Главная страница

Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер. Фарм Ас қорыту брошюра. Тсініктеме жазба


Скачать 405.59 Kb.
НазваниеТсініктеме жазба
АнкорАс қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер
Дата21.10.2020
Размер405.59 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФарм Ас қорыту брошюра.docx
ТипДокументы
#144612
страница6 из 6
1   2   3   4   5   6

Глоссарий

Аккомодация- бейімделу.

Алкалоз- қанда негіздердің (сілтілердің) көбеюі.

Амнезия- ұмытып қалу, есте сақтау қабілетінің бұзылуы.

Анаболизм- энергия жұмсап, инсулин, соматотропин, тестостерон гормондарының қатысуымен ағзада қарапайым заттардан күрделі заттардың синтезделуі.

Анацидті гастрит- қышқылы жоқ гастрит.

Анаэроб- оттегінсіз тіршілік ететін микроорганизм.

Анорексия- тәбетсіздік.

Антагонизм- бір дәрі, екінші дәрінің әсерін әлсіретуі.

Антацид- (а- жоқ, acidum- қышқыл)- қышқылдарды бейтараптайтын дәрі.

Антидотизм- химиялық немесе физико- химиялық әсермен дәрілердің бейтараптануы.

Антиоксидант- тотығу- тотықсыздану процесіне әсер етіп, ағзада пайда болған бос радикалдарды шығаратын дәрілер.

Антисептика- пайда болған микроорганизмдердің өсуін тоқтату және жою шарасы.

Асептика- ауру қоздырғыштарының пайда болуының алдын алу шаралары.

Астения- әлсіздік, күшсіздік.

Асфиксия- бөгде заттардың әсерінен өкпеге ауа бармай тұншығу.

Асцит- іш қуысында сұйықтық жиналу.

Атеросклероз- тамырдың ішкі қабатына май тәріздес заттардың жабысып, шоғырлануынан пайда болатын ауру.

Атония- тонусы (белсенділігі) болмау.

Атрофия- сему (мүшенің қоректенуінің, қозғалуының болмағандығынан белсенділігінің жойылуы).

Аутолиз- ферменттердің әсерінен мүшенің ыдырауы.

Ахилия- асқазан сөлінде қышқылдың, ферменттердің (пепсин) болмауы.

Ацидоз- қанда қышқылдардың көбеюі.

Аэроб- тіршілік етуге оттегін қажет ететін микроорганизм.

Бактериостатикалық әсер- микроорганизмдердің өсуін тоқтату.

Бактериоцидті әсер- микроорганизмдерді жою, өлтіру.

Биожетімділік- қолданған дәрінің қажетті жерге жеткен мөлшері.

Биотрансформация (метаболизм)- ағздағы ферменттердің әсерімен қолданылған дәрінің химиялық құрылысы мен физика- химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Бүркеуші- обволакивающие.

Бырыстырғыш (тұтастырғыш)- вяжущие.

Гастропротектор-асқазанның кілегейлі жасушаларын зақымданудан қорғап, қалпына келтіретін дәрілер тобы.

Гепатопротектор- бауыр жасушаларын зақымданудан қорғап, қалпына келтіретін дәрілер.

Гепатотоксикалық- дәрінің бауырға улы әсері.

Гиперацидті гастрит- қышқылы көп гастрит.

Гиперкинезия- кез келген ағзаның қимыл қозғалысының күшеюі.

Гиперсаливация- сілекей бөлінуінің күшеюі.

Гипертония- бұлшық ет, тамыр тонусының күшеюі.

Гипоацидті гатрит- қышқылы төмен гастрит.

Гиповолемия –қанның көлемінің азаюы.

Гипоксия- тіндердегі отттегінің жетіспеушілігі.

Гипотония- бұлшық ет, тамыр тонусының төмендеуі

Дегидратация- сусыздану, ағзадағы сұйықтықтың азаюы.

Дезинтоксикация- уытсыздандыру.

Дезинфекция- қоршаған ортадағы өсіп келе жатқан (вегетирующие) микроорганизмдер мен паразиттерді жою шарасы.

Денатурация- ақуыз молекуласының бұзылысы.

Диарея- іш өту, тышқақ.

Дизентерия- қанжамсап.

Дискинезия- қимылдық әрекеттер бұзылуы.

Диспепсия- асқазан ішек жолдары функциясының бұзылыстары.

Дистония- тонустың патологиялық өзгеруі.

Дистрофия- нәрленудің бұзылуы, қоректенудің бұзылуы.

Дисфагия- жұтынудың бұзылуы.

Ингибитор- (лат. Inhibere- тоқтату)- кезкелген бір химиялық процесті тоқтату, төмендету.

Интоксикация- улану.

Ишемия- мүшедегі қан айналымының төмендеуі (соның салдарынан қоректенуінің төмендеуі).

Канцерогенез- қатерлі ісікке (обырға) айналу.

Катаболизм- энергия бөліп, адреналин және глюкокортикоидты гормондардың қатысуымен ағзадағы күрделі заттардың қарапайым заттарға ыдырауы.

Кахексия- қу сүйек болып арықтау, азу.

Клизма- тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагностикалық мақсатта сұйықтық жіберу.

Клиренс- қанның немесе ағзаның тазару жылдамдығы.

Коагуляция-қанның ұюы.

Лактация- сүт безінен сүт бөліну (босанғаннан кейін гормондардың әсерімен болады).

Лиофильді- тазаланған стерильді ұнтақ.

Малигнизация- (лат.malignus- ашулы, қауіпті өлімші) қалыпты жасушалар-дың қатерлі түрге айналуы.

Мелена- қара май тәрізді сұйық нәжіс.

Метаболизм (биотрансформация)- зат алмасу; ағздағы ферменттердің әсерімен қолданылған дәрінің химиялық құрылысы мен физика- химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Метаболит- зат алмасу процесінде пайда болатын аралық өнім.

Метеоризм- іш қатуының (запор) 48 сағаттан артыққа созылуы.

Невроз- жүйкенің психикалық әрекеттерінің қайтадан қалпына келе алатындай дәрежедегі бұзылыстары.

Обыр- рак.

Отоуытты- құлақ, мұрын, жұтқыншаққа улы әсері.

Парестезия- дененің әр жерінде шаншу, қызып ашу, түршігу, ұю, құмырсқа жүргендей жыбырлау сияқты кенеттен пайда болатын сезімдер.

Регенерация-тірі ағзадағы зақымдалған тіндер мен мүшелердің бірте- бірте қалпына келу қасиеті.

Регидратация- жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыру.

Резистенттік- төзімділік, тұрақтылық, көнбеушілік (микробтардың антибиотиктерге төзімділігі артып, жойылмауы).

Ректальды- тік ішекке

Сенсибилизация- тітіркендіргіш дәріге н/е аллергенге ағзада жүйке ұштарының сезімталдығының күшеюі.

Симптом- әйгіленістер, ауру белгілері.

Синдром- симптомдар жыйынтығы.

Синергизм- бір дәрі, екінші дәрінің әсерін күшейтуі.

Спазмолитик- спазм- жиырылу, литик- еріту, босату.

Спастичность- бұлшық ет тонусының жоғарылап, спазмда болуынан аяқ- қол мен басқа мүшелердің қозғалуының төмендеуі.

Стимуляция- қуаттандыру, ынталандыру, күшейту.

Тенезм- үлкен дәретке барғысы келе беретін жалған сезім.

Тетания- ағзада кальцидің жетіспеуінен болатын тырысу ұстамасы (қиналу, алқыну, тырысу, діріл).

Тремор- (лат. Tremor- қалтырау)- бұлшық еттердің жиырылуынан, орталық жүйке жүйесі аруларында болатын дененің немесе бір мүшенің қалтылдауы, дірілдеуі.

Ульцерогенді әсер- асқазан ішек жолдарының дәрінің әсерінен зақымдануы (жара, қабыну).

Уретрит- зәр шығару жолдарының қабынуы.

Холелитолитик- өт тастарын ерітетін әсерлі дәрілер.

Цитостатик- обырды(рак) емдеуге арналған дәрілер. Обыр жасушаларын некрозға әкеледі.

