Главная страница
Навигация по странице:

  • ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1.1 Оқу практикасын жүргізуді ұйымдастыру

  • Жауапкершілігі шектелген серіктестік (ЖШС) Алсиб

  • 1.3 Газдыэлектрлі пісіру технологиясы

  • Диплом. Пісіру техникасы мен технологиясы азіргі заманы ндірісте жетекші орындарды бірі болып табылады


    Скачать 1.97 Mb.
    НазваниеПісіру техникасы мен технологиясы азіргі заманы ндірісте жетекші орындарды бірі болып табылады
    АнкорДиплом.docx
    Дата19.02.2017
    Размер1.97 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДиплом.docx
    ТипДокументы
    #2896
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7


    КІРІСПЕ

    Пісіру техникасы мен технологиясы қазіргі заманғы өндірісте жетекші орындардың бірі болып табылады. Жаңа машиналар мен ғимараттардың көптеген құрылымдарын,мысалға алғанда,ғарыш зымырандарын, сүңгуір қайықтарды, газ және мұнай құбырларын пісіру жұмысынсыз дайындау мүмкін емес.

    Бүгінгі күнде осыдан біраз уақыт бұрын ғана пісіру техникасы мен технологиясы экзотикалық деп есептелген материалдармен біріктірілді. Бұл титандық және бериллдік балқыламалар, молибден, вольфрам, құрылымдық беріктігі жоғары материалдар, керамика және сол сияқты әр түрлі материалдар болып табылады.

    Еңбектің өнімділігін арттыруда механизацияландыру деңгейін арттыру мен пісіру жұмысын автоматтандыруда, бүгінгі таңда көптеген бұйымдарды сериялық өндіруде жаңа күрделі машиналар мен агрегаттарды жабдықтаудың мәнісі зор.

    Осының бәрі – пісіру жұмыстарындағы мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптар, себебі олар пісіру жұмысының жаңа әдісі мен қолданылуын, пісірудің жаңа үлгідегі машиналарын меңгереді.

    Пісіру жоғары пайдаланушылық сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

    Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен бірге әртүрлі қалыңдықтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді.

    Қазіргі уақытта газдыэлектрмен пісіру – пісірудің кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Ол зауыт жағдайында, сондай-ақ құрылыста пісірілген құрылымдардың барлық дерлік түрлерін жасау кезінде қолданылады.

    Қазіргі уақытта газдыэлектрмен пісіруші маманы үлкен сұранысқа ие және машина жасау мен құрылыстағы жетекші мамандықтардың бірі. [1]

    1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ


    1.1 Оқу практикасын жүргізуді ұйымдастыру
    Білікті жұмысшыларды дайындау үшін біліктілік сипаттама, оқу және тақырыптық жоспарлар, оқыту бағдарламасы және арнайы технология қажет.

    Өндірістік оқытудың арнайы технология бағдарламасын әрқашан жаңа техника туралы оқу материалдарымен, озық еңбек әдістерімен, кәсіп бойынша білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жүйелі түрде толықтырып отыру қажет.

    Әрбір теориялық сабақ және өндірістік оқыту - білім берумен, тәрбиелеумен, жетілдірумен пара-пар болуы қажет.өндірістік оқытудың ұсынылып отырған бағдарламасы мамандыққа оқытудың мазмұны мен жүйелілігін анықтайды, барлық техникалық білімнің жүйеленген түрін және өндірістік біліктілік пен дағдыларды қарастырады.

    Бағдарлама ғылыми тұрғыда педагогикалық және тәрбиелік мақсатта, біліктілік сипаттаманың талаптарын ескере отырып құрастырылған. Бағдарлама барлық қажетті кәсіптік білімді, дағдыны меңгеру жағдайларын қарастырады. Барлық мамандықтар үшін міндетті түрде қауіпсіздік техникасын, өртті болдырмау ережелерін, еңбек гигиенасын және техникалық-эстетикалық, өндірістік-санитарлық мәселелерді жете білуді, механизмдерді пайдалану ережелерін, бірқатар ескерту шараларын, еңбекті тиімді ұйымдастыруды, жоғары өнімділік жұмыс жағдайын жасауды қарастырады.

    Кешенді жұмыстың мақсаты – еңбек операциясын орындауды үйреніп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс тәртібін, жабдықтарды және басқа да есептеудегі технологиялық процесстердің жоспарлану сызбаларын да оқуға дайындайды.

    Қарапайым кешенді жұмыстардан кейін күрделі кешенді жұмыстар беріледі, оларды орындай отырып, оқушылар өзінің дағдыларын жетілдіреді, құрылымдардағы әр түрлі бөлшектерді талдауды және кәсіптік технологияны қолдануды, арнайы құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, жұмысшылар орындайтын барлық жұмыс жағдайларын орындауға үйренеді.

    Операциялық-кешенді жүйені орындаудағы негізгі мақсат – өндірістік оқыту шеберханаларында оқытуды дұрыс жүргізу болып табылады.[1]

    Пісіру – металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процесстерінің бірі болып табылады. Пісіру технологиясын қолдану қазандар, құбырлар, теңіз және өзен кемелерін, мұнай аппараттарын, прокаттау стандарын, қуатты престер мен сорғылар және басқа да машиналар мен механизмдер жасау технологиясында түпкілікті өзгерістерге әкеледі.

    Қазіргі уақытта электрмен пісіруші – машина жасау мен құрылыстағы жетекші мамандықтардың бірі. [2]

      1. Жауапкершілігі шектелген серіктестік (ЖШС) Алсиб


    ЖШС Алсиб 2001 жылы құрылған. Компания металлочерепица, профнастил, профильный трубалар және басқа да металл өнімдерін өндіру және таратумен айналысады.

    Компанияда диплом алды тәжірибе өту барсында қақпа жасау, пішінді жайма( профильді лист), құбыр жасау, сым созу технологиясымен таныстық.

    Қақпаны жасау технологиясында жұмысты жобалау сатысында бөлшекті технологиялық жобалауды берілген конструкция нұсқасымен жүргізіледі. Алдымен сызбаларды және ірі заттарды дайындауға, жинауға техникалық жағдай жасап, барлық негізгі байламдар мен бөлшектердің сызбаларын, монтаждарын, керекті материалдарын таңдайды (1-сурет).

    c:\users\елжан\desktop\фото0004.jpg

    1-сурет – Бұйымдарды құрастырып пісіру

    Қақпаны жасауда маркасы МП-20(А,В), қалыңдығы 0,5мм профнастил қолданады.Бұл маркалы профнастил қақпаға қатысты салмақты көтере алады. Конструктор бөлімінен сызбаларды бас пісіруші бөліміне жібереді. Онда констукцияның технологиясын, материалға, тігістер өлшеміне, механикалық өңдеуге қалдырылған артық бөлігіне, өлшеміне жіберілетін бөлігіне, бақылау әдістерінің операциясына және т.б. байланысты кемшіліктерін шығарады. Тегістеп, пісірген жерлерді тазалайды. Листтің майын тазалайды, краска жақсы сіңу үшін листтің майын растворительмен немесе құммен тазалайды. Қазіргі таңда металл өнімінен жасалған қақпа тек қоршау ғана емес, ол әдемі көрініс береді. Полимерлі қаптама жыл сайынғы бояудан және коррозиядан қорғайды(2-сурет). [14]

    c:\users\елжан\desktop\фото0009.jpg

    2-сурет – Дайын бұйымдар

    Пішінді жайма(профнастил) технологиясы, оның ішінде жаймалардың кесіп алынуы, әр түрлі бояулармен боялатынын анықтадық.

    Өнімдер ішінде профнастил үлкен қолданысқа ие. Бұл металл өнімін қақпа, қабырға, төбе, шатыр жасауға қолданады. Оны суық металло прокаттың көмегімен өндіреді. Профнастил ең алғаш 1820жылы пайда болған. Оны жасап шығарған ағылшын инженері Генри Палмер.

    Оны кең таралуына басты себеп қалыңдығы мен ұзындығы. Қалыңдығы 0,4мм-ден 1мм-ге дейін болады.

    Профнастил өндіруге арналған жабдықтың сипаттамасы (3,4-сурет):

    -мырышталған металл рулонын тарқату қондырғысы (консальді жүк көтергіштігі 10т), қуаты – 5кВт;

    -илемдеу орнағы, илемдеу өнімділігі 22м.и. ⁄ мин;

    -гильотины қайшылары, қуаты – 5кВт;

    -профнастилді қабылдау қондырғысы;

    -профнастил өндіруді автоматты басқару жүйесі.

    Болаттан жасалған профильді лист коррозияға төзімсіз болғандықтан аз қолданылады. Кең тараған сұранысқа ие алюминийден, мыстан, хромникельді болаттан жасалған түрлері.

    c:\users\елжан\desktop\фото0002.jpg

    3-сурет – Профнастил өндіруге арналған жабдық

    Мырышталған профнастил – бұл беткі қабаты мырышпен қапталған түрі. Профнастил бүгін қол жетімді кең таралған материал. Бірақ сатып алар алдында оның қолданылуына қарай түрлеріне мән беру керек.

    c:\users\елжан\desktop\фото0003.jpg

    4-сурет – Профнастил өндіру тізбегі

    Металлочерепица үйдің төбесін (шатыр) жабатын материал. Болат, алюминийдан жасалады және беткі қабаты полимерленген.
    http://vologda-portal.ru/upload/iblock/48d/0085.jpg

    5-сурет – Металлчерепица шығару тізбегі

    http://xn--80adrgcrdacd8f4c.xn--p1ai/images/stories/00000.jpg

    6-сурет – Металлчерепица өндіретін қондырғы

    Металлочерепица өндіруге арналған жабдықтың сипаттамасы(5,6-сурет):

    -тарқату қондырғысы(жүк көтергіштігі 10т), қуаты – 5,5кВт;

    -илемдеуге жіберетін қондырғы;

    -қорғаныс қабатын түзетін қондырғы (қорғаныс қабаты сырылудан қорғайды);

    -ролик тәрізді кесу қондырғысы;

    -пішінді ию орнағы, илемдеу жылдамдығы 15м /мин;

    -қалыптау қондырғысы;

    -пішінді қайшының қырқу қондырғысы;

    -қабылдау рольгангі(2х3м);

    -жинастыру үстелдері;

    -автоматты басқару жүйесі.

