мама мақала. Оушыларды з бетімен жмыс істеу ерекшеліктері
Скачать 34.03 Kb.
|
Жамбыл облысы, Қордай ауданы №22 Еңбек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсебаева Джанар Мейрамбековна «Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу ерекшеліктері» Бәсекеге қабілеттілік мемлекет дамуының басты өлшеміне айналған қазіргі кезде қазақ балалары көшбасшы болуға ұмтылуы тиіс. Оқушыларды көшбасшы болуға жетелейтін негізгі тұлға – мұғалім. Соған қатысты Республикамызда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жолға қойылған. Бұл курстарда Ұлы Британияның Кембридж университетінің бағдарламасы негізге алынған. Бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанымен негізгі басым бөлігін «сындарлы оқыту теориясы» құрайды. «Сындарлы оқыту теориясы» әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген оқыту әдістемелерінің бірі. «Сындарлы оқытудың» мақсаты: оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда қолдана білуін қамтамасыз ету. Сындарлы оқытудың жаңа әдістері ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрену» қарастырылған. «Қалай оқу керектігін үйренуде» негізгі идея ақпарат беріледі, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім көмек көрсететін жан дегенге саяды. Бұдан байқағаным, мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретуде бағыттаушы рөлін атқарады, оқушы барлық іс-әрекетті өз бетімен орындайды . Бұл процессте мұғалім оқушыға: -білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге, -жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге; -міндеттерді орындау статегияларын әзірлеуге және ойластыруға; -нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі; Зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсеткен. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылғын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне әсер ететіні аталған. Кезінде дәстүрлі оқытуда оқушы мұғалімге «бұл қызық екен» деп айтуға дәті бармайтын. Қазіргі оқытудағы Кембридж тәсілі бағдарламасына сай өткен сабақтардағы оқушылармен бірлескен сұхбаттың үлкен пайда келтіретінін пайымдадым. Олар: -Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; -Басқа адамдарда түрлі идеялар болатынынын түсінуге көмектеседі; -Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі; -Мұғалімге оқушыларды оқыту барысында оқушыларының қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі; Ендеше ана тілі пәні-негізгі құрал болып табылатын бастауыш сыныптарда диалогтың маңызы зор. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің бағдарламалары балалардың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген». Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуына жағдай жасайтын негізгі саты. Осы сатыда диалог – оқушының мұғаліммен және оқушы мен оқушының әңгімелесуі арқылы қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының «өз бетімен жұмысын» ұйымдастыруда диалог түрлерін кеңінен қолданылады. Оқуға үйрету сауаташу кезеңінен басталады. Бұл кезеңде оқушылар сөз, сөйлем, дыбыс, буын, дыбыстың ерекшелігі, таңбасы ұғымдарымен танысады. Сол кезеңде оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қолдау көрсетіп, бағыттауымыз маңызды. Өйткені жаман – жақсы әдеттің бәрі бала кезден қалыптасатыны белгілі. Әрбір дыбысты танып - жазуда, дауысты - дауыссыз дыбыстарды ажыратуда талдап - жинақтау әдісі арқылы өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге бейімделеді, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Мысалы; - Арман тоғайға бұзауын іздеп барды. Сол кезде күн бұзылып, у-у-у деп жел соқты. Қорыққан Арман артындағы ағашқа соқтығысты. Ағаш діңіндегі ұядан з-з-з деп аралар ұшып шықты. Қашып келе жатып Арман бұзауының мө-мө деген дауысын естіп қуанып кетті. Ұқсас әңгімелерді оқушылармен талдай отырып дыбыс туралы түсінік қалыптастырып, бір буынды сөздерге дыбыстық талдау жасату, ол сөздерден сөйлем құрату арқылы оқушының өз бетінше жұмысын іске асырамыз. Сондай-ақ дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу мен естілуі кезіндегі ерекшеліктерін ашып берсеңіз оқушы оларды өз бетімен талдау арқылы топқа бөлуге әдеттенеді. Дәстүрлі сабақтарда мұғалім сабақ тақырыбын өзі таныстыратын. Қазіргі бағдарламаға сәйкес жаңа сабақ тақырыбын ашуда «ой қозғау» әдісін қолдана отырып, оқушының білім алуын, өз бетімен жұмыс істеуін қолдау үшін диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады екен. Мысалы : Әтешіміз ақ қанат, Күзетшідей қырағы. Таң азаннан қақпада Айқай салып тұрады. -Әтеш таң азаннан неге айқайлайды? -Бізді ояту үшін. -Әтеш тағы кімдерді оятады? Осы кезде балаларды бағыттау үшін әженің, әлдидің, әкенің т.б суреттерді пайдаланса болады. Суреттерді талдай отырып балалар өтілетін тақырыптың ә дыбысы мен әрпіне қатысты екенін ашады. Сондай-ақ ә дыбысының әріп таңбасымен танысқаннан кейін кеспе әріптердің ішінен ә әрпін тапқызу, жаздыру іске асырылады. Бұл жерде оқушының өз бетімен жұмысы ақпаратты қайталау арқылы іске асты. Ақпаратты қайталау есінде (жадында) сақтауды жүзеге асырады. Дегенмен жадыда ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын түсініп, байланысты ұғымдарға (заттарға, құбылыстарға т.б.) сүйену арқылы ұзақ мерзімге есте сақталады. Білім беруде, өз бетімен жұмысты дамытуда бала жадысын жақсартудың маңызы зор деп ойлаймын. Сауаташуда оқуға қойылатын негізгі талап дауыстап - мәнерлеп, іштей оқуды үйрету. Талапқа жетуде оқушылардың өз бетімен оқуға берілетін тапсырмалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күделіленеді. Яғни, бұл жерде оңайдан қиынға әдісін ұстанамыз және өз бетімен орындалатын жұмыстың сапалылығын бақылаймыз. 1-сынып оқушылары сауаташу кезеңінде бағаланбайды. Сонда да оқушыларды өз бетінше жұмысқа ынталандыру үшін бастапқы кезеңнен-ақ бір-бірінің қатесін таптыру, түзеттіру, мадақтау, формативті бағалау олардың арасында бәсекелестік тудырып, оқуға қызығушылығын, белсенділігін оятады деп ойлаймын. Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарының түрі мен олардың әрқайсысының ерекшелігі сан қырлы. «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас» деп К.Д.Ушинский айтқандай «жан-жақты дамыған, бісекеге қабілетті жеке тұлға» қалыптастыру кілті мұғалім қолында. Пайдаланылған әдебиет 1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының «Мұғалімге арналған нұсқаулығы», үшінші (негізгі) деңгей. 2. «Бастауыш білім» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы, №3 2008 ж. |