Главная страница

Тест - акма. Парламент Мжілісіні депутаттары сайланады (Мжіліс аралас сайлау жйесі)


Скачать 35.67 Kb.
НазваниеПарламент Мжілісіні депутаттары сайланады (Мжіліс аралас сайлау жйесі)
Дата05.03.2023
Размер35.67 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест - акма.docx
ТипДокументы
#970093

Тестке дайындық сұрақтары




Парламент Мәжілісінің депутаттары _____________ сайланады (Мәжіліс аралас сайлау жүйесі)



Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттары мандаттарының саны тақ болған жағдайда, жартысынан асатын мандат …(бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланады)




Қай өкілді орган тек мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша құрылады? (облыстар мен аудандар мәслихаттарының депутаттары)



Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:( 1.Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиялары; 3) округтік сайлау комиссиялары;       4) учаскелiк сайлау комиссиялары.



Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссиялары _______________ құрылады. (орталық сайлау комиссиясы)



Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе …(округтік сайлау комиссиялары құрылмайды, олардың өкілеттіктерін аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады)



Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ____________________________ сайланады (саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті міслихаттармен)



Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері ________________ сәйкес келуі керек      (орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына)



Сайлау комиссияларының қызметі ___________ негізінде жүзеге асырылады (алқалылық, жариялылық және ашықтық)



Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының ___________________, олар заңды болады (3х2)



Сайлау комиссиясының отырыстарына _____________________қатыса алады (барлық жауап дұрыс)

(кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтіккуәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.



Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде ____________________ қатысуға құқылы (барлық жауаптар дұрыс)



Қандай мекемеге сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалуы мүмкін? (жоғары тұрған сайлау комиссиясына және сотқа)



Қандай мерзімде сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалуы мүмкін? (егер «ҚР сайлау туралы»КЗ шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап 10 күннің ішінде)




Сайлау процесіне қатысушылардың қайсысы сайлау бақылаушыларын жіберу үшін аккредиттеуден өтеді? (ҚР қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдары)



Байқаушылар ретінде сайлау учаскелеріне _________________ жіберіледі (18 жасқа толған ҚР кез келген азаматы)



Байқаушының өкілеттігі қандай құжатпен куәландырылады? ( аты-жөні көрсетілген және байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылған жазбаша құжатпен)



Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты кімге көрсетеді? (Сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға)



Байқаушыны сайлау учаскесінде тіркелу ______________________ жүзеге асырылады.(ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы



Қандай мекеме жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады? (аумақтық сайлау комиссиясы)



Қандай мекеме жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады? (аумақтық сайлау комиссиясы)



Сайлауды байқауға ниеттенген қоғамдық бірлестіктеріне, коммерциялық емес ұйымдарына аккредиттеуге қойылатын негізгі талап. (жарғылық қызметінде сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығының болуы)



Аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі қандай? ( күнтізбелік 30 күнді құрайды.



Қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу қандай мерзімге беріледі? БІР ЖЫЛ



Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары құқылы: (сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін рәсімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға




Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары міндетті: (барлық жауап дұрыс)

(олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге, өз ескертулерін құжатталған, шынайыжіне тексеруше болатынфактілермен негіздеуге, сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдаурәсіміне араласпауға )




Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары _______________ аккредиттеледі. (ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында)



Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құқылы:

(барлық жауаптар дұрыс)




Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері міндетті:

(сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасығың тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға)




Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін __________________ құрады ( Орталық сайлау комиссиясы)



Сайлау округтерiнiң тiзiмiн олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, тиiстi сайлау комиссиялары _______________ тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды (сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей).



Сайлау учаскелерi мынадай жағдайларда құрылады: (1)әрбір сайлау учаскесінде 3000 аспайтын сайлаушы болуы; 2) әкімшілік-аумақтық бөліністегі әкімшілік-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы ескеріле отырып құрылады)



Қандай мерзімде тиiстi әкiмдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы құлақтандырады? (15 күн мерзімде, ал өзгеде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды өткізген кезде 7 күн)



Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде қандай тізімдер жасалады? (сайлаушылардың тізімдері)



Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін қай орган жасайды? (жергілікті атқарушы орган)



Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімі кіммен және қандай мерзімде беріледі? (Әкім, дауыс беру басталардан 20 кұн бұрын)