    Профильді труба бұл кез келген қалыпта жасалатын трубалар, тек дөңгелек емес. Тікбұрышты және төртбұрышты трубалар машина жасау саласында кең қолданысқа ие, қақпа мен қоршау тұрғызуда да септігін тигізеді(7-сурет). [14]

    http://www.svarmk.ru/images/metalloprokat/item_img_39.jpg

    7-сурет – Профильді трубалар

    1.3 Газдыэлектрлі пісіру технологиясы

    Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері. Газ жалынымен өңдеу жұмыстарына, ондағы жабдықтарды күтіп-баптауға және техникалық ацетилен өндіруге 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен, еңбек қауіпсіздігі туралы хабардар және ол туралы білімі тексерілген адам жіберіледі.

    Пісіру, кесу, дәнекерлеу жұмысына кірісушілер қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы туралы, оның ішінде бұл процесс кезінде пайда болатын зиянды факторлары, сақтану шаралары, қорғанудың жеке құралдары мен жеке бас гигиенасы туралы нұсқаулар алуы тиіс.

    Нұсқау жүргізуді қайталау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістің санитарлық нормалары туралы білімін тексеру, кем дегенде тоқсан сайын бір рет жүргізіледі. Ол туралы журналда және жұмысшының жеке кітапшасында белгі болады. Жаңадан жұмысқа қабылданатын адамдар да жоғарыдағыдай нұсқауларды алуы тиіс.

    Газбен пісіру және кесу жұмыстарындағы жүкті немесе балалы әйелдер, мұндай жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылуы керек.

    Қауіпсіздік техникасының ережесі бойынша әр мекемеде газбен жұмыс істейтін барлық жабдықтар мен ацетилен өндіретін құралдарға арнаулы нұсқаулар жасалып, оның мекеменің бас инженері бекітуі керек.

    Газ жалынымен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы. Газ жалынымен жұмыс істеу жылжымалы генераторлардан кем дегенде 10м қашықтықта, баллондар мен жанармайлардан 5м, газ магистралдары мен газ таратқыштардан 1,5 м қашықтықта болуы керек. Егер жалын мен ұшқын қоректендіру көздеріне қарай бағытталатын болса, онда оларды металл қалқандар қою арқылы қозғайды.

    Жұмыс алдында қолданылатын аппаратуралардың, жылжымалы ацетилен генераторының ақаусыз екендігін, баллондар мен түтіктердің тығыз бекітілгендігін, редукторлар мен құрғақ затворлардағы пломбаның бұзылмағандығын тексереді. Газ тарататын қондырғылармен жұмыс істегенде көз жеткізіп, сулы қорғағыш қондырғының су деңгейін тексереді. Пісірушуінің жұмыс орнына жақын жерде таза су құйылған ыдыс болуы керек. Онымен қызып кеткен оттықтарды суытады. Егер оттық қатты қызатын болса, онда жұмысты тоқтатады. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллондар мен шкафтағы вентильдерді жабады, редуктордағы реттегіш бұранданы шығарады, оттықтағы вентильді ашып тастайды, жқмыс орнын тазалап, қондырғыларды арнаулы жерге сақтауға қояды [4].

    Пісіру – металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процесстерінің бірі болып табылады.

    Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге әр түрлі қалыңдықтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді.

    Пісірудің көмегімен алынған ажырамайтын қосылыстарды пісіру қосылыстары деп атайды. Пісіру арқылы көбінесе металдардан жасалған бөлшектерді жалғайды.

    Газбен пісіру технологиясы бірнеше дербес операциялар жинағын қамтитын кешенді процесс. Сапалы пісірілген жік және жалғас қалыптастыру үшін жылулық көзі – газ жалынынң құрамы, құрылымы және қуатын анықтау керек те, сәйкесті шілтер ұштықтығының нөмірі таңдап алынады.

    Жану процесі бірнеше сатылы өтеді.

    Бірінші саты – жанаргаздың жануға басталық кезеңі. Мұнда көмірсутек ыдырап көмір және сутек қалыптасады. Ацетилен үшін бұл реакция:

    С2Н2 → 2С + 2Н + 226000кДж ⁄кмоль

    Екінші саты да жану СО және Н2 қалыптасуымен сипатталады. Көміртек оттекпен тотық береді:

    С2Н2 + О2 → 2С + 2Н + О2 → 2СО + Н2 + 472200кДж ⁄кмоль

    Бұл реакция өнімі жалынның екінші аумағының құрамын қалыптастырады.

    Үшінші аумақ жалын аумағын қалыптастырады. Оттек артық болған жағдайда (β ˃1) жанудың екінші кезеңінде үшінші кезеңі жалғасып СО2 және Н2О біршама қалыптасуы орын алады.[2]

    Газжалынымен пісіру техникасы және тәсілі. Металды қыздырудың нәтижелігіне, пісіру жұмысының өнімділігіне, жік сапасына шілтердің қозғалу бағыты мен оның металл бетіне еңкіштелу бұрышының әсері зор. Пісіру бағытында жалын мен қосымша металлдың өзара орналасуы пісіру тәсілі деп аталады.

    Газбен пісірудің екі тәсілі бар: оң бағытты пісіру, сол бағытты пісіру.

    Пісірудің оң бағытты тәсілінде жалын пісірілген жік аумағына бағытталған. Бұл тәсілде жалын алдыңғы металл жиектерін бәсең қыздырады. Оң тәсілді пісіруде жік үстіңгі беті жалын шарпуында болып, оның салқындау жылдамдығы төмендейді.Бұл жік металы құрылымы мен қасиетіне оң әсер етеді.

