Педагогтың кәсіби қызметінін негізгі түрлері. Педагогты ксіби ызметінін негізгі трлері
Скачать 23.98 Kb.
|
Педагогтың кәсіби қызметінін негізгі түрлері Педагогикалық қызметтің полифункционалдық сипаты оның көп аспектілігінде: оқушьшардың білімді және қызмет тәсілдерін игсруіне бағытталуында ғана емес, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен калыптасуын, сыныптағы катынастың орнауын, оқушьшардың мектептен тыс тәрбие қызметін ұйымдастыру, мектепте дамытушы жәніе білім беруші орта орнату және т.б. Педагог қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны «мүғалім» мамандығын бітірушінің мемлекеттік стандарттардың квалификациялық сипаттамасында анықталған. Ол келесі кәсіби қызмет түрлерін орындауға дайын болуы керек: оқытушы; тәрбиелеуші; әлеуметтік-педагогикалық; мәдени-ағартушылық; коррекциялық-дамытушы; ғылыми-әдістемелік; басқарушылық. Педагогикалық қызметтің көптеген түрлерінің ішінде оқушы мен тәрбиелеушіге жетекші рол беріледі. Оқытушы қызметінің ерекшелігі - оның оқу процесін ұйым- дастыруында және оқушылардың танымдық қызметін басқаруында. Оқыту - оқушымен оқытушының бірлескен қызметі болғандықтан оқытушы-оқыту процесінде орталық фигура емес, ол оқушыны дамуын қолдаушы көмекші. Мазмұн түзуші жетекшілік қызмет ретінде үйрету болып табылады, өйткені оның болмауы немесе жеткіліксіз нәтиже беруі, оқыту процесінің жүрмегені болады, ал оқытушы қызмет мағынасын жойған. Педагог өзінің қызметінің комекшілік және қызмет көрсетушілік сипатын, оқушылар қызметін оның ұйымдастыру қабілетінің рөлі мен мәнінің байланыстылығын, оларға үйренуде, кәмек көрсетуде екенін естен шығармауы қажет (2-кесте). 2-кест Қызметтік оқытудын және уйретудің салыстырмалы сипаттамасы
Сонымен, оқыту - бұл педагогтың оқушыларды жаңа танымдық мәселелерді шешуге бағытталған белсенді танымдық процесін ұйымдастыруы. Педагогикалық қызметгің басты мақсаты - оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарына сай оқушыда оқытылатын пән бойынша қүзыреттілігін (компетенттілігін) қалыптастыратын және бір мезгілде олардын тұлғалық дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету. Мысалы, орта мектептегі шет тілі бойынша шет тілі мұғалімінің педагогикалық қызметінің міндеттері мен нәтижелеріне жалпы орта білім беру стандарты төмендегі талаптарды қояды: бітірушіде шет тіддер бойынша құзыреттілігі мен оның барлық құраушылары (сөйлеу, тілдік, әлеуметтік-мәдени, компенсаторлық, оқу-танымды) туралы білім қалыптастыру; дүниеге эмоционалды-бағалаушылық қатынасты дамыту; өзіндік бағалау және өзіндік бақылауды, толерантгылықты, жауапкершілікті, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру; жоғары сынып оқушыларында интеллектуалдық пен танымдық қабілеттерді, мүғалімнің көмегімен шет тілдерін өздігінше және үзбей үйрену арқылы өзін жетілдіру; окушыныц өзін-өзі тұлғалық анықтауын және әлеуметтік адаптациясын қамтамасыз ету; оқитын тілін қолдана отырып белсенді шығармашылық қызметін жетілдіру. Тәрбиелеу қызметі немесе тәрбие беру жүмысы - өзінде екі бағытты қамтитын педагогикалық қызметтің түрі: тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс түрлі қызмеіттерін басқару. Мектеп оқытушысы, әдетге сабақ оқытушысы мен сынып жетекшісі функциясынан басқа негізгі мақсатты төмендегі істерді орындайды: тұлғаның даралық дамуындағы педагогикалық жәрдем, қолдау, сонымен қатар бала өсіп дамитын орта ретінде балалар коллективін құру (А.С. Макаренко). Бұл мәселелердің табысты шешілуі көбінесе мектеп сыныптарында балалардың түрлі қызметтері мен қарым-қатынасы нәтижесінде: интеллектуалды-дамытушы, спорттық, көркем-өнер құндылық-бағыттаулы, қоғамдық-пайдалы ойындар мен істер және т.б. байланысты. Әрбір оқушының араласып белгілі функкция атқаруы коллективтің әрбір мүшесінің тұлғалық гармоциялық дамуын және онда ыңғайлы психологиялық климат орнауы тұлғалық қатынастар жүйесін құрумен байланысты. Әлеуметтік-педагогикапық қызмет баланы әлеуметтендіруге және оны әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бұл әрі мектеп қабырғасында, әрі педагогтың ата-анамен бірлесе отырып балалардың әлеуметтік тәрбиесімен айналысатын түрлі қоғамдық ұйымдармен жүргізілуі мүмкін. Тәрбиелеу - көп факторлы процесс, нәтижесі тек оқушы мен тәрбиелеушілердің (педагог, ата-ана, арнайы тәрбиелеуші институттар, бала) мақсатты бағытталған педагогикалык бірлескен іс қана емес, сонымен қатар стихиялық факторлармен әрбір тұлғаның микроортасы, әлеуметтік орта. Әртүрлі тәрбиелеуші әсерлерді гармониялау және координациялау, баланың дамуына тек мектепте емес, одан тыс жерлерде де максималды ынғайлы жағдайларды жасау - әлеуметтік педагог ретінде окытушының негізгі міндеті. Оларды шешу үшін педагог тұтасымен алынған әлеуметтік мәселелерді терең түсінуі қажет және әрбір оқушының мәселесін нақты тұрде білуі, әлеуметтендіру факторларының бар екенін, тәрбие беруші негізгі әлеуметтік институттармен бірлесудің мәні мен мағынасын түсіну, олармен ынтымақ құру, араларындағы кездесетін қайшылыктарды шешу әлеуметтік ортаның негативті әсерін түзетуге дайын болу. • Мәдени-агартушылык қызмет - бұл педагогтың оқушыларды мәдениетке қатыстыру (приобщение): қоғамның түрлі салаларындағы мәдени жетістіктермен таныстыру, олардың мәдени кызығушылығы мен қажеттіліктерін дамыту. Оқытушы белгілі мағынада мәдениет, ғылым саласындағы қызмет қалай болғанда да коғамда педагогикалық мәдениеттің тасымалдаушысы, қоршағандар тарапынан барлық замандарда ағартушы, ақыл беруші, жақсылык әкелуші ретінде танылған. Өкінішке орай, қоғамдағы қалыптасқан бұл қарым-катынасты материалдык жағымен шатастырып, әлеуметтік жағын ұмытып отыратын педагогтар, өз миссиясының кәсіби талабын орындамауда. Оны қайта қалпына келтіру, әрине тек педагогтардың қолындағы нәрсе емес, ол сонымен қатар мемлекеттік жәна жергілікті жерлердегі білім беру жүйесі басқармалары мен мәдени органдардың қолдауымен жүргізілетін іс. Коррекциялық-дамытушы қызмет - оқушы тұлғасының дара өзінің дамуындағы кемшіліктерді айқындау және оларды жөнге келтіру, социумға адекватты интеграциялануы үшін оған оку бағдарламасын табысты меңгеруінде көмекші болу. Оқытушы бірі бірінен ақыл-ой даму деңгейлерінде айырмашылығы бар, қаілеттері, әлеуметтік даму дәрежесі әртүрлі, мектеп өміріне, оқып-үйренуге, адаптацияға түрлі қатынастағы балалармен жүмыс жасайды. Ол адамдарды алғанда олардың өзінің өмір тарихы жәна тәрбиесі, кейде негативті құндылықтар, қасиеттер, әдеттер кіші жаста басынан өткізген депривация тәрбиесінде өзгешелік қалыптасқанда болады. Сондықтан коррекциялық-дамытушы қызметтің мазмұны кемтар, дамуы мен тәрбиесінде ауытқулар болатын балалларды оқыту мен тәрбиелеуді дифференцациялау, әлдекайда нәтижелі жолдарды, әдістерді пайдалана отырып дер кезінде ауытқуларды айкындап, балалардың дамуы мен тәрбиесіндегі ауытқулардың алдын алу, профилактикасы мен емделуіне көмектесу. Ғылыми-әдістемелік қызмет — педагогикалық кызметтің айырылмас құрамы болып табылады да, педагогтың негізгі кәсіби функцияларынан басқа барлык қызмет түрлерін үйымдастырып іске асырады. Оның мазмұнын окытушының оқу мен тәрбиелеудің жаңа технологияларды және теорияларды, олардың негізінде өзінің жаңа келістерін жетілдіру, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістері және оларды оқу-әдістемелік құжат және ғылыми-әдістемелік материал ретінде рәсімдеу; авторлық бағдарлама, тақырыптык жоспарлар мен әдістемелік сабақ зерттемелері, оқу-әдістемелік құралдары, ғылыми-практикалық конференңияларда баяндамалар, ғылыми мақалалар жазу құрайды. Қазір ғылыми-зерттеу жумыстарын жүргізуге ұмтылу көптеген педагогтарға тән, ол педагогикалық кызметтің сипатынан туады, өйткені окушының бастапқы интеллектуалды және тұлғалық деңгейін зерттемей, талдамай анықтау мүмкін емес, ал зерттеу нәтижелерін қолдану арқылы қолданылып отырған әдіс-тәсілдердің тиімділігінің, ұйымдастыру формасының оқу-тәрбие жұмысында коррекциялык- дамытушы және басқа қызмет түрлерінің тиімділігін (эффекктивтілігін) анықтауға мүмкіндік береді. Басқа кез келген адамдармен қарым-қатынаста болатын, өздерінің іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған қызмет басқару қызметі болып саналады. Педагог мұны тек қабылдау ғана емес, түрлі оқушы қызметін ұйымдастыруға дайын болуы қажет. Педагогтың ұйымдастыру қызметінің негізгі мазмұн төмендегілерде: оқушылардың қызметіне мотивация жасау, оларды жоспарлар жасап орындауға қатыстыру, өзін бақылау, нәтижелерді өзі бағалауы және бақылауы. Бірақ басқалардың қызметін басқару үшін ол өз кызметін басқаруды үйренуі қажет, яғни алдын ала оқушылар қызметін ұйымдастыруға бағытталған өз іс-қимылының жүйесін құруы қажет. |