Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер. Фарм Ас қорыту брошюра. Тсініктеме жазба
Скачать 405.59 Kb.
|
Мазмұны Түсініктеме жазба ........................................................2 Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер.....................3 Дәрілердің топтастырылуы..........................................3 Тәбетке әсер ететін дәрілер..........................................5 Құсуға қарсы және құстыратын дәрілер.....................6 Асқазан секрециясына әсер ететін дәрілер.................8 Helicobacter Pilor-ге қарсы әсер ететін дәрілер........14 Өт айдайтын дәрілер...................................................14 Ұйқы безі секрециясына әсер ететін дәрілер............16 Асқазан ішек жолдары моторикасына әсер ететін дәрілер..........................................................................17 Диареяда қолданылатын дәрілер ..............................18 Ішек микрофлорасына әсер ететін дәрілер ..............19 Тапсырмалар ...............................................................20 Жағдаяттық мәселелерді шешу .................................23 Дәрілерді біріктіргендегі нәтиже ..............................25 Рецепт үлгілері ............................................................27 Тест тапсырмалары .....................................................29 Дәрілер .........................................................................35 Сөздік ...........................................................................41 Глоссарий ....................................................................44 Дайындық сұрақтары .................................................47 Қолданылған әдебиеттер ...........................................48 Түсініктеме жазба Адам ағзасына тағам, қоректік заттар және емдеу мен аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын дәрілердің басым бөлігі энтеральды, яғни асқазан- ішек жолдары арқылы енгізіледі. Уақытымен дұрыс тамақтанбау, майлы, ащы тағамдарды шектен тыс пайдаланудан, әртүрлі дәрілердің жанама және кері әсерінен асқазан- ішек жүйесі жұмысы бұзылып, әртүрлі аурулар дамиды. Асқазан- ішек жүйесі қызметі бұзылса адамның басқа мүшелерінің де қалыпты жұмысы бұзыла бастайтыны мәлім. Сондықтан медицинада ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер өте жиі қолданылады. Медицина қызметкеріне пациенттің өміріне қауіп тудырмай ем жүргізу үшін сан алуан фармакологиялық дәрі топтарын ажыратып, олардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, қолдану ерекшеліктері мен дәрілік түрін, жанама әсерлері мен кері әсерлерін ескеру міндеттеледі. Осы оқу құралы фармакология пәнінен медициналық колледж студенттеріне ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілерді тереңдете оқып, меңгерулеріне ықпал етеді. Оқу құралында қысқаша дәрістік материал, дербес жұмысқа ой толғауға, білгенін зерделеуге, жүйелеуге бірнеше тапсырмалар, жағдаяттық есептер, кестелер, тест тапсырмалары, глоссарий, сөздік ұсынылған. Халық денсаулығын сақтауда медицина қызметкері маңызды тұлға екенін жадында ұстап, салауатты өмір сүру қағидаларын халыққа түсіндеруге жалықпай, үлгі болып, денсаулық сақшысы болады деген сенімдеміз. Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер Ас қорытылуының бұзылуы және осы үрдіске қатысатын мүшелердің аурулары өте жиі кездеседі. Бұл мүшелердің жұмысын қалпына келтіруде көптеген дәрі топтары қолданылады. Ас қорытуға бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше мүшелер қатысады. Ас қорыту ауыз қуысында астың сілекеймен араласып, шайнаудан басталады. Ары қарай жұтқан ас кеңірдектен өтіп, асқазанға түсіп, қорытылуы жүзеге асады. Астың қорытылуы мен сіңуі ащы ішекте өтеді. АІЖ-ің секреторлы қызметі, яғни сөл бөліну, ферменттер бөліну үрдісі жүріп, тамақты ыдыратып, қанға сіңіреді. АІЖ-е жылжыту-жиырылу қызметінің арқасында тамақ тоқ ішекке өтіп қорытылмаған бөлігі сыртқа шығарылады. Бөліп шығару қызметінің көмегімен нәжіс сыртқа шығады. Ас қорыту үрдісі гипоталамуста орналасқан ас қорыту орталығымен реттеледі (ГК, гастрин, секретин гормондарының қатысуымен). Ас қорыту мүшелерінің қандай қызметі бұзылуына байланысты әртүрлі дәрілер қолданылады. Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің топтастырылуы. 1. Тәбетке әсер ететін дәрілер: а) тәбет ашатын дәрілер б) тәбет жоятын (анорексигенді) дәрілер. 2. Құсуға қарсы қолданылатын және құстыратын дәрілер. 3. Асқазан сөлі бөлінуіне әсер ететін дәрілер: а) асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер б) асқазан секрециясын төмендететін дәрілер в) антацидтер г) гастропротекторлар д) Хеликобактерге қарсы дәрілер 4.Өт айдайтын дәрілер: а) холеретиктер б) холекинетиктер в) холелитолитикалық дәрілер (тас ерітетін) Гепатопротекторлар 5. Ұйқы безі секрециясына әсер ететін дәрілер: а) ферментті дәрілер б) антиферментті дәрілер 6.Асқазан ішек жолдары моторикасына әсер ететін дәрілер: 7. Іш жүргізетін дәрілер 8. Диареяда қолданылатын дәрілер. 9. Ішек микрофлорасынаәсер ететін дәрілер 1.Тәбетке әсер ететін дәрілер Тәбет дегеніміз тамаққа қанағаттылық сезімі. Тәбет қарын ашқанда пайда болады. Ол энергиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру керектігі туралы белгі. Бұл сезім белгісі гипоталамустан келеді. Гипоталамуста: ашығу орталығы және тойымдылық орталығы бар. Ашығу орталығын қуаттандырса ашығу сезімі пайда болып, адам тамақтануға ниеттенеді. Егер тойымдылық орталығын қуаттандырса ашығу орталығы қызметі тежеліп, керісінше тойымдылық сезімі пайда болады. Бұл екі орталық бір-бірімен байланысты. Тәбетті қалпына келтіруге арнайы тәбет ашатын және тәбет жоятын (анорексигенді) дәрілер қолданылады. 1.1. Тәбет ашуғадәрілер және жәмдеуіштер қолданылады.Олар: Ащы жусан тұндырмасы, бақ- бақ, иір тамыры, жолжелкен, қызыл бұрыш тұндырмасы, желкен (хрен). Дәмдеуіштер тілдегі сезім рецепторларын тітіркендіріп, рефлекторлы асқазан сөлінің бөлінуін көбейтеді. Бұл әсер ету механизміне ашығу орталығының қозуы себеп. Дәмдеуіштерді тамақтанардан 15-30 мин бұрын тәбетсіздікте қолданады. Тәбет ашуға әсер ететін басқа дәрілер: ципрогептадин (апетиген, перитол) инсулин, дәрумендер, анаболикалық стероидтар, карнитин, апилак. 1.2. Тәбет жоятын дәрілер (анорексигенді- an- жоқ, orexis- тәбет) семіздікте(диета және қозғалыс белсенділігімен бірге) және гормонды бұзылыстардан болған семіздікте қолданылады. Анорексигенді дәрілер гипоталамустағы тойымдылық орталығын қуаттандырады. Тәбет жоятын анорексигенді дәрілер: Дексфенфлурамин (изолипан), Фенфлурамин, Сибутрамин, Фепранон, Мазиндол, Орлистат, Дезопимон. Жанама әсері: ауыз құрғау, диарея немесе іш қату, А/Қ көтерілуі, ұйқысыздық, дәріге тәуелділік, үйреншіктік. Қарсы көрсеткіштері: гипертония, жүктілік, жүрек қан тамырындағы және ми қан айналымы бұзылыстары, глаукома, психикалық аурулар, гипертиреоз. Сибутрамин (меридиа) тойымдылық сезімін арттырып, ас қабылдауға ниетті азайтады, қанда холестеринді, триглицеридтерді азайтады. Норадреналин көбейіп зат алмасу процесі артады, күш-қуат көбейген сезім береді. Жанама әсері: терлеу, ісіну, тахикардия, үрей, ұйқы қашу, бас ауру, дәмді сезудің өзгеруі. Сілекей бездерінің қызметіне әсер ететін дәрілер Сілекей бездерінің жұмысы холинергиялық жүйкелердің қозуына байланысты. Сілекей бөлінуін күшейтетін дәрілер холиномиметиктер: Пилокарпин, Карбахолин, Прозерин, т.