаңқалардың статикалық есебі тұрақты және уақытша жүктеменің қолайсыз үйлесін әсеріне кесте бойынша орындалады. Егер қаңқаны аралықтарының саны үштен көп болса, онда бұл қаңқаны аралықты қаңқамен ауыстыруға болады және көп аралықты қаңқаны ортаңғы аралығындағы июші моменттерді үшаралықты қаңқаның ортаңғы аралығындағы июші моменттер сияқты орналастырады. Қаңқадағы аралықтардың тірек моменттері төмендегі формуламен анықталады: Мұнда 3–кесте бойынша алынатын коэффициенттер, олар арқалыққа әсер ететін тұрақты q және v жүктемелердің үйлесіне және қаңқадан ұстынның және арқалықтың ұзына бойы қатаңдығының қатынасына байланысты болады: -арқалықтың қимасының инерция моменті мен ұзындығы; -ұстынның қимасының инерция моменті мен ұзындығы. Беларқа қимасы - 25х60 см, ұстын қимасы–40х50 см, ұстын биіктігі-48м. Арқалықтың ұзына бойы қатаңдығының қатынасы Беларқаны тұрақты жүктемемен жүк үлгісі және әр түрлі уақытша жүктемелермен жүк үлгілерінде табылған тіректегі июші моменттері 3-кестеде берілген. Беларқаның бойлық моменттері: 1 Шеткі аралықта – жүктелу сұлбасы 1+2, тіректегі моменті М12= -354кН*м, М21 =394кН*м; жүктеме g+v= 58.4кН*м; бойлық күш Максималды аралық момент 1)Ортаңғы аралықта- 1+3 жүктелу сұлбасы, тіректегі моменті М23=М32=-376; максималды аралық момент Әр түрлі жүк үлгісі бойынша есептелген арқалықтың тіректегі моменттері 3-кесте
3-кесте жалғасы
|