Главная страница
Навигация по странице:

  • Пневмония ағымының ауырлық критерилері

  • Дифференциалды диагноз

  • 2 Тақырып. Пневмония аымыны ауырлы критерилері


    Скачать 22.79 Kb.
    НазваниеПневмония аымыны ауырлы критерилері
    Дата22.04.2021
    Размер22.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 Тақырып.docx
    ТипДокументы
    #197514

    1.Пневмония өкпе инфильтратының ең жиі себебі. Пневмонияның заманауи жіктемесі, клиникалық түріне байланысты ағымының ерекшеліктері. Диагноз қою критерийлері

    2.Туберкулездің инфильтратты түрімен, казеозды пневмониядан, өкпе инфарктімен дифференциялық диагнозы. Емінің принциптері. Алдын алу.

    - 55 жастан үлкен;

    - маскүнемдік;

    - ішкі ағзалардың мүгедектендіретін қосымша аурулары;

    - АП ауыр ағымы;

    - мультилобарлық инфильтрация;

    - аурудың вируленттік қоздырғаштары (Legionella pneumophila, Staphylococcus aureus, грамтеріс энтеробактериялар);

    - темекі тарту;

    - жүргізілген терапияның клиникалық тиімсіздігі (сақталып қалған лейкоцитоз, қызба);

    - екіншілік бактериемия.

    Жіктемесі
     

    Жіктеме негізіне аурудың даму жағдайы жəне науқастың иммунологиялық статусы кіреді.

    Ажыратады:
    1. Ауруханадан тыс пневмония (емдеу мекемесінен тыс жерде туындаған, синонимы: үй, амбулаторлық).
    2. Нозокомиальді пневмония (емдеу мекемесінде туындаған, синонимы: госпитальді, ауруханаішілік).
    3. Аспирациялық пневмония.
    4. Иммунитеттің ауыр тапшылығы бар науқастардағы пневмония (туа біткен иммунтапшылық, ВИЧ-инфекция, ятрогендік иммуносупрессия) жəне орналасуын жəне асқынулардың болуын анықтау.
     

    Пневмония ағымының ауырлық критерилері:
     

    1. Жеңіл ағым – уыттанудың айқын емес симптомдары, дене температурасы субфебрильді, тыныс алу жеткіліксіздігі мен гемодинамика бұзылулары жоқ, өкпелік инфильтрация 1 сегмент шеңберінде, лейкоциттер 9,0-10,0 х 109/л, қосымша аурулар жоқ.
     

    2. Ағымның орташа ауырлық дəрежесі: уыттанудың аздап айқын симптомдары, дене температурасының 38°С дейін жоғарылауы, өкпелік инфильтрат 1-2 сегмент шеңберінде, ЧДД 22/мин, ЖЖЖ 100 соққы/мин, асқынулар жоқ.
     

    3. Пневмонияның ауыр ағымы: науқастың ауыр жағдайы, уыттанудың айқын симптомдары, дене температурасы > 38,0°С, тыныс алу жеткіліксіздігі II- III ст, гемодинамика бұзылулары (АҚ<90/60 мм с. б, ЖЖЖ 100 соққы/мин. көп, сепсистік шок, вазопрессорларға қажеттілік), лейкопения 4,0 х 109 /л аз немесе лейкоцитоз 20,0 х 109/л, жетілмеген нейтрофилдер саны 10%, көпбөлікті, екі жақтылық пневмониялы инфильтрация, процесстің тез үдеуі (48 сағат бақылауда инфильтрация зонасының 50% ұлғаюы, плевральді шығу, абсцестелу, мочевина азоты >10,7ммоль/л, ДВС-синдром, сепсис, басқа ағзалар мен жүйелер жеткіліксіздігі, естің бұзылуы, қосымша аурулардың асқынуы).
    1. Қанның жалпы анализі.

    2. Қанның биохимиялық анализі – креатинин, электролиттер, бауырлық ферменттер.

    3. Микробиологиялық диагностика:

    – грамм бойынша боялған жағындының микроскопиясы;

    – қоздырғышты бөлу үшін қақырықты культуралды зерттеу жəне оның антибиотиктерге сезімталдылығын бағалау.

    4. ЭКГ.

    5. Екі проекциядағы кеуде клеткасының рентгенографиясы.

    Дифференциалды диагноз



    Өкпе туберкулезі

    Циль-Нильсен бойынша микроскопияда кем
    дегенде бір сүртіндіде қышқылға төзімді
    бациллалардың болуы  диагнозды верификация
    жасауға мүмкіндік береді.


    казеозды пневмониядан

    Типтік казеозды пневмония жедел дамиды.
    Бастапқы сатысында зақымдалған аймақта
    казеозды-некротикалық массалар түзілгенде
    интоксикациялық синдром басым болады. Науқас
    бозарған, зақымдалған өкпе аймағында қызбалық
    қызаруларды байқауға болады. Дене
    температурасы 38-39С-қа дейін жетеді.
    Мазасыздық, әлсіздік, айқын тершеңдік, ентігу,
    тәбеттің кенеттен төмендеуі, диспепсиялық
    бұзылыстар орын алады. Жөтел негізінен құрғақ,
    кейде аздаған қиын бөлінетін қақырықпен жүреді.

    Емі Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.


    написать администратору сайта