Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып

  • Сабақ тақырыбы Тұрмыстық жанр Суретшілер туындыларындағы құндылықтар Бірігіп постер жасаймыз

  • Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Сабақтың барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын»

  • Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

  • Күтілетін нәтижені анықтау

  • Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы. (Т) «Бірін-бірі оқыту»«Үйрете отырып үйренемін» әдісі бойынша жүргізіледі.

  • Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

  • 5-сабак. 5 сабақ Көркем еңбек 4кл. Пн кркем ебек Малімніатыжні Казангапова С. А


    Скачать 82.26 Kb.
    НазваниеПн кркем ебек Малімніатыжні Казангапова С. А
    Анкор5-сабак
    Дата24.11.2021
    Размер82.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5 сабақ Көркем еңбек 4кл.docx
    ТипДокументы
    #281376

    5 сабақ


    Пән:көркем еңбек

    Мұғалімніңаты-жөні:Казангапова С.А.

    Күні:30.09.2021ж

    Сынып:4-сынып

    Қатысқандар саны:8


    Қатыспағандар саны:0

    Сабақ тақырыбы

    Тұрмыстық жанр

    Суретшілер туындыларындағы құндылықтар

    Бірігіп постер жасаймыз

    Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    4.1.3.1 әртүрлі орындау техникасын үйлестіре отырып, шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету

    Сабақ мақсаттары

    Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының негізгі мәнерлеу құралдары мен материалдарын салыстыру және айырмашылығын көрсетеді.


    Бағалау критерийлері

    • Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының негізгі мәнерлеу құралдары мен материалдарын салыстыру және айырмашылығын көрсетеді.

    Сабақтың барысы

    Сабақтың

    жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Психологиялық ахуал қалыптастыру.

    «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

    Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

    «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

    Жұмыс ережесін келісу

    Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

    ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

    Оқу мақсатын таныстыру

    Қызығушылықты ояту

    Күтілетін нәтижені анықтау



    Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



    Сабақтың ортасы

    Ширату тапсырмасы.

    (Т) «Бірін-бірі оқыту»«Үйрете отырып үйренемін» әдісі бойынша жүргізіледі.

    Тұрмыстық жанр - бейнелеу өнерінің жанры. Әдетте тұрмыстық жанр туындылары күнделікті тіршілікті немесе қоғамдық өмірді кескіндеп бейнелеу мақсатында жасалады.
    Тұрмыстық жанрда тұрмыстық кескіндеме басты рөл атқарады әрі жанрлық тақырыптар мұнымен бірге графика мен мүсін саласында да кең көрініс береді. Тұрмыстық жанр адамдардың тұрмыстағы арақатынасын бейнелеумен шектелмей, олардың ішкі жан дүниесін, қарапайым, күнделікті өмірдегі құбылыстардың тарихи-қоғамдық мәнін әр қырынан жан-жақты ашып бере алады. Тұрмыстық көріністер ежелгі өнер ескерткіштерінен белгілі. Бейнелеу өнерінің айрықша бұл жанры ортағасырлық заманда Ежелгі Шығыс елдерінде және XVI – XVII ғасырларда Еуропада жеке өз алдына бөлініп шықты. Жаңа замандағы тұрмыстық жанрдың гүлдену кезеңдері демократиялық және реалистік бағыттардың қуат алып, кескіндемеші-мүсіншілердің хауылылық өмірі мен еңбектің бел ортасына араласуына әрі өнерде тұрмыстағы көкейтесті мәселелерді өз шығарм-на өзек етуіне тікелей байланысты болды.

    Дескрипторы:

    Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының негізгі мәнерлеу құралдары мен материалдарын салыстыру және айырмашылығын көрсетеді.


    Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
    Белсенді оқу тапсырмала

    ры.
    Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

    Сабақтың соңы

    • Өзің білетін жанр түрлерін ата.

    • Бейнелеу өнерінің жанрларының не нәрсеге арналғанын айт.

    • Сені қай жанр туындылары қызықтырады?

    Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

    Кері байланыс. СМС әдісі.




    Түрлі түсті

    суреттері бар

    журналдар,

    флипчарт, желім


    Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс

    «СМС» әдісі тапсырмала

    ры арқылы білдіре алады.



    написать администратору сайта