    Сол бағытты пісіруде жалын алдағы пісірілмеген металл жиектеріне бағытталады. Пісіру жалыны жік пен қосымша металл аралығында орналасады. Сол бағытты пісіруде, әсіресе қалыңдығы аз металды пісіруде жіктің сырт көрінісі жақсы болып шығады.

    Газбен пісіру технологиясы. Газбен пісіру – пісірілетін металл қырларын балқыту және оған қосымша металл ерітіп құю жолымен жанған газдың жалыны арқылы ажырамайтн қосылыс жасайтын процесс.

    Қалыңдығы 2мм-ге дейінгі металл қаңылтырларынан жасалған бөлшектерді қосымша металл балқытпай-ақ олардың өз қырларын ерітіп жалғастырады.

    Газбен пісіру әдісі аса қарапайым, ол өте қымбат жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтанда өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданады.

    Газбен пісіруді қалыңдығы 3мм-ге дейінгі төменгі немесе орташа көміртекті болаттарды біріктіруге кең қолданады; сол сияқты кіші және орташа диаметрлі (600мм-ге дейінгі) құбырлардың ұштарын пісіріп жалғауға әртүрлі қалыңдықтағы шойынмен түсті металдарды пісіруге қолданады.

    Газбен қалыңдығы 3-4мм жоғары көміртекті болаттарды да пісіруге болады, алайда оған электр доғалы пісіргішті қолданған тиімдірек. Сол сияқты өте қатты және қоспалы болаттарды пісіругеде электр доғалы пісіргіш пайдаланған жөн. Егер аргонды доғалы пісіргішті қолданса, пісірудің өнімділігі жоғары болады.[6]

    Пісіру тәсілі.Газбен пісірудің 2түрі сол және оң тәсілдері болады.

    Сол жақпен пісіру кезінде пісіруші оттықты оңнан солға қарай жылжытады, ал қоса пісірілетін металды жалын бетіне ұстайды. Пісірілетін металды жақсы қыздырып дұрыс балқыту үшін оттықпен қоса пісірілетін металды жікке көлденең иректеп қозғап отырады. Бұл тәсіл жұқа қаңылтырлармен оңай балқитын металдарды пісіргенде қолданылады.

    Оң жақпен пісіруді оттықты солдан оңға қарай, теңселтпей түзу сызық бойымен жылжытып жүргізеді. Бұл кезде жалын балқыған ваннаға бағытталады да оның соңында қоса пісірілетін металл жігі баяу суыйды. Солардың нәтижелерінде жалғастырулардың сапалары жақсарады, газ шығыны 10-15%-ға азаяды, қырлардың ашу бұрышын 60-700С-қа азайтқандықтан еңбек өнімділігі 20-25%-ға өседі.

    Оң жақпен пісіру тәсілін қалыңдығы 5мм-ден артық бөлшектерді немесе жылу өткізгіштігі жоғары металдарды (мыс, жез және олардың қорытпалары) пісіргенде пайдаланған тиімді.

    Оттықты және қосып пісіретін металды жылжыту. Пісіру кезінде пісіруші оттықты егер метал қалыңдығы орташа болса, жік осінің бойымен спираль немесе жарты ай сызығымен жылжытады. Егер металл қалыңдығы жұқа болса тура сызықпен жылжытады. Оттықпен тербелмелі қозғалыс жасау негізгі металл қырларының өрісін арттырады да, қоса пісірілетін металдың жақсы қызуын қамтамасыз етеді. Металдардың қызу тездігін оттықты оның бетіне қарай жылжыту бұрышымен реттейді. Металл қалыңдығы мен жылу өткізгіштігі артқан сайын оттықтың жантаю бұрышын арттыра түседі. Пісіруді алғаш бастаған кезде, металдың жақсы қызуы үшін оттықты оның бетіне тік, яғни 900С-пен ұстайды. Одан әрі қарай металл қалыңдығына байланысты ол бұрышты азайта береді. Қоса пісірілетін металдың еңкіштік бұрышын оттық бұрышына қарама-қарсы 450С жасап ұстайды.

    Балқыған металл ваннада жақсы араласу үшін қоса пісірілетін сымдыда оттық бағытына қарама-қарсы тербей қозғайды. Пісірілген жіктің тотығып кетуін болдырмау үшін қоса пісірілетін жіпті балқытылған металл ваннасынан шығарып, пісіргіш жалын аймағынан алыстатуға болмайды.

    Бұрыштық жік жасаған кезде де оттықпен қоса пісірілетін сымды жоғарыдағыдай қозғалтады, бірақ оларды бұрынғыдан қарағанда ұзақ ұстайды.

    Пісірілетін бөлшектерді дайындау мен жинастыру мына төмендегі жұмыстардан тұрады: пісірілетін қырларды тазалау, қырларды жантайту, жылжып кетуді болдырмайтын ұстағышпен бекіту.

    Қырлар мен оның айналасын (ені 20-30мм) металл жалтырап көрінгенше, күйіктен, бояудан, майдан және басқа ластанудан тазартады. Ол үшін металл щеткаларды немесе оттық жалындарын пайдаланады. Өте жауапты жалғастыруларды жасаған кезде ол беттерді қышқылмен немесе құм шашатын аппаратпен тазалайды. [14]

    Пісіру режимі .Пісіру режимінің көрсеткіштеріне жалын қуаты, балқытып қосылатын сымның диаметрі, оның шығыны, жалын құрамы жатады.

