Главная страница
Навигация по странице:

  • Пайдаланған әдебиеттер

  • Статья G-Global. останай мемлекеттік педагогикалы институты


    Скачать 40.5 Kb.
    Названиеостанай мемлекеттік педагогикалы институты
    Дата03.02.2019
    Размер40.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСтатья G-Global.doc
    ТипДокументы
    #66285

    Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

    Саламатова А.Б. аға оқытушы, Есім Инабат 2 курс

    дефектология мамандығы

    Инклюзивті білім беру

    Өзектілігі: Қазіргі қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі балалар дені сау балалар алып отырған барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етіліп отыр. Инклюзивті білім беру жайлы әлеуметтік ортаға жалпы түсініктерді беру. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан заңнамалармен, іс-шаралармен таныстыру. Жалпы орта мектептерінде инклюзивті білім берудің жағдайымен таныстыру.

    Қазіргі кезде жалпы орта мектептерде ақыл-ойы дамуы артта қалған және психикалық жағынан ауытқушылығы бар балалар білім алуда. Әрине әрбір балалардың өзіндік ерекшеліктері мен білімді қабылдауында қиындықтар бар. Бірақ әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының   даму деңгейі мен жас ерекшелігін ескеріп  білім беретін болсақ , бұл Еліміздің болашағына жарқын жол ашады.

    Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар мектептердеоқып жатыр. Бұл мектеп ашығанымен өз алдына көптеген қиындықтар кездесуде. Сол қиындықтардың бірі - мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы. Бұның салдарынан білімді қабылдауы мен тәрбиесі жағынан артта қалуы мүмкін. Сондықтанинклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер – психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофрено мұғалімі, логопед мұғалімдері болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген кемтар, мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту курыстарына оқып шығуы керек.

    Инклюзивті білім беру -  жалпы орта мектептерінде  мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту болып табылады.

    Инклюзивті оқытудың бір артықшылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың адамдармен , қоршаған ортамен , әлеуметтік топтармен қарым – қатынаста болуы. Ал адамдармен қарым-қатынасқа түсу арқылы өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.

    Инклюзивті оқыту - бұл балалардың ұлтына , жынысына , географиялық жағдайына , дініне қарамастан жалпы білім беретін мектептерде білім алуы. Инклюзивті білім беру балалардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ете отырып, жаңа білім жоспарын құру болып табылады. Егер де жаңа жоспар нәтижелі болатын болса, онда әрине мүмкіндігі шектеулі балалардың да жағдайы жақсаратына анық.

    Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

    Инклюзивті оқыту ашылған мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Себебі, балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, танып-біліп, қабылдауға үйренеді. Егер осы инклюзивті оқыту мектептерде жетілген түрде болатын болса, онда қоршаған орта адамдарының да көзқарастары өзгеретін болады. Ерте заманнан қалыптасып келе жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларды тықпалаушылықтан арыламыз. Сонымен қоса мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының белсенділігі күшейіп , балаларын көзі ашық , көкірегі ояу азамат етіп тәрбиелей алады.

    «Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен келісіліп, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады .

    Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан Республикасында бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.

    Бұл заңдардың басты алға қойған жоспары – елімізде инклюзивті оқытуды дамыту.

    Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. 2011-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр.

    Инклюзивті оқытудың екінші бір қиындығы – мектептердің мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына сай жабдықталмауында. Әрине, ҚР-ның бағдарламаларында ол жайыттар қолға алынып жатыр. Дегенмен әлі де болса физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында лифтілер, пандустар, арнаулы жиһаздар қажеттігі туып отыр.

    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Инклюзивті білім жүйесін дамыту туралы былай делінген:

    2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.

    3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).

    Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.

    Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет.

    Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.

    Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудегі, кәсіби өзін-өзі анықтаудағы бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық; ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетанушылық; әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру және т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.

    Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.

    Саламан декларациясына сәйкес инклюзивті білім берудің міндеттері бар. Олар:

    1.Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

    2.Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.

    3.Білім беру жүйесіне оң өзгерістерғ яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

    Осыған байланысты, инклюзивті білім берудің 8 принципі пайда болады.Ол принциптер мынадай:

    1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.

    2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

    3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.

    4. Барлық адам бір-біріне қажет.

    5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

    6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

    7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

    8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

    Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша жүргізіліп жатыр:

    1. жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары:

    2. мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары

    3. мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы

    Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғам өміріне кіріктіру болып табылады. Инклюзивті білім берудің негізінен 2 жүйесі бар. Олар: жалпы және арнаулы білім беру. Бұл дегеніміз – дамуында ауытқушылығы бар балалар мен қалыпты жағдайдағы балаларды жалпы орта мектептерінде білімді қатар меңгерту және әлеуметтендіру.

    Инклюзивті білім берудің бір артықшылығы бар. Егер ата-ана баласын мектеп-интернатқа не болмаса арнайы түзету орындарына жібергісі келмеген жағдайда, облыстық ПМПК-ң қорытындысы бойынша жақын маңдағы инклюзивті мектептерде білім алуына болады.

    Көмекші бағдарламамен жалпы мектепте оқитын балалар бағдарламаны толық игерген болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе онда анықтама берулері қажет. (Департаментке ұсыныс беру арқылы).

    Мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы мектептің куәлігін берілмеген жағдайда, олар 9-сыныпты игеріп бітіргеннен кейін техникалық лицейлерге жіберіледі.

    Қоғамымызда көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тек қоғамдық қамқорлық, жанашырлықпен тоқталып қалмай, білім беру саласында да жаңаша мүмкіндіктер ашылуда. Сол мүмкіндіктердің бірі – инклюзивті білім беру.
    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) - А., 2011ж.

    2. СаламанДекларациясы ЮНЕСКО 1994 ж  

    3. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы «Дефектология» журналы №8,2015 ж.

    4. «Инклюзивное обучение» (дидактический материал к лекционному курсу) РИПКСО кафедра коррекционной педагогики. -А., 2002г.


    написать администратору сайта