Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер. Фарм Ас қорыту брошюра. Тсініктеме жазба
Скачать 405.59 Kb.
|
Гастропротекторлар (цитопротекторлар)- асқазанды тұз қышқылымен зақымдануынан, өзін-өзі қорытудан қорғап, муциннің бөлінуін күшейтеді. Асқазан шырыны қышқылдығын, бикарбонаттардың секрециясын күшейтіп, қорғаныш факторы болып келетін простагандиндердің бөлінуін жақсартады. Жара бетін жабатын жабысқақ зат бөледі. Ол 6 сағаттай жара бетін жабады. Қолданылады: асқазан және 12-елі ішек ойық жарасын емдеуде тамақ ішер алдында және ұйықтарда . Гастропротекторлы әсерлі дәрілер: а) пленка түзетін (бырыстырғыш, тұтастырғыш)коллоидтар: Висмут субцитраты (Де-нол), Сукральфат (Вентер). Бүркеуші және бырыстырғыш (тұтастырғыш) әсер береді. Антисептикалық, сіңіргіш, жергілікті қабынуға қарсы, тамыр тарылтқыш және хеликобактерге қарсы әсерлері бар. Сүтпен, газды сусындармен бірге қабылдауға болмайды. ә)Простогландиндер: Мизопростол (Сайтотек)асқазан кілегей қабығының зақымдануының алдын алу үшін стероидты емес қабынуға қарсы (ацетилсалицил қышқылы, диклофенак, индометацин, бруфен, т.б.) дәрілерді қабылдағанда тағайындалады. Әсері 3 минутта басталып 3 сағатқа созылады. Жанама әсері: диарея, метеоризм, бас ауру. Қарсы көрсеткіштері: жүктілік, 18 жасқа дейінгі балаларға, гипотензия, эпилепсия, бауыр қызметі бұзылыстары. б) Кілегейлі сұйықтықтың бөлінуін қуаттандыратын дәрі: Карбеноксолон (Биогастрон, Дуогастрон). Қызыл мия тамырынан алынған қабынуға қарсы, асқазан кілегейінің тұтқырлығын арттырып, қанмен қоректенуін жақсартатын әсерлі дәрі. в) Репаранттар қорғаныш әсер көрсетіп, жаралардың тез жазылуына ықпалететін заттар. Гастроэнтерологияда және медицинаның басқа саласында көптеген ауруларды емдеп, жараларды жазуға қолданылады. Олар: Гастрофарм Метилурацил, Пентоксил, Солкосерил, Соматостатин, Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасының фармакотерапиясы
+ - топтың негізгі әсері, *- жеке препарат әсері анаболикалық стероидтар, Апилак, Алоэ, Шайқурай, Каланхоэ, Прополис, Мумиё, итмұрын мен шырғанақ майы. Соматостатин (гипоталамус гормоны)пептидті жаралардан қан кетуді тоқтатуға қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, аллергия. 5. Helicobacter Pilor-ге қарсы әсер ететін дәрілер Осы бактериялар асқазанды зақымдайтын зат бөліп шығарады. Қолданылатын дәрілер: қарапайым паразиттерге қарсы дәрі Метронидазол, Фуразолидон; Пенициллинтобы антибиотиктері: Ампициллин, Амоксициллин; Тетрациклин тобы антибиотигі: Тетрациклин, Доксициклин Макролидтер тобы антибиотигі: Кларитромицин (Клацид, Клабакс), Азитромицин (Сумамед) Өт айдайтын дәрілер Бауырдан тәулігіне 0,5-1,5 л дейін өт бөлініп, өт қабына жиналады. 12 елі ішекке тамақ түскенде өт қабынан 12 елі ішекке құйылады. Өттің 12 елі ішекке құйылуының азаюы бауырдан аз бөлінуіне немесе өт қабатынан шыға алмауына байланысты. Өт айдайтын дәрілер өттің бауырдан бөлінуіне және өт қалтасынан шығуын жеңілдетуге қолданылады (гепатит, холецистит, холангит, өт қалтасы қабынуы, т.