Сьереометрия. Стереометрия. Павлодар білім беру басармасы . Пішенбаев атындаы Екібастз таукен колледжі Кмм кгкп Екибастузский горнотехнический колледж им. К. Пшенбаева
Скачать 49.46 Kb.
|
Павлодар білім беру басқармасы «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжі» КҚММ КГКП «Екибастузский горно-технический колледж им. К.Пшенбаева» Геометрия пәнінен I курс бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларының жинағы Құрастырған математика пәні оқытушысы: Абикеева Ж.А. Екібастұз қаласы Түсініктеме Берілген тест тапсырмалары стереометрия тарауларының I-курс бағдарламасына сай теориялық сұрақтарын жинақтайды. Әр тараудан екі нұсқада бес тапсырмадан тұратын барлығы алты тест тапсырмалары құралды. Тест тапсырмалары студенттердің берілген тараулар бойынша теориялық білімдерін мемлекеттік стандартқа, яғни I деңгейге сай меңгергендерін тексеруге арналады. Сонымен қатар студенттердің оқулықтағы мәтіндік материалдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге көмектеседі. Әр тапсырманың үш нұсқада жауабы берілген, студенттер 7-10 минуттың ішінде дұрыс жауапты таңдап, жазулары керек. Жинақтың соңында тест тапсырмаларының жауаптары берілген, ол студенттердің өз өздерін немесе бірін бірі тез арада тексерулеріне арналған. № 1 Тест Тақырып: Стереометрия аксиомалары I нұсқа 1.Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Қандай жазықтықты алсақ та... А) оған тиісті түзулер және тиісті емес түзулер болады Б) сол жазықтыққа тиісті нүктелер де, тиісті емес нүктелер де болады В) кеңістіке тиісті жазықтық және тиісті емес жазықтық болады 2. Стереометрия нені зерттейді ? А) жазықтықтағы фигураларды Б) кеңістіктегі жазықтықты, түзуді және нүктені В) кеністіктігі фигураларды 3.Сөйлемді дұрыс бастаңдар. .... тек бір ғана жазықтық жүргізуге болды. А) ортақ нүктелері бар әр түрлі екі түзу арқылы Б) бір түзуде жатпайтын екі нүкте арқылы В) көп ортақ нүктелері бар түзулер арқылы 4. Көп нүктенің орнына дұрыс жауапты қой. Жазықтықта жатқан түзу, жазықтықты .... бөледі. А) екі жартыкеңістікке; Б) екі жартытүзуге ; В) екі жартыжазықтыққа 5. Кеңістікте А,В,С үш нүктесі берілген, олардың ара қашықтығы АВ=14см, ВС=16см, АС=18см. Үшбұрыш АВС-ның ауданын табыңдар А) Б) ; В) № 1 Тест Тақырып: Стереометрия аксиомалары II нұсқа 1.Көп нүктенің орнына дұрыс жауапты қой. Егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда олар... қиыласады. А) осы нүктеде Б) осы нүкте арқылы өтетін түзу бойымен В) осы нүкте арқылы өтетін кесінді бойымен 2. Сөйлемді дұрыс бастаңдар. .... арқылы тек бір ғана жазықтық жүргізуге болды. А) түзу және одан тыс нүкте ; Б) бір түзуде жататын екі нүкте ; В) ортақ нүктесі жоқ екі түзу 3. Стереометрияның негізгі фигураларына жатады... А) нүкте, түзу, кеңістік Б) кеңістіктегі орналасқан барлық фигуралар В) түзу, нүкте, жазықтық 4. Сөйлемді дұрыс бастаңдар. .... арқылы тек бір ғана түзу жүргізуге болады. А) кез келген екі нүкте Б) кез келген үш нүкте ; В) кез келген бір нүкте; 5. Кеңістікте М, К, Р үш нүктесі берілген, олардың ара қашықтығы МК=13см, МР=14см, КР=15см. Үшбұрыш МКР-ның ауданын табыңдар А) Б) ; В) Тест №2 Тақырып: Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара жайғасуы I нұсқа 1. Кеңістікте айқас түзулер арқылы ... А) Бір ғана жазықтық жүргізуге болады Б) Ешқандай жазықтық жүргізуге болмайды В) Екі жазықтық жүргізуге болады 2. Екі түзу қиылысады , егер олардың ... А) ортақ нүктесі болса Б) ортақ нүктелері болмаса В) ортақ нүктелері көп болса 3. Дұрыс жауапты таңдап алыңдар Егер А,В,С,Д нүктелері бір жазықтықта жатса ... А) АВ түзуі СД түзуіне параллель болады Б) АВ түзуі СД түзуімен айқас болады В) АВ түзуі мен СД түзуі әрі айқас, әрі параллель болады 4. Егер екі жазықтық параллель болса олардың... А) көп ортақ нүктелері болады Б) бір ғана ортақ нүктесі болады В) ортақ нүктелері болмайды 5. Жазықтықты қимайтын MN кесіндісінің ұштары мен ортасындағы К нүктесі арқылы жазықтыққа параллель түзулер жүргізілді. Олар жазықтықты M1, N1 және К1 нүктелерінде қиып өтеді. Егер MМ1=16см, KK1=9см болса, NN1=? А)12см Б) 5см В) Тест№2 Тақырып: Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара жайғасуы II нұсқа 1.Кеңістікте екі параллель түзулер арқылы ... А) Бір ғана жазықтық жүргізуге болады Б) Екі жазықтық жүргізуге болады В) Ешқандай жазықтық жүргізуге болмайды 2. Айқас түзулер ... А) Бір жазықтықта жатпайды Б) Бір жазықтықта жатады В) Көп жазықтықтарда жатады 3. Дұрыс жауапты таңдап алыңдар. Егер А,В,С,Д нүктелері бір жазықтықта жатса ... А) АВ түзуі СД түзуіне айқас болады Б) АВ түзуі мен СД түзуі қиылысады. В) АВ түзуі мен СД түзуі әрі айқас, әрі қиылысатын болады 4. Егер түзу мен жазықтық қиылысатын болса... А) екі ортақ нүктесі болады Б) ортақ нүктелері болмайды В) бір ғана ортақ нүктесі болады 5) Жазықтықты қимайтын AB кесіндісінің ұштары мен ортасындағы C нүктесі арқылы жазықтыққа параллель түзулер жүргізілді. Олар жазықтықты A1, B1 және C1 нүктелерінде қиып өтеді. Егер AA1= 12см, BB1= 6см болса, CC1= ? А) 6см Б) 9см В) Тест №3 Тақырып: Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың параллелдігі I нұсқа 1. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Екі қиылысатын түзуді қиып өтетін түзулер... А) олармен бірге бір жазықтықта жатады Б) олармен бір жазықтықта жатпайды В) әр түрлі жазықтықтарды жатады 2. Ортақ нүктелері бар түзулер... А) параллель болады Б) қиылысады В) айқас болады 3. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Бір жазықтықта жататын қиылысатын екі түзу, екінші жазықтыққа параллель болса... А) онда жазықтықтар қипласады Б) онда жазықтықтар сәйкес келеді В) онда жазықтықтар параллель болады 4. Түзу жазықтықты қиып өткенде ... А) олардың екі ортақ нүктесі болады Б) олардың бір ғана ортақ нүктелері болады В) олардың ортақ нүктесі болмайды 5. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Трапецияны жазықтыққа параллель проекциялағанда... А) тек қана трапеция шығады Б) параллелограмм шығады В) трапеция немесе ромб шығады Тест№3 Тақырып: Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың параллелдігі II нұсқа 1. Екі түзу параллель болады, егер... А) бір жазықтықта жатса Б) әр түрлі жарты жазықтықта жатса В) бір жарты жазықтықта жатса 2. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Жазықтықтын тыс жатқан нүкте арқылы, осы жазықтыққа параллель... А) бірнеше жазықтық жүргізуге болады Б) Екі жазытық жүргізуге болады В) Бір ғана жазықтық жүргізуге болады 3. Түзу мен жазықтық параллель болады, егер... А) ортақ нүктелері болса Б) ортақ нүктелері болмаса В) қиылысатын болса 4. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Екі параллель жазықтықтардыарасындағы пераллель түзулердің кесінділері... а) параллель және тең болады Б) тең, бірақ параллель емес болады В) параллель, бірақ тең болмайды. 5. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Параллелограммды жазықтыққа параллель проекциялағанда... А) тек қана параллелограмм шығады Б) параллелограмм немесе кесінді шығады В) трапеция шығады Тест№4 Тақырып: Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы I нұсқа 1. Сөйлемді дұрыс бастаңдар. ...кеңістіктегі екі түзуді перпендикуляр түзулер деп атайды. А) Бір-бәрмен 900 бұрыш жасайтын Б) Кез келген бұрыш жасайтын В) Бір бірімен 00 бұрыш жасайтын 2. Түзу жазықтыққа перпендикуляр болады, егер.... А) ол сол жазықтықты қиып өтсе Б) ол жазықтықтағы түзулердің кез келгеніне параллель болса В) ол жазықтықтағы түзулердің кез келгеніне перпендикуляр болса 3. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Егер жазықтық параллель екі түзулердің біріне перпендикуляр болса... А) онда ол екінші түзуді қиып өтеді Б) онда ол екінші түзуге параллель болады В) онда ол екінші түзуге перпендикуляр болады 4. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Бір нүктеден жүргізулген перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесіндігіні .... А) проекция деп атайды Б) троектория деп атайды В) көлбеудің табаны деп атайды 5. Есепті шығарыңдар. Қабырғалары АВ , АВСD-квадраты берілген. ВМ ┴ (АВС). Егер ВМ тең болса, DМ кесіндісін табыңдар. А) 6см Б) 7см В) Тест№4 Тақырып: Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы II нұсқа 1. Сөйлемді дұрыс бастаңдар. ... біріне перпендикуляр болса, онда ол екінші түзуге де перпендикуляр болады А) Егер түзу өзара перпендикуляр екі түзудің Б) Егер түзу өзара айқас екі түзудің Б) Егер түзу өзара параллель екі түзудің 2. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу... А) өзара пераллель болады Б) өзара айқас болады В) өзара қиылысады 3. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығы.... деп аталады А) түзу Б) қашықтық В) кесінді 4. Көлбеудің жазықтықта жатқан ұшын ... деп атайды А) прекциясы Б) қашықтығы В) табаны 5. Есепті шығарыңдар. Қабырғалар 2см тең СDЕК квадраты берілген. ВD ┴ СDЕ. Егер ВК см болса, В нүктесінен СDЕ жазықтығына дейінгі қашықтықта табыңдар А) Б) 6см В) 8см Тест №5 Тақырып: Кеңістіктегі жазықтықтардың перпендикулярлығы I нұсқа 1. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Бір ұшы жазықтықта жататын, жазықтыққа перпендикуляр емес кесіндіні... А) проекция деп атайды Б) көлбеу деп атайды В) қашықтық деп атайды 2. Екіжақты бұрыштың жақтары деп ... атайды А) екі жартыкеңістікті Б) екі і жазықтықты В) екі жартыжазықтықты 3. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар Көлбеудің табаны арқылы өтетін түзу оның прекциясына перпендикуляр болса... А) сол көлбеудің өзіне перпендикуляр болады Б) сол көлбеуге параллель блдады В) сол көлбеуге айқас болады 4. АВСД квадратының төбесі арқылы оның жазықтығына АК- перпендикуляры түсірілген. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? А) КА ┴ АС Б) КВ ┴ СВ В) КС ┴ СВ 5. А нүктесі, перпендикуляр екі жазықтықтарынан 3см және 5см қашықтықта орналасқан. Осы екі жазықтықтың қиылысу түзуіне дейінгі қашықтықты табыңдар. А) Б) 4 см В) 6 см Тест №5 Тақырып: Кеңістіктегі жазықтықтардың перпендикулярлығы II нұсқа 1. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Жазықтықтан тыс жатқан нүкте арқылы жазықтыққа... А) бір ғана перпендикуляр түзу жүргізуге болады. Б) екі перпендикуляр түзу жүргізуге болады В) көп перпендикуляр түзу жүогізуге болады 2. Екі жақты бұрыш деп... А) екі жарты жазықтықтан құрылған фигураны атайды Б) екі жарты кеңістіктен қуралған фигураны атайды В) ортақ бір түзумен шетелген екі жарты жазықтықтан тұратын фигураны атайды 3. Сөйлемді дұрыс бастаңдар. .... онда сол түзу көлбеудің проекциясына перпендикуляр болады А) Егер жазықтықта жатқан түзу көлбеуге перпендикуляр болса Б) Егер жазықтықта жатқан түзу көлбеуге параллель болса В) Егер жазықтықтағы түзу көлбеуді қиып өтсе 4. АВСD квадратының төбесі арқылы оның жазықтығына АF перпендикуляры түсірілген. Төмендегі тұжырымдарының қайсысы дұрыс? А) FA ┴ CD Б) FB ┴ CD В) FC ┴ CB 5. А нүктесі , перпендикуляр екі жазықтықтарынан 2см және 3см қашықтықта орналасқан. Осы екі жазықтықтың қиылысу түзуіне дейінгі қашықтықты табыңдар. А) Б) В) 3см Тест№6 Тақырып: Кеңістіктегі декарт координаталар мен векторлар I нұсқа 1) Декарт координатолары кеңістіке ... А) екі перпендикуляр түзулермен беріледі Б) үш өзара перпендикуляр түзулермен беріледі В) үш өзара параллель түзулер беріледі 2) Берілген нүктелердің қайсысы уz жазықтығында жатады? А) В (1; 2; 0) Б) С(-1; 0; 5) В) А (0; 1; 1) 3) Екі вектор бір біріне тең болады, егер... А) олардың координаталары бірдей болса Б) ұзындықтары бірдей болса В) бағыттары бірдей болса 4) Кесіндінің орта нүктесінің координаталары... А) оның шеткі нүктелерінің сәйкес координаталарының айырмының жартысына тең Б) оның шеткі нүктелерінің сәйкес координаталарының қосындыларының жартысына тең В) оның шеткі нүктелерінің қосындысы тең 5) Нүктелер координаттарымен берілген А(-3;2;-1), В(2;-1;-3), С(1;-4;3), D(-1; 2;-2) табыңдар. А) Б) В) Тест№6 Тақырып: Кеңістіктегі декарт координаталар мен векторлар II нұсқа 1) Кеңістіктегі координаттың жазықтықтарға жатады... А) xy, yz, xz Б) xz, yz, xx В) ox, oy, oz 2) Кеңістікте нүктелер... А) бір координатамен біріледі Б) екі координатамен беріледі В) үш координатамен беріледі 3) Басы А(x1; y1; z1), ал ұшы В(x2; y2 ;z2) болатын векторлардың координаталарын табу үшін... А) басындағы нүкте А мен ұшындағы нүкте В сәйкес координаталарын көбейту керек Б) А,В нүктелерінің сәйкес координаталарын қосу керек В) ұшындағы В нүктесінің координаталарынан сәйкес А нүктесінің коодинаталарын алу керек 4) Кеңістікте координаталармен берілген екі нүктенің арасындағы қашықтықты табу формуласын анықтаңдар. А) Б) В) 5) координатаоынің нүктелері берілген С(-4;-3;-1), D(-1;-2;3), M(2;-1;-2), N(0; 1;-3) табыңдар A) ; Б) B) Тест тапсырмаларының жауаптары №1 Тест. Стереометрия аксиомалары
№2 Тест. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара жайғасуы
№3 Тест. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың параллелдігі
№4 Тест. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы
№5 Тест. Кеңістіктегі жазықтықтардың перпендикулярлығы
№6 Тест. Кеңістіктегі декарт координаталар мен векторлар
|