Қандай жағдайларда сайлаушы тіркелген жері бойынша емес, тұрған жері бойынша дауыс беруге құқылы? (      егер сайлаушы дауыс беруге 30 күн қалғанда өзі тұратын жердегі жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш білдірсе)



Сайлау алдындағы үгiт – …(сайлаушылардың белгілі бір и кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет)



Сайлау алдындағы үгітті өткізу мерзімдері? (кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлауболатын күннің алдыңғы күні жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады)



Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша ____________________ анықтайды (әр сайлау учаскесіне 3 адамнан аспайтын санда)



Сенім білдірілген адамдар ____________________________ құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады. (Саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының)



____________________________сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады (сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күн)



Сайлау бюллетеньдері қандай мөлшерде дайындалады? (сайлау округiндегi сайлаушылардың жалпы санының 1% резервiмен сайлау округiндегi сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.



Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына қандай мерзімде жеткiзiледi? (Сайлаудан ерте дегенде 3 күн бұрын және сайлаудан кемінде 1 күн бұрын)



Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй ...(мөрлеп бекітіледі және ішкі істер органдарының күзетуіне тапсырылады)



Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, сайлау жөнiндегi дауыс беру сайлау күнi __________________ өткiзiледi. (жергілікті уақытпен сағат 7 ден 20 дейін)



Учаскелік сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды қандай мерзімде хабардар етеді? (дауыс беру өткізілетін к.нге дейін 10 күннен кешіктірмей)



Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда ____________________________ болуына тыйым салынады (сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың)



Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын сайлау комиссиясының мүшесі бұзған жағдайда. (ол комиссияның жұмысына қатысудан дереу шеттетіледі)



Байқаушы мен өзге де адамдар Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзған жағдайда. (олар сайлау комиссиясының дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады)    



Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртіпті қамтамасыз ету _________________________ жүктеледі. (ішкі істер органдарына)



Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары ... (дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн 1 сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.



Сайлау бюллетеньдерін беруге жауапты комиссия мүшелерін кім анықтайды? (Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы)



Сайлау бюллетеньдерін кім беруге құқылы? (сайлау комиссиясының мүшесі)



Қандай құжат ұсынғанда сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беріледі? (Жеке куәлік)



Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, ... (учаскелік сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00 кешіктірілмей беріле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс)



Сайлау комиссиясының қанша мүшесі тасымалданатын дауыс беру жәшігімен бірге жүреді?(  2



Кім байқаушыларды, сенiм бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi?( сайлау комиссиясының мұшесі)



Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға ____________________________ табыс етедi.(дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін)



Сайлаушы дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясының әрекеті? (Сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді)



Қандай жағдайларда сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді? (барлық жауап дүрыс) (Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.



Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау ...(       жергілікті уақытпен сағат 20.00 басталады)



Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi ...( Дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейін үзіліссіз жүргізедіжәне санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспауы керек) 



Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар ___________________________ көз жетерлік арақашықтықта байқай алатың жағдай жасалу қажет. (бюллетеньдердегі белгілерді)



Бюллетеньдерді санау процедурасы қалай өтеді? (комиссия төрағасы немесе комиссияның белгілі бір мүшесі қатысушыларға сайлау бюллетенін көрсетеді және сайлаушының ерік білдіруін жариялайды)     



Дауыстарды санау кезінде сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялауда сайлау комиссиясының іс-қимыл алгоритмі қандай? (Жарияланған бюллетеньдер әрбір кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия бойынша жеке-жеке қатталып, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер үшін және жарамсыз бюллетеньдер үшін жеке-жеке қатталып жиналады)



Дауыс беруге арналған жәшiктердi __________________ тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. ( Төраға дауыс берудің аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейін)



Қашан учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды? (Дауыс беру аяқталған соң және бюллетеньдер салынған жәшіктерді ашқанған соң)



Дауыстарды санау нәтижелері қандай құжатпен ресімделеді? (хаттамамен)



Алдымен қандай сайлау жәшіктері ашылады? (тасымалданатын)



Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны _______________________ сәйкес келуге тиіс. (Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша өтiніштердiң санына сәйкес келуге тиіс.



Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгідегі сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, ... (онда бұл жәшіктегі барлық сайлау бюллетеньдері жарамсыз деп танылады)



Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн қандай жәшiктер ашылады? (тұрақты)



Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi ... (тиісті сайлау комиссиясы санайды және жояды)



Қандай жағдайларда бюллетеньдер жарамсыз деп танылады? (Егер бір саяси партиядан артық, бір кандидаттан артық белгіленген жағдайда)



_________________ жолымен шешеді. (Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы даусымен қабылданады.



Бюллетеньдердің жарамдылығына қатысты келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шешім қалай қабылданады? (шешім комиссия мүшелерінің жалпы санының жарытысынан астамы даусымен қабылданады)



Дауыстарды қайта санау ненің негізінде жүргізіледі? (сенім білдірген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша және 1 рет қана)




Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларға кім қол қояды? (сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері)



Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ______________________ ілінеді. (дереу)



Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі қанша уақытқа ілінеді? (2 күнге)



Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі қанша уақытқа ілінеді? (Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнің үй-жайында ілінедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.



Кімнің қалауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі беріледі? (ҚР саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің коммерциялық емес ұйымдарының байқаушыларының)



Қандай жағдайларда тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы тиiстi учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қайта санау туралы шешiм қабылдауға хақылы? (Барлық жауаптары дұрыс) (



Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау қандай мерзімде жүргізілуі тиіс? (Сайлау қортындылары ресми жарияланғанға дейін)



Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде сайлаушылардың дауысын қайта санау кімнің қатысуымен жүргiзiледi? (жоғары тұрған сайлау комиссиясы мүшесі және дауыстардың дұрыс саналмағандығы фактілерін табыс еткен өтініш берушілер)



Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын ____________ анықтайды (Орталық сайлау комиссиясы).



Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын ____________ анықтайды. (аумақтық сайлау комиссиясы)



Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қандай мерзімде жариялайды? (сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кешіктірілмей



Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қандай мерзімде жариялайды? (сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей)



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті және кезектен тыс сайлауын кім тағайындайды? (ҚР Президенті)



Шығып қалғандардың орнына Парламент Мәжілісі депутаттарынның сайлауын кім тағайындайды? (Орталық сайлау комиссиясы)



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы қандай мерзімде тағайындалады? (депутаттардың өкілеттік мерзімінің бітуінен кемінде 5 ай бұрын)



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы қандай мерзімде өткізіледі? (депутаттардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 3 айдан кешіктірмей)



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы қандай мерзімде тағайындалады? (өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы шешім қабылдаумен бір мезгілде)



Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы қандай мерзімде өткізіледі? (өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап 2 айдың ішінде



Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы ___________________________ тиесілі. (саяси партияларға)



Парламент Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы ___________________________ тиесілі. (саяси партияларға, сондай-ақ егер жарғыда тиесілі өкілеттік көзделген болса , олардың құрылымдық бөлімшелеріне)



Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам ... (бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынуға құқылы емес)



Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу ... ( саяси партияның жоғары органының шешімімен жүргізіледі



Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну және өзін-өзі ұсыну қандай мерзімде жүзеге асырылады? (дауыс беру күнінен 60күн бұрын басталады және сайлауға 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады)



Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсыну қалай жүргізіледі? (тиісті округтік сайлау комиссиясына депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру туралы)



Қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) құқылы: (Осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға)



Парламент Мәжілісінің депутаттығына саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді ____________________ жүзеге асырады ( Орталық сайлау комиссиясы )




Парламент Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеуді _____________________ жүзеге асырады (округтік сайлау комиссиясы)



Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ___________________ өз кандидатурасын ала алмайды. (дауыс беретін күнге 2 күн қалғанда)



Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында ____________________________негізінде анықталады (тиісті аумақтық және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары )



Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы қандай органмен тағайындалады? ( Орталық сайлау комиссиясы




Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын қай орган тағайындайды? (Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығы, мәслихатының өзін-өзі тарату туралы шешімі негізінде)



Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен __________________________________________ тұспа-тұс келмеуге тиiс (Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына)



Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну қандай мерзімде жүргізіледі? (дауыс беру күнінен 60 күн бұрын басталады және сайлау күніне 30 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады)



Мәслихаттар депутаттығына саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті _______________________ жүзеге асырады (АУМАҚТЫҚСАЙЛАУКОМИССИЯСЫ



Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді ____________________ жүзеге асырады (округтік сайлау комиссиясы)



Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орнатылады: (телефон аппарты, калькулятор), (сейф немесе металл шкаф)




Сайлаушылар үшін қолжетімділікпен қолайлылықты ескере отырып, мынадай ақпаратты қамтитын ақпараттық стендтер орналастырылады: (дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің үлгілері) (тиісті сайлау комиссиясы белгілеген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері)



написать администратору сайта