Пән: математика
Бөлім:Уақыт.Жыл мезгілдері,айлар,апта күндері.
Күні:
| Мектеп: «Бозанбай орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Алимбаева А.И.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сынып: 3 «А »
|
Сабақ тақырыбы
| №43 Бөлшекті оқу, жазу және салыстыру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
| 3.1.2.1 бөлшекті – бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну
3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру
|
Сабақ мақсаты
| Барлық оқушылар: Бөлшек деген – бұл бүтіннің бір немесе бірнеше бөлігі, бөлшекті жазуда алымы мен бөлімінің не екенін біледі.
Көптеген оқушылар: Жай бөлшектерді оқиды, жазады;Көрнекіліктерді пайдаланып бөлгіштері бірдей бөлшектерді салыстырады
Кейбір оқушылар: Бөлшекті екі санның бөліндісі ретінде түсідіреді, жай бөлшектерді салыстыра алады
|
Бағалау критерийлері
| Бөлшекті қатесіз оқиды; ақпаратты сызбаға түсіреді.
|
Тірек сөздер
| Оқушылар:
Үлес,бөлшек туралы білетіндерін өмірмен байланыстырып айтады.Балама сөздерді қолдана отырып мағынасын ашуға тырысады
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Бөлшек- сөзі «бөлу» етістігінен шыққан – бөлу, бөліктерге бөлу деген мағына береді.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау
-Фигура қанша тең бөлікке бөлінген?
-Қанша бөлігі боялған?
-Қай бөлігі боялмаған? Қай бөлігі үлкен (кіші)?
-Бөлшектің алымы нені көрсетеді?
-Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?
Жазу:
Бөлшектерді жазыңдар. Бөлшектерді салыстырыңдар.
|
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ адалдық, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады
|
Пәнаралық байланыстар
| Бөлшектің жазылу тәртібін сақтауда қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Бөлшектерді құру барысында өмірмен байланыстыру барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.
|
АКТ қолдану дағдылары
| Әр түрлі сызбалар,кестелер мен қатар бөлшек түрлеріне құралған көрнекі құралдар
|
Алдыңғы білімді игерулері
| Үлесті қалай табуға болатындығын біледі,сурет арқылы бөлшектерді жазуды біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
| Ынталандыру.
«БӨЛШЕК» сөзі қандай сөзден шыққанын білесіздер ме? «Бөлшек» сөзі «бөлу» етістігінен шыққан – бөлу, бөліктерге бөлу деген мағына береді.
Бүгін біз бөлшектермен жұмыс жасауды жалғастырамыз, бөліктерге бөліп, оларды атаймыз.
|
сөздік
|
Сабақтың ортасы
| Өзектендіру.
Практикалық жұмыс.
(Оқушылардың үстелінің үстінде түрлі-түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар (дөңгелек, шаршы) және қайшы бар. Мұғалім барлық тәсілдерді балалармен бір мезгілде орындайды ).
– Дөңгелекті екі бөлікке кесеміз.
– Бір бөлігін көрсетіңіз, оның атын жазыңыздар.
– Шеңбердің екінші бөлігін басқаша қалай атайды? (Жарты)
– Шаршыны алыңыздар. Оны 4 бөлікке бөліңіздер.
– Екі ширек бөлігін көрсетіңіздер. Жазыңыздар.
–Шаршыда неше ширек бөлік бар? (4.)
Оқулықтағы №1 тапсырманы орындауды тапсырады – жұппен уақытқа орындау.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
(Б) «От шашу» әдісі арқылы бағалау
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Оқулықтан №2-3 тапсырманы орындауды ұсынады – жұппен уақыт бойынша орындау. Мұғалім тексеруді ұйымдастырады (сол жерде түсінік береді).
Саралау:Барлығы тапсырманы дұрыс және жылдам орындай алатындығы тексеріледі,тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Бағдаршам»әдісі арқылы бағалау
Өзіндік жұмыс.
№2 тапсырманы балалар жұппен орындайды. Әр бала бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше қатарды жабады. Екінші оқушы бөлшекті атайды, мысалы 3/12, 5/12. Алдымен жабылған күндерді, содан кейін ашық тұрған күндерді бөлшекпен атауды келісіп алуға болады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) мұғалімнің топтарды қошеметтеу арқылы бағалауы
Қиындықтарға түсінік беру.
Алдыңғы тапсырманы сәтті орындаған балалар 4–6 жаттығулармен жұмыс жасайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) Топтарды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жоспарланады.
Бөлшектердің шығу тарихы туралы айтамын.
Бөлшектердің қазіргі мағынасы өз бастауын Ежелгі Үндістерден алады; оны арабтар да қолдана бастады, ал оларды XII–XIV ғасырларда еуропалықтар қолданысқа енгізді. Бөлшектерді алғаш пайдалана бастаған кезде бөлшек сызығы қолданылған жоқ. Тек 300 жылдай бұрын уақыттан кейін ғана бөлшек сызығы жиі қолданыла бастады. Ең алғаш бөлшектің қазіргі түрін қолданып, оны 1202 жылы тарата бастаған еуропалық ғалым, италияндық саудагер және саяхатшы, қалалық хатшы Фибоначчидің баласы – Леонардо Пизанский. Ол «бөлшек» сөзін енгізді. «Алым» мен «бөлім» атауларын XIII ғасырда грек монахы, оқымысты-математик – Максим Плануд енгізді..
Үй тапсырмасы. 5-тапсырма.
Кері байланыс. Ауызша.
Рефлексия.
|
Оқулық , дәптер
Түсіндірме сөздік А3 қағаз
Дәптер
|
Сабақтың соңы
| «От шашу» кері байланысын пайдаланамын.
|
|
Саралау
Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.
| Бағалау
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
Саралау:Барлығы тапсырманы дұрыс және жылдам орындай алатындығы тексеріледі,тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
| (Б) «От шашу» әдісі арқылы бағалау (Б)«Бағдаршам»әдісі арқылы бағалау (Б) мұғалімнің топтарды қошеметтеу арқылы бағалауы (Б)Топтарды«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жоспарланады.
| Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\
елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|