Главная страница

4- сабак азирлеме 2017. ОТстік азастан облысы денсаулы сатау басармасыны жетісай медицина колледжі мкК


Скачать 55.44 Kb.
НазваниеОТстік азастан облысы денсаулы сатау басармасыны жетісай медицина колледжі мкК
Дата04.02.2022
Размер55.44 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла4- сабак азирлеме 2017.docx
ТипДокументы
#351478



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БП-01/4- ӘП11

Шығарылым:2, 2017ж.

Қайта қарау:1

Беттер 6-





Тәжірибелік сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Пән:______ Мейіргер ісі негіздері____________________________________________

Оқытушы:___

Мамандық:__________________________________________________

Курс:__________________

Топ:_______________________

Күні:______________________

Тақырыбы: Ультрадыбысты, радиоизотопты ЯМРТ, КТ зерттеу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім беру,ультродыбысты, радиоизотопты зерттеу әдістерінің түрлерін, пациентті дайындау ерекшелігін түсіндіру.

Тәрбиелік : Білімді пациентті зерттеу барысында қолдана білу, пациентке құрмет көрсетуге баулу.

Дамытушылық: : өз мамандығына құрмет етуін арттыру

Сабақтың уақыты: 180 мин

Сабақты өткізу орны:

Сабақтың түрі: тәжірибелік

Сабақтың әдісі: Құзыреттіліктерді меңгеру,SGL.PBL,EMI,формативті бағалау.

Пәнішілік байланыс: инфекциялық бақылау,зарарсыздандыру,

Пәнаралық байланыс:ішкі аурулар ,жұқпалы аурулар,гигиена.

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: өзіндік жұмыстарға арналған бақылау сұрақтар, тест тапсырмалары, стандарттар

Техникалық-программалық: интерактивті тақта,телевизор,видеороликтер.

Оқушы білуі тиіс:

Оқушы істей білуі тиіс:


Сабақтың хронокартасы

І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ Теориялық білімін тексеру – 15 мин

ІІІ Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау– 45 мин

ІҮ Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық – 5мин

V Оқушылардың өзіндік жұмысы – 90 мин

VI Сабақты бекіту – 10 мин

VII Қорытындылау- 7 мин

VIІ Үйге тапсырма – 3 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

ІІ Теориялық білімін тексеру – 15 мин

Бақылау сұрақтар:

Компьютерлік томографиямен салыстырғандағы магнитті-резонансты томографияның артықшылықтарын атаңыз

Жауап: Жоғары шешу  қабілеті.Сәулелік әсері жоқ. Ақ-қара кескіннің әртүрлі  түстілігі.Алдын-ала дайындалуды қажет етпейді (премедикация және контрасты заттар).Кескіндер қалыңдығы 5-6 см,кескіндер араларындағы  қашықтық 1 мм.

УДЗ-ның 3 әдісі клиникада кең тараған -қандай

Жауап: Бір өлшемді зерттеу  (эхография) Екі өлшемді зерттеу  ( сканирлеу, сонография)

Допплерография

Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау мақсаты және көрсітілімін атаңыз

Жауап: мақсаты-науқасты тексеруге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын қарау.көрсетілімдері - іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары

Аспаптық тексерулерде техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін атаңыз

Жауап: Жүргізілетін аспаптық зерттеу әдістері пациент үшін талғаусыз емес, әсіресе, сәулемен емдеу тәсілдерінде ( рентгенологиялық, ультродыбыстық және радиоизотоптық) науқас ағзасына сәулемен әсер етеді, яғни ол ағзалардың жасушалары үшін қауіпсіз емес. Сәуленің ағзаға әсер ететін мөлшері өте аз. Кей жағдайларда пациентпен медбикенің ағзасын қорғауға арналған зат қолданылады, бұндай тексерістер аптасына бір реттен артық жасалмайды.

Ультродыбыспен емдеу адам ағзасына қауіпсіз

ІІІ Лабораториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонстрациялау -45 мин

Жоспар:

1.Ультродыбыс – жүрек қан тамыр жүйесінің диагностикасында (жүрек), ас қорыту жүйесі (бауыр, өт қабы, көк бауыр), зәр шығару жүйесі ( бүйрек, қуық), жыныс ағзалары (жатыр, аналық без, қуық асты безі), эндокрин жүйесінің (қалқанша без, ұйқы безі) жиілігі жоғары толқындар арқылы тексеру ерекшеліктері

2. Ультродыбыстық зерттеулер әдістеріне дайындауда медбике міңез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілері

3. Пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығырып салу немесе тасмалдау
Ультродыбыс – жүрек қан тамыр жүйесінің диагностикасында (жүрек), ас қорыту жүйесі (бауыр, өт қабы, көк бауыр), зәр шығару жүйесі ( бүйрек, қуық), жыныс ағзалары (жатыр, аналық без, қуық асты безі), эндокрин жүйесінің (қалқанша без, ұйқы безі) жиілігі жоғары толқындар арқылы тексеру тәсілдері.

