питон. Питон (Python). Питон (Python) тілінде программалау 1 дріс Python тіліне кіріспе
Скачать 492.34 Kb.
|
Питон (Python) тілінде программалау 1 дәріс – Python тіліне кіріспе Сұрақтар: Питон тілінің атқаратын қызметі және қолданылуы, қысқаша даму тарихы Питон тілінің нұсқалары Тілдің жұмыс ортасы Питон тілінде алғашқы қарапайым программа құру Оқулықтар және Интернет ресурстары Гэддис Т. Начинаем программировать на Python. Пер. с англ. -СПб.: БХВ-Петербург, 2019. -768 с. Бэрри Пол. Изучаем программирование на Python. -Пер с англ. -М.: Изд-во «Э», 2017. -624 с. Васильев А. Н. Python на примерах. Практический курс по программированию. -СПб.: Наука и Техника, 2016. -432 с. Лутц М. Изучаем Python, -4-е изд.: Пер. с англ. -СПб.: Символ-Плюс, 2011. -1280 с. Рамальо Л. Python. К вершинам мастерства. -Пер. с англ. –М.: ДМК Пресс, 2016. -768 с. Шолле Ф. Глубокое обучение на Python. — СПб.: Питер, 2018. -400 с.: https://www.python.org/ - ресми python сайты www.netacad.com – Cisco Corp. фирмасының қосымша сайты https://pythontutor.ru/lessons/inout_and_arithmetic_operations/ - электронный учебник http://www.opensource.org/licenses/mitlicense.php - лицензии по Python 1. Питон тілінің атқаратын қызметі Питон - объектіге бағытталған жоғары деңгейлі, динамикалық программалау тілі, ол интерпретатор арқылы жұмыс істейді. Оның құрамындағы мәліметтер құрылымы мен олардың дина-микалық түрде типтелуі қолданбалы программалар жазуға өте ыңғайлы болып саналады [1]. Питон тілінің даму жолы Питон – жалпы мақсаттағы жоғары деңгейдегі программалау тілі. Ол 1991 жылы пайда болған, оны алғаш рет 1991 ж. жасап шығар-ған Guido van Rossum (Гидо ван Россум) деген маман болатын. 2018 жылдың шілде айында Ван Россум 30 жылдай істеген көш-басшылық қызметінен кетті. Python тілі неге кең таралған? Бұл тіл интернетте тегін таратылады:
Питон барлық аймақтарда қолданыс тапты: Web қосымшаларын жасайды Мәліметтер базасымен жақсы жұмыс істей алады Үстелдегі дербес компьютерлерде жеңіл программаланады Мәліметтерді талдау ісінде де қолданылады Бейнелер мен суреттерді жақсы өңдейді Объектіге бағытталған программалауды сүйемелдейді Интерактивті түрде жұмыс істеуге де ыңғайлы болып табылады Питон тілінің кең пайдаланылатын нұсқалары 2.7 … 3.6. Кез келген нұсқасын пайдалана аласыз, оны өзіңіз қалауыңызға болады. Осы нұсқалардың айырмашылығы неде? Олардың СИНТАКСИСІ және ішкі функциялары әртүрлі болып келеді Python 2.7.* Python 3.6.* Питон нұсқаларын қолдану
Бірақ Питон 3.x нұсқаларының аздаған кемшіліктері бар, кітапханалары үлкейген сайын, сүйемелденуі қиындап барады, Linux және Mac жүйелері әлі де 2.x нұсқаларын пайдаланып келеді 3.x нұсқалары компьютер жадын өте тиімді пайдаланады Келесі аптаға шейін келесі сайт мәліметтерімен танысып шығыңдар: https://wiki.python.org/moin/Python2orPython3 Common Python ортасынан керекті программаларды жүктеп алу: Ресми бастапқы программалар (релиздер) Python, IDLE және Python қоршаулары (утилиттері) Ұсынылатын нұсқалар 2.7.x ... 3.6.x MS DOS жүйесінің CMD командалық жолын пайдалану арқылы cmd командаларын іске қосып, "python" тіліне кіру қажет Программа жазу құралдары:
PyCharm ортасы - https://www.jetbrains.com/pycharm/
Жылдам істейтін Питон консолын және интерпретаторларды пайдалану
CMD
Jupyter Notebook lec1.py - программа нәтижесін шығару Алғашқы қарапайым программа 1-мысал bax1.py - файл аты a = 24 + 2 # Қосу b = 2 - 20 # Азайту c = 12 * 6 # Көбейту d = 12/1.2 # Бөлу e = 34**2 # Дәрежелеу e = 34*34 print("a-->", a) print("b-->", b) print("c-->", c) print("d-->", d) print("e-->", e) Нәтижесі: a--> 26 b--> -18 c--> 72 d--> 10.0 e--> 1156 Қорытынды (резюме) Питон жылан емес екен (фильм аты) Питон басқа программалау тілдеріне қарағанда, жеңіл игеріледі, қысқа жазылады Жалпы 2 нұсқасы (версиясы) бар екен IDLE, Shell, CMD, Jupyter Notebook, PyCharm, Jupyter Notebook, www.pythonanywhere.com, PyCharm, т.с.с. программа құру орталарында жұмыс істей аламыз Енді іске кірісіп, программа құруды бастайық |