Тәжірибелік жұмыстар ЭТМ на каз (1). Осыан негізгі электр техникалы бйымдар да жатады ошаулаыштар
Скачать 234 Kb.
|
1 2 КіріспеЭлектрлік және магниттік өрістерде жұмыс істеуге арналған электр оқшаулау, өткізгіш, магниттік және жартылай өткізгіш материалдардың жиынтығын электр техникалық материалдар деп атайды. Осыған негізгі электр техникалық бұйымдар да жатады: оқшаулағыштар, сымдар, конденсаторлар және кейбір жартылай өткізгіш элементтер (түзеткіштер). Электр техникалық материалдар қазіргі электр техникасында маңызды орын алады. Электр машиналарының, аппараттарының және электрлік құрылғыларының жұмыс сенімділігі негізінен сәйкес электр техникалық материалдарын дұрыс таңдаудан және олардың сапасына тәуелді болатындығы белгілі. Диэлектрлік материалдар электротехникалық материалдардың негiзгi түрлерi болып табылады және бұл кез-келген болашақ инженер-электриктің тәжірибесінде кездеседі. Бұл материалдар электр жабдықтарының тоқ өткiзетiн бөлігі үшін оқшаулағыш ретінде қызмет етеді. Оған: электр берiлiсi және электр аппараттарының желісіндегі ауа; трансформаторлар, кабельдер және конденсаторлардағы мұнай және жасанды майлар; әуе сымдарының оқшаулағыштары, конденсаторлар, қондырғы бұйымдар және аппараттардың корпусындағы және т.б қатты диэлектриктер сияқты әртүрлі электр оқшаулағыштың түрлері кіреді. Оқшаулағыш қызметін атқаратын физикалық шарттарда материалдың мүмкін түрлеріне, қолданылатын электротехникалық материалдардың түрлеріне шек қоя тұра, физика-химиялық параметрлерiне нақтылы талаптар қойылады. Электр өрісімен жұмыс істеуге арналған тiптi ең қарапайым бұйымдарды құрастырғанда материалда қандай үрдістер болып жатқанын, құрылғыға қай материал калай әсер ететінін білген жөн. Көбінесе барлық талаптарды қанағаттандыру мүмкін емес. Сондықтан әр үрдісті жеке талдап, яғни талаптардың әрқайсысының маңыздылығын бағалап,түсiне білу қажет. Электротехникада магниттi материалдар маңызды орын алады. Электр машиналары және трансформаторлардың энергия шығыны және көлемдерi магниттiк материалдардың қасиеттерiмен анықталады. Жоғары жиiлiктi құралдарды жасаудың және есептеп шығарушы құрылғылардың мәселесі жаңа магниттiк материалдарды-ферритерді әзiрлеудiң нәтижесiнде ойдағыдай шешілді. Электротехникада түбегейлi орынға жартылай өткiзгiш материалдар (жартылай өткiзгiштер) ие. Жартылай өткiзгiштердiң қасиеттерiн әзірлеп зерттеу нәтижесінде қазiргi электротехниканың ауыр мәселелерін ойдағыдай шешуге мүмкiндiк беретін жаңа құралдар жасалды. Электр жабдықтарын сенiмдi пайдалануда аз көлемде және аз салмақта электрлiк оқшаулағыш, магниттi және басқа электротехникалық материалдарды тиiмдi таңдап жасауға болады. Бiрақ бұл сапаға сай болу үшiн түрлi электротехникалық материалдардың қасиеттерiн бiлу қажет. Бұл практикум "Электротехникалық материалтану" пән бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарында бакалаврларды әзiрлеу үшiн жасалған. Бұл практикум негізінде студент көп таралған электрлiк оқшаулағыш материалдардың негiзгi сипаттамаларын анықтауды және сынау әдістерін меңгеруге, зертханалық жабдықтағы жұмыстың практикалық дағдыларын алуға міндетті. Сонымен бiрге материалдарды таңдаудың орындылығын дұрыс бағалай білу керек. 1 2 |