Инклюзивныйт. СРСП 7неделя. ОСж таырыбы Инклюзивті білім беру жадайындаы жеке білім беру бадарламасы жне жеке білім беру жоспары Атбе 2022 ж
Скачать 24.03 Kb.
|
ОСӨЖ Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайындағы жеке білім беру бағдарламасы және жеке білім беру жоспары Ақтөбе 2022 ж Жаңа оқу жылындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру ерекшеліктері келесідей факторлармен байланысты: «Білім туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу (ҚР 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы); Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы); Бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңарту (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 Қаулысы); «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге қатысты қоолданылатын терминдер мен ұғымдар халықаралық қауымдастықпен қабылданған түсіндірме мен нақты сипатқа ие болды. Мысалы, жаңадан енгізілген «ерекше білім беруге қажеттілік» термині тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, сонымен бірге емханада немесе үйде ұзақ мерзімге емделетін оқушыларға, мінез-құлқында эмоцияналдық проблемалары бар балаларға, жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, озбырлық көрген балаларға да және т.б. қатысты тиімді қолданылатын болды. Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім беру» - бұл ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық балаларды оқыту үшін оңтайлырақ тәсіл ретінде халықаралық қауымдастықпен танылған білім берудегі инклюзияның мәнін ашады. Бұл жағдайда инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды, соның ішінде мигрант, оралман балалар, сондай-ақ қоғамға әлеуметтік бейімделуі қиын балалар сияқты басқа да санаттағы білім алушыларға сапалы білім берудің тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін. Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды. Қазіргі уақытта негізгі және жоғарғы мектеп оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленді. Инклюзивті білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оларды психологиялық-педагогикалық түзете қолдау: 1) инклюзивті оқыту сыныптарында; 2) жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда іске асырылады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған. Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ҚР МЖМБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады. Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі. Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді. Инклюзивті және арнайы сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын психологиялық-педагогикалық қолдаудың Жеке бағдарламаларымен сәйкес мамандар іске асырады. Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады. Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады. Психологиялық-педагогикалық қызмет жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог. Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі. Мигрант, оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады. Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады. Мұғалімдерге арналған ұсынымдар Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемшіліктерін ескеріп, сөздердің дұрыс дыбысталу, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу дамуының деңгейіне назар аударған жөн. Сонымен қоса мұғалімге жасына сай тұрмыстық міндеттерді шешу үшін балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қолдану іскерлігін дамытқан дұрыс. Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерін ескеру қажет. Адам және қоғам білім саласына қатысты пәндердің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда оларды қоғамға бейімдеу және мінез-құлықтарын түзету үшін бұл пәндердің жағымды әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттерін ескереді. Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімітірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту процесіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін, жалпы және ұсақ моториканы дамытуын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескерген жөн. Сонымен қоса, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда жасырын таланттар мен шығармашылық әлеуетін таныту ықтималдығы жоғары болғандықтан , олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлген маңызды. Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы білім алушылардың сенсорикасын (сезімталдығын) және ұсақ моторикасын, танымдық әрекеті мен қабілеттерін ескерген дұрыс. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеріп, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің ерекшелігі мектеп деңгейінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі құндылықтармен таныстыру, білім беру процесінің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беруге жағымды көзқарасын қалыптастыру, ересектердің ұстанымын «ерекше балаларға» өзгерту болып табылады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердегі тәрбие процесі дені сау балалар мен олардың өз балалары мен ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды бірге оқыту тәжірибесіне жағымды қарым-қатынас танытпайтын ата-аналарының психологиялық дайын болмауының алдын-алуға арналған тақырыптық сынып сағаттарын қарастырады. Сондай-ақ тәрбие, мәдени-іс-шараларды, спорттық-сауықтырушы және басқа да бос уақыттағы іс-шараларды жүргізуде барлық ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың, оның ішінде даму бұзылысының айқындық дәрежесіне байланыссыз мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2016-2017 оқу жылында 1 сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады. Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді. Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда бағалануы керек: арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу; білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.; әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну. Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады. Білім беру ресурстары мен технологиялары Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22: 1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. 2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау. 3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар. 4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. 5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар. 6. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар. 7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар. 8. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету. |