Пән
| География
|
Сынып
| 10 ОГН
|
Сабақ нөмірі
| 1
|
Бөлім атауы
| Бөлім 4. Геоэкономика
4.1 Геоэкономика негіздері
|
Сабақ тақырыбы
| Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі
|
Оқу мақсаттары
| 10.4.1.1 геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру
|
Метапәндік дағдылар
| Деректермен жұмыс істеу сауаттылығы
|
Сабақтың мақсаттары
| Сенің білетінің:
геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын.
Сенің меңгеретінің:
геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру.
|
Сабақтың мазмұны
| Бастапқы немесе ең төменгі деңгей - А.
1-тапсырма (А1), 1- нұсқа 2-тапсырма (А1), 2- нұсқа 3-тапсырма (А2), 1- нұсқа 4-тапсырма (А2), 2- нұсқа 5-тапсырма (А3), 1- нұсқа 6-тапсырма (А3), 2- нұсқа
Негізгі немесе жалпы деңгей - B.
7-тапсырма (В1), 1- нұсқа 8-тапсырма (В1), 2- нұсқа 9-тапсырма (В2), 1- нұсқа 10-тапсырма (В2), 2- нұсқа 11-тапсырма (В3), 1- нұсқа 12-тапсырма (В3), 2- нұсқа
Ілгері деңгей- C.
13-тапсырма (C1), 1-нұсқа 14-тапсырма (C1), 2-нұсқа 15-тапсырма (C2), 1-нұсқа 16-тапсырма (C2), 2-нұсқа 17-тапсырма (C3), 1-нұсқа 18-тапсырма (C3), 2-нұсқа
|
1-тапсырма (А1), 1-нұсқа
| «Бір жауабы бар тест» жаттығуы
Дұрыс жауапты таңда
Әлемдік экономикалық кеңістіктің даму механизмдері мен құбылыстарын, тенденцияларын зерттеу және талдау - бұл?
A) геоэкономика мәселесі
В) геоэкономика категориясы
C) геоэкономиканың мақсаты
D) геоэкономиканың зерттеу объектісі
|
Білгенің жөн!
Геоэкономика жүйенің тұтастығы ретінде әлемдік экономикалық кеңістіктің даму тенденцияларын талдауға және болжауға бағытталған.
|
|
2-тапсырма (А1), 2-нұсқа
| «Бір жауабы бар тест» жаттығуы
Дұрыс жауапты таңда
Геоэкономиканың негізгі мақсатын анықта:
A) әлемдік тенденцияларға негізделген мемлекеттердің геостратегиясын дамыту
В) процестер мен құбылыстарды, әлемдік экономикалық кеңістіктің даму тенденцияларын зерттеу және талдау
C) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану заңдылықтарын зерттеу
D) геосаяси кеңістік субъектілері арасындағы өзара әрекеттесу барысында туындаған геосаяси қақтығыстарды зерттеу
|
| Білгенің жөн!
Геоэкономика жүйенің тұтастығы ретінде әлемдік экономикалық кеңістіктің даму тенденцияларын талдауға және болжауға бағытталған.
|
|
|
3-тапсырма (А2), 1-нұсқа
| «Таңдау» жаттығуы
Көп нүктенің орнына сәйкес нұсқаны таңдап, сөйлемді толықтыр:
... - бұл мемлекеттер арасындағы жақын экономикалық жүйе қызметін атқаратын сфера түріндегі ғаламдық кеңістік.
A) экономикалық аудан
В) әлемдік арена
C) геоэкономикалық кеңістік
D) саяси кеңістік
|
| Білгенің жөн!
Бұл бағыт ресурстық, өндірістік және технологиялық, қаржылық, ақпараттық және басқа компоненттерден тұрады.
|
|
|
4-тапсырма (А2), 2-нұсқа
| «Таңдау» жаттығуы
Көп нүктенің орнына сәйкес нұсқаны таңдап, сөйлемді толықтыр:
... -бұл үкіметтің елдің экономикалық дамуына бағытталған ұзақ мерзімді, нақты белгіленген жоспарлары.
A) экономикалық даму
В) әлемдік экономика
C) экономикалық стратегия
D) мемлекеттік жоспарлар
|
| Білгенің жөн!
Бұл ұзақ мерзімді жоспар нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар мақсаттарды көздейді және ел экономикасының табысты болуында шешуші рөл атқарады.
|
|
|
5-тапсырма (А3), 1-нұсқа
| «Бір жауабы бар тест» жаттығуы
Дұрыс жауапты таңда
... - бұл әлем елдерінің мәдени және экономикалық шаруашылықтары бірігуінің біртұтас жүйесі.
A) геоэкономика
В) жаһандану
C) урбанизация
D) геосаясат
|
| Білгенің жөн!
Қазіргі қоғамның дамуы әр мемлекеттің жаһандық процестерге қатысуын болжайды. Осы үдеріс шеңберінде экономикалық, саяси, мәдени және діни салаларда өзара ықпал ету жүзеге асырылады.
|
|
|
6-тапсырма (А3)
2-нұсқа
| «Бір жауабы бар тест» жаттығуы
Дұрыс жауапты таңда
... - ұлттық шаруашылықтар арасындағы байланысты жүзеге асыратын халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.
A) геоэкономика
В) ұлттық экономика
C) әлемдік экономика
D) геосаясат
|
| Білгенің жөн!
Бұл жүйе халықаралық экономикалық қатынастар арқылы әлем елдерінің экономикаларын біріктіреді. Дүниежүзілік экономика халықаралық қатынастармен біріктірілген барлық ұлттық шаруашылықтар мен мемлекеттік емес құрылымдарды қамтиды.
|
|
|
7-тапсырма (B1)
1-нұсқа
| Көп нүктенің орнына сәйкес нұсқаны таңдап, сөйлемді толықтыр:
Геоэкономика ғаламдық ____________ зерттейді, _________________ тұрғысынан қарастыратын болсақ, геоэкономика _________________ жалғасы болып табылады.
Жауап нұсқалары:
1. геосаясаттың
2. экономикалық үдерістерді
3. геоэкономика
4. геосаяси тұжырымдамалар
|
| Білгенің жөн!
Геоэкономика мемлекеттердің экономикалық дамуын, геосаяси жағдайдың экономикаға әсерін және халықаралық экономикалық қатынастардың дамуын зерттеуге бағытталған.
|
|
|
8-тапсырма (B1)
2-нұсқа
| Көп нүктенің орнына сәйкес нұсқаны таңдап, сөйлемді толықтыр:
Геоэкономиканың негізгі ________ - бұл механизмдер мен құбылыстарды зерттеу және бағалау, жаһандық ____________ мен ____________ дамуы. Жауап нұсқалары:
1. экономикалық кеңістіктің
2. тапсырма
3. мақсаты
4. геосаяси деңгейі
5. тенденциялар
|
| Білгенің жөн!
Геоэкономика жүйенің тұтастығы ретінде әлемдік экономикалық кеңістіктің даму тенденцияларын талдауға және болжауға бағытталған.
|
|
|
9-тапсырма (B2)
1-нұсқа
| Бірнеше жауаптары бар тест тапсырмасы
Дұрыс жауап нұсқаларын таңда.
Дұрыс жауаптар саны: 2
Елдің стратегиясын анықтауда қандай факторлар ескеріледі?
A) Әлеуметтік-экономикалық факторлар
В) Геосаяси факторлар
C) Климаттық факторлар
D) Геоэкономикалық факторлар
E) Геоурбанистикалық факторлар
F) Антропогендік факторлар
|
| Білгенің жөн!
Елдің стратегиясын анықтайтын негізгі факторлар: географиялық, саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, демографиялық, мәдени, діни және этникалық болып ажыратылады.
|
|
|
10-тапсырма (B2)
2-нұсқа
| Бірнеше жауаптары бар тест тапсырмасы
Дұрыс жауап нұсқаларын таңда.
Дұрыс жауаптар саны: 3
Геоэкономиканың мазмұны қай салалардың элементтерін қамтиды?
A) география
В) әлеуметтану
C) философия
D) экономика
E) экология
F) саясат
|
| Білгеніңжөн!
Геоэкономика - әлемнің құрылымын талдау және ұлттық және жаһандық экономиканы зерттеу үшін географиялық, саяси және экономикалық тәсілдер мен стратегияларды біріктіретін жетілдірілген тұжырымдама.
|
|
|
11-тапсырма (B3)
1-нұсқа
| Бірнеше жауаптары бар тест тапсырмасы
Дұрыс жауап нұсқаларын таңда.
Дұрыс жауаптар саны: 4
Геоэкономиканың негізгі категориялары:
A) әлемдік экономика
В) әлемдік нарық
C) урбанизация
D) ұлттық экономика
E) демаркация
F) жаһандану
|
Білгенің жөн!
Категория - бұл шынайы құбылыстардың жалпы қасиеттері мен байланыстарын білдіретін ғылыми ұғым.
|
|
12-тапсырма (B3)
2-нұсқа
| Бірнеше жауаптары бар тест тапсырмасы
Дұрыс жауап нұсқаларын таңда.
Дұрыс жауаптар саны: 3
Геоэкономиканың негізгі категориялары:
A) геоэкономикалық кеңістік
В) халықаралық конференция
C) әлемдік нарық
D) экономикалық стратегия
E) геосаяси соғыстар
F) геостратегиялық аймақ
|
| Білгенің жөн!
Шынайылықтың ең маңызды қатынастарын білдіретін өте жалпы ұғымды категория деп қарастырамыз.
|
|
|
13-тапсырма (C1)
1-нұсқа
| «Бір жауабы бар тест» жаттығуы
Мәтінді оқып, сұрақтың дұрыс жауабын таңда.
Қытайда ұлттық фаст-фудты қораптарға қуырылған кеспе құрайды. Макдональдс Азия нарығына шыққаннан кейін кеспе сатылымы айтарлықтай төмендеді. Ұлттық тағаммен салыстырғанда бағысының қымбат болғанына қарамастан, Макдональдстың тамағын көбірек сатып алады. A) жаһандану
C) стратегия
C) урбандалу
D) геосаясат
|
| Білгенің жөн!
Осы үдеріс шеңберінде әлем елдерінің мәдени және экономикалық шаруашылықтары бірігіп, біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейді.
|
|
|
14-тапсырма (C1)
2-нұсқа
| «Бір жауабы бар тест» жаттығуы
Мәтінді оқып, сұрақтың дұрыс жауабын таңда.
Елдегі жылдық инфляция үш пайызға дейін бәсеңдеді. Тауар өндірісі 2,5 пайызға өсті. Сонымен бірге қызмет көрсету өндірісі 1,3 пайызға төмендеді. Нәтижесінде ЖІӨ үш пайызға төмендеді. Осы ұғымдардың қайсысы мәтінде сипатталған?
A) жаһандану
В) әлемдік экономика
C) ұлттық экономика
D) геосаясат
|
| Білгенің жөн!
Мәтінде сипатталған кез-келген елдің шеңберінде болып жатқан бүкіл үдерістердің дамуының сандық өлшемін негізгі үш параметрге дейін қысқартуға болады. Олар: көлемі (масштабы), даму қарқыны (құлдырау немесе көтерілу), қатынасы.
|
|
|
15-тапсырма (C2)
1-нұсқа
| «Жұбын тап» жаттығуы
Геоэкономикалық категориялар мен олардың анықтамаларын сәйкестендір
1
| Экономикалық стратегия
| А
| әлем елдерінің мәдени және экономикалық шаруашылықтары бірігуінің біртұтас жүйесі.
| 2
| Жаһандану
| В
| қаржылық қатынастардың, сауданың, ақша ресурстарының және жұмыс күшінің жиынтығы.
| 3
| Халықаралық экономикалық жүйе
| С
| үкіметтің елдің экономикалық дамуына бағытталған ұзақ мерзімді, нақты белгіленген жоспарлары.
|
|
Білгенің жөн!
Геоэкономиканың негізін дүниежүзілік экономика, ұлттық экономика, геоэкономикалық кеңістік, жаһандану, әлемдік нарық, экономикалық стратегия құрайды.
|
|
16-тапсырма (C2)
2-нұсқа
| «Жұбын тап» жаттығуы
Геоэкономикалық категориялар мен олардың анықтамаларын сәйкестендір
1
| Геоэкономикалық кеңістік
| А
| ұлттық экономикалар арасындағы байланысты жүзеге асыратын халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі
| 2
| Жаһандану
| В
| мемлекеттер арасындағы жақын экономикалық жүйе қызметін атқаратын сфера түріндегі ғаламдық кеңістік.
| 3
| Әлемдік экономика
| С
| әлем елдерінің мәдени және экономикалық шаруашылықтары бірігуінің біртұтас жүйесі.
|
|
| Білгенің жөн!
Геоэкономиканың негізгі категорияларына: дүниежүзілік экономика, ұлттық экономика, геоэкономикалық кеңістік, жаһандану, әлемдік нарық, экономикалық стратегия жатады.
|
|
|
17-тапсырма (C3)
1-нұсқа
| Тапсырма, оның нұсқаулығы және жауабы (шешімі)
Кестеде тұжырымдар көрсетілген, олардың кейбіреулері геоэкономиканың міндеттерімен байланысты, ал кейбіреулері онымен байланысты емес. Егер мәселе геоэкономикаға қатысты болса, онда «иә» жауабын таңда, егер жоқ болса, онда «жоқ» жауабын таңда.
№
| Міндеттер
| Иә
| Жоқ
| 1
| қоршаған орта факторларының мемлекет тұрғындарының денсаулығына әсерін талдау
|
|
| 2
| мемлекеттердің экономикалық стратегиясын түсіндіру
|
|
| 3
| экономикалық көрсеткіштерді талдау арқылы ғаламдық әлемді зерттеу
|
|
| 4
| әлемнің барлық елдеріндегі халық санының өсуін бақылау
|
|
| 5
| әлемдік экономикалық кеңістіктің экономикалық қатынастар жүйесін бағалау
|
|
|
|
Білгенің жөн!
Геоэкономиканың міндеттері осы саланың мақсатына жетуге, дәлірек айтсақ, әлемдік экономикалық кеңістіктің даму үрдістері мен құбылыстарын, тенденцияларын зерттеуге және бағалауға бағытталған. Яғни, геоэкономиканың барлық міндеттері экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеуге, анықтауға және бағалауға бағытталған.
|
|
|
18-тапсырма (C3)
2-нұсқа
| Тапсырма, оның нұсқаулығы және жауабы (шешімі)
Кестеде тұжырымдар көрсетілген, олардың кейбіреулері геоэкономиканың міндеттерімен байланысты, ал кейбіреулері онымен байланысты емес. Егер мәселе геоэкономикаға қатысты болса, онда «иә» жауабын таңда, егер жоқ болса, онда «жоқ» жауабын таңда.
№
| Міндеттер
| Иә
| Жоқ
| 1
| экономикалық факторлардың мемлекеттік саясатқа әсерін талдау
|
|
| 2
| геоэкологиялық аймақтар арасындағы экологиялық байланыстар жүйесін бағалау
|
|
| 3
| мемлекеттердің демографиялық саясатын түсіндіру
|
|
| 4
| ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық ұйымдар арасындағы қатынас пен байланысты зерттеу
|
|
| 5
| макроэкономика арқылы микроэкономика элементтерін зерттеу
|
|
|
|
| Білгенің жөн!
Геоэкономиканың негізгі міндеттері біртұтас жүйе ретіндегі ғаламдық экономикалық кеңістіктегі даму үдерістері мен құбылыстарын, тенденцияларын талдап, болжамдар жасауға бағытталған.
|
|
|