б.). Холеретиктер (холесекретиктер) өттің пайда болуын күшейтеді және оларды сұйылтып, айдалуына алып келеді. Жануралардан алынған препараттар: Аллахол, Холензим (жануар өтінен тұрады) Өсімдіктен алынған препараттар: Фламин, Берберин, Танацехол, Холосас, Холагол. Синтетикалық препараттар: Оксафенамид, Одестон (Гимекромон), Никодин, Циквалон. Холеретик өсімдіктер: салаубас, түймешетен (пижма), жүгері шашақтары (кукурузные рыльца), итмұрын, бөріқарақат (барбарис), жалбыз (мята). Қолданады: созылмалы гепатит, холецистит, холангитте. Қарсы көрсеткіші: бауырдың жіті қабынуы мен дистрофиясы, өт тас ауруы. Холекинетиктер өт жолдарында спазманы төмендетіп, 12 елі ішекке өт шығуын жеңілдетеді. Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясында қолданатын холекинетиктер өт қалтасының тонусын жоғарылатып, Одди сфинкторын босаңсытады. Дәрілері: Магний сульфат, Ксилит, Сорбит, зәйтүн немесе күнбағыс майы. Қолданылады: созылмалы гепатит, холециститте, өт жолдары дискинезиясында, өт қалтасы атониясында. Қарсы көрсеткіші: бауыр мен асқазанның жіті қабынуы, өт тас ауруы. Өт жолдарының гипертониялық дискинезиясында қолданатын холекинетиктер (өт жолдарының бұлшық еттерін босаңсытады): М- хлоиноблокаторлар: Атропин, Платифиллин; Миотропты спазмолитиктер: Папаверин, Но-шпа, Эуфиллин, Галидор, Холагол. Олар спазмолитикалық әсер береді. Қолданады: өт тас ауруында, іштің түйілуінде (ауырсынулы АІЖ спазмаларында). Холелитолитикалық (өт қалтасындағы тастарды ерітетін) дәрілер : Хенофальк (Хенодезоксихолий қышқылы), Урсофальк (Урсодезоксихолий қышқылы, Урсосан). Өт қалтасында пайда болған құрамында кальциі жоқ холестеринді тастарды ерітеді. Өт түнгі уақытта холестериндермен қанығатындықтан бұл дәрілерді түнге қарай 6айдан 2-3 жылға дейін қабылдайды. Гепатопротекторлар Бұл дәрілер бауыр жасушаларының төзімділігін арттырып, улы заттардан арылу қызметін жақсартып, метаболизмді күшейтеді, қорғаныш әсер көрсетеді. Липидтердің ферментті тотығуын тежеп, бос радикалдарды бейтараптап, антиоксидантты әсер етеді.Дәрілері: Эссенциале, Гепабене (Карсил, Легалон), Адеметионин (Гептрал), Гепадиф, Тиоктацид, Лив- 52. Қолданылады: созылмалы гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы, бауыр циррозы, алкаголизм, улануға байланысты бауыр зақымдануында. Гепатопротекторлы дәрілік өсімдіктер: теңбіл ширақкөк (расторопша). Ұйқы безі секрециясына әсер ететін дәрілер. Ұйқы безінен 1,5- 2 литр шырын бөлініп, 12 елі ішекке құйылады. Шырыннның негізгі бөлігі протеаза, липаза, амилаза ферменттері. Ұйқы безінің қызметі асқазан сөлінің әсерінен күшейеді. Протеазалар ( трипсин, химотрипсин, т.б.) ақуыздарды ыдыратып амин қышқылдары мен пептидтерге айналдырады. Амилаза көмірсуларды (крахмал, гликогон) моносахаридтерге айналдырып мальтоза бөледі. Ішек сөлі мальтоза оларды глюкозаға дейін ыдыратады. Липаза майларды май қышқылдары мен глициринге айналдырады. Ферментті дәрілер: Панкретин (Фестал, Энзистал, Мезим, Панзинорм), Креон, Вобэнзим, Солизим, Нигедаза. Тамақ алдында 5-7 мин бұрын сілтілі минералды сумен бірге шайнамай қабылданады. Ахилияда (HCl мен асқазан ферменттерінің асқазанда бөлінбеуі) созылмалы панкреатит, энтеритте (ащы ішектің қабынуы) ұйқы безі секрециясы төмендейді. Осындайда орын басу терапиясы жүргізіледі, яғни ферментті препараттар тағайындалады. Қарсы көрсеткіші: жіті панкреатит Антиферментті дәрі (протеолиз ингибиторы): Апротинин (Гордокс, Контрикал, Трасилол), Пантрипин, Ингитрил. Тек көк тамырға тамшылатып, баяу енгізіледі.