Главная страница
Навигация по странице:

  • Графема

  • Майсыз жарылқайтын қай әулие

  • асия лексика. Фонетиканы анытамасын жазыыз


    Скачать 5.01 Mb.
    НазваниеФонетиканы анытамасын жазыыз
    Дата26.05.2022
    Размер5.01 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаасия лексика.docx
    ТипДокументы
    #551107

    1-деңгей


    1. Фонетиканың анықтамасын жазыңыз.

    Фонетика сөйлеу дыбыстары мен олардың шығарылуымен, тіркесімімен, сипаттамасымен, жазбаша белгілермен бейнелеумен айналысатын тіл білімінің саласы.

    1. Дыбыстың анықтамасын жазыңыз.

    Дыбыс – дыбыстық сөйлеудің ең кіші, бөлінбейтін бірлігі. Әріп – дыбысты жазбаша, яғни сызбада белгілеуге арналған графикалық белгі.Дыбыс – «сөйлеу мүшелерінің көмегімен жасалатын сөйлеудің артикуляциялық элементі...»

    1. Әріптің анықтамасын жазыңыз.

    Әріп—дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп — шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді. Е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ — қатаңдықты, ь — жіңішкелікті белгілейді. Қазіргіқазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылы кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілді. Әріптің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болады. Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған. [1]

    Фонеманың анықтамасын жазыңыз.

    Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі. Мысалы: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол — қол — сол — жол — бол — тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас — ес); бір дыбыстың артық келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр.

    1. Фонологияның анықтамасын жазыңыз.

    Фонология[1](гректің phone –дыбыс, logos – сөз, ілім) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.

    Фонология сөзінің мағынасы[

    «Фонология» термині өз ішінде екі мағынада қолданылады:

    1. дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі;

    2. тілдің абстрактілі жүйесінің дыбыстық деңгейі, яғни тілдегі фонемалардың ғылыми моделі.

    Фонология зерттеуі

    Фонология дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді:

    Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру жатады.

    Осыған байланысты дистингтивті қызмет перцептивті (танып-білу) және сигнификативті (мағына ажыратушы) түрлерге жіктеледі.

    Делимитативті (белгілеу) қызметі бойынша фонемалардың сөздер мен морфемалар аражігін көрсетуі қарастырылады.

    Мысалы, қазақ тілінде сөз соңында ң, ғ, ә, о, ұ, ү фонемалары кездеспейді. Ал сөздің соңғы буындары екпінмен ерекшеленіп, созылыңқы айтылады.

    Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді. Қазақ тілінде кульминативті қызмет сингармонизм арқылы көрінеді. Яғни, бір сөз не толық жуан, не толық жіңішке дыбыстармен айтылу арқылы тұтас бірлік болып, ондағы дыбыстар бір әуезбен айтылады.

    Фонология нысанындағы тілдік бірліктер

    Суперсегментті және сегментті болып екіге бөлінеді: Суперсегментті деңгейде, яғни дыбысталудың үстінен түсетін дауыс ырғағы, екпіні мен әуендік ұйымдасуына қатысты просодема, интонема бірліктері болса, сегментті деңгей бірліктері екі жақты лингвистикалық мүшелену бойынша анықталады.
    Қазіргі қазақ тіл білімінде сегментті және суперсегментті Фонологиялық бірліктер зерттелу үстінде.
    А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің Фонологиялық жүйесіндегі фонемалар оппозициясы лингвалды (жуан/жіңішкелік) сингармонизм құбылысына негізделгендігін алғаш рет ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен.
    Қазіргі қазақ Фонологиясы қазақ тілі дауысты және дауыссыз фонемалар жүйесінің тілдік парадигмасы мен синагматикалық қатынасын, сонымен қатар басқа да мәселелерді зерттеп келеді.

    1. Әліпбидің анықтамасын жазыңыз.

    Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы. Әріптердің рет тәртібін де білдіреді

    1. Графиканың анықтамасын жазыңыз.

    Графика — (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен)

    1. Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.




    1. Графеманың анықтамасын жазыңыз.

    Графема (гр. graphs - кескіндеу, сызу) — тілдің жазу жүйесіндегі негізгі бірлігі, единицасы, дыбыстың жазудағы таңбасы, жазу жүйесінін ен кіші белгісі. Графема — лингвистикалық мағынасы бар тілдердің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі, белгілі жазу жүйесінің ең кіші белгісі. Графема — сөз, морфема, буын және фонеманың референті де болуы мүмкін. Графема термині әріптің, иероглифтің немесе оның бір бөлігінің синонимі ретінде де жиі жұмсалады.

    1. Транскрипцияның анықтамасын жазыңыз.

    ТРАНСКРИПЦИЯ (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты белгі. Жазуда бір фонема түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол бір таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Бір әріп ыңғайына қарай түрлі фонемаларды белгілесе, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Транскрипция екіге бөлінеді:

    фонемат. (фонол.);

    Фонемат. Транскрипция сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермей, тек фонемаларды жазады, дыбыстар сөздің айтылуына жуықтап беріледі. Мысалы, ору [орұу], қи [қый], шикі [шійкі].

    фонет.

    Фонет. Транскрипцияда сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі: қазан қап [Қазаңғап], ортан бел [ортамбел], сейсенбі [сейсембі]. Әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындауда фонемат. Транскрипция жұмсалса, ал фонетикалық Транскрипция барлық тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді түгел көрсету үшін қолданылады. Оқу барысында көбіне фонемат. Транскрипцияға жүгінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас мәтінді айтылуына біршама жуықтатып жазу қажеттігі туындайды. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтар, көрші дыбыстардың бір-біріне әсері ескеріліп отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш тіпті онан да көп дыбыстарды құрайды: у – ұу-ұшу [ұшұу], үу- жүру [жүрүу]; и – ый- сиқыр [сыйқыр]; ю – йұу-құю [құйұу], т.б.[1]


    1. Буынның анықтамасын жазыңыз.

    Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.



    1. Бунақтың анықтамасын жазыңыз.



    1. Екпіннің анықтамасын жазыңыз.

    Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.[1]

    Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

    Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

    Ой екпіні — сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.

    Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.

    Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.[2]


    1. Буын үндестігінің анықтамасын жазыңыз.

    Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.

    1. Дыбыс үндестігінің анықтамасын жазыңыз.

    Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

    1. Метатезаның анықтамасын жазыңыз.

    Метатеза (гр. μετάθέσις. metathesіs – ауыстыру) – сөзде дыбыстың не буынның орын ауыстыруы. Ол тарихи метатеза (өкпе – өпке, қақпан – қапқан), кірме сөздердегі метатеза (құтпан – құптан), диалект (жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін) метатеза (дария – дайра, қолбақ – қолғап) деп бөлінеді. Метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналады. Оны тану үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің деректері тіліміздің бүгінгі жай-күйімен салыстырылады, дыбыстардың орын алмасуы анықталады.
    11 ғ-да М.Қашқари “Диуани лұғат-ат түрік” атты зерттеуінде түркі тайпалары тілінде қ мен ч; ғ мен д; ш мен н; ғ мен м; ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсеткен. Мысалы, қарлығаш – қарғылач, қоңсы – қошны, жаңбыр – йағмур. Түркі тілдеріндегі метатеза құбылысын В.В. Радлов зерттеді.

    1. Сөздің анықтамасын жазыңыз.

    Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады.[1] Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:

    Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады;

    Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;

    Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;

    Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады. Ішкі мағыналық құрылымы мен қызметіне қарай сөздер атау және көмекші сөздер болып бөлінеді. Атау сөздер зат пен құбылысты, болмысты оның ерекше белгілері арқылы таңбалайды; көмекші сөздерде мұндай атауыштық қабілет жоқ, олар қызметтік-грамматикалық мәнге ие. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары болады. 


    1. Лексеманың анықтамасын жазыңыз.

    Бұл сөздің өзгермейтін бөлігі және оған мағына береді. Ол өз кезегінде оны түбірі бірдей сөздер тобына жатқызады. Мысалы, сөздер: қақпанемесе, қақпабір, қақпадейін, қақпаБірақ олардың барлығы «гат» түбірімен байланысты, сондықтан олар отбасылық.

    Тіл лексемаларының қызықты сапасы - бұлардың мағынасы мен олардың дәлелденуін сөздіктерден табуға болады. Олар тілдің саналы бөлігі. Оларды тыңдау кезінде тілдің сөйлеушілері оларды басқа ұқсас сөздермен байланыстырады. Қысқаша айтқанда, лексема - сөздердің белгілі бір жиынтығы шығатын негіз. Лексемалар кейбір грамматикалық категориялардың түбірі. Сын есім, етістік, зат есім және үстеу сияқты. Лексемалар морфемаларға ұқсамайды, бірақ екеуін қоссақ көптеген сөздер жасалуы мүмкін.


    1. Лексиканың анықтамасын жазыңыз.

    Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин – бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің диалектілері де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін ғылым– лексикология, мағыналарын тексеретін – этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін – лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. 

    1. Лексикологияның анықтамасын жазыңыз.

    Лексикология грек тілінің «сөз» және «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикология тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдің единицалар ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басқа белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы мен байланысы және т.б. мәселелерді қарастырады.


    1. Лексикографияның анықтамасын жазыңыз.

    Лексикография (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғыл. әдістемесін жасайды. Сөздіктің теор. мәселелері теоретик. Лексикологияда қарастырылады; ол Лексикология теориясы мен Лексикология тарихына бөлінеді. Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді. Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикограф. тұжырымдамалар тарихы және Лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік Лексикографияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикол., сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады. Л-ның негізгі түрлері — жалпы аударма терминол. үйренімдік Лексикология және есептеу Лексикологиясы. Инженерлік лингвистикаға жататын есептеу Лексикологиясы қолданбалы тіл білімінде 20 ғ-дың 2-жартысында пайда болып, компьютерлік технологияда қолданыла бастады. Сөздіктер инж.-филол. туындыға айналды. Қазіргі Лексикология теориясы лексиканы белгілі бір жүйеде түсіндіреді, сөздердің лексика-семант. құрылымын көрсетіп, олардың мағынасын диалект. тұрғыда қарастырады. Лексикология лексикол-ға, стилистикаға, грамматика, фонетика және тіл тарихына сүйенеді. Сөздіктердің бірнеше түрлері бар: “Орысша-қазақша сөздік” (1954), “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; “Орысша-қазақша терминология сөздігі. Экономика, философия”, 1962), т.б.;

    1. Семасиологияның анықтамасын жазыңыз.

    Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logosсөз - ілім) — заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.

    1. Этимологияның анықтамасын жазыңыз.

    Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Сөз төркінін дұрыс та дәл анықтаудың нәтижелі тәсілі болып саналатын бұл принцип-критерийлер жалпы түрде емес, нақтылы тілдердің өзіндік ерекшеліктері мен сол тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтары негізінде қолданылады. Осы орайда синхронды және диахронды бағыттағы Этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт – тарихи факторлармен санасу. Фонет. принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен парагогия, флексия мен фузия, т.б.) сан алуан фонет. заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфол. принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, түркі тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір, туынды түбір және граммат. тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады. Сондай-ақ морфол. принцип-критерий сөзжасам процесіне негіз болушы көптеген модель-үлгілер мен сан алуан граммат. тұлғалардың ішінен Этимологиясы анықталуға тиісті лексиканың табиғатын тап басып тану үшін, өзіне ұқсас басқа сөздерден айыру үшін қажет. Семант. принцип – сөздердің мағынасын анықтауда Этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық не морфол. тұлғасына да тікелей қатысты. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семант. заңдылықтар – Этимологиялық принцип. Тарихи принцип – Этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т.б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимол. принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады. Этимологияның түрлері үш топқа (ғыл., қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғыл. Этимология – жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты Этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін Этимологиялар жатады. Халықтық Этимология – сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, түрлену, даму, жасалу, т.б. заңдылықтарымен, Этимологияның ғыл. принциптерімен санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым алыс ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім тұрады. Этимологиялық зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және пайдалануға қолайлысы – Этимологиялық сөздіктер. Мамандардың пікірінше, түркі тілдері бойынша жарық көрген әр деңгейдегі Этимологиялық сөздіктердің 7 түрі бар. Солардың ішінде жалпы түркі тілдерінің Этимологиясына бағытталған іргелі еңбектердің қатарына А.Вамбери және Э.В. Севортянның сөздіктерін айтуға болады. Жеке түркі тілдері бойынша шыққан сөздіктердің қазақ ғалымдары түзген “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1958) жатқызуға болады. Әдеб.: Введенская П.А., Колесников Н.П., Этимология и ее виды, Ростов, 1986; Қайдаров Ә., Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері // Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері, А., 1988. Ә. Қайдар[1]

    1. Фразеологияның анықтамасын жазыңыз.

    Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым) —тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;


    1. Сөздік қордың анықтамасын жазыңыз.

    Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.

    1. Сөздік құрамның анықтамасын жазыңыз.

    Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.

    1. Әлеуметтік лингвистиканың анықтамасын жазыңыз.

    Әлеуметтік лингвистика орыс. социолингвистика ( лат. soci(etos)коғам , фр. lingua - язык) тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Онын негізгі объектісі — тілдің функционалды жағын зерттеу.[1] Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдык табиғаты, әлеуметтік кызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сұру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көніл аударған 19 ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт, 20 ғасырда Прага структурализмі, Женева мектебінің өкілдері тағы басқа анкета арқылы байқау, интервью алу, статистикалык әдіс тағы басқа қолданған.

    1. Діни сөздердің анықтамасын жазыңыз.

    Қазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз. Мұның өзі Алаш жұртының салт-санасының, ақыл-ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін діни мәтіндерді, нақыл сөздерді мән-мағынасы жағынан олармен бірдей немесе ұқсас ел арасында кең тараған мақал-мәтелдермен, сөз оралымдармен салыстыра ұсынып отырмыз. Ұлттың ұтқыр ойлау жүйесінде ойып тұрып орын алатын осы айтылымдар дәстүрлі қазақ мәдениетінің Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығын айғақтайды. Салт-сананың шынайы сеніммен сабақтасып жатқандығын білдіреді.
    Хадис: «Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ». Қазақ мәтелі: «Сөздің басы бісміллә, бісмілләсіз іс қылма».

    *****

    Құран Кәрімде: «Мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән».
    Қазақ мақал-мәтелдері: «Мақтауға Алла ғана лайық»; «Кірсіз – ай, мінсіз – бір Құдай»; «Ей, айташы, Алланы айт».

    *****

    Хадисте: «Қайда болсаң да Алладан қорық».
    Қазақ мақал-мәтелдері: «Халықтан ұял, Құдайдан қорық»; «Құдайдан қорықпағаннан қорық»; «Қорқуға Құдай ғана лайық».

    *****
    Хадисте: «Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле». Қазақ мақал-мәтелдері: «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады»; «Аллаға сиынған құстай ұшады, адамға сиынған мұрттай ұшады».

    *****

    Құран Кәрімде: «Әлемдердің Раббысы Алла қаламаса, қалай алмайсыңдар». Қазақ мақалы: «Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады».

    *****

    Құран Кәрімде: «Оған (Аллаға) ұқсас ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм Көруші!» (Шура, 11). Хадисте: «Алла болды, Одан басқа ештеңе де болған жоқ».

    Мұсылманшылық әсте-әсте,
    Кәпір болу бір пәсте.
    Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.

    Сайрамда бар сансыз баб.
    Құдай ұрғанды Пайғамбар асасымен түртеді.
    Құран сөзі - Құдай сөзі.
    Құдай қылғанды былай қылма.
    А, Құдай! А, Қүдай!
    Сыйынғанның белгісі. Тек! Тәйт! Шәйт!
    Бұйырғанның белгісі.

    Діні пәктің - ділі пәк,
    Ділі пәктің - тілі пәк.

    Оразада көшкен ермек.
    Әулие де қасындағысын қолдайды.
    Әулиеден бас жесең,
    Жүре-бара тас жерсің.

    Бақыл әулие емес,Әулие бақыл емес.
    Май - әулие,

    Майсыз жарылқайтын қай әулие?
    Әулие әуелі өзін жарылқасын.

    Тұттаған сөзді қолдаған,
    Мұхаммедке үмбет емес.
    Әулие аттаған оңбайды.

    Аруақты жерден ат үркеді.
    Шариғат - ағып жатқан бұлақ,
    Бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ.





    1. Кәсіби сөздердің анықтамасын жазыңыз.

    Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. [1]

    Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.

    Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.

    Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.[2]


    1. Термин сөздердің анықтамасын жазыңыз.

    Терминдер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер.Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай: а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек. ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.

    Термин атаулының барлығы да сөз, ал сөздің барлығы термин емес.Термин сөзінің өзі де термин. Ол терминус «шек-шегара» деген мағынадағы латын тілінен енген сөз. Терминус «божество границ» Римнің діни аңыздарында жиі кездеседі. Терминдер әуелде бір халықтың тілінде пайда болып, әрмен қарай ел-елді аралап кетеді. Термин сөздерге мына төмендегідей үш түрлі шарт қойылады.

    Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет.

    Термин сөздердін қосымша, ауыс мағыналары болмау керек.

    Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексіз үғымдардың атауы болуы шарт.


    1. Варваризмдердің анықтамасын жазыңыз.

    Варваризм (гр. barbaros – бет елдік) - белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сәйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары. Варваризм бөтен елдердің өмірі мен тұрмыс-салтындағы ерекшелігін суреттеуде қолданылады. Мысалы: Саметтің "яханнанына " Васяның "Хендехох! " дегені араласа шықты. - Нама боп кетті бу (Ғ. Мүсірепов).


    написать администратору сайта