Іш сүзегі- брюшной тиф.

Экстрапирамидальды бұзылыстар- қалыпты қозғалыстың бұзылуы.

Элиминация- қолданған дәрінің ағзадан шығарылуы.

Дайындық сұрақтары


  1. Асқазан бездері секрециясы төмендегенде қолданылатын

дәрілер, әсері, қолданылуы.

  1. Асқазан бездері секрециясы жоғарылағанда қолданылатын

дәрілер, әсері, қолданылуы.

  1. АІЖ ауруларында қолданылатын М-холиноблокаторлар, әсері,

қолданылуы.

  1. Н2гистаминоблокаторлар, әсері, қолданылуы, жанама

әсерлері.

  1. Протон помпасы ингибиторлары,әсері, қолданылуы, жанама

әсерлері.

  1. Гастропротекторлар, әсері, қолданылуы, жанама әсерлері.

  2. Регенерацияны жақсартатын дәрілер, әсері, қолданылуы.

  3. Асқазан және 12-елі ішек ойық жарасында қолданылатын

химиотерапевтикалық дәрілерәсері, жанама әсерлері.

  1. Антацидты дәрілер, әсері, қолданылуы, жанама әсерлері.

  2. Натрий гидрокарбонатының әсері, қолданылуы, жанама

әсері.

  1. Құсуда, лоқсуда қолданылатн дәрі топтары, олардың

сипаттамасы.

  1. Созылмалы панкреатитте орын басу терапияға қолданылатын

дәрілер, әсері, жанама әсерлері.

  1. Өт айдайтын дәрі топтары, әр топтың әсері, қолданылуы,

жанама әсерлері.

  1. Гепатопротекторлар, әсері, қолданылуы, жанама әсерлері.

  2. Іш жүргізетін дәрілер, әсері, қолданылуы, жанама әсерлері.

  3. Ішектің барлық бөлігіне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер,

әсері, жанама әсерлері.

  1. Диареяда қолданылатын дәрілердің әсері, жанама әсерлері,

қарсы көрсеткіштері.

  1. Ішек микрофлорасына әсер ететін дәрілер, сипаттамасы.


Қолданылған әдебиеттер

  1. Фармакология ,Сұлтанов М.А.,Ербасова А.А.,2008ж., Шымкент

  2. Д.А. Харкевич, Фармакология, Жоғары оқу орындарына арналған оқулық, Алматы, 2014ж.

  3. Клиникалық фармакология, И.Р. Құлмағамбетов, К.Е.Ердесова, Алматы, 2000ж.

  4. М.И. Кравчук, Лекции по фармакологии, Шымкент, 2009г.

  5. Фармакология, Р.Н. Аляутдин, Н.Г. Преферанский, Н.Г. Преферанская, Москва, ГЭОТАР- Медиа, 2010г.

  6. Фармакология с общей рецептурой, В.В. Майский., Р.Н. Аляутдин, Москва, ГЭОТАР- Медиа, 2012г.

  7. Фармакология с рецептурой, В.М. Виноградов, Е.Б.Каткова, Е.А.Мухин, Санкт- Петербург, 2006г.

  8. Лекарственные средства, Машковский М.Д.,2010г.,Новая волна, Москва.

  9. Справочник «Видаль», 2014г.,Лекарственные средства в Казахстане.

  10. Справочник «Видаль», 1998г., Лекарственные средства в России.

  11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопеясы,I- басылым, Астана, 2008ж., Жібек жолы баспа үйі.

  12. Медициналық терминдер сөздігі, Ахметов М., Алматы, 2009ж.

  13. С.Я. Соколов, И.П. Замотаев, Справочник по лекарственным растениям, Москва, Медицина, 1988г.

  14. Рецептурный справочник педиатора, 2006г., Е.Н.Панкова, Н.Н.Ячменников, А.В.Голубчик, Ростов- на- Дону,Феникс.

  15. Лекарственные препараты разрешенные к применению в СССР, М.А.Клюева и Э.А.Бабаяна, Москва, Медицина,, 1979г.

  16. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «30»желтоқсан 2011 жылғы № 1693 қаулысымен бекiтiлген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары.



1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта