№8_лекция. Пн Денсаулыты ныайту Таырыбы Халыты белгілі бір топтарын диспансерлеу кезедері Жоспары
Скачать 16.13 Kb.
|
Пән: «Денсаулықты нығайту» Тақырыбы: Халықтың белгілі бір топтарын диспансерлеу кезеңдері Жоспары: - Диспансерлеу, кім диспансерлеуге жатады. - Халықты жалпы диспансерлеу туралы түсінік - Халықтың белгілі бір топтарын диспансерлеу кезеңдері - Диспансеризациядан қалай өтуге болады. - Диспансерлеу кезеңдері. Диспансерлеу дегеніміз не? Диспансерлеу созылмалы жұқпалы емес ауруларды ертерек анықтау мақсатында, оның ішінде бірнеше мамандық дәрігерлерімен медициналық тексеру және тексерудің қажетті әдістерін қолдануда кешенді іс-шаралар жүргізу болып табылады. Диспансерлеу неге керек? Диспансерлеуді жүйелі түрде өту біздің еліміздің халқының мүгедектігі мен өлім-жітімінің негізгі себебі болатын қауіпті аурулардың даму мүмкіндігін азайтуға немесе оларды емдеу аса тиімді кезінде дамудың ертерек кезеңінде анықтауға елеулі дәрежеде көмегін тигізеді. Диспансерлеу қалай өтеді? Диспансерлеуді өткізудің негізгі қағидасы оны екі кезеңде өткізу: -Бірінші кезең – ол азаматтарда созылмалы жұқпалы емес аурулардың және олардың дамуының тәуекелдік факторларының белгілерін анықтау. -Екінші кезең – диагнозды нақтылауға және алдын алу кеңестерін тереңдетуге қосымша тексеруді талап етеді. Диспансерлеу кезінде тексеру және зерттеу тізбесі аса кең және өзіне маман дәрігерлердің тексерулерін қоса, барлық мүмкін болған талдауларды кіргізеді. Бұдан басқа, Сіздің көңіл күйіңіз және бойыңызда бар зиянды әдеттеріңіз туралы Сізден арнайы сауалнама толтыруыңызды сұрайды. Емделуші диспансерлеуді алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алатын тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеде өтеді. Диспансерлеу рәсімі екі кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Оны орындау барысында анықталған аурулардың түріне және ауырлығына байланысты адамдар үш топқа бөлінеді. Сарапшылардың кеңестері диспансерлеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Халықты диспансерлеуді ұйымдастыратын және оған қатысатын жауапты адамдарды тағайындау. Диспансерлеудің бірінші кезеңін ұйымдастыру туралы сөз болғанда, «ACTUALIS: Медицина» электронды жүйесінің сарапшылары қажетті әрекеттерді келесі реттілікпен орындауды ұсынады: Жауапты тұлғалар үшін диспансерлеу барысында шешілуі керек міндеттерді белгілеу. Бөлмелердің орналасуына қарай пациенттер бағдарын құру. Бекітілген халық тізіміне бақылау жүргізу. Ол алдын ала тағайындалған адамдардың күшімен жүзеге асырылады. Диспансерлеуге қажетті уақытты есептеу. Қызметкерлерге қажетті әрекеттерді орындау уақытын бақылау жәнеқысқарту тапсырылады. Мысалы, медициналық араласулардың барлық түріне ерікті келісім сияқты құжаттарды ресімдеу. Диспансерлеу туралы адамдарды хабардар ету. Қажетті мәліметтерді тіркеу бөлімі қызметкерлері және диспансерлеуді өткізуге жауапты тұлғалар таратады. Онкологиялық компонентті бақылауды жүзеге асыру. Әрбір әрекетке ерекше назар аударылуы тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Диспансерлеудің екінші кезеңі Егер скрининг нәтижелерін алған дәрігер алдын ала диагнозды, диспансерлік бақылау тобын нақтылап, терең профилактикалық кеңес беруді, қосымша зерттеулерді белгілеуді қажет етсе, онда диспансерлеудің екінші кезеңі өткізіледі. Қосымша зерттеулер аурудың қауіптілік деңгейін нақтылауға, тереңдетілген тексеру тактикасын және диспансерлік бақылау тобын анықтауға мүмкіндік береді. Диспансерлеу нәтижелері бойынша дәрігер денсаулық тобын да анықтайды, атап айтқанда: бірінші топты– егер азаматтарда созылмалы инфекциялық емес аурулар және қауіп факторлары табылмаса; екінші топты – егер тексерілген адамдарда созылмалы инфекциялық емес аурулар болмаса, бірақ олардың даму қаупі факторлары болса; үшінші топты – егер тексерілген адамдар созылмалы аурулармен ауыратын болса. Айта кетерлігі, үшінші топ 3А және 3Б топшаларына бөлінеді. Біріншісіне диспансерлік бақылауды қажет ететін созылмалы инфекциялық емес аурулары анықталған немесе оларға күдік бар азаматтар кіреді. 3Б топшасына мұндай аурулары жоқ, бірақ басқа себептер бойынша диспансерлік бақылауды немесе мамандандырылған медициналық көмекті қажет ететін пациенттер кіреді. Диспансерлеуді өтудің кезеңдері: ҚР ДМ 2012 жылғы 26-шы желтоқсандағы №885 бұйрығымен бекітілген диспансерлеуге жататын анықталған аурулар тізбесі бар. Егер Сіздің ауруыңыз осы тізбеге кірсе, онда Сіз учаскелік ЖТД жүгінуіңіз керек. Қажеттілікке байланысты ЖТД қосымша тексеруді және салалық мамандардың кеңесін тағайындайды. Емделушінің жағдайын анықтау үшін қажетті қосымша зерттеулерді өткен соң ол салалық бағыттағы маманмен тексеріледі. Салалық бағыттағы маман емделушінің жағдайына баға береді және әрі қарай жүргізу тәсілін анықтайды: стационарлық емдеуге жолдама береді немесе емделушіні емдеуде түзетулер енгізілген соң әрі қарай ЖТД диспансерлік бақылауға жібереді. ЖТД жүргізілген емдеудің жағымды өзгерісі болса әрі қарай диспансерлік бақылауды өткізеді, жағымды өзгеріс болмаған кезде ЖТД емделушіні арнайы бөлімшеге стационарлық емделуге жібереді. Стационардан шыққаннан кейін емделуші қайтадан ЖТД барады, ол диспансерлік бақылаудың әрі қарай жоспарын анықтайды және әрі қарай диспансерлік тексеру үшін емделуші туралы СМР мәліметтерін береді. ЖТД диспансерлік есепте тұрған, бала көтеретін жастағы емделушілермен аурудың ағымын және ал |