    Пісіру режимінің көрсеткіштерін таңдап алу пісірілетін металдың жылулық, физикалық қасиеттеріне, көлем мөлшерлеріне және бұйым пішіндеріне байланысты жүргізіледі.

    Пісіру режиміне пісіру тәсілі мен кеңістіктегі пісіру жүгінің орналасуы үлкен әсерін тигізеді.

    Жалын қуаты (немесе жанатын газдың шығыны) М, л/сағ. пісірілетін металл қалыңдығы S,мм тура пропорционал, яғни

    М=KmS

    Мұндағы Km- шамаластық коэфициенті қалыңдығы 1мм болатын осындай металды пісірген кездегі ацетилен газының меншікті шығынын көрсетеді. Жалын құрамы оттегінің шығынының жанғыш газ шығынымен салыстырғандағы, арақатынасымен анықталады.

    Пісірудің сапасын тексеру. Пісірілген жіктегі ақауларды орналасуына байланысты сыртқы және ішкі ақаулар деп бөледі. Сыртқы ақаулар жікке сырттан қарағанда анықталады.

    Пісіру жіктерін тексеру тәсілдері. Пісіру жігінің сапасын тексеру тәсілдері 2 топқа бөлінеді: Бірі –сол ақауларды болдырмайтын тәсілдер, екіншісі- сол ақауларды анықтайтын тәсілдер[4].

    Газбен пісіру балқытып пісіруге жатады. Газбен пісірудің доғалы пісіруден айырмашылығы металды байыппен асықпай қыздыруында. Бұл кейбір жағдайда кемшілік болып ал кейбір жағдайда артықшылық болып табылады. Газбен пісіруді негізгі қолдану аймақтары:

    • қалыңдығы 0,2...5,0мм болатты пісіру;

    • түсті металдарды пісіру;

    • шойын, арнайы болаттар, құрал-жабдықтарға арналған болаттарды пісіру;

    • балқыту жұмыстарын орындау.

    Керекті қондырғының әмбебаптығының арқасында газбен пісіру жөндеу жұмыстарының көп түрлеріне мақсатқа лайықты қорытындысын көрсетеді. Салыстырмалы түрде газ жалынымен бояу қызған металл, қалыңдығының үлкеуюімен газбен пісіру өнімділігін тез төмендетеді, және қалыңдығы 8...10мм асқан кезде газбен пісіру ереже бойынша экономикалық тиімсіз болып келеді. [3]

    Газбен пісіру кезіндегі пісіру қосылыстарының түрлері мен жіктер.Пісіру қосылысы – бұл пісірумен орындалған, бірнеше бөлшектердің ажырамайтын қосылысы. Газбен пісіру кезінде түйістіре, айқастырмалы, таврлы, бұрыштық пісіру түрлерін қолданады.

    Түйістіре пісірілген қосылыстар шетжақ беттерімен бір-біріне қабысқан екі бөлшектердің пісірілмелі қосылысын білдіреді. Түйістірмелі қосылыстардың шартты белгілері: с1-с48.

    Бұрыштық қосылыстар бір-бірімен бұрышталып орналасқан және орналасу жерінде олардың жиектері пісірілген, екі элементтің пісірілмелі қосылыстарын білдіреді. Бұрыштық қосылыстардың шартты белгісі: У1-У10.

    Таврлы қосылыс – бұл бір элементтің бүйірлік бетіне бұрышпен қабысып және шетжағына басқа элемент пісірілген қосылыс, әдеттегідей, элементтер арасындағы бұрыш түзу. Таврлы қосылыстардың шартты белгілері: Т1-Т8.

    Айқастырмалы қосылыс жалғасатын элементтері бағыттас орналасқан және бір-бірін жартылай жабатын пісірілмелі қосылытарды білдіреді. Шартты белгілері стандартта әзірше жоқ.

    Пісірілген жік – пісіру науасындағы балқытылған металлды кристалдау нәтижесінде түзілген, пісірілген қосылыстар тегін білдіреді.

    Пісіру науасы – бұл пісіру сәтінде балқыған күйде болатын, пісірілген жік металлының бір бөлігі.

    Кеңістікте орналасуы бойынша жік тік, көлденең және төбелік болып келеді.

    Тік жіктерді пісіру кезінде балқыған металдың тамшылары төмен қарай ағады. Сондықтан тік жіктерді пісіруді біршама қысқа доғамен жүргізеді, яғни мұнда балқыған металдың тамшылары электродтан жіктер шұңқырына оңай өтеді. Тік жіктерді төменнен жоғары бағытқа қарай пісірген дұрыс, сол кезде төменде жатқан кратер электродтың ұшынан ағуға ұмтылған металл тамшысын ұстап қалады. Тік жіктерді диаметрі 4мм-ден аспайтын электродпен бірнеше төмендетілген токта (160А) пісірген жеңіл болады.

