Главная страница
Навигация по странице:

  • 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

  • 5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Шағын топтар, пікір - талас, жағдайлық есептер, тәжірибелік дағдыларды дамыту, кері байланыс. 6. Әдебиеттер

  • 7. Бақылау: Бақылау сұрақтары

  • Ситуациялық есеп №1

  • Ситуациялық есеп №2

  • Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру.. Отбасын жоспарлау мселелері бойынша кеес беру. Масаты Отбасын жоспарлау бойынша білім алыптастыру. Оыту масаты


    Скачать 23.77 Kb.
    НазваниеОтбасын жоспарлау мселелері бойынша кеес беру. Масаты Отбасын жоспарлау бойынша білім алыптастыру. Оыту масаты
    Дата28.01.2021
    Размер23.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОтбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру..docx
    ТипДокументы
    #172051

    Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру.
    2. Мақсаты: Отбасын жоспарлау бойынша білім қалыптастыру.
    3. Оқыту мақсаты: Репродуктивті денсаулық, репродуктивті құқық және сексуальды құқықтары туралы түсінік беру. Отбасын жоспарлаудың принциптерімен, қыздардың жыныстық тәрбиесімен, контрацепция әдістері, оның жіктелуімен, ана өлімінің негізгі себептерімен, аборттардың профилактикасымен таныстыру.
    4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    - репродуктивті денсаулық

    - репродуктивті, сексуальды құқық

    - отбасын жоспарлаудың негізгі принциптері

    - қыздардың жыныстық тәрбиесі

    - контрацепция әдістері

    - контрацепцияның көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері

    - гормональды контрацептивтерді қолданатын әйелдерді бақылаудың негізгі

    принциптері

    - жасөспірімдік контрацепция

    - аборттардың профилактикасы
    5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

    Шағын топтар, пікір - талас, жағдайлық есептер, тәжірибелік дағдыларды дамыту, кері байланыс.
    6. Әдебиеттер:

    Негізгі:

    1. Гинекология, Савельева Г.М. - М.: Медпресс, – 2005.

    2. Гормональная контрацепция, Под ред. Прилепской В.Н. – М. 1998. – С.216

    3. Гинекологическая эндокринология, Серов В.Н., Прилепская В.Н., Овсянникова Т.В.. –

    М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 381-470

    4. Внутриматочная контрацепция, Под. ред. Прилепской В.Н. – М.: Медпресс, 2000. –

    С.153-177

    5. «Руководство по акушерству и гинекологии» учебное пособие/пер. с англ. под ред.

    Э.К.Айламазяна. – 4 изд. – М., 2009. – 650 с.

    6. «Гинекология» учебник/ под ред .Г.М. Савельевой, В.Г. Бреусенко. – 3-е изд. – М., 2008.

    – 432 с.

    7. Раисова А.Т. «Акушерия және гинекология» Асем Систем ,2006ж.

    8. Р.Э.Козденова. «Гинекология».Алматы «Ғылым»,2001ж
    Қосымша:

    1. Сметник В.П. Тумилович Л.Г. «Неоперативная гинекология»,-3-е изд., стереотип.-М. Медицинское информационное агентство,2002.

    2. Дуда В.И. «Гинекология» 2002 г.

    3. Неоперативная гинекология: Руководство для врачей. - Сметник В.П., Тумилович

    Л.Г. - М., 2003. - С.420-455.

    1. Избранные клинические лекции по акушерству и гинекологии. Алматы, под редакцией Каюповой Н.А., 1990г.

    5. Практическая гинекология. Под.ред. Кулакова В.И. Прилепской В.Н. – М.:

    МЕДпресс-информ, 2002. – С. 507-621

    6. Планирование семьи. Уч.- мед. пособие, Под. Ред. Кудайбергенова К.К. –

    Актюбинск. 1992.
    7. Бақылау:

    Бақылау сұрақтары:

    1. Отбасын жоспарлаудың принциптерін атаңыз?

    2. Қыздардың жыныстық тәрбиесінің маңызы қандай?

    3. Контрацепция әдістерін атаңыз?

    4. Контрацептивтердің жіктелуі.

    5. Ана өлімінің негізгі себептері.

    6. Қауіп факторларын анықтау

    7. Аборттардың профилактикасы
    Тест

    1. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан қандай контрацептив сақтандыра

    алады:

    а) презерватив

    б) оралды контрацептивтер

    в) қынаптық спермицидтер

    г) жатырішілік контрацептивтер

    д) инъекциялық контрацептивтер

    2. Ұзақ әсерлі гестагенді контрацептивтерге жатады:

    а) нон-овлон

    б) три-регол

    в) марвелон

    г) норплант

    д) диане-35

    3. Пероральды контрацептивтерді қолданғанда болатын гипертензиялар ..........

    сипатталмайды.

    а) ағзадағы судың кідіруімен

    б) ангиотензин деңгейінің жоғарылауымен

    в) бүйректерден натрий шығарылуының

    г) альдостерон секрециясымен күшеюімен

    д) плазма ренинінің белсенділігінің күшеюімен

    4. Контрацепцияның барьерлік әдісіне тән емес:

    а) эффективті, әсері тез қайтымды

    б) жанама әсері жоқ

    в) дәрігерге бару міндетті емес

    г) жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан сақтайды

    д) жатыр мойнының рагын алдын-алады

    5. Посткоитальды жүктілікке қарсы қолданылатын препарат:

    а) постинор

    б) норплант

    в) депо-провера

    г) антеовин

    д) бисекурин

    6. Контрацептив қолданбайтын әйелдерде жасалмайтын зерттеулер:

    а) қанды бактериологиялық егу

    б) АҚ бақылау

    в) коагулограмма

    г) қанның биохимиялық анализі

    д) бауырдың УДЗ-і

    7. Жатырішілік контрацептивті қолдануға абсолютті қарсы көрсеткіштер:

    а) қант диабеті

    б) естудің төмендеуі

    в) жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу аурулары

    г) бронх астмасы

    д) көз түбінің өзгеруі

    8. Асқынбаған босанудан қанша уақыт өткеннен соң жатырішілік спиральды қоюға

    болады:

    а) босанғаннан кейін

    б) 6 ай

    в) 1 жыл

    г) 3 ай

    д) 6 апта

    9. Контрацепцияның физиологиялық әдістері:

    а) симптотермальды

    б) мини-түсік

    в) постимплантационды

    г) прогестеронды рецепторларды тосқауылдау

    д) ерлер стерилизациясы

    10. Гормоналды контрацептивтерді іріктеу кезінде ............. есепке алмайды.

    а) партнердің жасын

    б) әйелдің жасын

    в) экстрагенитальдық аурулардың болуын

    г) жыныс мүшелерінің жағдайын

    д) гормональды фонды

    11. Тері асты имплантаттардың контрацептивтік әсерінің механизміне жатпайды:

    а) механикалық әсер

    б) овуляцияны тежеу

    в) жатыр мойны кілегейінің жабысқақтығын (вязкость) жоғарылату және мөлшерін азайту

    г) мезгілінен бұрын лютеолизді шақыру қабілеті

    д) эндометрий атрофиясы

    12. Пероральды контрацептивтер ............. болдырмайды.

    а) овуляцияны тежеуді

    б) жатыр мойны кілегейі құрамының өзгерісін

    в) гипоэстрогенді жағдайды

    г) эндометрий жағдайының өзгерісін

    д) гонадотропиннің төмендеуін

    13. Гормоналды контрацептивтерді қолдануға абсолютті қарсы көрсеткіш болып

    табылмайды:

    а) бауырдың органикалық зақымдануы

    б) жедел тромбофлебит

    в) 2-3 дәрежедегі гипертониялық ауру

    г) глаукома

    д) жатыр мойнының эндометриозы

    14. Гормоналды контрацептивтер қолдануды тоқтатпайды:

    1. жүрек айнуда

    2. аяқтардың ауырсынуында

    3. мигрень ұстамасында

    4. төс артының ауырсынуында

    5. көз көруінің нашарлауында

    15. Инъекциялық дің құрамына кіреді:

    а) конъюгерленген эстрогендер

    б) прогестагендердің микродозы

    в) ұзақ әсерлі прогестагендер

    г) антиандрогендер

    д) антигонадотропиндер

    16. ......... аралас оральды контрацептивтер тағайындауда қарсы көрсеткіш болып

    табылмайды.

    а) бауыр қызметінің бұзылуы

    б) эпилепсия

    в) тромбофлебиялық синдром

    г) 3-4 дәрежелі семіздік

    д) дисфункционалдық жатырлық қан кетулер

    17. Спермицидтерге тән емес:

    а) қынаптың қышқылды ортасын нейтрализациялау

    б) сперматозоидтың сыртқы мембранасын бұзу

    в) акросома ферменттерінің инактивациясы

    г) сперматозоидтардың қозғалысын төмендету

    д) сперматозоидтарды жою

    18. Пероральды контрацептивтерді ............ рагын алдын алу мақсатында қолдануға

    болады.

    а) эндометрий

    б) жатыр мойны

    в) қынап

    г) жатыр түтігі

    д) тоқ ішек

    19. Гормонотерапия қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды:

    а) семіздік

    б) гепатохолецистит

    в) тромбофлебит

    г) гипертониялық ауру

    д) эндометриоз

    20. Жатырішілік спиралды қолдануға абсолютті қарсы көрсеткіш:

    а) жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары

    б) қант диабеті

    в) естудің төмендеуі

    г) бронх астмасы

    д) көз түбінің өзгеруі


    Ситуациялық есеп №1
    Емхана гинекологқа А., 37 жастағы әйел контрацептивтер қолдану туралы кеңес сұрап келген. Анемнезінде : 2 рет босанған, 3 жасанды аборт, 2 жыл бұрын жатыр миомасы анықталған. Әйелге қандай контрацепция әдісін тағайындаған дұрыс?

    А) Мирена

    Б) таза гестагендер

    В) КОК

    Г) спермицидтер

    Д) симптотермальды әдіс


    Ситуациялық есеп №2
    32 жастағы ауру әйел жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының өршуімен гинекологиялық бөлімде емделді. Ауруханадан шығуының алдында пациентка дәрігерден контрацепция әдісі бойынша кеңес сұрады. Әйел некеде тұрады, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатырдың қосалқыларының қабынуының өршуі бойынша ем алды. Қандай контрацепция әдісін әйелге ұсынамыз:

    А) ЖІС

    В) Таза гестагендер

    С) КОК

    Д) Ырғақты әдіс

    Е) Спермицидтер


    написать администратору сайта