Аллергия тудыруы мүмкін. Жіті панкреатитте, инфекцияға байланысты зақымдануда, түтіктердің таспен бітелуінде ұйқы безіндегі бөлінген трипсин сыртқа шықпағандықтан ұйқы безінің өзін-өзі қорыту процесі жүреді.Антиферментті дәрілер ферменттер: трипсин, химотрипсин, плазмин, калликреиндерді тежейді. Қолданылады: Жіті және созылмалы панкреатитте, панкреонекрозда, ұйқы безі зақымдану қаупінде, аутолиздің (ферменттердің әсерінен ұйқы безінің ыдырауы) алдын алуға, гиперфибринолизге байланысты қан кетуде қолданады.Ұйқы безі некрозға ұшырағанда антиферментті дәрілер тиімсіз. Ферменттердің 12 елі ішекке шығуын тежеуде антацидтер қолданылады. Секрецияны тежеуге м-холиноблокаторлар, ганглиоблокаторлар. қолданылады. Асқазан ішек жолдары моторикасына әсер ететін дәрілер Асқазан ішек жолдарының жылжыту-жиырылу белсенділігі (моторикасы) вегетативті жүйке жүйесінің жұмысымен реттеледі. АІЖ тонусы төмендегенде (ішектің гипотониясы мен атониясында) холиномиметиктер: Ацеклидин; антихолинэстеразды дәрілер: Прозерин (Неостигмин метилсульфат) қолданылады. АІЖтонусы жоғарылағандам-холиноблокатор Атропин, миотропты спазмолитиктер Папаверин, Но-шпа тағайындалады. Іш жүргізетін дәрілер Асқазан ішек жолдарында жылжыту белсенділігін арттыруға қолданылады. Оларды ішекті тазартуға, іш қатқанда пайдаланады. Ішектегі рецепторларды қоздырып, рефлекторлы жылжыту белсенділігін арттырады. Іш жүргізетін дәрілерді ұзақ уақыт қолдануға болмайды. Табиғи іш жүргізетін дәрілер атониялық созылмалы іш қатуда қолданылады. Олардың әсері 8-12 сағатқа созылады. Тоқ ішектің қызметін бұзбайтын болғандықтан өсімдіктерді ұзақ уақыт қолдануға болады. Бірақ, олардың құрамындағы смолаға ұқсас заттар ішекті тітіркендіріп, спастикалық бұзылыстар болуы мүмкін. Табиғи іш жүргізетін өсімдіктер: итшомырт қабығы, қаражидек ішдәрі, пішеншөп, майсана майы,қызылша, глицеринді ембалауыз Синтетикалық іш жүргізетін дәрілер.: Бисакодил, Гутталакс, Фенолфталеин, Изафенин. Бұл дәрілердің ішекте пайда болған метаболиттері ішек жүйке талшықтарын тітіркендіріп, тоқ ішектің жылжыту белсенділігін арттырады. Ішекте осмостық қысымды арттыратын дәрілер: Лактулоза (Дюфалак), лауромакрогол-4000 (Форлакс, Фортранс). 24-48 сағаттан соң әсер етеді. Ішке қабылдағанда сіңбей, суды ұстап, нәжісті сұйылтып, жылжуын жақсартады. Аспаптық зерттеулерге дайындауда қолданады. Ішектің барлық бөліміне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер: майсана майы(үпілмәлік- касторовое масло) және іш жүргізетін тұздар магний сульфат (ағылшын тұзы, ащы тұз), натрий сульфат (глауберов тұзы), 4-6 сағаттан соң әсер етеді. Осмостық қысымды көтеріп суды ұстайды. Ішектен сіңбейді. Жіті іш қатуда тағайындалады. Дәрі мөлшерін 100 мл сумен араластырып ішіп, 1-2 стакан су ішеді. Жіті улануда улы заттардың қанға сіңуін төмендетіп, іш жүргізеді. Майда еритін заттармен уланғанда майсана майын іш жүргізуге қолданбайды. Нәжіс жұмсартатын дәрі ретінде вазелин майы және өсімдік майлары (зәйтүн майы, бадам майы, мақта майы, жүгері майы) қолданылады. Ішектен қанға сіңбейтіндіктен вазелин майы жиірек қолданылады. Ұзақ қолданғанада анус тесігін тітіркендіреді, ас қорытылуы бұзылады. Прокинетиктер- ас қорыту жүйесінің моторикасын қалпына келтіріп, астың жылжуына ықпал етеді. Олар: Метоклопрамид, Домперидон (Мотилиум) Диареяда қолданылатын дәрілер Тітіркенуден қорғауға, диареядабелсендірілген көмір, смекта қолданылады.Инфекцияға байланысты емес диареяда Лоперамид қолданылады. Лоперамид ішектің жиырылу-жылжыту белсенділігін төмендетіп, анус тесігі тонусын арттырып, үлкен дәретке отыруды азайтады. Әсері тез басталып, 6 сағатқа созылады. 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға тиым салынады, 14 жасқа дейінгі балаларға қолдануға кеңес берілмейді. Іш өткенде қолданылатын өсімдіктер: қаражидек, мойыл, емен қабығы, анар қабығы қайнатпасы, күріш тұнбасы. Іш өту инфекцияға байланысты болса антибиотиктер, микробқа қарсы синтетикалық дәрілер тағайындалады. Іш өтуде көп сұйықтық бөлініп, ағзада сусыздану (дегидратация) болады. Сусыздануда регидратацияға қолданылатын дәрілер: Глюкосолан (Регидрон, Оралит), Цитроглюкосолан, Лактосол. Ішек микрофлорасына әсер ететін дәрілер. Ағзадағы қалыпты микрофлораның 77% асқазан ішек жолдарында, ал қалғаны басқа мүшелерде болады. Қалыпты микрофлора патогенді бактериялардан сақтап, улы заттардың 50 %-ын тазалайды. Фермент бөлу қызметіне, ас қорыту,сіңіру қызметіне қатысады. Ащы ішекте сіңбеген ақуыздар мен көмірсулар тоқ ішекте қалыпты микрофлора анаэробтарымен ыдырайды. Қалыпты микрофлора иммунитетті көтереді, мутагенді, канцерогенді заттардың әсерін жояды. Қалыпты микрофлораның 90% анаэробтар. Олардың 80% бифидобактериялар, қалған 10% лактобактериялар. Дисбоктериоз дегеніміз жеке ауру емес. Ол әртүрлі жағдай-ларда, аурудан болатын синдром болып есептеледі. Пробиотиктер- денсаулыққа пайдасы бар микроорганизмдер. Ішек микрофлорасын қалпына келтіруге бифидо-, энтеро-, лакто-бактериялардан тұратын тірі немесеөлі бактериялар қоспалары қолданылады. Олар: Бифидумбактерин, Лактобактерин, Колибактерин, Энтерол, Линекс, Хилак- форте, Энтерожермина. Патогенді микрофлораның өсуін тежейтін дәрілер: Бактисубтил, Лактулоза (Дюфалак). Ой толғаулық тапсырмалар Тапсырма №1 Дәрілердің орысша және латынша аттарын толтыр: Жолжелкен тұндырмасы_________________________________ Этил спирті ___________________________________________ Папаверин гидрохлориді _________________________________ Ацетилсалицил қышқылы _______________________________ Магний сульфат _______________________________________ Ащы жусан ____________________________________________ Асқазан шырыны ______________________________________ Натрий гидрокарбонат___________________________________ Вазелин майы__________________________________________ Глицеринді ембалауыз__________________________________ Майсана майы _________________________________________ Итмұрын______________________________________________ Тапсырма №2 Дәрілердің синонимдерін сәйкестендір:
|