    Көлденең жіктерді жасау кезінде балқытып пісірілген металлдың ағуын азайту үшін тек жоғарғы табақтың жиектеріне ғана қиғаш жасайды. Доғаны төменгі жиекте қыздырады, ал содан кейін оны металдың аққан тамшысы жоғары көтере отырып, жоғарғы табақтың жиегіне аударады. Көлденең жіктерді бойлық білікшемелермен де, бірінші білікшенің диаметрі 5мм электродпен сала отырып, пісіруге болады.

    Пісіру үшін біршама қиындық туғызатыны – төбелік жіктер болып табылады. Олар ең қысқа доғамен жасалады. Төбелік жағдайдағы пісіруде жеңілдету үшін қалың жабындыларды электродтың металына қарағанда біршама тығыз етіп жасайды. Ол электродты металдан баяурақ балқи отырып, ұстап тұрушы қаптама түзеді. Бұл жағдайда электродтың ұшын науаға біресе жақындатып, біресе алыстатады. Электродты алыстатқанда доға сөнеді де жік металының тамшылары қатаяды. Төбелік, сондай-ақ тік немесе көлденең пісіру кезінде аз диаметрлі электродты таңдап алады, ал токты төменгі күйдегі осындай қалыңдықтағы металды пісіру мен салыстыру бойынша 10-15%-ға азайтады. [6]

    Пісіру ережесінің параметрлері. Сапалы жік қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жинақтық түрде пісіру ережесі деп аталады. Пісіру ережесінің жеке құрастырушылары пісіру ережесінің параметрлері деп аталады. Газбен пісіру ережесінің негізгі параметрлері: жалын қуаты, жалын қурылымы, қосымша сым диаметрі және оның қарышталуы, пісіру жылдамдығы.

    Пісіру ережесі параметрлерін анықтау металдың жылулық-физикалық қасиетіне, пісірілетін бұйымның мөлшері мен тұлғасына, пісіру тәсіліне және жіктің кеңістікте орналасуына байланысты.

    Металдарды газбен пісіру процесінде жанар газ жалынының жылу қуаты пайдаланылады. Жанар газ ретінде әдетте көмірсутектер қолданылады. Бұлар арасында ең жоғары жалын температурасын беретін газ ацетилен, жалынның температурасы 3100-3400К.

    Газ жалынымен пісіру, кесу, оттекпен қатар қосымша арнайы материалдар, жабдық, аспап қолдану арқылы жүргізіледі. Газ жалынымен өңдеу жұмыстары ертеден белгілі болған. Ол кездерде газ жалынының температурасы төмен (20000С) болғандықтан газжалынымен пісіру тек балқу температурасы төмен металдарды (қорғасын т.б.) пісіруде қолданған.

    1885ж. Франция ғалымы Анри Луи Ле Шателье ацетиленді оттегінде жандырып температурасы 31000С жалын алды. Ресейде газ жалынымен пісіру 1906ж. Қолдана бастады да автогенді пісіру деп аталды.

    Металдарды газ жалынымен өңдеу (ГЖӨ) тәсілдері 30-дан аса технологиялық процесстерден тұрады. Олар өздерінің орындалуына байланысты төрт түрлі негізгі топқа бөлінеді: кесу, біріктіру, қыздыру және тозаң сіңіру. Бұл процестердің негізіне жоғары температуралы жалынды қажет нүктеге нақты бағыттап қыздыру жатады. ГЖӨ тәсілімен қоса газэлектрлік, оның ішінде плазмалық және газ-лазерлік өңдеулер қолданылады, бұл кезде қыздыру көзі ретінде газ жалыны, плазмалық доға, лазерлік сәуле және т.б. пайдаланылады.

    ГЖӨ үшін көбінесе оттегі мен жанатын газдарды пайдаланады. Кей кезде оттегі қоспасы мен жанғыш сұйықтардың булары қолданылады. ГЖӨ процесіне қолданылатын жанатын газдар мен оттегі жұмыс орнына газ түтіктері және болат баллондар арқылы қысыммен беріледі. Осы күнге дейін ацетиленді тікелей жұмыс орындарына өндіру үшін жылжымалы генераторларды пайдалану тәсілі кеңінен қолданылады.

    ГЖӨ процестерінің кең таралған түрлері – ол газбен пісіру және оттегімен кесу. Олар электр доғасымен пісіру мен кесудің кеңінен дамуына қарамастан, кейбір металл өңдеу түрінде таптырмайтын тәсіл болып табылады.

    Газбен пісіру жұқа болаттарды, шойынды, түсті металдарды және қорытпаларды пісіру кезінде жиі қолданылады. Оттегімен кесуді кеме жасау, машина жасау мен басқа металл өңдеу саласында прокат табақтарын жоғары өнімділікпен пішін-кесу үшін ағынды-механикаландырылған жүйелерде қолданады. Оттегі арқылы қолмен кесу осы күнге дейін цех жағдайында металды тілуде, жөндеу, құрастыру және құрылыс жұмыстарында күнделікті пайдаланады[3].

    Монтаждау кезіндегі газбен пісіру және кесу жұмыстарын жүргізу. Жүргізу үшін жасалған арнаулы жоба бойынша атұарады. Ол жобада газ жалынымен жұмыс істейтін жабдықтарды, аппаратураларды, газ толтырылған баллондарды қауіпсіздік шараларына қарай отырып оларды тасымалдау мен жұмыс орнына жеткізу қаралады. Жұмыс орны арнайы қоршалып, қауіпсіздік белгісімен көрсетіледі.

