Сабақтың басы (5-7 мин)
| Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру 1 -тапсырма.
Т.
«Кластер»әдісі.
«Тіл деген не?» сұрағына анықтама беріп, сызбаға жаз.Ойыңды таратып айт.
Тіл туралы бес мақал-мәтел жаз.Олардың мағынасын жаһандану жағдайындағы қауіптермен салыстырып айт.
| Амандасты Кестені толтырады
|
«Бас бармақ» әдісі
|
Кластер құрастыру
|
Сабақты ортасы (30-35)
| Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Үш топтағы әр жұпқа әртүрлі мәтін беріледі. Тапсырманы жұп болып орындайды. Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздерді тауып, түзетіп, қандай ережеге сүйеніп тұрғанын дәлелдеп, стилін анықтайды, кестеге түсіреді.
Қате жазылған сөз
| Дұрыс нұсқасы
| Қай ережеге сүйендің?
|
|
|
|
| 1-жұптың мәтіні
Әділетті әлем үшін халықаралық қоғамының төрағасы, белгілі малайзиялық қоғам қайраткері және саясаттанушы чандра мұзаффардың айтуынша, «жаһандану адамзаттың алдына қойылған ең салмақты талаптардың бірі болуы мүмкін». Шындығында, үшінші мыңжылдықтың басында мұсылман әлемі дәл осы жаһандану үдерістерінің ықпалынан туындаған түбегейлі өзгерістердің белдеуінде тұр. Оның қазіргі кезеңінде қатынастарының жаңа құралдары саласындағы технологиялық прогрестің нәтижесінде мүмкін болған халықаралық исламдық ұйымдардың әрекетінің едәуір кеңейуі етек алуда. Бұрын тек жергілікті қауымдарға ғана бағдарланған көптеген діни орталықтар мен қозғалыстар жаһандық деңгейге шығотырып, өз мүмкіндіктерін кеңейтті. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде басталған бұл ірі ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мұсылман әлемі халықтарының қоғамдық өмірінде діннің рөлінің едәуір артуына әкелді және бұл қоғамның рухани өмірінде тікелей көрініс тапты. 2-жұптың мәтіні
Қазіргі заман жағдайында тілі ретінде ағылшын тілі қызмет етедін, ұлттық мәдениеттен жаһандық мәдениетке ауысу жүріп жатыр. Американдық доллар барлық әлемде қолданылады, батыстық көпшілік мәдениет біздің өмірімізге айтарлықтай еніп келеді. Жаһандану ұлттық тілдер мәртебесының төмендеуіне, мәдениет аралық өзара байланыстың жалғыз құралы ретінде ағылшын тілін бекітуге әкелуде. Алайда, бұл тілдің жер шарындағы 380 млн. тұрғынның ғана туған тілі екені белгілі. Қазіргі кезде кітәп, газет пен журналдардың көп бөлігі ағылшын тілінде басылып шығарылады. Ғаламторға орналастырылған мәліметтердің 80% көбі ағылшын тілдес мәтінде. Тәжірибе басқа тілдердің, соның ішінде Бұұ ресми тілдері болып табылатын тілдердің біртіндеп өз мағынасын жоғалтып бара жатқанын көрсетуде. Бұл тілдердің таралу аймағы біртіндеп тарылуда, бұл тілде сөйлейтіндер саны азайуда, белсенді қолданылатын сөздік қоры күннен-гүнге қорынан айрылуда, ауыз екі тіл мен жазбаша мәтіндер шет тілден енген, көп жағдайда, өз тіліміздің сөз мәдениеті тұрғысынан мағынасыз, кірме сөздермен толығуда. 3-жұптың мәтіні Жаһандану үрдісі үлкен сынға ие және де бұл сынды тек жаһандануға қарсы пікірдегі адамдар ғана емес, саяси қайраткарлардың бірқатары, сондай-ақ экономисттер мен оқымыстылар да білдіріп жатады. Мысал ретінде жаһандануға қарсы өткір сындарға толы бірқатар кітәптар жазған, әйгілі экономист Джозеф Стиглицты келтіруге болад. Стиглиц көптеген деректер мен мысалдар келтіре отырып, оның өндірісті құртатынын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің өсуіне ықпал ететінін, ғылыми-техникалық прогрессті тежейтінін және әлемдегі экологиялық апаттарды шиеленістіретінін дәлелдейді. Бірғатар афторлар жаһанданудың бала туу деңгейінің төмендеуіне әсер ететінін көрсетеді. Ал өзгелері болса, жаһандану АҚШ-та өзінің гео саяси қарсыластарын әлсірету және құрту құралы ретінде қолданылатынын тұжырымдайды. Және осындай пікірлер өте көп.
|
| Дескриптор
|
| -Қате жазылған сөздерді табады
-Орфографиялық нормаға сай түзейді
-Ережеге сүйенеді
-Кестеге салады
|
| Мәтін
|