Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі қызметке тағайындалған біліктілік санаты

  • негізгі лауазым бойынша санат беріледі.

  • 53. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бейінге сәйкес келмейтін

  • 55. Дене шынықтыру пәні педагогтеріне

  • 56. Педагогтерге кезекті біліктілік санаты

  • 2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын

  • 25-тармағының талаптарына

  • «магистр»

  • 62. «Педагог-сарапшы»

  • облыстық

  • облыс

  • республикалық деңгейдегі олимпиадалардың қатысушыларын

  • 3-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын жеңілдетілген тәртіппен

  • Өзгерген 192 бұйрық атт-я. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) аидалары


    Скачать 109.18 Kb.
    НазваниеПедагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) аидалары
    Дата17.05.2022
    Размер109.18 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӨзгерген 192 бұйрық атт-я.docx
    ТипДокументы
    #534390
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    38. Педагогтерге:

    «Санаты жоқ» біліктілік санаты берілген педагогтерге «педагог» біліктілік санаты теңестіріледі;

    «екінші санат» біліктілік санаты «педагог-модератор» біліктілік санатына теңестіріледі;

    «бірінші санат» біліктілік санаты «педагог-сарапшы» біліктілік санатына теңестіріледі;

    «жоғары санат» біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаттарына теңестіріледі.

    39. Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді білім беру ұйымдары комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтардың негізінде жүзеге асырады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.

    40. Қазақстан Республикасы шегінде педагогикалық саладағы тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде мұғалімдер қолданыстағы біліктілік санатын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтайды.

    41. Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтерде бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

    42. Педагогтерге біліктілік санатын беру білім туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады. Негізгі қызметке тағайындалған біліктілік санаты тиісті бағыттағы барлық оқытылатын пәндерге / пәндерге қолданылады.
    43. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқытқан жағдайда, біліктілік санатын беру оқытатын пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі. Негізгі лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық пәндерге қолданылады.

    44. Шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік санаты берілген қайта даярлау туралы құжат болған жағдайда атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі. Біліктілік санатын келесі тағайындау біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған жағдайда жалпы негізде жүзеге асырылады.

    45. Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру дипломға сәйкес, бейіні бойынша немесе қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша жүргізіледі.

    46. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санаты оқытатын бейініне сәйкес беріледі.

    47. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) біліктілік санаттары диплом бойынша және атқаратын лауазымы ескеріле отырып беріледі.

    48. Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға ауысқан немесе білім беру қызметін ұйымдастырған кезде педагогте қолданыстағы «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады (теңестіріледі) және тиісті қосымша ақы төленеді.

    49. Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің), «Дарын» орталықтарының, мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлерінде білім беру ұйымына ауысқан кезде және қоса атқару жағдайларында «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары сақталады және тиісті қосымша ақы төленеді.

    50. Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан жалпы білім беретін мектептерге ауысқан кезде педагогтердің біліктілік санаттары мыналарға теңестіріледі:

    «мұғалім-модератор» – «педагог-модератор»;

    «мұғалім-сарапшы» - «педагог-сарапшы»;

    «мұғалім-зерттеуші» - «педагог-зерттеуші»;

    «мұғалім-шебер» – «педагог-шебер».

    51. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытқан кезде педагогтегі біліктілік санаты уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған жағдайда бұрын оқытқан пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

    52. Кезекті, мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтер дипломындағы мамандығы бойынша немесе «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді.
    53. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бейінге сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар педагогтерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі.

    54. Психологиялық, диагностикалық (білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін айқындау бөлігінде), түзету, әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес немесе біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курстарынан өтуді ескере отырып, «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты беріледі.

    55. Дене шынықтыру пәні педагогтеріне «педагог», «педагог-модератор» «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары «Педагогика, оқыту әдістемесі» пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін және бастапқы дайындық деңгейінің нәтижелерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы сынақтарын тапсырған соң беріледі (расталады).
    56. Педагогтерге кезекті біліктілік санаты:

    «Көркем еңбек» пәні бойынша «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша диплом;

    «Графика және жобалау» пәні бойынша «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып, кәсіптік оқыту негізге алынады.

    57. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілгеннен басқа мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.

    58. Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санаты дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес беріледі, бұл ретте портфолиода ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілген жұмыстар бойынша материалдар көрсетіледі.
    2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі

    59. Педагогтер біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру осы Қағидалардың 25-тармағының талаптарына сәйкес келеді және № 83 бұйрыққа сәйкес ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырады.

    60. Педагогтерге мерзімнен бұрын біліктілік санаттарын беру бойынша шешім қабылдайтын комиссияның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында жазылған.