    Жұмысқа кірісер алдында пісірушілер мен кесушілер үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы тиіс.

    Егер пісіру жұмыстары 5 м биіктіктен жоғарыда жүргізілетін болса, онда газбен пісіруші (кесуші) міндетті түрде күймейтін материалдан жасалған сақтандырғыш белдігімен, табаны тайғанамайтын аяқ киіммен және сақтағыш баскиіммен қамтамасыз етілуі тиіс. Монтаждау жұмыстарына пайдаланылатын құрал-саймандарды сақтайтын және тасымалдайтын сөмке болады. Құрылғылардың кескеннен кейін құлап кететін бөліктері алдын –ала бекітілуі керек. Орманда немесе көпір астыларында жұмыс істегенде құрылғыларға ұшқын түсіп кетпеуіне жағдай жасайды.

    Жоғарыда жұмыс істеуді қатты жел соққанда, найзағай немесе тайғанақ кездерде тоқтату керек[4].

    Газбен пісіруші мен кесушінің жұмыс орнын ұйымдастыру.“Жұмысшы (пісіруші) орны” (ЖО) деп металдарға ГЖӨ жүргізілетін жерді айтады. ЖО жылжымалы немесе тұрақты болуы мүмкін.

    Жылжымалы ЖО көбінесе мекемелермен үйлердің ауласында, сол сияқты құрылыс алаңдарында орналасады, мұндай жерлерде қолмен пісіру пайдаланылады.

    Газбен пісірушінің (кесушінің) жұмыс орнында тістеуік, балға, металл бетін тазалайтын металл щеткасы, редукторды тазалайтын ине және өңдеп жатқан бөлшекті ауыстыратын сүймен болу керек. Осыған қосымша, редукторларды бекітетін, баллондардың қақпақтарын ашып-жабатын және жұмыс кезінде оттықта (кескіште) пайда болған ақауларды жөндеу үшін қолданылатын құралдар (кілтер) болуға тиіс.

    Пісіруші (кесуші) жұмысшылар бекітілген нормаға сәйкес жұмыс киімдерімен және қорғаныш көзілдірігімен (жарық сүзгішінің тығыздығы) С-3 кесу, ал С-4-ацетилен шығыны 2500 л/сағ. дейінгі пісіру кезінде) жабдықталуға тиіс.

    Жылжымалы ЖО жабық ғимараттарда орналасқан кезде табиғи немесе арнайы желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс.

    Тұрақты ЖО цехтарда, бөлімшелерде немесе шеберханаларда газбен пісіру және кесу жұмыстарын қолмен немесе механикаландырылған жолмен орындау үшін қолданылады.[1]

    Газбен қоректендіру бұл кезде бір орталықтан жүргізіледі: егер жұмыс орны 10-нан артық болса, тұтынушыларға газ құбырларымен жеткізіледі. Одан аз болған жағдайда, газ құбырларын пайдалану тиімсіз болғандықтан, газды жеке-жеке баллондардан қосуға рұқсат етіледі.

    Тұрақты ЖО пропан-бутан қоспасы газ құбырлары арқылы таратқыш станциядан немесе жібергіш қондырғыдан келеді. Бұл жағдайда қалыптасқан жүйе жабдықтар құрамымен ғана ерекшеленеді. Әрі оттегі құбыры газ құбырынан 250мм биікте тартылады.

    Қоректендіру көздері, ашып-жапқыш және қысым реттегіш аппаратуралар және сақтандырғыш қондырғылар газ қысымы мен шығынына байланысты таңдап алынады.

    Қолмен атқарылатын тұрақты ЖО құрамына мыналар кіреді:

    -оттық пен кескішті газбен қамтамасыз ететін газ таратқыш;

    -өңделетін бөлшектерді бекітетін құрал-саймандармен жабдықталған үстел;

    -ГЖӨ жұмыстарын жүргізгенде бөлініп шығатын улы зиянды газдарды сыртқа қуатын тұрақты желдеткіштер жүйесі ;

    -өңделетін бұйымдарды жылжытуға қажетті жүк көтергіш аспаптар;

    -өрт қауіпінен сақтандырғыш құралдар.

    Газ таратқыш қондырғылары үстел астынан немесе газ жүретін құбырға орналасуы мүмкін.

    Пісіру үшін қолданылатын үстел беті металл плитамен немесе кірпіштермен жабылуға тиіс. Ал орынды желдету орындалатын жұмыс сипатына байланысты жүргізіледі.

    Әрбір ЖО-да аппараттарды қоректендіру көзіне жалғауға немесе кішігірім ақауларды жөндеуге қажетті ұсақ кілттер болуға тиіс.

    Жұмыс үстелінің қасында оттықты жұмыс барысында суытып алатын су толтырылған шелек қойылады.

    Шойынды пісірген кезде, жоғарыдағы құрал-жабдықтармен қоса, ЖО қызғыштар қондырғылар (пеш, көрік және т.б.) орнатылуға тиіс.

    Газбен пісірушілер көтергіш крандарға жүк ілу жұмыстарын атқару үшін аттестациядан өтуге тиіс. Бұл қыздырғыш қондырғыдан ауыр бұйымдарды кранмен тасымалдау үшін қажет.

    Механикаландырылған тұрақты ЖО жабдықтары құрамына құрал-саймандарды және бұйымдарды тасымалдайтын механизмде кіреді. Машинаны пайдаланып оттегімен кесетін ЖО машинаның өзінен, пішу үстелінен, желдеткіштен, газ таратқыштан тұрады.

    Машинамен кесетін ЖО-ның үстелі әдетте қозғалмайтын тірек аяқтарымен немесе қалыңдығы 1,5-3мм болатын қырымен қойылған жолақтардан жасалған тіреуіштермен жабдықталады. Мұнда йүстелдер ауыр жүкке шыдайды, әрі қалдықтардан тазартуға ыңғайлы болады. Кей кездерде үстелдер арнайы жасалған шұңқырларда тұратын қораппен жабдықталады. Бұлар кесу қалдықтарын жинау жұмысын механикаландыруға мүмкіндік береді.

    Оттегілі-флюсті кесу кезінде флюспен қоректендіретін қондырғыны жұмыс орнынан кем дегенде 5м қашықтыққа орналастыру керек.

    Газбен пісіруде мынадай басымдылықтары бар:

    -жабдықтары күрделі, қымбат емес, энергия көзінде қолдануға қолайлы;

    -жалын қуатын реттеу шегі кең ауқымды, шілтер мен пісіру аумағының аралығын реттеу мүмкіндігі бар, осыған орай металды қыздыру және салқындату жылдамдығын елеулі шекте өзгертіп реттеу мүмкін.

    Газбен пісірудің кемшіліктері де бар. Мұнда жылулық шоғырлануы электр доғасынан төмен. Сондықтан металды пісіру температурасына дейін қыздыру жылдамдығы төмен, ал термиялық әсер аумағы ауқымды. Газбен пісіру процесінің өнімділігі электрдоғалы пісіру өнімділігінен төмен. Металл қалыңдығы өскен сайын пісіру өнімділігі кемиді.

    Газбен пісіру процесін механизациялау және автоматтандыру өте күрделі, сондықтан газбен пісіру қазіргі кезде негізінен қолдан жүргізіледі.

    Газбен пісіру, кесу технологиясы күрделі процесс және оны жүргізу үшін арнайы материал, аспап, жабдықтар керек. Материалдар арасында бастамалық орында оттегі мен жанаргаздар және жанар сұйық денелер тұрады.

    Оттек жерде ең мол үлесті орын алатын элемент. Газ жалынымен өңдеу технологиясында ең қажетті материалдар қатарына жатады. Оттек химиялық қосындыларынан химиялық тәсілмен бөлек шығару, суды электрлі ыдырату нәтижесінде және физикалық тәсілмен ауадан бөлініп өндіріледі.

    Ацетилен металды газ жалынымен өңдеуде қолданылатын негізгі газ. Ацетиленнің басқа жанаргаздармен салыстырғанда жылуфизикалық көрсеткіші жоғары. Сол себепті материалдарды газ жалынымен өңдеуде негізгі жанаргаз болып табылады.

    Техникалық ацетилен екі тәсілмен алынады:

    1.кальций карбидінен

    2.табиғи газ, мұнай, көмір өңдеуде қалыптасатын көмірсутекті өнімнен.

    Газ пісіруші аспаптармен жұмыс істеу жаттығулары.Берілген тақырыпты жақсы қабылдау үшін жұмыс орындарын керекті құрал-жабдықтармен, аспаптармен, көрнекі құралдармен алдын ала жабдықтау керек.

    Сабаққа ацетилен генераторларын дайындау керек және сулы сақтағыш бітеулері, кальций карбидімен үздіксіз жабдықталуын, оттегі бар баллондармен және ацетиленмен, қажетті мөлшердегі бәсеңдеткіштер мен жанғыштар, оттегі және ацетилен беретін түтік тексеру қажет.

    Нұсқауларды мына жоспар бойынша жүргізуге болады:

    1.Жұмыс орнын дайындау және металды өңдеудегі техника қауіпсіздіктері.

    2.Оқушыларды газбен пісіруші аспаптармен және оны қызметке қосумен таныстыру.

    3.Негізгі металды балқыту және оның жіктерін материалға отырғызбай жайғастыру.

    Оқушылардың жаттығуларын мына жоспар бойынша жүргізу қажет:

    1.Пісіру тұрағын дайындау және оны іске қосу.

    2.Пісіру жалынын реттеу.

    3.Негізгі металлды балқыту және электр сымдары отырғызылмаған жіктердің пайда болуы.

    4.Газбен пісіретін аппараттың қызметі.

    Пісіру тұрағын жабдықтау және оны қызметке қосу мына жаттығулардан тұрады: генератор жабдықтарын және баллондарын таныстыру, пісіретін құрылғыны жартылай бөлшектеу және жинау, оттегі бәсеңдеткіші мен түтіктерді қосу, көзілдіріктегі әйнекті ауыстыру, арнайы киімдерді кию, т.б. Осының барлығын әрбір оқушы өзінің жұмыс орнында өздігінен орындайды.

    Оқушылардың жалынды дұрыс реттеп және оның қуатын өзгерте алуына үйретуге аса көңіл бөлу керек. Шебердің қарауымен бір-бірден жанғышты жандырады, шыққан жалынды нормалды жағдайға немесе ацетиленнің, не оттегінің көптігін бақылап, қуатты азайта немесе күшейте отырып жанғышты өшіреді. [6]
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта