Диплом. Пісіру техникасы мен технологиясы азіргі заманы ндірісте жетекші орындарды бірі болып табылады
Скачать 1.97 Mb.
|
4.6 Өртке қарсы қауіпсіздік шараларыЖұмыс орындарына, электр құрылғыларына және өрт сөндіру жабдықтарына өтетін жол ашық болуы керек. Бөлімшеде өрт қалқаны орнатылуы қажет. Әр қалқанда ОП-5 және ОУ-8 өрт сөндіргіші, азбест немесе өртке төзімді материал салынған қапшық (2х2м), балта, сүймен, құрғаққұм салынған жәшік және жалпақ күрек болуы қажет. Әр өрт қалқанының жанында әрбір жабдықтың, жауапты адамдардың тізімі жазылып тұруы керек. Жұмыскерлерді ғимараттан шұғыл түрде қауіпсіз эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сыртқа қарай шығатын эвакуациялық жолдар салу қарастырылған. Цех ғимаратында эвакуациялық шығу жолы ғимараттың екі қарама қарсы жағына салынған. Аса шеткері орналасқан жұмыс орнынан эвакуациялық шығу жолының ең үлкен ара қашықтығы 50 м. Эвакуациялау жолдарының ені 1,4 м, есіктердің ені 0,9-дан 2,4 м-ге дейін, сатылар 1,75 - 2,4 м аралығында. Өртті сөндіру үшін цехта қатты, сұйық және газтәріздес заттарды қолдану қарастырылған: су, инертті газ, химиялық немесе ауалы-механикалық көбік, қатты көмірқышқылы, құм, арнайы флюстар, киіз. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзі, онда өрт сөндіруге арналған суды сақтау және беру құрылғылар кешенінен құралған (су құбырлары, табиғи және жасанды суқоймасы, өзендер және т.б.). Ішкі өрт сөндіру үшін су шығынының нормасы әрқайсысының өнімділігі 2,5л/с кем емес екі өрттік су арынымен есептеледі. Өртке төзімділігі I,II дәрежелі Г және Д категориясындағы ғимараттар үшін өрт сөндіру ұзақтығы шамамен 2 сағат деп қабылданған. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау барысында және оларды тұрғызуда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы ережелер мен нормаларды сақтау қарастырылады. Профилактикалық іс-шаралар өрттің шығуын ескертуге, оның таралуын шектеуге, жұмысшылар мен материалдық құндылықтарды жанып жатқан ғимараттан эвакуациялауға және өртті басу мен сөндіруге жақсы жағдайлар тудыруға бағытталған [12]. Өрт шыққан ғимараттан адамдар мен материалды құндылықтарды табысты эвакуациялау үшін ені мен ұзындығы жеткілікті эвакуациялық жолдар, өткізушілік мүмкіндігі жеткілікті есіктер, қажетті сатылар саны мен сыртқы өртке арналған сатылар, есіктер мен қақпалардың оңай ашылып бекітілуі және т.б. қарастырылған. Өртті жедел уақытта сөндіру қажетті өрттік дабылнамамен жабдық-талған байланыс құрылғылары, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздерінің бар болғанда және ғимаратқа жақындап келуге қажетті жолдар болғанда мүмкін болады. Диаметрлері 120 мм өрттік гидранттар жол бойында бір-бірінен 100 м аралықта және ғимарат қабырғасынан 4 м қашықтықта орналастырылған. Барлық өндірістік және көмекші ғимараттар қарапайым өртке қарсы құралдармен және ОП-5, ОУ-5 өртсөндіргіштерімен қамтамасыз етілген. Өртсөндіргіштердің саны біреуі цехтың 200 м. кв. алаңға есептеліп алынған. Жабдықтағы өрттің шығуы көп жағдайда машина жұмыс істеп тұрғанда, оның электрқозғалтқышы, электрсымдары және электрбөліктері асқын жүктемеде болуына байланысты орын алады, осының әсерінен олар жіберілетін шегінен асып қызып кетеді де тұтанады. Өртене бастаған материалды оның жану қасиетін ескере отырып өртке қарсы құрылғалардың көмегімен, құммен, сумен өшіреді. Өрт қаупті болып қалған жағдайда дер кезінде өрт сөндіргіштерге хабар беру керек. Өрт сөндіргіштер келгенше, өртті өз бетінше қолда бар өртке қарсы құрал жабдықтармен оны сөндіре беру қажет, оның басқа да жабдықтарға және ғимараттарға ауысуына жол бермеу керек. Жұмыс орны мен жабдықтардың өртенуінің алдын алу үшін оларды таза ұстап, өндіріс қалдықтары мен тез жанғыш сұйықтардан тазалап отыру керек. Электрқозғалтқыштардағы, электрқондырғалардағы пайда болған өртті өшіру үшін ОУ-2, ОУ-5,ОУ-80 типті көмірқышқылды өрт сөндіргіштер қолданады. Ал электр қондырғыларына байланысты емес, яғни басқа жабдық-тарды және ғимараттардағы өртті сумен, құммен, ОП-5 типті көбікті өрт сөндіргішпен және ОП типті ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіреді.[15] 4.6.1 Өрт сөндіру құралдарын есептеу 200 кг /м2 ағаштар сақталған қойманың өрт ұзақтығын есептеу. Шешімі: Өрт ұзақтығын 1м2 жанатын заттың көлемімен жану жылдамдығы белгілі болған жағдайда есептеуге болады: t – өрт ұзақтығы, сағ.; g – жанатын заттың көлемі, кг /м2 ; vв - жану жылдамдығы, кг /м2 сағ.[15] Жауабы: өрт ұзақтығы 3,076 сағат. ҚОРЫТЫНДЫ Зерттеу тақырыбы: «Арнайы ұйымдардағы оқу камбинаттарында газдыэлектрлі пісірушілерді дайындау жүйесі». Қазіргі кезде білім сапасын арттырып, білікті де білімді маман дайындау мақсатында кәсіптік білім беру өте маңызды болып отыр. Соның ішінде «Газбен және электрмен пісіру» мамандығы үлкен сұранысқа ие екендігін осы тұста атап өту керек. Білікті жұмысшыларды дайындау үшін біліктілік сипаттама, оқу және тақырыптық жоспарлар, оқыту бағдарламасы және арнайы технология қажет екенін де ескере кеткен жөн. Диплом жазар алдында диплом алды тәжірибе барысында №9 кәсіптік лицейде зерттеу жүргіздім. “ Пісіру құрылғыларын өндіру және жинастыру ” пәнінен 2курс студенттеріне сабақ жүргіздім. Зерттеу барысында осы пәннің мағынасын, мазмұнын студенттерге түсіндіруге тырыстым. Зерттеу жұмысымда арнайы ұйымдардағы оқу камбинаттарында газдыэлектрлі пісірушілерді дайындау үшін бірнеше сабақ жоспары ұсынылды. [4] ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР [1] А.Тапалов. Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту: Оқу құралы. 2-басылым.- Астана: Фолиант, 2011.-192б. [2] Шакирова Т.М., Маметсупиева А.Ә. Газ және электрмен пісіру: Оқу құралы. 2-басылым.-Астана: Фолиант, 2011.-168б. [3] Овчинников В.В.Технология электросварочных и газосварочных работ: учебник для начального профессионального образования / В.В.Овчинников .- 2-е издательство. -М.: Издательский центр "Академия",2011. -272с. [4] Никифоров Н., Нешумова С., Антонов И., Әлиев Б. Газбен пісірушілер мен кесушілердің анықтамалығы. 2-басылым. -Астана: Фолиант, 2011. -256б. [5] Нысанбай Ғ. Металдарды газбен пісіру және кесу. Оқу құралы. –Алматы: ҚазҰТУ, 2011. -147б. [6] Амагуд Д.З. Справочник молодога газосварщика и газорезчика. –М.: Высшая школа, 1977 [7] Н.П.Сергеев. Справочник молодого электросварщика. –М.: Высшая школа, 1975. [8] Соколов Н.И. Газовая сварка и резка металлов. –М.: Высшая школа, 1978. [9]Фомин В.П., Яковлев А.П. Электросварка. –М.: Высшая школа, 1979. [10] Гудаев М.Н. Дуговая сварка. –М., 1936. -178с. [11] В.В.Овчинников. Технология ручной дуговой и плазменной сварки и резки металлов: учебник для начального профессионального образования /-М.: Издательский центр “Академия”, -2010. -240с. [12] Мотяхов М.С. Электродуговая сварка металлов. –М.: Высшая школа, 1975. [13] Қауіпсіздік техникасы жөнінде газосварщиктерге арналған естелік. Қазақ мемлекеттік баспасы Алматы -1956. Құрастырған техника ғылымдарының кандидаты А.С.Торопов. [14] Рыбаков В.М. Сварка и резка металлов. –М.: Высшая школа, 1977. [15] Свечникова Е.А. Надежная защита сварщика от вредных факторов производственной среды // Қазақстанда еңбекті қорғау – охрано труда Казахстана. 2009.-№ 4.-С.58-63. [16] А.В.Ершов Моя профессия газосварщик. Издательство литературы по строительству Ленинград. 1966. Москва. [17] Ы. Қасенұлы. Пісіру өндірісінің технологиясы. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы үшін). – Алматы: Қ. И. Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ, 2013. 1- 87 б. |