Пельтье элементі қуатының оның беткі қабаттарының температуралар. Пельтье элементі уатыны оны беткі абаттарыны температуралар айырмасына туелділігін зерттеу
Скачать 0.54 Mb.
|
Пельтье элементі қуатының оның беткі қабаттарының температуралар айырмасына тәуелділігін зерттеу«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ Орындаған: Тілеубай Аслан, 10 «А» сынып оқушысы Жетекшісі: Рахимова Жулдыз Тулендыевна - физика пәні мұғалімі Ғылыми кеңесші: Кудусов Арыстан Сатыбалдинович – ҚарМУ, физика – техникалық кафедра меңгерушісі, физика – математика ғылымдарының кандидаты. Жобаның мақсаты:Жобаның мақсаты:Пельтье элементі қуатының оның беттеріндегі температура айырмасына тәуелділігін анықтау;Міндеттері:Пельтье эффектісінің ашылу тарихын зерттеу.Пельтье элементінің тікелей және кері әсерінің ерекшеліктерін зерттеу.Эксперимент жүргізуге қажетті қондырғыны жасау.Болжамды тексеру үшін бірқатар тәжірибелер өткізу.Эксперимент нәтижелеріне талдау жасау және болжам расталған немесе расталмағандығы туралы қорытынды жазу.Өзектілігі: Пельтье элементтерін оның беттеріндегі потенциалдар айырымына байланысты тұрақты ток көзі ретінде пайдалануға болады.Практикалық маңыздылығы: Пельтье элементінде жұмыс істейтін тәжірибелік модель құру процесінде алынған материалды қолдануЗерттеу нысаны: Пельтье элементі.Зерттеу әдістері1. Теориялық шолу:- Пельтье эффектілерінің ашылу тарихы туралы ақпарат көздерін талдау,- Пельтье элементтерінің әрекет ету принципі туралы мәліметтерді талдау,
Пельтье элементі дегеніміз не?Электрондық құрылғылар жұмыс кезінде қызып кететіні құпия емес. Ол жұмыс процесіне теріс әсер етеді, сондықтан құрылғыларды салқындату үшін құрылғы корпусына Франциядан келген өнертапқыштың құрметіне Пельтье деп аталатын арнайы элементтер салынады. Бұл құрылғы тақталарында радио бөлшектерін салқындата алатын шағын өлшемді элемент. Оны өз бетіңізше орнатқан кезде ешқандай проблемалар туындамайды, схемаға орнату қарапайым дәнекерлеу үтігімен жүзеге асырылады.1 - керамикалық оқшаулағыш2 - n- типті өткізгіш3- р- типті өткізгіш4- мыс өткізгішЕртеде салқындату мәселелері ешкімді қызықтырмады, сондықтан бұл өнертабыс қолданылмай қалды. Екі ғасырдан кейін, күнделікті өмірде және өнеркәсіпте электронды құрылғылар көптеп қолданыла бастаған кезде кезде, француз өнертапқышының еңбегін еске түсіріп, пельтьенің миниатюралық элементтері қолданыла бастады.Эксперимент жасау үшін қажетті деректерді алуға мүмкіндік беретін қондырғы жасалды.Қажетті құрал - жабдықтар: Tec1-12706(3,1) Пелтье элементтері, пластикалық ванна, термометрлер, амперметр, вольтметр, электр қозғалтқышы, байланыстырушы сымдар.Мынадай электр тізбегі құрастырылдыПельтье элементінен тұрақты ток көзі жасалды. Құрылғы жылу беруге арналған ерекше пішінді алюминий пластиналарға жалғанған Пельтье элементінен, екі су ваннасынан (ыстық және суық), ұстағыштан, температураны бақылауға арналған екі термометрден тұрады. Экспериментті орындау әдістемесі. Ванналарға суық пен ыстық су құйылады. Пельтье элементін ванналарға саламыз. Амперметрлердің, вольтметрлердің, температура датчиктерінің көрсеткіштері кестеге енгізілді, оның негізінде кернеудің температураға тәуелділік графигі салынды. Әр эксперимент 7-10 минут жүргізілді. Эксперимент нәтижелері
Эксперимент нәтижелері
Эксперимент нәтижелері
Эксперимент нәтижесін талдауЖүргізілген эксперименттер барысында кернеу Пельтье элементінің беттеріндегі температура айырмасына тура пропорционал екендігі анықталды, ток күші іс жүзінде тұрақты.Сондықтан элементтің қуаты температура айырмасына тура пропорционал деген қорытындыға келеміз.Пельтье эффектісін егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін мынадай қорытынды жасауға болады: Пельтье эффектісін қолдану Пельтье модульдерін салқындатқыш ретінде қауіпсіз және ұтымды пайдалануды зерттеу үшін қосымша шаралар мен зерттеулерді қажет ететіндігіне қарамастан, бұл құбылыстың болашақта кең қолданыс табу мүмкіндігі зор деген қорытынды жасадым.Назарларыңызға рақмет! |