б. Сілекей бөлінуін тежейтін дәрілер холиноблокаторлар: Атропин, т.б. Атропинді операция алдында премедикацияға сілекей безінің белсенділігін төмендетуге қолданады. 2. Құсуға қарсы және құстыратын дәрілер. Құсуқорғаныш рефлексі. Құсық орталығы сопақша мида орналасқан. Құсу орталық жүйке жүйесі ауруларына байланысты (ми шайқалу, ми ісігі, ми қабынуы) және асқазанға бөгде заттар түскенде және шайқалудан (тербелу) болады. Құсу орталығында триггер аймағы бар (триггерная зона-trigger zone). Триггер аймағында дофамин рецепторлары және серотонин, гистамин рецепторлары орналасқан. Осы рецепторлар тітіркенгенде құсу орталығы қозады. Құсуға қарсы әсер ететін дәрілер (антиэметиктер). Құсудың себебіне қарай әртүрлі фармакологиялық топ дәрілері қолданылады. Егер құсу кеңірдек пен асқазанның кілегей қабығының тітіркенуіне байланысты болса жергілікті анестетиктер: новокаин, анестезин қолданылады. Ішкі мүшелердің бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты құсуда спазмолитиктер: атропин, папаверин, дротаверин (но-шпа), т.бқолданылады. Вестибулярлы аппараттың қозуынан импульстар құсу орталығына өтеді. Бас шайқалуынан құсу орталығы қозып (морская, воздушная болезнь) құсу болса құрамына белсенді тыныштандырғыш әсерлі м-холиноблокатор Скополамин дәрісі бар6 сағат әсер ететін "Аэрон"таблеткасы қолданылады. Сондай-ақ бас шайқалудан болған құсуда Н1-гистамино-блокаторлар: димедрол, дипразан, драмина дәрілері қолданылады. Жанама әсері: ауыз құрғау, ұйқысы келу, бейімделудің (аккомодация) бұзылуы. ОЖЖ қызметі бұзылуына байланысты құсуда нейролептиктер: Аминазин, Трифтазин, Галоперидол; М-холиноблокатор: Скополамин және дофаминаблокаторлар: Метоклопрамид, Мотилиум, Торекан қолданылады. Сонымен қатар Метоклопрамид, Мотилиум дәрілері АІЖ жылжыту белсенділігін арттырып, асқазанның босауын жылдамдатады. Ықылық тигенде де тиімді. Жанама әсері: ұйқысы келу, ауыз құрғау, тахикардия, гипотония, қалыпты қозғалыстың (экстрапирамидальды) бұзылуы. Нейролептиктерді іштегі шаранаға кері әсер тигізетіндіктен жүктілік кезінде қолданбайды. Жүктілік кезіндегі толассыз құсу мен ықылыққа белсенділігі жоғары нейролептик Перфеназин (Ээтаперазин) және Пиридоксин гидрохлоридін (Вит В6) қолдануға болады. Ісікке қарсы химиотерапиялық, цитостатикалық дәрілердің, сәулелік терапиядан кейінгі құсудың алдын алуға 5-НТ-серотонин-блокаторлары Навобан (Трописетрон), Ондансетрон (Зофран) қолданылады. Құсу рефлексіне 24 сағат тежегіш әсер етеді. Ұзақ қолданғанда АІЖ- ң жылжыту қабілеті нашарлап, іш қату білінеді. Жанама әсері: бас ауру, бас айналу, талу (обморк), аллергия, кардиотоникалық бұзылыстар. Құстыратын дәрілер әсер ету механизміне қарай тікелей әсер ететін және шеткері әсер ететін дәрілер деп бөлінеді. Тікелей әсер ететін дәрілер құсу орталығын қоздырады: апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, обырға қарсы дәрілер. Рефлекторлы әсер ететін дәрілерасқазанның кілегей қабығын тітіркендіреді: мырыш сульфаты (ZnSO4), мыс сульфаты (CuSO4), арамтұмсық (термопсис),ипекакуана(рвотный корень) препараттары. Асқазандағы жүйке ұштары қозып, импульстер құсу ортлығына жетіп, құсу рефлексі болады. Құстыратын дәрілер аз мөлшерде қабылдағанда бронх секрециясына әсер етіп, қақырық бөлінуін жеңілдетеді. Құстыратын дәрілер уланғанда қолданылады. 3.Асқазанның секрециясына әсер ететін дәрілер Ас қорытуда асқазан сөлі мен ұйқы безі сөлінің маңызы зор. Асқазанға түскен ас, асқазан сөліндегі тұз қышқылымен зиянды заттардан тазарып, асқазан бұлшық еттерінің жиырылуымен араласып, әрі қарай ішекке өтеді. Асқазан бездерінің құрамы мен сипаты әртүрлі. Асқазанның негізгі жасушаларынан пепсиноген, париетальды жасушаларынан HCl, қосымша жасушаларынан муцин бөлінеді. Тәулігіне шамамен 2-2,5 л асқазан сөлі бөлінеді. Аш қарындағы тұз қышқылының қышқылдығы рН≈ 4,0. Ас қорыту барысында қышқылдық рН≈ 1,5-1,8 барады. Асқазан сөлінің негізгі компоненттері: HCl, су, тұздар (Cl, SO4, фосфаттар, биокарбонаттар) және ферменттер, пепсиндер ( 8 түрлі). Пепсиндер тұз қышқылының әсерінен пепсиногеннен пайда болады. Асқазанда тағы ферменттер липаза, лизоцим, муцин бар. Липаза мен лизоцим микробтарға қарсы әсер етеді. Муцин асқазанның кілегей қабығын зақымданудан қорғап, асқазан сөлімен асқазанның өзін қорытудан сақтайды. Асқазандағы қышқыл заттар 12 елі ішекке түсіп, өт бөлінуіне және ұйқы безі сөлінің бөлінуіне ықпал етеді (қуаттандырады). Ферменттер: пепсин, трипсин- ақуыздарды, амилаза- көмірсуларды, липаза- майларды қорытып, ыдыратады. Асқазанда секреция төмендегенде қажетті ферменттер ішектен, ұйқы безінен дұрыс бөлінбейді. Сондықтан ас қорыту қызметі бұзылып, асқазан микроорганизмдер мен зиянды заттардан тазармай, олар ішекке, өт қабына, ұйқы безі түтіктеріне енеді. Осыған байланысты өт қабының қабынуы (холецистит), ұйқы безінің қабынуы (панкреатит), асқазан кілегей қабығының қабынуы (гастрит), ащы ішектің қабынуы (энтерит) болады және ішектің жылжыту-жиырылу қызметі бұзылады (іш өту, іш қату). 3.1. Асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер Бұл дәрілер асқазан секрециясы төмендеп, ас қорытылуы бұзылуына байланысты гипоацидті гастрит, гастроэнтерит, энтероколитте тағайындалады. Сілекейдің, асқазан сөлінің бөлінуіне ықпал ететін ащы, жұпар иісті дәмдеуіштер және дәрілер қолданылады. Қолданылатын дәрілік шөптер мен олардың препараттары: Плантаглюцид, толғақшөп, ащы жусан, қызыл бұрыш тұндырмасы, бақ- бақ, жолжелкен, субеде. Тілдегі дәм сезу талшықтарын тітіткендіру үшін, ауыз қуысында шамалы уақыт ұстау керек. Қозу гипоталамустағы тамақ қорыту орталығында өтеді. Осы орталықты рефлекторлы қоздыруға суға араластырып сұйылтылған HCl 20-40 тамшыдан тағайындалады. Табиғи асқазан шырыны2 ас қасықтан; 0,2г, 0,5г пепсин тұз қышқылымен, ацидин-пепсин 0,5г таблеткасын 50- 100мл суда ерітіп 3рет тамақпен бірге немесе тамақтан соң беріледі. Ферментті дәрі Абомин 0,2г күніне 3 рет 1-3 таблетка тамақпен бірге 1-2 айғатағайындалады. 3.2. Асқазан секрециясын төмендететін дәрілер. Бұл дәрілер асқазандағы париетальды жасушаларда тұз қышқылының өндірілуіне тежегіш әсер көрсетеді. Париетальды жасуша-лардың белсенділігін бірнеше биологиялық белсенді заттар бақылайды. Олардың негізгілері М- холинорецепторлардан бөлінетін ацетилхолин, Н2- гистаминорецепторлардан бөлінетін гистамин және гастринді рецепторлардан бөлінетін гастрин. Асқазан сөлі көбейгенде асқазан қабаттары зақымданып, гиперацидті гастрит, асқазан ойық жарасы, рефлюкс-эзофагит және т.б. аурулар дамиды. Осы ауруларды емдеуде антацидті дәрілер, тұз қышқылының өндірілуін тежейтін дәрілер, гастропротекторлар (АІЖ зақым-дануына қарсы), Helicobacter Pilor-ға қарсы дәрілер қолданылады. Тұз қышқылының өндірілуін тежейтін дәрілер: Холиноблокаторлар: Атропин, Гастроцепин (Пиринзепин). Н2- гистаминоблокаторлар: Цимитиден, Ранитидин, Фамотидин (Гастросидин, Квамател), Низатидин. 3. Протон помпасының ингибиторлары: Омепразол (Омез, Лосек, Пептикум), Пантопразол (Контролок), Рабипразол (Париет). М- холиноблокатор Гастроцепин түнгі HCl секрециясын тежеуге негізінен кешке тағайындалады. HCl секрециясын 50 % және пепсиногеннің секрециясын (бөлінуін) төмендетеді, сілекей бездері секрециясын аздап төмендетеді. Бүйрек және өт арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Н2- гистаминоблокатордың I- буыны: Циметидин; II- буыны Ранитидин; III- буыны Фамотидин, IV- буыны: Низатидин, Роксатидин. Цимитидин тұз қышқылын 50% төмендетеді. Оның көптеген жанама әсерлері бар: бауыр ферменттерінің тежелуі, осыған байланысты зат алмасу процесінің бұзылуы, гепатотоксикалық, канцерогенді, антиандрогенді әсер, гинекомастия, импотенция, лейкопения болады. Сондықтан сирек қолданылады. Ранитидин (Пилорид) ондай жанама әсер көрсетпейді. Тұз қышқылын 70% төмендетеді. Әсері 12 сағатқа созылады. Күніне 2 рет 150 мг-нан тағайындалады. Негізгі жанама әсері ауыз құрғау, бас айналу, диарея немесе іш қату, аллергия. Ранитидин 1988 ж синтезделді. Фамотидин(Квамател) тұз қышқылын 80% төмендетеді. Ранитидиннен 10 есе, Циметидиннен 50 есе тиімді. Асқазан ойық жарасында 40 мг түнге қарай тағайындалады. Жанама әсерлері әлсіз, өте сирек. Н2- гистаминоблокаторлардың қарсы көрсеткіштері: жүктілік, лактация, 12 жасқа дейінгі балаларға, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылыстары. Жылына 16 аптадан артық қабылдауға болмайды. Ұзақ уақыт асқазанда қышқылдықты төмендетуден канцергенез өрбуі мүмкін. Н2- гистаминоблокаторларын кенеттен доғарғанда «Рикошет синдромы» болады (асқазан секрециясы кұшейіп, аурудың асқынуы). Протон помпасының ингибиторлары I -буыны: Омепразол; II-буыны: Лансопразол; III- буыны: Пантопразол (Контролок), Рабепразол (Париет). Бұл дәрілер тұз қышқылының секрециясын және пепсиногеннің бөлінуін тежейді,Helicobacter Pilor-геқарсы бактерио-статикалық әсер көрсетеді. Холинорецепторларға, гистамино-рецепторларға әсер етпейді. Әсері 24 сағатқа созылады. Жанама әсері: ауыз құрғау, тәбеттің төмендеуі, іш қату, метеоризм, іш түйілу, диарея, бас ауру, бас айналу, ұйқысы бұзылу, көру нашарлау, аллергия, мазасыздық. Қолданылады: асқазан және 12 елі ішек ойық жарасында. Қарсы көрсеткіші: жүктілік, лактация, 14 жасқа дейінгі балаларға. Н2- гистаминоблокаторлар мен протон помпасының ингибитор-ларын ацетилсалицил қышқылымен улануда да қолданады. 3.3. Антацидтер (аnti-қарсы, acidum-қышқыл) асқазан қышқылдығын төмендетіп, асқазанның зақымдануын азайтады. Асқазанда HCl-мен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын негіздер болып табылады. Антацидтер: сіңетін және сіңбейтін болып бөлінеді. Сіңетін антацид: Натрий гидрокарбонаты (NaHCO3) 3-5минутта әсер етеді. Асқазанда СО2 түзеді. NaHCO3+ HCl ↔ NaCl + CO2 + H2O. Бұл асқазанның керілуіне әкеліп, қайтара HCl бөлінуіне себеп болуы мүмкін. Жүйелі алкалоз даму қаупі артады. Тіндерде Na+мен судың ұсталуынан ісінулер болады.Антацид ретінде өте сирек қолданылады. Сіңбейтін антацидтер: Магний тотығы (MgO), Магний үш силикаты ((2MgO+ 3SiO2+ H2O)n), Алюминий гидрототығы ((Al(OH)3), Кальций карбонаты. Құрмаластырылған дәрілер: Ренни, Алмагель, Маалокс, Гастал, Викалин, Викаир. Олар ұзақ әсер етеді. Тұз қышқылымен ерімейтін қосылыстар, коллоидтар, гель түзеді. Әсері 15-20 мин басталып, 1-3 сағатқа созылады.Ас қабылдаған соң 1,5- 2сағаттан кейін немесе ұйықтар алдында қабылдайды. Асқазанда СО2 түзбейді. Н2- гистаминоблокаторлар мен протон помпасының ингибиторларының тиімділігі жоғары болғандықтан антацидтер монотерапияға қолданылмайды. Қосымша дәрі ретінде ғана қаралады. Жанама әсерлері: гипермагниемия, алкалоз, іш қату. Қарсы көрсеткіштері: бүйректің ауыр бұзылыстары, Альцгеймер ауруы. Қолданылады: асқазан ойық жарасында, гиперацидті гастритте, рефлюкс- эзофагитте. Антацидтер тетрациклиндердің, дигитоксин, ацетилсалицил қышқылының сіңуін тежейді, сондықтан оларды 2-3 сағаттан соң қабылдаған жөн. |