Микробиология. У Арай пс7 микрош. Практикалы саба
Скачать 379.57 Kb.
|
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті «Микробиология, вирусология, иммунология» кафедрасы ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ Тақырыбы: Антибиотиктер және антибиотикке сезімталдылық Орындаған: Утебаева Арайлым ЖМ 207А Қабылдаған: Алпамыс А.К Ақтөбе қаласы, 2022жыл Тақырып жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Микробқа қарсы химиотерапиялық препараттар. Ұғымы. Оларға қойылытын талаптар. Антибиотиктерді алу тәсілдері. Антибиотиктердің бактерияларға әсер ету механизмдері. Химиотерапиялық препараттар бактерияның жасуша қабырғасы синтезінің ингибиторлары. Химиотерапиялық препараттар бактериялардың рибосомаларындағы ақуыз синтезінің ингибиторлары. Химиотерапиялық препараттар бактериялардағы нуклеин қышқылдарының синтезінің ингибиторлары. Химиотерапиялық препараттар бактериялардың цитоплазмалық мембранасының синтезі мен функциясының ингибиторлары. ІІІ. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер. КІРІСПЕ Химиятерапия – бұл жұқпалы ауруларды немесе қатерлі ісіктерді этиотропты емдеу, яғни, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының немесе қатерлі ісік жасушаларының тіршілік қабілеттілігін химиятерапиялық дәрі – дәрмектермен талғамалы жою. Химиятерапиялық препараттардың талғамалы әрекеті микробтар үшін уытты болып табылады, ал бірақ иесі организмінің жасушаларына әсер етпиді. ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы П.Эрлих (1854 — 1915) күшаланың(мышьяк) бірқатар қосылыстарын синтездеп «Химиятерапияның» негізін салды. Ол 1909 жылы сальварсан препаратын алып, онымен мерез ауруын емдеген бірінші дәрігер болды. Бұдан кейін Химиятерапияның дамуына сульфаниламидті препараттар (сульфанил қышқылынан алынған микробқа қарсы қолданылатын дәрілік заттар) мен антибиотиктердің ашылуы үлкен септігін тигізді. Қазіргі кездегі Химиятерапияның алдына қойған мақсаты — микробқа және ісікке қарсы жаңа дәрілік препараттарды тауып, олардың әсер ету механизмін зерттеу. Антимикробтық химиятерапиялық препараттар Антимикробтық химиятерапиялық микробтар – ол жұқпалы ауруларды қоздыруға себепкер болатын микробтардың өсіп – өнуін таңдамалы басып тастайтын және инфекциялардың алдын алу үшін қолданылатын емдік препараттар. Химиятерапиялық препараттарға бірқатар шарттар қойылады: Жақсы терапевтік тиімділігі және адамдар үшін уыттылығы минималды болу керек; Жанама әсер қоздырмау керек; Антимикробтық белсенділік спектрі жеткіліті болу керек; Көптеген патогенді микроорганизмдердің өсіп – өнуін тоқтатуы қажет; рН кең аралықтағы әсеріне тұрақтылығын сақтау керек; қолданылатын препараттар микроорганизмдерде дәрілік төзімділік туғызбау керек. Қазіргі кезде қолданылып жүрген химиятерапиялық препараттар осы шарттарға сай келе бермейді. Заманауи химиятерапия қолданыстағы препараттарды тұрақты жетілдірумен және жаңа түрлерін жасаумен шұғылданады. Қазіргі кезде антимикробтық белсенділігі бар мыңдаған химиятерапиялық препараттар бар, бірақ олардың кейбіреулері ғана химиятерапиялықы дәрмек ретінде қолдануға жарайды. Антимикробтық химиятерапиялық препараттар: антибиотиктер – тек қана микроорганизмдердің жасушалық түрлеріне әсер етуге қабілетті(қатерлі ісіктерге ісер қарсы әсер ететін антибиотиктер белгілі); химиялық құрылысы әр түрлі синтетикалық микробтық химиятерапиялық препараттар(олардың арасында тек қана жасушалық микроорганизмдерге немесе тек қана вирустарға әсер ететіндері бар) Микроорганизмдердің жасушалық түрлеріне әсер ететін химиятерапиялық препараттар антибактериялық антимикотикалық антипротозойлық Антибактериялық препараттар Тар спректрлі Кең спектрлі Грам(+) н/е грам (-) бактериялардың Екі топтыңда көптеген Шамалы ғана түріне ғана әсер етуге түрлеріне әсер етеді қабілетті АНТИБИОТИКТЕР 1928 – 1929 жылы А. Флеминг стафилококктың өсуін тежейтін химиялық заттек бөліп шығаратын зең саңырауқұлағының штамын тапты. Бұл зат пенициллин деп аталды, дегенмен, 1940 жылы ғана Х. Флори мен Э. Чейн тазартылған пенициллиннің тұрақты препаратын ала алды – бұл клиникада кең қолданысқа ие болған ең бірінші антибиотик болды. А. Флеминг, Х. Флори және Э. Чейн Нобель сыйлығының иегерлері болды. КСРО – да антибиотиктер туралы ілімге З. В. Ермольева және Г.