Радиоизотопты тәсілдер кейбір ағзалар өз бойында белгілі бір химиялық элементтерді жинау қасиетіне негізделген, мұшедегі радиоактивті изотоптардың арқасында ереше тіркеуші аппаратуралар зерттейтін ағзаның бейнесін алуға көмектеседі.

Техника қауіпсіздігін сақтау ережелері.

Жүргізілетін аспаптық зерттеу әдістері пациент үшін талғаусыз емес, әсіресе, сәулемен емдеу тәсілдерінде ( рентгенологиялық, ультродыбыстық және радиоизотоптық) науқас ағзасына сәулемен әсер етеді, яғни ол ағзалардың жасушалары үшін қауіпсіз емес. Сәуленің ағзаға әсер ететін мөлшері өте аз. Кей жағдайларда пациентпен медбикенің ағзасын қорғауға арналған зат қолданылады, бұндай тексерістер аптасына бір реттен артық жасалмайды.

Ультродыбыспен емдеу адам ағзасына қауіпсіз.

Компьютерлік томография


Компьютерлік томография кезінде детекторлар дененің зерттелуші бөлігінің әрбір бөлшекті көлемімен жұтылған рентгендік кванттардың сандарын тіркейді. Ерекшеленген кесінді тіннің кішкентай тікше пішіндері  (вокселдер) түрінде қарастырылады.Әрбір детектор осы жағдайдағы тікше пішіндегі сәуленің жұтылуын бағалайды. Компьютер жұтылған  энергияның орташа көлемін санап,былайша айтқанда,барлық тікше пішіндердегі сәуленің жұтылу  коэффициенттерінің  картасын жасайды.

Жұтылудың салыстырмалы көлемдерін бағалау үшін Хаунсфилд шкаласы қолданылады. Хаунсфилд шкаласы бойынша  0-ге тазартылған су тығыздығы, +1000-ға – тұтас сүйек тіні тығыздығы,-1000-ға – ауа тығыздығы тең деп саналады.

Көпқатпарлы КТ алу негізі. 

  1. Шешілуге жоғары қабілеттілік

  2. Кескін алудың жоғары жылдамдығы

  3. Зерттелуші аумақтың үлкен созылғыштығы

  • Кішкене құрылымды кескіндерді алуда жақсы нәтиже

  • Жүрек тамырларының кескіндерін катетеризациясыз алу

  • Тамырлар кескінін үлкен ұзындықта алу

  • Перфузияны зерделеу

  • Сүйек тінінің минералдық қанығуын зерделеу


Ультрадыбысты диагностика


Ультрадыбысты диагностика тіндердің ультрадыбысты толқынды бейнелеу қабілетіне негізделген.Ең үлкен ультрадыбысты қарсылық, яғни импеданс, екі ортаның шекарасында туындайды – сұйықтық және тығыз тін, ауа және тығыз тін. Қабылдағышта бейнеленген сәулелену сигналы электрлік сигналға ауысады, одан соң ол мониторда жарықтанушы нүктелер түрінде пайда болады.Жарықтанушы нүктелердің  жарықтығы эхосигнал қарқындылығына байланысты .

Негізінен- тығыз орталар  ультрадыбысты бейнелейді, сұйық орталар ультрадыбысты өткізеді, газотәрізді орталар ультрадыбысты өшіреді.Осылайша, ультрадыбыс сұйықтық пен тығыз тіндерді дәл ажыратуға мүмкіндік береді.Сұйықтықты визуализациялау мүмкіндігі ультрадыбысты диагностиканың басқа әдістермен салыстырғанда үлкен артықшылығы болып табылады.

УДЗ кезіндегі кескінді сипаттаушы негізгі белгілер болып эхогенділік немесе анэхогенділік табылады. УДЗ кезіндегі патологиялық өзгерістердің симптомдары болып қалыпты тіннің гипер-, гипо- и анэхогенді түзілістері  табылады.

УДЗ-ның 3 әдісі клиникада кең тараған:

  1. Бір өлшемді зерттеу  (эхография)

  2. Екі өлшемді зерттеу  ( сканирлеу, сонография)

  3. Допплерография.

Негізгі клинико-эхографиялық синдромдар:

  • ағзаның паренхимасының диффузды қалыңдауы;

  • тығыз ошақ;

  • қуыс.



Магниттік – резонансты томография (МРТ)


Компьютерлік томографиямен салыстырғандағы магнитті-резонансты томографияның артықшылықтары:

  1. Жоғары шешу  қабілеті.

  2. Сәулелік әсері жоқ.

  3. Ақ-қара кескіннің әртүрлі  түстілігі.

  4. Алдын-ала дайындалуды қажет етпейді (премедикация және контрасты заттар).

  5. Кескіндер қалыңдығы 5-6 см,кескіндер араларындағы  қашықтық 1 мм.

Салыстырмалы қарсы көрсеткіштері: жүктіліктің бірінші триместрі, бірақ тератогенді әсер анықталмаған.

Абсолютті қарсы көрсеткіштері:

  • бөгде металлды денелердің болуы

  • электрокардиостимулятордың болуы

  • инсулинді  помпаның  болуы

Магниторезонансты томография кезінде радиожиілікті толқындардың (және статикалық магниттік аудандардың) атомды ядромен қарым-қатынасы болады.

Магниторезонансты визуализация  физикалық эффект нәтижесінде болады –ядролардың күшті  кернеулікті (тұрақты) магнитті аудан векторы айналасындағы процессиясы .+

Сыртқы электромагнитті сигналды өшіргеннен кейін ядролар өздерінің алғашқы қалыптарына келеді және бұл кезде  электромагнитті толқынды шашады.

МР-антенна немес қабылдаушы катушкамен тіркелетін сигнал қарқындығы ,МР-кескінді алудың негізі ретінде қолданылады.
Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (баыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
Мақсаты: науқасты тексеруге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын қарау.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді , сүлгіні, ақ жайманы, ауру тарихын, жолдаманы.

Іс әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зерттеудің барысы мен мақсатын, оның келісімін алыңыз.

  2. Дайындау ережесінің бұзылуының.

  3. Зерттеу аш қарынға жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

  4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдыратын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз( көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), іш айдайтын дәрілер.

  5. Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

  6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

  7. Зерттеу қарсанында кешке тазалау клизмасын қойыңыз.

  8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

  9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

  10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен апарыңыз.

  11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.


Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге ( қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):

  • науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

  • науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 литр сұйықтықты (қайнаған су) ішуге қажет екенін ескертіп қойыңызҒ

  • науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.



Глоссарий

Қазақша

Орысша

Ағылшынша







Devices







Gloves







Solution

ІҮ Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық – 5мин

Топты екі топшаға бөліп,орындау іс-әрекеттерінің тапсырмаларын беру және дағдыларды орындауға қажетті заттарды дайындауға нұсқау беру.

Ү Оқушылардың өзіндік жұмысы 90 мин

1.Дағдыларды орындауға қажетті заттарды дайындау.

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау 10 минут

2. Стандарт бойынша іс-әрекеттерді муляждарда орындау. 60 минут 3.Орындалған іс-әрекет дағдылардың қатесін түзету. 10 минут

4.Тест сұрақтарын құрастыру және талқылау. 10 минут

VІ Сабақты бекіту – 10 мин

Кестені толтыр:



Сұрақтар

жауабы

1

Науқасты бронхографияға дайындау




2.

Бронхография арқылы зерттеу мақсатын атаңыз




3

Аспаптық тексерулерге дайындауда пост медбикенің міндеттері қандай




4

Аспатық тексерулер жүргізу барысында ренгендік медбикенің міндеттерін атаңыз




5

Науқасты колоноскопияға дайындауда қандай контрасты заттарды қолданады




6

Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу неге негізделген




7

Науқасты асқазан және он екі елі ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау мақсаты




Жауаптары:

1. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз .

Контрасты затты қолданғаннан кейін лоқсу, суйық нәжіс болуы мүмкін екендігін.

Зерттеуді ашқарынға жүргізу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз Тексеру жүргізуден бір күн бұрын клетчаткаға бай тағамдарды қолданбайды (көкөніс, нан, капуста).

Кешкісін (17-19 сағат) пациент контрасты затты 0,5 грамнан бір сағат аралығында тәтті шаймен әр 10 мин ішеді. Науқасты ауру тарихымен белгіленген уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.

2. Мақсаты: бронхиальды ағаштың жағдайын зерттеу, брохтармен қуысты ісіктерді анықтау

3. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа пациентке түсіндіру.Зерттеу жүргізуге науқастан келісімін алыңыз.Контрасты затты қолданатын болса, онда бір күн бұрын контрасты сезімталдығын байқауын жасайды Зерттеуді ашқарынға жүргізу қажеттілігі туралы науқасқа ескертеді Науқасты ауру тарихымен белгіленген уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.

4. Рентген кабинетінің медбикесі ,пациентті бөлмеге кіргізіп, жайғастырады.Контрасты затты ішкізеді немесе парентеральды жібереді. Науқасқа шолу суреттері жасалады.

Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады. Суреттерді жасағанда мейірбике ренгент кабинетінен шығады.

5. Фортранс препаратының ерітіндісі зерттеуге дейін тағайындалады. 1 пакеттен аз қолдану қажет ( 1 литр ерітінді) 15-20 кг дене салмағына

6. Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды қолдануымен , қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген

7. Мақсаты: науқасты тексеруге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын қарау.

VIІ Қорытындылау- 7 мин

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

VIІІ Үйге тапсырма – 3 мин

Мейіргер ісінің негіздері С.Қ.Мұратбекова

«Мейірбикелік іс негіздері» С.А.Мухина, И.И.Тарновская

Тақырыбы: Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылау.


написать администратору сайта