Пациенттің функционалдық жағдайын бағалау. Жоспар - Қызба. Дене қызуының дәрежелері
- Термометр
- Артериялық пульс. Пульс қасиеттері
- Пульсты анықтайтын тұстар
- Артериялық қан қысымы және оның көрсеткіштері
- АҚҚ өлшеу
- Тыныс алу жиілігін есептеу
- Тыныс алу түрлері
Қызба –Бұл дене температурасының 37 град-тан жоғары болуы.Теріні сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауабы ретінде дамитын ағзаның белсенді, қорғану-бейімделу реакциясы оларға көбінесе пирогендік заттар жатады. Олар микробтар,сарысулар,вакциналар, Жарақаттанудан ішкі қансырауларда,некрозда,пайда болады ағза ұлпаларының ыдырау өнімдері Қызба Температура жоғарлау дәрежесіне қарай: Ø Гипотермия –36 °С төмен Ø Қалыпты - 36,0 - 36,9°С Ø Субфебрилді –37,1 -ден 37,9°С-ға дейін Ø Фебрилді - 38,0-ден 39,0°С-ға дейін Ø Пиретикалық (жоғары) - 39,1-ден 40,9°С-ға дейін Ø Гиперпиретикалық (өте жоғары) –41°С-ден жоғары Қызба кезеңінің сипаттамасы I кезең: температураның көтерілуі. Науқас шағымдары: бас ауру, сүйек сырқырауы, әлсіздік, қалтырау. Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде. Естің жағдайы: өзгермеген. Жылу жасау және жылу бөлу қатынасы. Жылу жасау, жылу бөлуден басым болады. а)емделушіні жылыту; ә) жылы көрпемен жабу; б)аяғына жылытқыш қою; в)ыстық, тәтті шай беру II кезең: температураның тұрақты болуы . Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз қүрғауы. Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады. Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болуы мүмкін. Жылу жасау жөне жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпта болады. Науқасты күту алгоритмі: - маңдайына компресс немесе мүзды мұйык; қою;
- теріні сірке қосылған суық сумен сүрту;
- суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау;
- дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу;
- ауыз куысының кілегей қабатын жуу;
- ерінді вазелинмен майлау;
III кезең: температураның төмендеуі-дағдарыс . Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу. - Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталган.
- Естің жағдайы: мелшиген, кейде есінен танады.
- Жылу жасау мен жылу берудің қатынасы.
- төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау;
- дәрігерді шақыру;
- кофе немесе ыстық шай беру;
- науқасты қымтап жабу;
- 10% сульфат және 10% кофеин-натрийі бензоат ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау;
Термометр Термометр (гр. θέρμη — жылу; Үлгі:Lang-el2 — өлшеймін) — дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Галилео Галилейді атайды. Оның өз қолымен жазған еңбектерінде термометрдің нақты сипаттамасы жоқ, бірақ оның шәкірттері Нелли мен Вивиани Галилейдің 1597жылы термоброскопқа ұқсас бір нәрсе жасап шығарғанын байқаған. Галилей бұл кездері өзі жасап шығарған аспапқа ұқсайтын құралдың сипаттамасы кездесетін Герон Александрийскидің еңбектерін зерттеп жүрген еді, бірақ ол денелердің температурасын өлшеу үшін емес, судың температурасын жылыту арқылы көтеру үшін арналған еді. Термоскоптың құрылысы трубкаға жабыстырылған шыныдан жасалған шариктен тұрды. Шарикті аздап қыздырып, трубканың соңын су құйылған ыдысқа сүңгітеді. Аздаған уақыттан кейін шариктің ішіндегі ауа салқындайды, оның қысымы төмендеп, су атмосфералық қысымның нәтижесінде трубка бойымен жоғары көтеріледі. Одан кейін біраз уақыт өткен соң, шариктің ішіндегі ауаның температурасы төмендеп, судың деңгейі түсе бастайды. Термоскоптың көмегімен тек дененің жылу деңгейін ғана білуге болатын еді, температураның сандық мәнін білу мүмкін емес еді, өйткені шкала жоқ еді. Оған қоса, судың деңгейі тек дененің температурасынан ғана емес, атмосфералық қысымға да байланысты еді. Термометр түрлері: 1. Механикалық термометрлер 2. Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлер 3. Электрлі термометрлер 4. Инфрақызыл термометрлар 5.Термосызықты Дене температурасын өлшейтін тұстар Қолтық асты аймағы 36-37°С Құлақ ішіне Ауыз қуысы 0,5-0,8°С Артериялық пульс(РС) Бұл артериялды жүйеге қанның айдалуы нәтижесінде артерия қабырғаларының ырғақты қозғалуы . Диагностика мақсатымен пульсті басқа да қан тамырларынан анықтауға болады. Ұйқы артериясында. Артерияны қатты қыспай екі жақтан кезекпен пульсті тексеру керек. Сан артериясында пульсті созылған сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді. Тізе асты артериясында. Пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі. Асықты жіліктің сыртқы артериясында пульсті ішкі тобықты қысып отыра тексереді. Табан сыртының артериясында пульсті бірінші кеңістік аралық проксималды табанының сыртқы беткейінде тексереді. Білек артериясынан пульсті анықтау үшін іс-әрекеттер алгоритмі: - Білезік буыны тұсынан оң жақ саусақтарыңызбен ұстаңыз
- Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз
- 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын сәулелі артерияны сипап сезіп,оны білек сүйегіне басыңыз.
- Пульс толқындарының сипатамасын 1 минут ішінде анықтаныз
- Оң және сол жақ;білек артериясында пульсті бір уақытта,оларды салыстыра отырып анықтау керек.Қалыпты жағдайда олар біркелкі болуға тиіс.
- Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады .Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен П(пульс )деп белгілейді.Пульс бағасында минутына 60-72 рет жиілікпен соғады.
Қан қысымы Қан қысымы-бұл артерия қабырғаларына қанның қысымы:Ол: - Жүректің айдау көлеміне
- Артерия қабырғасының тонусына тәуелді
Систолалық қысым 100-140 мл Диастолалық қысым 60-90 мл Қан қысымын өлшеу құралы: сфигмоманометр (тонометр) Тыныс алу қимылын есептеу ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ АЛГОРИТІМІ: 1.Науқасқа емшараны барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз. 2. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминация жасаңыз. 3. Науқасты ыңғайлы қалыпта (жатқан) , кеудесі мен іші көрінетіндей жағдайда орналастырыңыз. 4.Науқастың қолын білек артериясынан пульс анықтайтындай етіп ұстаңыз (науқас назарын басқаға аудару үшін). 5.Екінші қолыңызды кеуде торына (кеудемен тыныс алу) немесе эпигастрий тұсына (ішпен тыныс алу) қойыңыз. 6. Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын есептеңіз. 7. Тыныс алу қимылы жиілігін бағалаңыз. 8. Науқасқа ТАҚ нәтижесін айтыңыз. 9. Қолыңызды жуып,кептіріңіз. 10.Мәліметті қызу парағына түсіріңіз . Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады. Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны және үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады. Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы және терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз. Ескерту! -Тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын науқасқа байқатпай есептеңіз. -Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылының саны тыныс алу жиілігі деп аталады (ТАЖ) - Дені сау ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі тыныштық жағдайда 1минутта 16-20 рет.
- -тыныс алудың 1минутта 16-20 реттен жиіленуі тахипноэ, ал сирек болуы брадипноэ деп аталады. |