Ф. Гаузе зор үлес қосқан. Микроорганизмдер өндіретін және төмегі концентрацияда басқа бактерияларға антагонистік әсер ететін табиғи заттарды белгілеу үшін 1942 жылы С. Ваксман «антибиотик» терминін ұсынды. Антибиотиктер – шығу тегі биологиялық – химиялық құрамалардан және олардың жартылай синтетикалық өнімдері мен синтетикалық аналогтарынан тұратын, төмегі концентрацияда микроорганизмдерге және қатерлі ісіктерге таңдамалы зақымдаушы және жоюшы әсер ететін химиятерапиялық препараттар. Антибиотиктердің негізгі кластары: β-лактамдар (пенициллин, цефалоспорин, карбапенем, монобактамдар); гликопептидтер; липопептидтер; аминогликозидтер; тетрациклиндер және глицилциклиндер; макролидтер және азалидтер; полипептидтер; полиендер; әр түрлі антибиотиктер (фузидий қышқылы, фузафунжин, стрептомициндер, т.б.). Табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктерді алу көздері Табиғи антибиотиктерді негізгі өндірішілер микроорганизмдер болып табылады, өздерінің табиғи ортасында бола тұрып тіршілігін сақтау үшін құрал ретінде антибиотиктерді синтездейді. Адамдар мен жануарлардың да жасушалары селективті антимикробтық әсері бар химиялық заттарды өндіре алады, бірақ олар медицинада антибиотик өндіруші ретінде қолданысқа ие емес. Табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктер алудың негізгі көздеріне жатады: зең саңырауқұлақтары – табиғи β-лактамдар және фузидин қышқылын синтездейді; актиномиоциттер – бұтақша бактериялар, табиғи антибиотиктердің 80% синтездейді; қарапайым типті бактериялар, мысалы, бациллалар, псевдомонадалар бацитрацин, полимиксиндер және басқа антибактериялық қасиеті бар заттектерді өндіреді. Антибиотиктерді алудың негізгі тәсілдері: биолигиялық синтез – табиғи антибиотиктерді алу үшін қолданылады. Арнайы өндірістік жағдайда өзінің тіршілік әрекеті кезінде антибиотиктер бөліп шығаратын продуцент – микробтарды дақылдандырады; химиялық модификациялық биосинтез – жартылай синтетикалық антибиотиктерді жасау үшін қолданылады; химиялық синтез – табиғи антибиотиктердің табиғи емес аналогтарын алу үшін қолданылады. Антибиотиктердің бактерияларға әсер ету механизмдері Антимикробтық химиятерапиялық препараттардың таңдамалы әсер етуі, микробтық жасушалардағы оларт әсер ететін нысаналардың макроорганизм жасушаларына қарағанда айырмашылығының болуына негізделген. Химияпрепараттардығ көбісі микроб жасушасының метаболизміне араласады, сондықтан микроорганизмдерге , әсіресе, олардың жылдам өсу және көбею фазаларында белсенді әсер етеді. Әсер ету механизмі бойынша антимикробтық химиятерапиялық препараттардың жіктелуі
Бактериялардың жасуша қабатының синтезі мен функциясының ингибиторлары Бактериялардың жасуша қабатының синтезi мен функциясына таңдамалы әсер ететін антимикробтық препараттардың маңызды тoптарына β-лактамлар , гликопротеиндер жǝне лиопептидтер жатады. Пептидогликан - бактериялардың жасуша қабатынын неriзi. Пeптидогликан iзашарларының синтезделуi цитоплазмада басталaды. Содан кейiн олар ЦМП арқылы тасымалданады, сол жерде олардың глиопепилтік тiзбекке бipiгуі атқарылады (бұл сатыла D - аланинмен байланысу жолымен гликопетидтердi ингибирлейдi). Толық құнды пептидогликанның пайда болуы , ЦПМ сыртқы беткейiнде атқарылады. Бұл кезеңде пептидогликанның гетерополимерлiк тiзбектерiнің көлденең тiгілуi басталады жǝне пенициллинмен байланыстырушы нǝруызлар (ПБА) деп аталатын нǝруыз - ферменттердiң (транспептидаза) қатысуымен үдерiс аякталады, өйткені, солар ғана пенициллин және баска β-лактамды антибиотиктер үшiн нысана болып табылады. ПБА ингибирленуi бактериялық жасушада пептидогликан iзашарларының жинақталуы жǝне аутолиздек жуйенİн басталуына ǝкеледi . Аутолиздік ферменттердiң ǝсерi жǝне цитоплазмада осмостық қысымының көтерілуі нәтижесінде бактериялық жасуша лизистенедi (бұзылады). Липопептидтердің ǝсеp етуi пептидогликанның синтезделуiне емес, грам(+) бактериялардың жасушалық мембранасымен липопептид молекуласының гидрофобты бөлшегінің қайтымсыз байланысуы кезiнде жасушалық қабатта арна қалыптастыруға бағытталүан. Осындай арна пайда болуы цитоплазма құрамындағы калий жǝне басқп иондардың шығып кетуіне жǝне жасушалық мембрананыүн жылдам деполяризациялануына ǝкеледi, нǝтижесiнде бактериялық жасуша жойылады. Бактериялардың рибосомалары-да нәруыздар синтезінің ингибиторлар Осындай препараттар үшiн нысана прокариоттардың нәруыз синтездеушi жүйелері болып табылады, олардың эукариоттар рибосомаларынан айырмашылығы осы препараттардың селективті әсер етуiн қамтамасыз етеді. Нәруыз синтезі көп салалы үдеріс, ол үшін көптеген ферменттер және құрылымдық суббiрлiктер жұмылдырылады. Нәруыздар биосинтезі үдерісінде осы топтын препараттары әсер ете алатын бірнеше нүкте – нысаналар белгілі. Аминогликозидтер , тетрациклиндер және оксазолидинондар 30S - суббiрлiкпен байланысады да, нәруыз синтезі басталмай тұрып үдерісті тежейдi. Аминогликозидтер рибосомалардың 30S – суббiрлiгiмен қайтымсыз байланысады және тРНҚ рибосомаға қосылуын бұзады. Ақаулы инициалды кешендер пайда болады; Тетрациклиндер рибосомалардың 30S – суббірлігімен қайтымды байланысады және тРНҚ акцепторлық сайттан донорлаққа ауысуына кедергі жасайды; Оксазолидинондар рибосомалардың екі суббірліктерінің бірегей 70S – кешен болып бірігуіне кедергі жасайды, пептидтік тізбектің терминациясын және босануын бұзады. Нуклеин қышқылдарының синтезі мен функциясының ингибиторлары Антимикробтық препараттардың бiрнеше кластары бактериялық НҚ-ның синтезін және функциясын бұзуға қабілетті, ол 3 тәсілмен атқарылады: пуринпиримидиндiк негiздердiғ iзашарларынығ синтезін ингибирлеумен (сульфаниламидтер, триме топрим); ДНҚ репликациялануын және функциясын басып тастаумен (хинолондар/фторхинолондар, нитроимидазолдар, нитрофурандар); РНҚ – полимеразаны ингибирлеумен (рифамициндер). Антибиотиктер арасынан осындай әсер ету механизмi барларға тек қана рифамициндер жатады, олар РНҚ – полимеразаға бiрiгедi және мРНҚ синтезделуiне тосқауыл қояды. Фторхинолондардың әсер етуі ДНҚ – гираза ферменттік тосқауылдау тәсілімен бактериялық ДНҚ синтезінің ингибициясымен байланысты. ДНҚ – гираза топоизомераза II болып табылады, ол репликациялануға қажетті ДНҚ молекуласының тарқатылуын қамтамасыз етеді . Сульфаниламидтер ПАБҚ құрылымдық аналогы, олар бәсекелес, байланыса алады және пурин – пиримидиндік негiздердiң iзашарлары – ПАБҚ фолий қышқылына айналдыру үшін қажетті ферментті ингибирлейді. Мұндай негіздер НҚ-ның синтезі үшін қажет. ЦПМ синтезі мен функциясының ингибиторлары Бактериялардың мембраналарына арнайы әсер ететін антибиотиктердің саны аз. Ең белгілісі полимиксиндер (полипептидтер), оларға тек грам(-) бактериялар сезімтал. Полимиксиндер жасушалық мембрананың фосфолипидтерін зақымдап, жасушаларды лизистейді. Уыттылығына байланысты оларды жергілікті үдерістерді ғана емдеу үшін қолданады және парентеральды жолмен енгізбейді. Қазіргі кезде оны пайдаланбайды. Антимикоздық (саңырауқұлақтарға қарсы) препараттар саңырауқұлақтардың ЦПМ эргостеролдарын зақымдайды және эргостеролдар биосинтезінің шешуші ферментінің бірін ингибирлейді. ҚОРЫТЫНДЫ Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе толықтай жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, химиялық құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мысалға, денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан, оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялыұ өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зең саңырауқұлақтарынан, актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Химиотерапия – инфекциялық және ісік ауруларын тірі ағза және қоздырғыштың өнімі болып табылмайтын химиялық препараттар аркылы емдеу. Химиятерапиялық препараттар микроағзаның өмір сүру ортасына әсер етіп, микроағзаның токсиндерімен және оның өнімдерімен қарым – қатынас жасайды. Химиотерапия вакцинацияға қарағанда әсер ету мақсаты ауруды болдырмау. Қолданылған әдебиеттер: «Медициналық микробиология» Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы, А.Л.Котова, М.М.Уразалин, А.А.Табаева – Алматы, 2010ж «Медициналық микробиология, вирусология және иммунология» В. В. Зверев, М. Н. Бойченко https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%B1%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BA |