вамва. Ташибаев Спандияр, МИ-11 дистанционно. Педагогикалы психология Педагогикалы психологияны масаты, міндеттері, мазмны
Скачать 66.6 Kb.
|
Педагогикалық психология 1. Педагогикалық психологияның мақсаты, міндеттері, мазмұны. 2.Педагогикалық психологиясының жас ерекшелігі психологиясымени байланысы. 3.Педагогикалық психология проблемалары. 1. Педагогикалық психологияның мақсаты, міндеттері, мазмұны Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу барысында солардың болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология ғылымының саласы. «Педагогикалық психология жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский). «Педагогикалық психология білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру заңдылықтарын, осы процестердегі жеке даралық өзгешеліктерді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді» (В.А.Крутецкий). «Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді» (А.В.Петровский). «Педагогикалық психология белгілі даму кезеңдеріне сәйкес қоғамда қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру заңдылықтарын зерттейді.Сонымен қатар ол үйрету процесі мен даму процесі арасында байланыс орнатып, қандай жағдайда үйрету даму мүмкіндіктерін тудыратындығын анықтайды» (Т.В.Габай). «Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылықтарын зерттейді» (Л.И.Божович). «Әлеуметтік – мәдени тәжірибені адам тарапынан игеру фактілері, механизмдері, заңдылықтары және осыдан туындаған оқу әрекеті субъектісі ретінде адамның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістерді меңгеру, білім беру процесінің әр түрлі жағдайда ұйымдастарылуы педагогикалық психологияның пәні болып табылады» (И.А.Зимняя). «Педагогикалық психологияның пәні – білім алушы, тәрбиеленуші сондай-ақ, осы оқыту мен тәрбие процестерін ұйымдастырушылар (педагог,тәрбиеші) тарапынан оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу» (И.Логвинов, С.Сарычев,А.Силаков). «Педагогикалық психология балалар психикасының оқу – тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады. Педагогикалық психология сабақ үстінде оқу материалдарын балалар қалай ұғынады, не тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға қалай көнеді, міне осымен шұғылданады.Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына, тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» (М.М.Мұқанов). Педагогикалық психология тәрбие мен оқытудың психологиялық заңдылықтарын зерттейтіндіктен осы ұғымдарға тоқтала кетейік. Тәрбие мен оқытуға әр тұрғыда түсінік берілгенімен олар педагогикалық әрекеттің бір – бірімен тығыз байланысқан екі жағы. Ақиқатта тәрбие мен оқыту үнемі бірге жүзеге асырылады, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату да мүмкін емес. Баланы тәрбиелей отырып, біз оны бірдеңеңге үйретеміз,оқытамыз,оқыта отырып тәрбиелейміз. Әйтсе де, мақсаттары, мазмұндары, әдістері және т.б әр түрлі болғандықтан болар осы прцестер педагогикалық психологияда жеке – дара оқытылады. Мәселен, оқыту әдістері адамның әлемді,материалдық мәдениетті қабылдауымен түсінуіне негізделсе, тәрбие әдістері – адамның адамды, адам моралын, рухани мәдениетті қабылдауы мен түсінуіне негізделген. Тәрбие көбінекей адамдардың өзара іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады да дүниеге көзқарасты, мотивацияның және жеке тұлғаның мінезін дамытуды, сондай – ақ оның қасиет – сапалары мен адами қылықтарын қалыптастыруды көздейді. Оқыту пәндік теориялық және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері арқылы жүзеге асырыла отырылып, баланың интеллектуалдық және когнитивті дамуына бағытталған. Педагогикалық психологияның зерттейтін мәселелері: Оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы мәселесі; Дамудағы сензитивтік кезең мәселелері; Балалар дарындылығы мәселесі; Бала дамуының жүйелік сипаты және педагогикалық ықпал етудің кешенділігі мәселесі; Баланы педагогикалық қараусыз қалдыру мәселесі; Балаларды мектептегі оқуға даярлау мәселесі; Оқытуды жекелендіру (индивидуалдандыру) мәселесі; Психологиялық – педагогикалық диагностика мәселесі; Мұғалім мен тәрбиешіні психологиялық – педагогикалық даярлау мәселесі; Әлеуметтік адаптация және әлеуметтік реабилитация мәселелері және т.б. Педагогикалық психологияның міндеттері: Оқу – тәрбие процесінде білім алушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу,анықтау; Білім алушылардың әлеуметтік – мәдени тәжірибені, оның құрылымын меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, өзіндік санасында сақтау; Оқыту мен тәрбиелік әсер ету форма, әдістерінің білім алушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейлері арасындағы байланысына әсерін анықтау; Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, жеке тұлғалық дамуы мен іс-әрекеттің психологиялық негізін зерттеу; Дамыта оқытудың фактілерін, заңдылықтарын, механизмдерін анықтау; Білімді меңгеру, заңдылықтарын, шарттарын, критерийлерін (өлшем), осылар негізінде іс-әрекеттің құрамын анықтау; Меңгерудің диагностикалық деңгейі мен сапасының психологиялық негізін анықтау және білім беру стандартына сәйкестендіру. Педагогикалық психология принциптері: Детерминизм принципі; Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі; Жеке тұлғаның дамуы принципі және т.б. Педагогикалық психология құрылымы: Оқыту психологиясы; Оқу психологиясы; Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы; Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз тұлғасы психологиясы. Оқыту психологиясы 2. Педагогикалық психологиясының жас ерекшелігі психологиясымени байланысы. Психология ғылымның бір саласы бола отырып, ж.ер.психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады. Алайда, психологиялық – педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиядағы бақылаулар, көбінесе, бала психологиясының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеуді сипатына күнделікті жазу түрінде ие болады. Балалар пихологиясы, былайынша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясытек бақылауға негізделеді. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксприменттің ролі айтарлықтай өсті. Педагогикалық - психологиялық зерттеуде пайдалануының жилігі жағынан лабораториялық экспримент баланы зерттеудежетекші орын алып жүрген табиғи эксприментке ғана жол береді. Оқу – процесі жағдайында жүргізілген табиғи экспримент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамнаң қалыптасу ерекшеліктері мен жәке адамдар арасындағы қатынастарды жәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдасиырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық - психология үшін табиғи эксприменттің ерекше түрі қалыптастыру эксприменті өте пайдалы болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың психологиялық іс-әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады. Педагогикалық - психологиялық мәліметтерді алудың ерекше бір түрі –егіздер әдісі д.ат. әдіс Оның мәні - бір жұмртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен экспримент жағдайларында салыстырысып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бір қатар факторлардың әдістерін ажыратуға мүмкіндік береді. Зерттеуші психиканың қалыптасуының тақ сол сәтті психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасын дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Бірнеше қайталанатын мұндай кесулер бір қатар сынаушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психолктар бір сынаушының өрін оның елеулі өзгерстерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеуд.а. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өзіне қабылау мен эксприменттің және олардың өзгеріліп пайдаланған барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу әдістерін кең қолданылады. Нақты психологиялық әдістердіңмолдығы мен сан алуандығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясыныңкұрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамассыз етеді. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымның ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрлі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі проблемаларын ғылымында күрделі еңбектерімен байытқан белгілі психолог - ғылымдар: Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, П.Я.Гальперин, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Костюк, н.ф.Тальцина, т.б. нәтижелі зерттеп келеді. Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясы б/ы. Ол 50 жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. Ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білім алу оқушылардың іс - әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзге асырылады. Адам – ой әрекетін табюиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлайды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Педагогиканың міндеті – осы процесті шебер басқарып білу, тек ойлану іс - әрекетінің нәтижесінде ғана емес оның қалыптасу барысын да бақылап отыру. Бірқатар совет ғылымдарының еңбегінде оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс - әрекеттерінің құрылымына тәуелді болып келетіндігі, ал оның өзі оқыту әдістерімен анықталатындығы байқалды, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен әдістеріне тәуелді болатына ашып көрсетілді. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шерілуіге тиісті. Ұғымдардың белгілерімен жаңа типті есептерді шығарудың тәсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқытуда неғұрлым жоғары дамытушы нәтиже пайда болады.Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар псикасының дамуының басты механизмі- биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық- тарихи тәжірбиені игеру процесі үстінде дамып отырды. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық тәжірибе қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірбині игеру процесі болып саналады. Бұл процесс оқытуда жүзеге асырылады. Адамзат тарихында іс- әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол-оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және (басқа да жоғары психикалық жолмен қалыптасып), адамға тән жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетілі түсінуге мүмкіндік береді.Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігі) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды.Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеру болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады.Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің бәрі оқу тапсырмаларын орындаудан, оқу іс-әрекетінен көрініп жатады. Сонымен, іс-әрекеттің психологиялық құрылымының даму процесінде балалардың жалпы мінез-құлқының құрылысы да өзгеріске түседі.Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөлуге болады. 1. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы; 2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы; 3. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы. Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктері мен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатынын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады. Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшеліктері де енеді. Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық критериилерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады. Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдерді, бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін – ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы – бесінші жыл; ересектер – алтыншы жыл және даярлық тобы – жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі сынып оқушылары (1-3,4 сыныпқа дейін), ортаңғы сынып оқушылары (4-5-тен 7,8 сыныпқа дейін), жоғарғы сынып оқушылары (8-10,11 сыныпқа дейін). 3.Педагогикалық психология проблемалары. Мәселелі тапсырма – бұл оқытушылар, әдіснамашылар, оқулықтың авторларынан құралған мәселелі жағдайда оқыту тапсырмасы. Бұлардың мазмұны әртүрлі болуы да мүмкін: біреуі шынайы µмірге қайшы келсе (шынайы психологиялық коллизия) немесе белгілі автордың қайшылық білдіруі - психология ғылымының дамуына қарсы келеді, тіпті ғалымдар әлі шешімін таппаған мәселелерге ерекше кµзқарас білдіруі мүмкін. Оқыту принциптерінің мәселелері – оқытудың практикалық әдістерін үйретуді кµздейтін дидактикалық процесс педагогика теориясында жоқ болып табылады. Оның соты қалай: оқыту процесін ұйымдастыруда оқу материалдарының мазмұны оқуды дайын және сақталған күйінде керісінше таныс емес мәселелі мәселелерді береді. Бұл µзіндік ойдың іздену қызметінің негізінде мәселелік мәселелердің шешімі оқытуда анық болады. Мұндай жағдайда оқыту принциптерінің проблемалары ешбірін қажет етпейді, меңгерілген белгінің мазмұнын ұйымдастыру ойлану қызметі арқылы оқытудың негізгі әдістерін кµрсетеді. Қандай жағдайларда мәселелік жағдайларды тудыратын ойлану белсенділігін арттыратын, оқудағы µзіндік ойлау қызметін сақтау қажет. Бірінші. Оқытушы оқушыға қажетті тақырыпта жаңа белгі мен істің тәсілін практикалық және теориялық түрде береді. Тапсырмалар біріншіден, оқушыға қатысты белгілермен таныстыра білуі керек, екіншіден, бастауышта меңгерілген белгісіз заңдылықтар мен істің тәсілін анықтау қажет және үшіншіден, оқушы арқылы жеткіліксіз белгілерді алу және оны орындау істің мативті қызығушылықтан туады. Екінші. Мәселелі белгілер оқушының ұсынысымен ойлау мүмкіндігімен сәйкес келуі: қиыншылықтың жеткілікті болуы ойдың негізгі әрекетіне айналады. үшінші. Оқытушы оқытудың шынайы деңгейін ашып кµрсетуі керек. Тµртінші. Оқушыларды мәселелі жағдайларға тап қылуға тиісті практикалық тапсырмалар, сұрақтар, оқулық міндеттері мәселелік тапсырмалар ретінде қолданылады. Оқушыларға тапсырма сұрақтары оның µзінің тапсырма шарты оқу (тыңдау) кезінде пайда болған сұрақтармен сәйкес келген жағдайда ғана мәселелі бола алады. Мысалы үшін, мынадай тапсырмамен мысал келтіруге болады, сұрақ: «От шығарудың кµне тәсілдері қайсы?» деген сұрақ, сол жерде білім алушыларда пайда болған. Ал, шындығында қандай тәсіл кµне болып табылады? – деген сұрақтарымен сәйкес келеді. Білім алушыларда мынадай сұрақтың пайда болуының µзі олардың кеңдігінің белгісін кµрсетеді. Бесінші. Мәселелік жағдайлар бір-бірден және игеруге жататын сол сұрақтарға байланысты тапсырмалардың әртүрлі типтері жасалуы мүмкін: а) білім алушылардан лабораториялық тәжірибеде ашып кµрсеткенде әдебиеттерде жазылған немесе оқытушылардың айтқандарынан кейбір нақтылы фактілерді теоретикалық тұрғыдан түсіндіруді талап етілгенде; б) белгілі оқытылған тәсілдердің кµмегімен практикалық тапсырмаларды орындай алмаған кезде, оқушылардан, оқытушыдан алған білімнің жеткіліксіздігімен жаңа білімді қажет ететін практикалық тұрғыдан түсіндіруді талап етеді. Қажетті нәтижеге осылай қол жеткізіледі: немесе оқушылар белгілі фактілерді түсіндіреді (теорияны µмірде қолдануды оқиды) немесе жаңа білімді алу қажеттілігін сезінеді (оқу қызметінің ықпалды себебі – қызығушылық туындайды). Алтыншы. Егер оқушылар, мәселелі жағдайға тап болып, одан шыға алмай жатса (фактілерді теоретикалық түсіндіре алмады немесе жаңа білімнің қажеттілігін, немесе әрекет ету тәсілін жете түсінбеді), онда оқытушы пайда болған мәселелік жағдайды тұжырымдап, сонымен қатар, оның шешімі үшін қажетті оқу материалдарын түсіндіруге кірісіп, орындалмаған тапсырмалардың себептерін кµрсетіп, оған назар аударуы тиіс. Сондықтан жаңа оқу материалын алуда алдын алып шолу жасап түсіндіргенде мәселелік жағдай білімді игеруге қолайлы психологиялық жағдай дайындады, солай болғандықтан білім алушылар тапсырманы орындауға ескі білімнің жетпейтінін, жаңа білімге қажеттілікті жете түсініп, оқытушының түсіндірулеріне қызығушылық танытуы керек екендігін түсінеді. Мұнда біз мәселелі жағдайды жасауда сақталатын алты шартты атап өттілді. Оқытушының жаңа оқу материалын түсіндіре бастаған сәттен бастап оның келесі сатыға өтеді: мәселелі жағдайды құру әрекеті сатысынан білім алушының ойлау әрекетінің ұйымы арқылы білімді игеру процесі басқару сатысына өтеді. |