    61. «Педагог-модератор» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:

    пәнді (пәнді) ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес білетінін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып дипломы бар тұлғалар адамдар;

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық /республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
    62. «Педагог-сарапшы» біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;

    ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;

    жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;

    білім беру ұйымдарына өндірістен, бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

     бейінді пән бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын адамдар;

    бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері;

    аудандық / қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған тұлғалар;

    WorldSkills облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;

    «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылар құрамына енген немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған адамдар;

    облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар (бар болған жағдайда).
    63 «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;

    ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;

    кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық деңгейдегі олимпиадалардың қатысушыларын, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған адамдар;

    «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылар құрамына енген адамдар (бар болған жағдайда);

    облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар;

    аудандық / қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған тұлғалар;

    WorldSkills облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
    64 «Педагог-шебер» біліктілік санатына біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған адамдар;

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері болып табылатын адамдар;

    өзінің тәжірибесін халықаралық деңгейде таратқан адамдар;

    Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарлама әзірлеген адамдар;

    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылатын адамдар;

    «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылардың құрамына енген адамдар;

    ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

    Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;

    WorldSkills халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
    3-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын жеңілдетілген тәртіппен беру тәртібі

    65. «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Президенттік кадрлық резервке енген адамдарға, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне комиссия шешімімен біліктілік санатын беру рәсімдерінсіз «педагог-сарапшы» біліктілік санаты беріледі.

    66. «Педагог-модератор» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (бар болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

    ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 60-65 балл;

    француз тілі бойынша: DELF - С1;

    неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat – С1 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.

    67. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

    ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 66-78 балл;

    француз тілі бойынша: DELF - С1;

    неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.

    68. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

    ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7 балл; TOEFL - 79-95 балл;

    француз тілі бойынша: DELF - С2;

    неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.

    69. «Педагог-шебер» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

    ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7,5 балл; TOEFL - 96-110 балл;

    француз тілі бойынша: DELF - С2;

    неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.

    70. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.

    Педагогтерге біліктілік

    санаттарын беру (растау)

    қағидаларына

    1-қосымша
    Нысан

    Біліктілік санаттарын беру (растау)

    жөніндегі комиссия төрағасына

    ____________________________

    (аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің,

    облыстардың, республикалық маңызы

    бар қалалардың және астананың білім

    басқармаларының, білім беру саласындағы уәкілетті органның атауы)
    Біліктілік санатын беруге қатысуға

    өтініш
    Мен, ________________________________________________________________,

    (педагогтың Т.А.Ә. (болған жағдайда)

    ЖСН_________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    (лауазымы, жұмыс орны)
    _____________________________________________________________лауазымы (мамандығы) бойынша _____________ біліктілік санатына 20 _ _ жылы біліктілік санатын беруге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
    Бүгінгі таңда ________жылғы_________(айы) __________(күні) дейін жарамды ____________________ біліктілік санатым бар.

    Мынадай жұмыс нәтижелерім негіз болады деп есептеймін:

    _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
    Өзім туралы мыналарды мәлімдеймін:

    _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Білімі:

    Оқу орнының атауы

    Оқу кезеңі

    Білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық (біліктілік) немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжат.










    Жұмыс өтілі:

    Жалпы

    Білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша (біліктілік) немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжат

    Педагогикалық










    Алған (берілген) жылы көрсетілген марапаттары, атақтары, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы

    ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Педагог жұмыс істейтін білім беру ұйымы (қажеттісінің астын сызу керек): мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы, қосымша білім.
    Біліктілік санаттарын беру қағидаларымен, ұлттық біліктілік тестілеу туралы нұсқаулықпен, тыйым салынған заттар табылған кездегеі жеке жауапкершілік туралы келісіммен, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу қағидалары мен педагогикалық этика бұзылған жағдайда педагогтің жеке деректерін және оның бейнесін ашық дереккөздергге орналастыру туралы келісіммен таныстым.

    20___ жылғы «____»_______   __________________

    (қолы)

     

    Педагогтерге біліктілік
    санаттарын беру (растау)
    қағидаларына
    2-қосымша

     

    нысан


    Портфолионы қабылдау-табыстау актісі

         

    «___» ________ 20__ ж.

    Біз, төменде қол қоюшылар, Сараптамалық кеңестің төрағасы

          __________________________________________________________________

    (тиісті деңгей) (Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

    бір тараптан және Комиссия төрағасы

          _______________ ________________________________________

          (тиісті деңгей)                  (Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

    екінші тараптан, портфолио (электрондық/қағаз форматта) тапсырылғаны және қабылданғаны туралы акт жасадық:



    Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

    Лауазымы

    Біліктілік санаты

    Қолданыстағы

    Өтініш берілетін















    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта